Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1565 Қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің кұрылымын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2012 жылғы 12 шілдедегі № 354 жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.
      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.
      3. Осы қаулыға 12-қосымшаларда көрсетілген мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
      реттiк нөмiрлерi 257259265270-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «257. Орталық өңірлік әскери тергеу басқармасы.
      259. Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы.
      265. Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасы.
      270. Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасы.»;
      реттiк нөмiрлерi 258260262263264266267268269272-жолдар алынып тасталсын.
      5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1565 қаулысына   
1-қосымша     

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қайта аталатын
аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. Астана әскери тергеу басқармасы Орталық өңірлік әскери тергеу басқармасына.
      2. Алматы әскери тергеу басқармасы Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасына.
      3. Ақтау әскери тергеу басқармасы Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасына.
      4. Шығыс әскери тергеу басқармасы Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасына.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1565 қаулысына   
2-қосымша     

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қайта
ұйымдастырылатын аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі

      1. Қарағанды әскери тергеу басқармасын, Қостанай әскери тергеу басқармасын қосу жолымен Орталық өңірлік әскери тергеу басқармасы.
      2. Гвардия әскери тергеу басқармасын, Сарыөзек әскери тергеу басқармасын, Талдықорған әскери тергеу басқармасын, Тараз әскери тергеу басқармасын, Шымкент әскери тергеу басқармасын қосу жолымен Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы.
      3. Ақтөбе әскери тергеу басқармасын қосу жолымен Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасы.
      4. Өскемен әскери тергеу басқармасын, Аягөз әскери тергеу басқармасын қосу жолымен Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады