Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің кұрылымын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 12 шілдедегі № 354 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 676 (ҚБП) Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 27.04.2018 № 676 (ҚБП) Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымы бекітілсін:

      1) соғыс уақытында Қарулы Күштердің барлық қызметіне жалпы басшылық жасауды және оларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы басқаруды жүзеге асыратын Қарулы Күштерге басшылық жасаудың жоғары әскери-саяси органы - Жоғарғы Бас қолбасшылық (Жоғарғы Бас қолбасшылық Ставкасы);

      2) әскери басқару органдары:

      стратегиялық - Қорғаныс министрлігі және Бас штаб;

      жедел-стратегиялық - Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, Қарулы Күштер тылы бастығының басқармалары, Қарулы Күштердің бас басқармалары;

      жедел-аумақтық - өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының басқармалары;

      жедел-тактикалық - Қарулы Күштер түрлерінің әскер тектері қолбасшыларының басқармалары;

      тактикалық - құрамалар мен әскери бөлімдердің басқармалары;

      жергілікті - қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, басқармалар мен бөлімдер;

      3) Қарулы Күштер түрлері:

      Құрлық әскерлері мынадай құрамда: әскери басқару органдары, өңірлік қолбасшылықтар, әскер тектері, арнайы әскерлер, тылдық және техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бөлімдері, оку-жаттығу және резервтік құрамалар, бөлімдер мен мекемелер;

      Әуе қорғанысы күштері мынадай құрамда: әскери басқару органдары, әскер тектері, арнайы әскерлер, тылдық және техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бөлімдері, оқу-жаттығу және резервтік құрамалар, бөлімдер мен мекемелер;

      Әскери-теңіз күштері мынадай құрамда: әскери басқару органдары, құрамалар мен бөлімдер, оқу және резервтік бөлімдер мен мекемелер;

      4) арнайы әскерлер (инженерлік, химиялық және техникалық қамтамасыз ету, барлау, байланыс, радиоэлектрондық күрес) мынадай құрамда: әскери басқару органдары, құрамалар, бөлімдер мен мекемелер;

      5) Қарулы Күштердің Тылы мынадай құрамда: әскери басқару органдары, құрамалар, бөлімдер мен мекемелер;

      6) әскери оқу орындары мен әскери-ғылыми мекемелер.

      2. Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекарасы шегінде өңірлік қолбасшылықтардың жауапкершілік аймақтары айқындалсын:

      1) "Астана" - Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары;

      2) "Шығыс" - Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары;

      3) "Батыс" - Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары;

      4) "Оңтүстік" - Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары.

      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 7 мамырдағы № 1085 Жарлығы;

      2) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын жетілдірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1472 Жарлығы;

      3) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 7 мамырдағы № 1085 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 4 наурыздағы № 762 Жарлығы.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру женіндегі шараларды қабылдасын.

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады