Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қазандағы № 1373 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 177 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.03.2014 № 177 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызмет стандарты;
      2) «Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 N 391 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 30 қазандағы
№ 1373 қаулысымен  
бекітілген     

«Мемлекеттiк мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 N 391 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: толық автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 200-бабына, «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасының 20-тармағына және «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысына сәйкес көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат порталда орналастырылған.
      Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы анықтамалық ақпаратты мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың (бұдан әрі - бірыңғай оператор) (8-7172) 32-11-84 телефоны бойынша немесе call–орталығының телефоны (1414) арқылы алуға болады.
      5. Порталда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
      1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсеткіштері бар мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың (бұдан әрі – ұйымдар) тізбесін қарап шығу;
      2) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес электрондық нысандағы жекешелендіру объектісі туралы ақпарат болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш жасалған сәтінен бастап - 10 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Порталда мемлекеттік қызметті алу үшін жұмыс кестесі – тәулік бойы.
      10. Мемлекеттік қызмет порталда көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушының құжаттарды ұсынуы талап етілмейді.
      12. Портал арқылы өтініш жасалған кезде мемлекеттік қызметті алушыға электрондық нысандағы сұрау салуды толтыру қажет.
      13. Портал арқылы өтініш жасалған кезде сұрау салу таңдалған қызметке сәйкес бірыңғай операторға автоматты түрде жіберіледі.
      14. Тұтынушыға порталдан мемлекеттік қызмет алу үшін осы стандартқа 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес электрондық нысандағы ақпаратты сұрату талап етіледі.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі мемлекеттік қызметті алушыға порталда жеткізіледі.
      16. Мемлекеттік қызмет:
      1) берілген іздеу критерийлері бойынша объектілер жоқ болған;
      2) жекешелендіру объектілері туралы ақпарат мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорына енгізілмеген жағдайларда көрсетілмейді.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттік қызметті алушыға қатысты Комитет пен бірыңғай оператордың қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
      1) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпаратты ұсыну;
      2) мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы және оны уақтылығы;
      3) мемлекеттік қызметті тегін көрсету.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстың нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Комитеттің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы және қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға жәрдемдесетін және оның тәртібін түсіндіретін тұлғалар немесе орындар:
      1) мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталының «Форум» бөлімінде;
      2) Комитеттің бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға;
      3) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға жауапты Комитеттің құрылымдық бөлімшесінде: (87172) 71-86-60 телефоны бойынша немесе 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 11-үй, № 915-кабинет.
      Комитеттің күнделікті жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 9.00 сағаттан бастап 18.30 сағатқа дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.
      Сондай-ақ бірыңғай оператор қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының 1414 телефоны арқылы немесе порталдан алуға болады.
      21. Егер мемлекеттік қызметті алушы қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселені жоғары тұрған инстанцияның қарауы талап етілсе, мемлекеттік қызметті алушы шағымды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің (бұдан әрі - Министр) атына жазбаша түрде жолдай алады.
      Министрдің не оны алмастыратын адамның атына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол: 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 11-үй, № 105-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады, байланыс телефон: (87172) 71-77-60.
      22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым Комитетке жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол: 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 11-үй, № 915-кабинет мекенжайы бойынша, байланыс телефоны: (8-7172) 71-86-60 немесе бірыңғай операторға мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында «Байланыстар» бөлімінде көрсетілген мекенжайы бойынша алынады.
      Азаматтарды қабылдау осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес мекенжай бойынша Комитет басшылығының азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
      24. Дөрекі көрсетілген қызметке шағымдану не көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеушілік қамтылған шағым мен өзге де құжаттар ерікті жазбаша (басылған) түрде беріледі.
      25. Қолма-қол қабылданған шағым Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде, «Азаматтардың арыз-өтініштері» базасында тіркеледі.
      Күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған тұлғаның аты жөні көрсетілген талонның берілуі шағымның қабылдануын растау болып табылады.
      Шағымды қарастыру барысы туралы ақпаратты 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 11-үй, № 915-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады, байланыс телефоны: (87172) 71-86-60.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес күнтізбелік 15 күннің ішінде жүзеге асырылады.
      26. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсының мекенжайы: www.minfin.kz.
      Комитеттің интернет-ресурсының мекенжайы: www.minfin.kz, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бөлімі.

«Мемлекеттік мүлік тізілімінен      
ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік
қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі   
серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік 
заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік  
меншік объектілерін сауда-саттыққа    
қою кестесіне енгізілген мемлекеттік   
мүлік туралы ақпарат пен материалдар)»  
мемлекеттік қызмет стандартына      
1-қосымша                 

Ұйымдардың тізбесін қарап шығу кезінде көрсетілетін
көрсеткіштер

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 N 391 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Р/с №

Ұйымның БСН

Атауы

Мекенжайы

МНК

1

2

3

4

5

«Мемлекеттік мүлік тізілімінен      
ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік
қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі   
серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік 
заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік  
меншік объектілерін сауда-саттыққа    
қою кестесіне енгізілген мемлекеттік   
мүлік туралы ақпарат пен материалдар)»  
мемлекеттік қызмет стандартына      
2-қосымша                 

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 N 391 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Жекешелендіру объектісін қарап шығу кезінде
      1. Объекті бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:
      1) объектінің ID нөмірі:
      2) жекешелендіру объектісінің түрі:
      акциялар (АҚ);
      үлес (ЖШС);
      мүліктік кешен;
      машиналар мен жабдық;
      жылжымайтын мүлік;
      жылжымайтын мүлік (аяқталмаған құрылыс);
      өзгелер;
      көлік;
      3) сатушы;
      4) жекешелендіру объектісін сату кезеңі;
      5) объектінің мәртебесі:
      жекешелендірудегі;
      белсенді емес;
      жекешелендірілген;
      сауда-саттықтан алынған;
      6) объектіні бұғаттау:
      еркін;
      алып тастауға жатады;
      7) меншік нысаны:
      республикалық;
      коммуналдық облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың);
      коммуналдық аудандық (облыстық маңызы бар қаланың);
      8) қосымша деректер (жекешелендіру объектісінің түріне қарай).
      2. Объектіні бағалау туралы ақпарат көрсетіледі:
      1) бағалаушының атауы;
      2) бағалау туралы есептің нөмірі мен күні;
      3) бағалау құны, теңге;
      4) бағалау күні.
      3. Объекті бойынша құжаттар беттерге таратылған, «объектінің электрондық деректеріне» енгізілген, сканерленген түрде көрсетіледі:
      1) объектінің құжаттары;
      2) жер жөніндегі құжаттар;
      3) фотоальбом.
      2. Мерзімді баспа басылымдарында (бұдан әрі – МББ) жарияланған, жекешелендіру объектілерін сату бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарлама бойынша ақпаратты қарап шығу кезінде
      1. МББ-ның атауы.
      2. Жарияланымның нөмірі мен күні.
      3. Сауда-саттық өткізудің уақыты мен күні.
      4. Сауда-саттық нысаны.
      5. Сауда-саттық түрі.
      6. Кепілдік жарна мөлшері.
      7. МББ-да жарияланған хабарландырудың толық мәтіні:
      1) мемлекеттік тілде;
      2) орыс тілінде.
      3. Сауда-саттық туралы деректерді қарап шығу кезінде
      1. Сауда-саттық әдісі мен нысаны:
      1) аукцион (ағылшын немесе голландиялық);
      2) тікелей атаулы сатылым;
      3) тендер (инвестициялық немесе коммерциялық);
      4) қор биржасы.
      3. Сауда-саттықтың күні және уақыты.
      4. Кепілдік жарна, теңге.
      5. Бастапқы баға, теңге.
      6. Ең төмен баға, теңге.
      7. Сауда-саттық мәртебесі:
      1) өткізілген жоқ;
      2) болмайды;
      3) өткізілді;
      4) сауда-саттық күтілуде.

«Мемлекеттік мүлік тізілімінен      
ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік
қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі   
серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік 
заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік  
меншік объектілерін сауда-саттыққа    
қою кестесіне енгізілген мемлекеттік   
мүлік туралы ақпарат пен материалдар)»  
мемлекеттік қызмет стандартына      
3-қосымша                 

Ұйымдарды іздеу критерийлері

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 N 391 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Ұйымның мәртебесі бойынша:
      1) белсенді;
      2) алып тасталған.
      2. Ұйымның меншік нысаны бойынша:
      1) коммуналдық облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың);
      2) коммуналдық аудандық ( республикалық маңызы бар қалалардың);
      3) республикалық.
      3. Ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша:
      1) акционерлік қоғам;
      2) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын (қазыналық);
      3) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын;
      4) еншілес кәсіпорын;
      5) мемлекеттік мекеме;
      6) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
      7) өкілдік;
      8) филиал;
      9) басқа коммерциялық ұйымдар;
      10) басқа коммерциялық емес ұйымдар.
      4. Ұйымның орналасқан аймағы бойынша (облыстар және аудандар бөлінісінде).

«Мемлекеттік мүлік тізілімінен      
ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік
қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі   
серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік 
заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік  
меншік объектілерін сауда-саттыққа    
қою кестесіне енгізілген мемлекеттік   
мүлік туралы ақпарат пен материалдар)»  
мемлекеттік қызмет стандартына      
4-қосымша                 

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 N 391 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Жекешелендіру объектісін іздестіру критерийлері
      1. Жекешелендіру объектісінің түрі бойынша:
      1) акциялар (АҚ);
      2) үлес (ЖШС);
      3) мүліктік кешені;
      4) машиналар мен жабдық;
      5) жылжымайтын мүлік;
      6) жылжымайтын мүлік (аяқталмаған құрылыс);
      7) өзгелер;
      8) көлік.
      2. Объектінің мәртебесі бойынша:
      жекешелендірудегі;
      белсенді емес;
      жекешелендірілген;
      сауда-саттықтан алынған.
      3. Объектінің меншік нысаны бойынша:
      1) республикалық мүлік: іздестіру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерінің бөлінісінде жүзеге асырылады;
      2) коммуналдық мүлік: іздестіру облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдардың бөлінісінде жүзеге асырылады.
      2. Жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықты іздестіру критерийлері
      1. Сауда-саттық нысаны мен әдісі бойынша:
      1) аукцион (ағылшын немесе голландиялық);
      2) тікелей атаулы сату;
      3) тендер (инвестициялық немесе коммерциялық);
      4) қор биржасы.
      2. Сауда-саттық мәртебесі бойынша:
      1) өткізілген жоқ;
      2) болмайды;
      3) өткізілді;
      4) сауда-саттық күтілуде.
      3. Жекешелендіру объектісінің түрі бойынша:
      1) акциялар (АҚ);
      2) үлесі (ЖШС);
      3) мүлік кешені;
      4) машиналар мен жабдық;
      5) жылжымайтын мүлік;
      6) жылжымайтын мүлік (аяқталмаған құрылыс);
      7) өзгелер;
      8) көлік.
      4. Меншік объектісінің нысаны бойынша:
      1) республикалық мүлік: іздестіру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерінің бөлінісінде жүзеге асырылады;
      2) коммуналдық мүлік: іздестіру облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдардың бөлінісінде жүзеге асырылады.
      5. Сауда-саттықтың бастапқы және соңғы күні мен уақыты көрсетілген сауда-саттықты өткізу кезеңі бойынша.
      3. Жекешелендіру объектісін сату жөніндегі сауда-саттықты өткізу туралы хабарламаны іздестіру критерийлері
      1. Жекешелендіру объектісінің түрі бойынша:
      1) акциялар (АҚ);
      2) үлес (ЖШС);
      3) мүлік кешені;
      4) машиналар мен жабдық;
      5) жылжымайтын мүлік;
      6) жылжымайтын мүлік (аяқталмаған құрылыс);
      7) өзгелер;
      8) көлік.
      2. Сауда-саттық өту туралы хабарлама жарияланған мерзімді баспасөз басылымының атауы бойынша:
      1) мемлекеттік тілде;
      2) орыс тілінде.
      3. Объектінің меншік нысаны бойынша:
      1) республикалық мүлік: іздестіру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерінің бөлінісінде жүзеге асырылады;
      2) коммуналдық мүлік: іздестіру облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдардың бөлінісінде жүзеге асырылады.
      4. Бастапқы және соңғы күні мен уақыты көрсетілген сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау кезеңі бойынша.

«Мемлекеттік мүлік тізілімінен      
ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік
қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі   
серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік 
заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік  
меншік объектілерін сауда-саттыққа    
қою кестесіне енгізілген мемлекеттік   
мүлік туралы ақпарат пен материалдар)»  
мемлекеттік қызмет стандартына      
5-қосымша                 

Cапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 N 391 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Cапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Келесі жылғы көрсеткіштің нысаналы мәні

Есепті жылдағы көрсеткіштің ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

100



2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100



3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100



3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің % (үлесі)

100



4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100



5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100



«Мемлекеттік мүлік тізілімінен      
ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік
қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі   
серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік 
заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік  
меншік объектілерін сауда-саттыққа    
қою кестесіне енгізілген мемлекеттік   
мүлік туралы ақпарат пен материалдар)»  
мемлекеттік қызмет стандартына      
6-қосымша                 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру комитеті басшылығының азаматтарды қабылдау
КЕСТЕСІ

      Ескерту. 6-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 N 391 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Азаматтарды қабылдауды жүргізетін тұлғаның Т.А.Ә.

Азаматтарды қабылдауды жүргізетін тұлғаның лауазымы

Азаматтарды қабылдау күндері мен уақыты

Мемлекеттік органның орналасқан жері

Байланыс телефоны

Өтепов Эдуард Карлович

Комитеттің төрағасы

Сәрсенбі, сағ. 16.00-ден сағ. 18.00-ге дейін

010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, 924-каб.

(8-7172) 71-77-08
71-71-80

Кадюков Николай Викторович

Комитет төрағасының орынбасары

Дүйсенбі, сағ. 16.00-ден сағ. 18.00-ге дейін

010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, 926-каб.

(8-7172) 71-79-09
71-71-80

Ыбырайымов Ғалымжан Уалханұлы

Комитет төрағасының орынбасары

Сейсенбі, сағ. 16.00-ден сағ. 18.00-ге дейін

010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, 912-каб.

(8-7172) 71-80-08
71-71-80

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 30 қазандағы
№ 1373 қаулысымен  
бекітілген     

«Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 N 391 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: толық автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 200-бабына, «Республикалық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1102 қаулысымен бекітілген Республикалық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидасының 53-тармағына және «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысына сәйкес көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат порталда орналастырылған.
      Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы анықтамалық ақпаратты мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың (бұдан әрі - бірыңғай оператор) (8-7172) 32-11-84 телефоны бойынша немесе call–орталығының телефоны (1414) арқылы алуға болады.
      5. Порталда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірыңғай оператордың электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы анықтама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет республикалық мүлікті жалдау (сенімгерлік басқару) туралы шарт (бұдан әрі - шарт) жасасқан жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш жасалған сәтінен бастап - 10 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Порталдан мемлекеттік қызмет алу үшін жұмыс кестесі - тәулік бойы.
      10. Мемлекеттік қызмет порталда көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушының құжаттарды ұсынуы талап етілмейді.
      12. Портал арқылы өтініш жасалған кезде мемлекеттік қызметті алушыға ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық нысандағы сұрау салуды толтыру қажет.
      13. Портал арқылы өтініш жасалған кезде сұрау салу таңдалған қызметке сәйкес бірыңғай операторға автоматты түрде жіберіледі.
      14. Мемлекеттік қызмет алушыға порталдан мемлекеттік қызметті алу үшін онымен жасалған шарттың нөмірін көрсете отырып, мәліметтерді электрондық нысанда және:
      жеке тұлға үшін – жеке сәйкестендіру нөмірін;
      заңды тұлға үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірін сұратуы талап етіледі.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі мемлекеттік қызметті алушыға порталда жеткізіледі.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында көзделген негіздер бойынша бас тартылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттік қызметті алушыға қатысты Комитет пен бірыңғай оператордың қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
      1) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпаратты ұсыну;
      2) мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы және оны уақтылылығы;
      3) мемлекеттік қызметті тегін көрсету.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстың нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Комитеттің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы және қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға жәрдемдесетін және оның тәртібін түсіндіретін адамдар немесе орындар:
      1) мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталының «Форум» бөлімінде;
      2) Комитеттің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға;
      3) Комитеттің мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға жауапты құрылымдық бөлімшесінде: (87172) 71-86-60 телефоны бойынша немесе 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 11-үй, № 915-кабинет.
      Комитеттің күнделікті жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 9.00 сағаттан бастап 18.30 сағатқа дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.
      Сондай-ақ бірыңғай оператор қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының 1414 телефоны арқылы немесе порталдан алуға болады.
      21. Егер мемлекеттік қызметті алушы қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселені жоғары тұрған инстанцияның қарауы талап етілсе, мемлекеттік қызметті алушы шағымды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің (бұдан әрі - Министр) атына жазбаша түрде жолдай алады.
      Министрдің не оны алмастыратын адамның атына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол: 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 11-үй, № 105-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады, байланыс телефон: (87172) 71-77-60.
      22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым Комитетке жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол: 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 11-үй, № 915-кабинет мекенжайы бойынша, байланыс телефоны: (8-7172) 71-86-60 немесе бірыңғай операторға мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында «Байланыстар» бөлімінде көрсетілген мекенжайы бойынша алынады.
      Азаматтарды қабылдау осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес мекенжай бойынша Комитет басшылығының азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
      24. Дөрекі көрсетілген қызметке шағымдану не көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеушілік қамтылған шағым мен өзге де құжаттар ерікті жазбаша (басылған) түрде беріледі.
      25. Қолма-қол қабылданған шағым Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде, «Азаматтардың арыз-өтініштері» базасында тіркеледі.
      Күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған тұлғаның аты-жөні көрсетілген талонның берілуі шағымның қабылдануын растау болып табылады.
      Шағымды қарастыру барысы туралы ақпаратты 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 11-үй, № 915-кабинет мекенжайы бойынша қызметкерден алуға болады, байланыс телефоны: (87172) 71-86-60.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес күнтізбелік 15 күннің ішінде жүзеге асырылады.
      26. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсының мекенжайы: www.minfin.kz.
      Комитеттің интернет-ресурсының мекенжайы: www.minfin.kz, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бөлімі.

«Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен 
(сенімгерлік басқарушылармен) жасалған 
жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары 
бойынша оларға мемлекеттік мүлікті   
тізілімінен шарт бойынша есептеулер, 
өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен
төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын 
анықтама беру» мемлекеттік       
қызмет стандартына           
1-қосымша               

Нысан

Мәліметтер болған жағдайда Республикалық мүлікті жалға
(сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша
анықтама

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 N 391 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Құжат мемлекеттік мүлік тізілімімен қалыптастырылған
Бірегей нөмірі:
Сұрау салынған күні мен уақыты:
Анықтаманы алатын күні мен уақыты:

Құрметті www.gosreestr.kz веб-порталының мемлекеттік қызметін тұтынушы!

      Сіз тапсырған іздестіру критерийлері бойынша: шарттың № - және БСН/ЖСН - _______, мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорында мыналар тіркелген:
      - шарт және республикалық мүлік жөніндегі мәліметтер:

Шарт түрі: мүліктік жалға алу (жалдау)/сенімгерлік басқару



Жалға беруші (сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы)


БСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс деректері

Баланс ұстаушы:


БСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс деректері

Жалдаушы (сенімгерлік басқарушы)


БСН/ЖСН, толық атауы, мекенжайы, байланыс деректері

Шарттың нөмірі мен күні:



Мемлекеттік мүлік түрі:


көлік немесе ғимараттағы үй-жай немесе ғимарат немесе жабдық немесе басқалар

Жалға алу (сенімгерлік басқару) кезеңі:



Жалға алу (сенімгерлік басқару) нысаны:


мемлекеттік мүліктің орналасқан орны, сипаты мен сипаттамасы

      - шарт бойынша есептеулер, өсімпұл және мемлекеттік бюджетке түсімдер:

Есептеу күні

Есептелді, теңге

Мерзімі өткен күндер саны

Уақтылы төленбегені үшін өсімпұл, теңге (бір күнгі өсімпұл сомасы х мерзімі өткен күндер саны)

Мем. бюджетке түсті, теңге

Төлем күні







Барлығы есептелді:
жалға алу төлемі, тг.:    _________
өсімпұл, тг.:             _________

Мем. бюджетке түсті, тг.: _________
Жиыны төлемге, тг.:       _________

      Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

      штрих-кодта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысымен мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор болып айқындалған «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған деректер қамтылған.

Нысан

Мәліметтер болмаған жағдайда Республикалық мүлікті жалға
(сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша
анықтама

Құжат мемлекеттік мүлік тізілімімен қалыптастырылған
Бірегей нөмірі:
Сұрау салынған күні мен уақыты:
Анықтаманы алатын күні мен уақыты:

Құрметті www.gosreestr.kz веб-порталының мемлекеттік қызметін тұтынушы!

      Сіз тапсырған іздестіру критерийлері бойынша: шарттың № - және БСН/ЖСН - _______, мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорында мәліметтер жоқ.
      Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

      штрих-кодта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысымен мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор болып айқындалған «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған деректер қамтылған.

«Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен
(сенімгерлік басқарушылармен) жасалған
жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары
бойынша оларға мемлекеттік мүлікті 
тізілімінен шарт бойынша есептеулер,
өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке  
түскен төлемдер туралы мәліметтерді 
қамтитын анықтама беру»       
мемлекеттік қызмет стандартына   
2-қосымша               

Cапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 N 391 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Cапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Келесі жылғы көрсеткіштің нысаналы мәні

Есепті жылдағы көрсеткіштің ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

100



2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100



3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100



3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің % (үлесі)

100



4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100



5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100



«Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен
(сенімгерлік басқарушылармен) жасалған
жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары
бойынша оларға мемлекеттік мүлікті 
тізілімінен шарт бойынша есептеулер,
өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке  
түскен төлемдер туралы мәліметтерді 
қамтитын анықтама беру»       
мемлекеттік қызмет стандартына   
3-қосымша                

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру комитеті басшылығының азаматтарды қабылдау
КЕСТЕСІ

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 N 391 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Азаматтарды қабылдауды жүргізетін тұлғаның Т.А.Ә.

Азаматтарды қабылдауды жүргізетін тұлғаның лауазымы

Азаматтарды қабылдау күндері мен уақыты

Мемлекеттік органның орналасқан жері

Байланыс телефоны

Өтепов Эдуард Карлович

Комитеттің төрағасы

Сәрсенбі, сағ. 16.00-ден сағ. 18.00-ге дейін

010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, 924-каб.

(8-7172) 71-77-08
71-71-80

Кадюков Николай Викторович

Комитет төрағасының орынбасары

Дүйсенбі, сағ. 16.00-ден сағ. 18.00-ге дейін

010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, 926-каб.

(8-7172) 71-79-09
71-71-80

Ыбырайымов Ғалымжан Уалханұлы

Комитет төрағасының орынбасары

Сейсенбі, сағ. 16.00-ден сағ. 18.00-ге дейін

010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, 912-каб.

(8-7172) 71-80-08
71-71-80

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады