Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1680 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 15, 251-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспарында:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 34-1 жолмен толықтырылсын:
«
34-1. |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ЖРБА |
қыркүйек |
қазан |
желтоқсан |
Қ.М. Отаров |
»;
ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуында:
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«ЖРБА – Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов