"ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамының жарияланған жай акцияларын орналастыру бағасы, саны, құрылымы туралы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің шешімін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1376 Қаулысы

      «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының жарияланған жай акцияларын орналастыру бағасы, саны, құрылымы туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің 2012 жылғы 29 қазандағы шешімі (отырыстың № 85 хаттамасы) бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               С. Ахметов

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» 
акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің
2012 жылғы 29 қазандағы шешіміне қосымша
(отырыстың № 85 хаттамасы)       

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының жай акцияларын
орналастыру құрылымы

      «Халықтық ІРО» бағдарламасын іске асыру шеңберінде осы «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) жай акцияларын бастапқы орналастыру кезінде оларды инвесторлардың әртүрлі топтары арасында орналастыру құрылымы (бұдан әрі – құрылым) әлеуетті инвесторлар арасында «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының жай акцияларын бөлу тәртібін белгілейді.
      1. Осы құрылымда пайдаланылатын анықтамалар:
      1) қоғам акциялары жөніндегі маркет-мейкер – биржа мүше ретінде мойындалған және өзіне қоғамның алдында қоғамның акциялары бойынша сатып алу мен сатуға баға белгілеуді үнемі жариялау және қолдау міндеттемесін алған және қоғаммен жасалған шарттың негізінде осындай мәртебеге ие болудан туындайтын барлық міндеттерді орындайтын биржа мүшесі;
      2) бөлшек инвесторлар – Қазақстан Республикасының азаматтары;
      3) институционалдық инвесторлар – Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорлары.
      2. Инвестициялау сомасы бойынша шектеулер:
      1) Қоғам акциялары жөніндегі маркет-мейкер үшін – кемінде 67 000 000 (алпыс жеті миллион) теңге, бірақ 157 000 000 (бір жүз елу жеті миллион) теңгеден аспайды1;
      2) Бөлшек инвесторлар үшін – өтінімдер шектеусіз қабылданады. Бөлшек инвесторлардың өтінімдерін қанағаттандыру құрылымның 3-бөлімін ескере отырып жүргізіледі;
      3) Институционалдық инвесторлар үшін – құрылымның 3-бөлімін ескере отырып, шектеусіз.
      3. Қоғамның акцияларын бастапқы орналастыру кезінде оларды әртүрлі инвесторлар топтары арасында бөлу тәртібі:
      1) Қоғам акциялары жөніндегі маркет-мейкердің өтінімдері бірінші кезектегі тәртіппен қанағаттандырылады.
      2) бөлшек инвесторлардың қоғам акциялары бойынша өтінімдері 7 000 000 (жеті миллион) теңге шегінде толығымен қанағаттандырылады.
      3) егер құрылымның 3-бөлімінің 2-тармағын есепке ала отырып, бөлшек инвесторлардың тарапынан өтінімдердің жиынтық сомасы орналастырылатын акциялардың көлемінен асып түссе (қоғам акциялары жөніндегі маркет-мейкер өтінімін шегергенде), өтінімдерді қанағаттандырудың ең жоғары сомасының мөлшері мынадай тәртіппен азайтылатын болады:
      азайту 7 000 000 (жеті миллион) теңгеге тең болатын өтінімдерді қанағаттандырудың ең жоғары сомасынан басталады;
      азайту қадамы акцияның бағасына тең соманы құрайды;
      азайту қоғамның орналастырылатын акцияларына сұраныс мөлшерін және олардың көлемін теңестіру сәтіне дейін жүзеге асырылады.
      4. Бөлшек инвесторлар қажет етпеген акциялар көлемі, құрылымның 3-бөлімінің 1 – 2-тармақтарын іске асыру ескеріле отырып, институционалдық инвесторлар берген өтінімдерге сәйкес олардың арасында орналастырылады.
      5. Егер институционалдық инвесторлардың тарапынан жиынтық сұраныс орналастырылатын акциялардың көлемінен асып түссе (қоғам акциялары жөніндегі маркет-мейкер мен бөлшек инвесторлардың өтінімдерін шегергенде), институционалдық инвесторлардың өтінімдері олардың өтінімдерінің көлеміне бара-бар қанағаттандырылатын болады.
      6. Инвесторлар қажет етпеген қоғам акцияларының көлемі, құрылымның 3-бөлімінің 1 – 5-тармақтарын іске асыру ескеріле отырып, 7 000 000 (жеті миллион) теңгеден асатын өтінім берген бөлшек инвесторлар арасында мынадай тәртіппен бөлінеді:
      1) егер жиынтық сұраныс акциялардың қалған көлемінен аз болса, барлық өтінімдер толық қанағаттандырылады;
      2) егер акциялардың қалған көлемі жиынтық сұраныстан көп болса, өтінімдер 7 000 000 (жеті миллион) теңгеден асатын көлемдерге бара-бар қанағаттандырылады.
      7. Инвесторлар қажет етпеген Қоғам акцияларының көлемі, құрылымның 3-бөлімінің 1 – 6-тармақтарын іске асыру ескеріле отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде орналастыру күнінен кейін 6 (алты) айдан кешіктірілмей, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында орналастырылады.
      8. Қоғам акцияларын бөлу ерекшеліктері
      Қоғам акцияларын бастапқы орналастыру кезінде оларды әртүрлі инвесторлар топтары арасында бөлу кезінде жазылу кезеңінің шегінде өтінімді беру мерзімі ескерілмейді.

      _________________________________________
      1 Маркет-мейкер өтінімінің көлемін ол өтінімдер кітабын жабу сәтіне қарай белгілейді және әлеуетті екінші нарықта акцияларға бөлшек және институционалдық сұраныспен қалыптасқан жағдайға байланысты болады. Бұл ретте өтінімнің көлемі туралы түпкілікті шешім бастапқы орналастыру кезіндегі бастапқы сұраныстың сипатын зерделеуге де негізделеді және әртүрлі инвесторлар арасындағы көңіл-күйдің қысқа мерзімді (алыпсатарлық) немесе ұзақ мерзімді болуына байланысты болады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 8 қарашадағы
№ 1376 қаулысымен  
бекітілген      

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының жарияланған жай акцияларын орналастыру бағасы, саны, құрылымы туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің 2012 жылғы 29 қазандағы шешімі

      «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 19) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1027 қаулысымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасына сәйкес «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі ШЕШТІ:
      Мыналар:
      1) 725 (жеті жүз жиырма бес) теңге «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының бір жай акциясын орналастыру бағасы;
      2) 38463559 (отыз сегіз миллион төрт жүз алпыс үш мың бес жүз елу тоғыз) дана бағалы қағаздардың қазақстандық ұйымдастырылған нарығына жазылуды жүргізу жолымен орналастырылатын «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы жай акцияларының саны;
      3) көрсетілген шешімге қосымшаға сәйкес «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының жай акцияларын орналастыру құрылымы айқындалсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады