"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1515 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат, № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
      1) 16-баптың 9)тармақшасында:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру тәртібін;»;
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу тәртібін;».
      2) 17-бапта:
      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) озонды бұзатын заттарды және олар құрамында бар өнімдерді Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді лицензиялауды жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 21-1), 21-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «21-1) озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, қызмет көрсетуге рұқсат береді;
      21-2) қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы трансшекаралық тасымалдауға қорытынды береді;»;
      3) 114-баптың 37) тармақшасындағы «сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылау жүзеге асырылады.» деген сөздер «сақталуына;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 38) тармақшамен толықтырылсын:
      «38) озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға беру туралы талаптардың сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылау жүзеге асырылады.»;
      4) 288-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қалдықтарды пайдалану (кәдеге жарату, қайта өңдеу) мақсатында оларды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету лицензия негізінде жүзеге асырылады.
      Қалдықтарды жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшін (коммерциялық емес мақсаттарда) әкелуіне және әкетуіне тыйым салынады.
      Қалдықтарды көму және залалсыздандыру мақсатымен әкелуге тыйым салынады.»;
      5) 295-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қалдықтардың транзиті Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.»;
      6) 313-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Озонды бұзатын заттардың және олар құрамында бар өнімдердің транзитін қоспағанда, оларды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.
      Озонды бұзатын заттарды жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшін (коммерциялық емес мақсаттарда) алып өтуіне тыйым салынады.»;
      7) 314-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Озонды бұзатын заттарды және олар құрамында бар өнімдерді әкелу және әкету, озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеу, монтаждау, оларға қызмет көрсету шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеу, монтаждау, оларға қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсат негізінде жүзеге асырылады.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Озонды бұзатын заттарды әкелуді және әкетуді, сондай-ақ озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуді, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуді, монтаждауды, оларға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер:»;
      8) 315-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «315-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынудың есебі
      1. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен есепке алынуға жатады.
      2. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алуға қызметтің мына түрлері жатады:
      1) озонды бұзатын заттарды өндіру;
      2) озонды бұзатын заттарды әкелу және әкету;
      3) озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеу, монтаждау, оларға қызмет көрсету.»;
      9) 316-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «316-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынудың есебі мен
                мемлекеттік кадастры»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Озонды бұзатын заттарды әкелуді және әкетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын дайындау үшін:
      сатып алушы ұйымдардың атаулары мен мекенжайларын және болжамды қолдану салаларын көрсете отырып, озонды бұзатын заттардың әкелінген, әкетілген және өткізілген санының есебін жүргізеді;
      жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанынан кешіктірмей, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қолдану салалары, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы мәліметтер береді.».
      2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат):
      1) 534-баптың 1-тармағында:
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) қаруды және оның патрондарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, сатып алуға, тасымалдауға рұқсат бергені үшін;»;
      мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2)тармақшалармен толықтырылсын:
      «11-1) қаруды және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды бергені үшін;
      11-2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергені үшін;»;
      2) 540-баптың 5) тармақшасының үшінші, төртінші, оныншы, он бірінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын әкелуге қорытынды бергені үшін - 200 пайыз;
      азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын әкетуге қорытынды бергені үшін - 200 пайыз;
      азаматтық қаруды және оның патрондарын әкелуге қорытынды бергені үшін - 50 пайыз;
      азаматтық қаруды және оның патрондарын әкетуге қорытынды бергені үшін - 50 пайыз;»;
      3) 547-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) қаруды және оның патрондарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды, сондай-ақ комиссиялық сатуға жолдама бергені үшін - тиісті құжаттарды бергенге дейін;».
      3. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
      1) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 91-1) және 91-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «91-1) гемопоэздік дің жасушалары - адамның сүйек кемігінің саралауға қабілеті бар жасушалары;
      91-2) сүйек кемігі - сүйектің кеуекті затында және сүйектік-кеміктік қуыстарда орналасқан орталық қан түзу органы;»;
      2) 5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелуді және әкетуді лицензиялау;»;
      3) 7-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 29-4), 29-5) және 29-6) тармақшалармен толықтырылсын:
      «29-4) адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелуді, әкетуді лицензиялау;
      29-5) гемопоэздік дің жасушалары туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында орны ауыстырылған жағдайда оларды, сондай-ақ диагностикалық және ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтардың, секреттердің және адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық бөлінділердің, жағындылардың, қырындылардың, жуындылардың үлгілерін әкелуге және әкетуге қорытындылар беру тәртібін бекіту және жүзеге асыру;
      29-6) гуманитарлық көмекке (жәрдемге) немесе төтенше жағдайлар кезіндегі көмекке арналған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру тәртібін бекіту және жүзеге асыру;»;
      4) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «13-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ
               адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және
               (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін
               әкелуді, әкетуді лицензиялау
      Медициналық және фармацевтикалық қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялауға жатады.
      Гемопоэздік дің жасушалары туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында орны ауыстырылған жағдайда оларды, сондай-ақ диагностикалық және ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтардың, секреттердің және адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және паталогиялық бөлінділердің, жағындылардың, қырындылардың, жуындылардың үлгілерін қоспағанда, адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелу және (немесе) әкету денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.»;
      5) 80-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «80-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
               медициналық техниканы әкелу тәртібі
      1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелу ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.
      2. Тиісті өндірістік практика жағдайларында өндірілген дәрілік субстанцияларды, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат етілмейді.
      3. Егер Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника:
      1) клиникалық зерттеулер жүргізуге;
      2) дәрілік заттарды сараптауға;
      3) дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға;
      4) нақты емделушінің тіршілік көрсетілімдері бойынша медициналық көмек көрсетуге не паталогиясы сирек кездесетін және (немесе) аса ауыр емделушілердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсетуге;
      5) одан әрі сату құқығынсыз көрмелер өткізуге;
      6) төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың салдарын жоюға;
      7) денсаулық сақтау ұйымдарын Қазақстан Республикасында тіркелген, баламасы жоқ бірегей медициналық техникамен, сондай-ақ бірегей медициналық техникаға қатысты, жұмыс істеуге арналған, мемлекеттік тіркеусіз әкелінген медициналық мақсаттағы бұйымдармен жабдықтауға;
      8) инновациялық медициналық технологияны енгізуге арналған болса, оларды Қазақстан Республикасының аумағына уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде әкелуге жол беріледі.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жекелеген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынады.
      Гуманитарлық көмекке (жәрдемге) немесе төтенше жағдайлар кезінде көмекке арналған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника (оның ішінде тіркелмеген) Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен берілетін қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде әкелінеді.
      5. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес келмейтін дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника тәркіленуге және жойылуға жатады.»;
      6) мынадай мазмұндағы 80-1, 80-2, 80-3-баптармен толықтырылсын:
      «80-1-бап. Қазақстан Республикасына дәрілік заттарды әкелуге
                 рұқсат берілген тұлғалар
      Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді:
      1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруге лицензиясы бар өндіруші ұйымдар;
      2) дәрілік заттарды көтерме саудада өткізуге лицензиясы бар не қызметін бастағаны туралы хабарлама бойынша медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізіліміне енгізілген жеке және заңды тұлғалар;
      3) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы осы Кодекске сәйкес әзірлеу және мемлекеттік тіркеу үшін ғылыми-зерттеу ұйымдары, зертханалар;
      4) мемлекеттік тіркеу кезінде сараптама, клиникалық зерттеулер және (немесе) сынақтар жүргізу үшін және Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндірушілердің көрмелеріне қатысу үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруші шетелдік ұйымдар, олардың уәкілетті өкілдіктері (филиалдары) немесе олардың сенім білдірілген жеке және заңды тұлғалары;
      5) медициналық қызметті жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыра алады.
      80-2-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен
                медициналық техниканы жеке пайдалану үшін және өзге
                де коммерциялық емес мақсатта әкелу
      1. Егер дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника:
      1) жеке тұлғалардың, дипломатиялық корпус қызметкерлерінің немесе халықаралық ұйымдар өкілдерінің жеке пайдалануына;
      2) Кеден одағының кедендік аумағына келген көлік құралдарының жолаушылары мен экипаж мүшелерін, пойыз бригадалары мен көлік құралдарының жүргізушілерін емдеуге;
      3) халықаралық мәдени, спорттық іс-шараларға қатысушылар мен халықаралық экспедицияларға қатысушыларды емдеуге арналған болса, олардың уәкілетті органның рұқсатынсыз әкелінеді.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасына әкелуге жол беріледі.
      80-3-бап. Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының кеден
                ісі саласындағы уәкілетті органының өзара іс-қимыл
                жасауы
      1. Осы Кодекстің 80-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілген және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілген кезде Қазақстан Республикасының кеден органдарына мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі көрсетіле отырып, әкелінетін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың әрқайсысының мемлекеттік тіркелуі туралы уәкілетті орган растаған мәліметтер берілуге тиіс.
      2. Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органы уәкілетті органға дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгені және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілгені туралы мәліметтерді береді.»;
      7) 28-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «28-тарау. Ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе)
                 тіндерді, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек
                 кемігін, қан мен оның компоненттерін әкелу, әкету»;
      8) 172-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «172-бап. Ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе)
                тіндерді, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін
                әкелу, әкету үшін негіздер
      1. Қазақстан Республикасының аумағына адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін әкелу:
      1) медициналық қызметке арналған лицензияға сәйкес «трансплантология» және (немесе) «гематология» мамандығы бойынша қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында транспланттау қажет болған;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында диагностикалық зерттеулер қажет болған;
      3) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізілген кезде жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасынан адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, гемопоэздік дің жасушаларына, сүйек кемігін әкету:
      1) Қазақстан Республикасының азаматына және оның шегінен тыс жердегі өзге де тұлғаларға медициналық көмек көрсету қажет болған;
      2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі Қазақстан Республикасы азаматтарының жақын туыстары мен жұбайына (зайыбына) медициналық көмек көрсету қажет болған;
      3) диагностикалық зерттеулер қажет болған;
      4) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізілген;
      5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда;
      6) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын донордың гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін шетелде тұратын реципиентке транспланттауды жүргізу қажет болған кезде жүзеге асырылады.
      3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында және 2-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін), тіндерін әкелуге, әкетуге лицензияны уәкілетті орган медициналық қызметке арналған лицензияға сәйкес «трансплантология», «гематология» мамандығы бойынша қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының өтініші бойынша береді.
      4. Гемопоэздік дің жасушалары туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында орны ауыстырылған жағдайда, оларды әкелу және әкету денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде жүзеге асырылады.
      5. Адамның ағзаларын және (немесе) тіндерін жеке тұлғалардың әкелуіне және әкетуіне жол берілмейді.
      6. Әкелуге және әкетуге арналған тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) биологиялық қауіпсіздік тұрғысынан зерттеу, консервациялау мен тасымалдау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
      9) 173-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының аумағынан қан мен оның компоненттерін әкету:
      1) Қазақстан Республикасының азаматына және оның шегінен тыс жердегі өзге де тұлғаларға медициналық көмек көрсету қажет болған;
      2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі Қазақстан Республикасы азаматтарының жақын туыстары мен жұбайына (зайыбына) медициналық көмек көрсету қажет болған;
      3) диагностикалық зерттеулер қажет болған;
      4) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізілген кезде;
      5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда;
      6) келісімшарттық фракциялау шеңберінде қанның плазмалық препараттарын өндіру үшін қан компоненттері шетелге жіберілген кезде жүзеге асырылады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында және 2-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда уәкілетті орган қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензияны медициналық қызметке арналған лицензияға сәйкес «қан дайындау» мамандығы бойынша қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының өтініші бойынша береді.»;
      мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
      «5. Диагностикалық және ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық сұйықтықтардың, секреттердің және адамның тіршілік бекеті өнімдерінің, физиологиялық және паталогиялық бөлінділердің, жағындылардың, қырындылардың, жуындылардың үлгілерін әкелу, әкету денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде жүзеге асырылады.
      6. Қан мен оның компоненттерін жеке тұлғалардың әкелуіне және әкетуіне жол берілмейді.»;
      10) 174-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «174-бап. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және
                (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін
                әкелудің, әкетудің тәртібі
      1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 172-бабының 3-тармағында және 173-бабының 4-тармағында көрсетілген денсаулық сақтау ұйымдарының тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) не қан мен оның компоненттерін әкелуі, әкетуі, Қазақстан Республикасы ратификациялаған тауарлардың сыртқы саудасын лицензиялау саласындағы халықаралық келісімдерде және «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен берілген лицензия негізінде жүзеге асырылады.
      2. Уәкілетті орган адамның тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелу және (немесе) әкету үшін лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді 3 күндік мерзімде, ал адамның ағзалары үшін - бір жұмыс күні ішінде қабылдайды.».
      4. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 2-баптың 1-тармағының 12) және 25) тармақшаларындағы, 4-5-баптың 4) тармақшасындағы, 10-баптың 1-тармағының 4-5), 31), 32), 33), 37), 38), 39), 40) тармақшаларындағы, 11-баптың 1-тармағының 18), 33-5) тармақшаларындағы «есірткі құралдарының, психотроптық заттардың», «есірткі құралдары, психотроптық заттар», «есірткі және психотроптық заттар», «есірткі құралдары мен психотроптық заттарды», «есірткі және психотроптық заттарды», «есірткі құралдарының, психотроптық заттар» деген сөздер тиісінше «есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттардың», «есірткі құралдары, психотроптық заттар, оларға ұқсас заттар», «есірткі құралдары және психотроптық заттар, оларға ұқсас заттар», «есірткі құралдары мен психотроптық заттарды, оларға ұқсас заттарды», «есірткі құралдарын және психотроптық заттарды, оларға ұқсас заттарды», «есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 11-баптың 1 -тармағының 33) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «33) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен:
      азаматтық және қызметтік қаруды комиссиялық сатуға заңды және жеке тұлғаларға жолдама;
      мыналарға:
      заңды тұлғаларға:
      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне;
      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әкелуге, әкетуге;
      жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын әкелуге, әкетуге қорытынды;
      мыналарға:
      жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге;
      заңды тұлғаларға:
      жарылғыш материалдарды сатып алуға, сақтауға;
      азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтауға;
      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға, тасымалдауға;
      атыс тирлері (атыс орындары) мен стенділерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беруге;».
      5. «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Есірткі құралдары, психотроптық заттар, оларға ұқсас заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы»;
      2) бүкіл мәтін бойынша «есірткі, психотроптық заттар», «есірткі немесе психотроптық заттар», «Есірткі, психотроптық заттар», «есірткі, психотроптық заттармен», «есірткі, психотроптық заттардың», «есірткі немесе психотроптық заттарды», «есірткі, психотроптық заттарға», «есірткі және психотроптық заттарды», «есірткі және психотроптық заттардың», «есірткі, психотроптық зат», «есірткі, психотроптық заттардың», «есірткі, психотроптық заттарды», «есірткі және психотроптық заттардың», «есірткі, психотроптық заттар» деген сөздер тиісінше «есірткі құралдары, психотроптық заттар, оларға ұқсас заттар», «есірткі құралдары немесе психотроптық заттар, оларға ұқсас заттар», «Есірткі құралдары, психотроптық заттар, оларға ұқсас заттар», «есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, оларға ұқсас заттармен», «есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттардың», «есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды, оларға ұқсас заттарды», «есірткі құралдарына, психотроптық заттарға, оларға ұқсас заттарға», «есірткі құралдарын және психотроптық заттарды, оларға ұқсас заттарды», «есірткі құралдарының және психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттардың», «есірткі құралдары, психотроптық заттар, оларға ұқсас заттар», «есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттардың», «есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және оларға ұқсас заттарды», «есірткі құралдарының және психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттардың», «есірткі құралдары, психотроптық заттар, оларға ұқсас заттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 2-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Есірткі құралдарына, психотроптық заттарға ұқсас заттар есірткі құралдары мен психотроптық заттардың өздері сияқты бақылау шараларына жатады. Заңсыз айналымнан табылған оларға ұқсас заттардың мөлшерін (шағын, ірі және өте ірі мөлшер) айқындау кезінде олар ұқсас болып табылатын есірткі құралдарының және психотроптық заттардың мөлшері қолданылады.»;
      4) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, оларға ұқсас заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету есірткі құралдары, психотроптық заттар, оларға ұқсас заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады.
      Кеден одағына мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, оларға ұқсас заттар мен прекурсорларды әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттерге есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, оларға ұқсас заттар мен прекурсорларды әкету есірткі құралдарын, психотроптық заттар, оларға ұқсас заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
      Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы көрсетілген қызметке лицензиясы болуына қарамастан, әкелуге, әкетуге берілген лицензияны басқа заңды тұлғаға беруге болмайды.»;
      5) 13-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жеке тұлғалар құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар, оларға ұқсас заттар мен прекурсорлар бар дәрілік препараттарды медициналық көрсетілімдер бойынша жеке пайдалануы үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және оның аумағынан әкетуді растайтын құжаты болған жағдайда жүзеге асыра алады. Растайтын құжаттың нысанын есірткі құралдары, психотроптық заттар, оларға ұқсас заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
      6) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Заңның 18-бабында көзделгеннен басқа жағдайларда, Қазақстан Республикасының аумағында есірткілік және психотроптық дәрілік заттар дайындау мақсатында апиын көкнәрін, кокаин бұтасын, каннабис (сора), кат, пейот, құрамында мескалин бар кактус, көріпкел сәлбен (Salvia divinorum тұқымдас өсімдіктер), гавай раушанын (Argyrea nervosa тұқымдас өсімдіктер), көгілдір лотос (Nymphea caerulea тұқымдас өсімдіктер) өсіруге және жинауға тыйым салынады.».
      6. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары ретінде:
      1) оқжатарының (барабанының) сыйымдылығы 10 патроннан асатын, ұңғысының ұзындығы немесе ұңғылы қорапшасымен қоса ұңғысының ұзындығы 500 миллиметрден кем және қарудың жалпы ұзындығы 800 миллиметрден кем, сондай-ақ оның ұзындығын 800 миллиметрден азайтуға мүмкіндік беретін және бұл ретте атуды жүргізу мүмкіндігін жоғалтпайтын конструкциядан тұратын ұзын ұңғылы атыс қаруы;
      2) атысты түйдектете жүргізуге мүмкіндік беретін азаматтық атыс қаруы;
      3) түрі басқа заттарға ұқсайтын атыс қаруы;
      4) ұңғыма ұзындығының 40 %-ынан аспайтын ойық бөлігі бар «парадокс жүйелі» қаруын қоспағанда, ойық ұңғымасы бар атыс қаруының патрондарына бейімделіп дайындалған тегіс ұңғылы атыс қаруы;
      5) Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес спорт снарядтарын қоспағанда, қол шоқпарлар, кастеттер, сурикендер, бумерангілер және қару ретінде пайдалануға арнайы бейімделген ұрып-уататын, лақтыратын, шаншып-кесетін басқа да заттар;
      6) түймешікті немесе тұтқаны басқан кезде сабынан ұшы мен жүзі не автоматты түрде шығып бекітілетін не салмактың әсерінен немесе шапшаң қимылдан іске қосылатын және автоматты түрде бекітілетін, ұшы мен жүзінің ұзындығы 90 миллиметрден астам суық сұқпа қару мен пышақ;
      7) бронь бұзғыш, тұтандырғыш, жарғыш немесе трассологиялық күші бар салмақ түсу нүктесі өзгерген оқты патрондар, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес газды тапаншалар мен револьверлерге арналған бытыралы снарядтары бар патрондар;
      8) зақымдағыш әсері радиоактивті сәулені және биологиялық әсерді пайдалануға негізделген қару және өзге де заттар;
      9) жүйкеге әсер ететін, уландыратын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға тыйым салған басқа да заттармен оқталған газды қару, сондай-ақ бір метрден астам қашықтықта зиян келтіре алатын, адам өміріне қауіпсіз, алайда денсаулықтың жиырма бір күннен астам мерзімге ұзақ зақымдануына немесе еңбек қабілетін 10 және одан астам пайызға едәуір тұрақты жоғалтуға әкеп соғатын газды қару;
      10) криминалистік талаптарға сәйкес келмейтін техникалық сипаттамалары бaр қару мен оның патрондары;
      11) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қару және оның патрондары;
      12)  зақымдағыш әсері электр-магнитті, жарық, жылу, инфрадыбыстық немесе ультрадыбыстық сәулелерді пайдалануға негізделген қару және өзге де заттар;
      13) шығыс параметрлері мемлекеттік стандарттарда белгіленген шамадан асатын өзін-өзі қорғаудың ұңғысыз атыс қаруы, электр соққыш құрылғылар мен ұшқын шашқыштар;
      14) металл детекторларымен анықтауға мүмкіндік бермейтін материалдардан жасалған қару айналымына тыйым салынады.»;
      2) 15-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қаруды және оның патрондарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкетуге қорытынды беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады.»;
      3) 25-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган беретін лицензияның, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган қорытындысының негізінде жүзеге асырылады.
      3. Азаматтық және қызметтік қарудың бірлі-жарым данасын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу осы Заңның талаптары ескеріле отырып, ішкі істер органдары қорытындыларының негізінде жүргізіледі.»;
      4) 26-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Шетелдіктер азаматтық қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына аңшылыққа келісімшарты немесе спорттық іс-шараларға қатысуға шақыруы болған кезде және қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті органның тиісті қорытындысы негізінде әкеле алады. Әкелінген қару келісімшартта немесе шақыруда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасынан әкетілуге тиіс.
      5. Қазақстан Республикасына шақыру бойынша немесе өздерінің қызметтік тапсырмаларын орындауға байланысты келетін шетелдік құқық қорғау органдарының, арнаулы қызметтер мен әскерилендірілген ұйымдар қызметкерлерінің жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуі, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тиісті органдар басшыларының қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.»;
      5) 26-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды беру үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады.»;
      6) 29-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) ұйымдарға азаматтық және қызметтік қаруды, ал шетелдіктерге азаматтық қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындылар береді;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама береді;».
      7. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат, № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат, № 18, 84-құжат, № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-кұжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
      1) 2-бап мынадай мазмұндағы 78) тармақшамен толықтырылсын:
      «78) электромагниттік үйлесімділік - техникалық құралдың көзделген электромагниттік жағдайда көзделген сапада жұмыс істеу және басқа техникалық құралдарға жол берілмейтін электромагнитті кедергілер жасамау қабілеті.»;
      2) 8-бапта:
      1-тармақта:
      12) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 19-7) тармақшамен толықтырылсын:
      «19-7) импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарларға кіріктірілген не олардың құрамына кіретін радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды әкелуге қорытындылар беру;»;
      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану құқығына рұқсат болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда оларды өшіру;»;
      3) 9-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) радиожиілік спектрін пайдалануға, радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсаттар беру;»;
      4) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу мемлекеттің ерекше құзыретінде болады.
      Радиожиілік спектрін пайдалануды реттеуді радиожиілік органдары жүзеге асырады және бұл радиожиілік спектрін тиімді пайдалануға және жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) иелікке беру (тағайындау) рәсімінің ажырамас бөлігі болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешенін білдіреді.
      Қазақстан Республикасындағы электромагниттік ахуалды көрсететін радиожиілік спектрінің республикалық дерекқорын жүргізуді Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары жүзеге асырады.
      Радиожиілік спектрі байланыс саласындағы ұлттық ресурс болып табылады.»;
      4) мынадай мазмұндағы 5-2-тараумен толықтырылсын:
      «5-2-тарау. Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті
                  құрылғыларды әкелу»;
      6) мынадай мазмұндағы 28-9-баппен толықтырылсын:
      «28-9-бап. Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті
                 құрылғыларды әкелу тәртібі
      1. Шектеулі, оның ішінде басқа тауарларға кіріктірілген не олардың құрамына кіретін радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады.
      2. Егер импорттан өзгеше жағдайларда, 6 айдан аспайтын мерзімге әкелінетін радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиілікті құрылғылар, оның ішінде басқа тауарларға кіріктірілгендері мен олардың құрамына кіретіндері:
      1) шетелдік ресми делегациялардың Қазақстан Республикасының аумағында болуын қамтамасыз етуге;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін спорттық жарыстар мен өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін көрмелерде көрсетуге;
      4) Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстарды жүргізуге;
      5) сәйкестікті растау (сертификаттау немесе сәйкестікті декларациялау) мақсатында сынақтар жүргізуге арналған жағдайларда, олар уәкілетті органның қорытындысы негізінде әкелінеді.
      3. Мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасының аумағына пайдалану (қолдану) құқығынсыз радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды, оның ішінде басқа тауарларға кіріктірілгендерін не олардың құрамына кіретіндерін транзиттеуге;
      2) автокөлік құралдарында орнатылған радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды уақытша әкелуге;
      3) Қазақстан Республикасының аумағынан бұдан бұрын уақытша әкетілген радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды кері әкелуге;
      4) әуе, теңіз және өзен кемелерінің борттық жабдықтарының құрамындағы, сондай-ақ әуе, теңіз және өзен кемелеріне орнатуға, ауыстырылған (алып тасталған) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкете отырып, борттық жабдықтардың құрамынан ақаулы радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды ауыстыруға арналған радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды әкелуге;
      5) әуе, теңіз, өзен кемелерін және басқа да техникалық құралдарды жөндеуге немесе оларға орнатуға арналған, Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану (қолдану) құқығынсыз Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын, жасау нәтижелері бойынша алынған тауарлардың құрамында немесе радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды жөндеуден кейін Қазақстан Республикасының аумағынан кері әкетілуге тиіс радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды әкелуге;
      6) Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен бекітілген Кеден одағының кедендік аумағына әкелу лицензия немесе қорытынды (рұқсат беру құжатын) ресімдемей жүзеге асырылатын радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар тізбесіне енгізілген радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды әкелуге лицензия немесе қорытынды алу талап етілмейді.».
      8. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж. № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 8-баптың 24-12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «24-12) әкімшілік органның Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенция қолданылатын жануарлардың түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат беру қағидаларын бекітеді;»;
      2) 9-бап мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «15-1) Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенция қолданылатын жануарлардың түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат беруді жүзеге асырады;»;
      3) 9-баптың 51-36) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «51-36) әкімшілік органның Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенция қолданылатын жануарлардың түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат беру қағидаларын әзірлейді;».
      9. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат; № 12, 84-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 11-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар;»;
      1) 43-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны осы Заңда белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей беретін атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы және қаржы ресурстары шоғырландырумен байланысты қызмет саласындағы лицензиарларды, сондай-ақ экспорттық бақылауға жататын өнімдердің импортын немесе экспортын лицензиялауды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.».
      2-бап. Осы Заң оның алғаш ресми жарияланғанынан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады