«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1416 қаулысына пресс-релиз
«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1416 қаулысы ҚР ИЖТМ-мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестиция мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 20 ақпандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 83-ө өкімімен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 20 ақпандағы Заңымен «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне сәйкес әзірленді.
Қаулы қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасы «Инвестициялар туралы» Заңын іске асыруы болып табылады.
Өзгерістер инвестициялық преференцияларды көздейтін, инвестицияларды жүзеге асыруға арналған модельдік келісім-шарттардың ережелерді жетілдіру шеңберінде енгізіледі.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысы бекітілген қызметтің басым түрлерінің тізбесінің негізінде құрылғын Технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерiнiң, шикiзаттың және (немесе) материалдардың импорты кезiнде кеден баждарын салудан босатылатын экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші сыныптары деңгейіндегі қызметтің басым түрлерінің жаңа тізбесімен толықтырылды.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі