«Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1417 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.12.2015 № 1090 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 21, 204-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережеде:
      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Сараптамалық кеңестің жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді мемлекеттік органның шешімі бойынша оның тиісті құрылымдық бөлімшесі болып табылатын сараптамалық кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. Нормативтік құқықтық актінің жобасына осы Ереженің 7-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік орган белгілеген мерзімде сараптамалық қорытынды ұсынылмаған жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертусіз келісілді деп есептеледі.»;
      8-тармақ алынып тасталсын;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сараптамалық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасын қарауы отырыс өткізбестен, оны сараптамалық кеңестің мүшелеріне тарату жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
      Қарау нәтижелері бойынша осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша сараптамалық кеңес төрағасының қолы қойылатын хаттама жасалады.
      Аталған хаттама сарапшылар кеңесінің мүшелеріне жіберіледі және нормативтік құқықтық акті жобасының міндетті қосымшасы болып табылады.»;
      14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Сараптамалық қорытындылар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктерi мүшелерiнiң жинақталған пiкiрiн бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және оларды қабылдағанға дейiн, оның ішінде осы жобаны мүдделi мемлекеттiк органдармен келесі әрбiр келiсу кезінде нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда жеке кәсiпкерлiк субъектiлерінің аккредиттелген бiрлестiктеріне келiспеу себептерiнiң негiздемесi бар жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар оларды қабылдағанға дейiн нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.»;
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 8 қарашадағы
№ 1417 қаулысына  
қосымша        

Кәсіпкерлік мәселелері  
жөніндегі сараптамалық  
кеңестер туралы үлгі ережеге
қосымша         

Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің
ХАТТАМАСЫ
      _________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

№__________                                    ______ жылғы «__»_____

Күн тәртібі

      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері _______________________________________________________ қарауы туралы
(нормативтік құқықтық акті жобасының атауы немесе қаралып отырған мәселе)
      1. Сараптамалық қорытындыларды ескертулер мен ұсыныстарсыз ұсынғандар:
_____________________________________________________________________
(жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің атауы)
      2. Сараптамалық қорытындыларды ескертулермен және ұсыныстармен ұсынғандар: _________________________________________________________
(жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің атауы,
_____________________________________________________________________
ұсынылған ескертулер мен ұсыныстардың жалпы саны, олардың ішінде қабылданғаны/қабылданбағаны*)
      3. Сараптамалық қорытынды ұсынған жоқ:
_____________________________________________________________________
(жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің атауы)
      4.____________________________________________________________
         (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдамау туралы ақпарат**)

      Сараптамалық кеңестің төрағасы

      Сараптамалық кеңестің хатшысы
      Ескертпелер:
      * - Мысалы: Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастығы – 10 (7/3)
      ** - Мұндай жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жіберілген сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар хаттың күні мен нөмірі көрсетіледі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады