Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 680 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 1364 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 62-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және заңды тұлғаларды тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттар талаптарына тұқымдардың сорттық және егу сапасының сәйкестігіне зерттеулер жүргізу құқығына аттестаттау тәртібін белгілейді.»;
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана – тұқымдардың сорттық және егу сапасының тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне зерттеулер жүргізу құқығына белгіленген тәртіппен аттестатталған заңды тұлға;»;
көрсетілген қағидаларға 5-қосымшада:
«Мамандар тізбесі» деген кестеде «Тұқым сарапшысының атестаттау туралы куәлігінің № және күні» деген баған жаңа редакцияда жазылсын:
«тұқымдардың сорттық және егу сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы жергілікті атқарушы орган тұқым сарапшысынан алған хабарламаның № және күні».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов