"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 және "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қарашадағы № 1458 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердiң тиiстiлiк нормативiнде:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Президент Әкімшілігі

Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысы

1



2600

Президенттiң көмекшiсi-Қауiпсiз дiк Кеңесiнiң хатшысы

1



2600

Президенттiң көмекшiсi

1



2600

Жоғарғы Сот Кеңесiнiң Төрағасы

1



2000

Президент Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары

1



2000

Президент Кеңсесiнiң бастығы

1



2600

Президенттiң Баспасөз хатшысы

1



2600

Президенттiң Протокол бастығы

1



2600

Президенттiң Парламенттегi өкiлдiгiнiң басшысы

1



2000

Астана қаласында көлiктiк қызмет көрсету

16*********

1*********


2600

Алматы қаласында

1*********

6*********


2600

Қонақтарға арналған


25


***


       ";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "********* Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің "Қазақстан Республикасы Президентінің Мұражайы" үшін - 2 бiрлiк, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Мұрағаты" мемлекеттік мекемелері үшін - 2 бiрлiк";

      2) "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиесілілік табелінде:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі" деген бөлімнің "Автомобильдердің шекті саны" деген кестесіндегі "Астана қаласы бойынша 10" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астана қаласы бойынша 11".

      2. Осы қаулы, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады