«2012 жылы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 495 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1387 қаулысы бойынша баспасөз релизі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджеттік кодексіне сәйкес Үкіметтің 2009 жылғы 7 мамырдағы № 665 қаулысымен Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерді ұсыну ережелері бекітілген.
Осы ережелерге сәйкес байланысты гранттарды тартуға арналған жинақталған өтінімдердің негізінде мемлекеттік жоспарлау бойынша орталық өкілетті орган граттарды тартуға арналған өтінімдердің басымды тізбесін қалыптастырады.
Осыған байланысты, Үкіметтің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 495 қаулысымен 2012 жылы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесі бекітілген болатын.
Сонымен қатар, Үкіметтің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1387 қаулысымен айтылған тізбе 6. «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» (ҮАААЖ) автомобиль жолы құрылысы концессиялық жобаны әзірлеу және сүйемелдеу деген тармақпен толықтырылды.
Жобаның мақсаты байланысты грантты тарту есебінен аталған жобаны 2012-2014 жылдары жүзеге асыру болып табылады.
Донор Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) болып отыр.
Грант сомасы 195 млн. теңге (1 300 мың АҚШ долл.), республикалық бюджеттен қайта қаржыландыру 105 млн. теңге (700 мың АҚШ долл.).
Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) қаражаты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне ҮАААЖ жобасын әзірлеу үшін консалтингтік қызметтер көрсетуге берілетін болады.
Жобаны жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасына ірі ҮАААЖ көлік жобасын іске асыру үшін жеткілікті қаражаты бар инвесторларды тарту жолымен айқын тендерлік және ашық конкурс процесі арқылы мемлекеттік жеке-меншік әріптестік мәмілесін жүзеге асыруға жәрдем көрсетілетін болады.
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрлігі