"Рұқсаттамалар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2), 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.07.2019 № 497 қаулысымен.2. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1598 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 67-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 12 қаулысына қосымша |
Техникалық реттеу және метрология саласындағы екінші санаттағы рұқсаттар
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.09.2024 № 776 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с№ | Рұқсат беру рәсімінің атауы | Рұқсаттың және жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет (әрекет) түрінің атауы |
1 | 2 | 3 |
3-сынып – "біржолғы рұқсаттар" | ||
1. | Метрологиялық бақылау саласындағы өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау | Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау туралы куәлік |
2. | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу | Тіркеу нөмірлерімен өлшемдерді орындау әдістемесінің мұқаба парақтарындағы мөртабан таңбасы |
3. | Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімінде өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесін тіркеу | Тіркеу нөмірі |
5-сынып – "жеке тұлғаларға кәсіптік қызмет үшін берілетін рұқсаттар" | ||
4. | Техникалық реттеу саласындағы (сәйкестікті растау жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестатын беру | Техникалық реттеу саласындағы (сәйкестікті растау жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестаты |
4-1. | Сауда қызметін реттеу саласындағы (тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестатын беру | Сауда қызметін реттеу саласындағы (тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестаты |
6-сынып – "өнімге берілетін рұқсаттар" | ||
5. | Өлшем құралдарының үлгісін бекіту туралы сертификат беру | Өлшем құралдарының үлгісін бекіту туралы сертификат |
6. | Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру | Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат |
7. | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.09.2024 № 776 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. | |
8. | Өлшем құралдарының үлгісін бекітуді тану туралы сертификат беру | Өлшем құралдарының үлгісін бекітуді тану туралы сертификат |
9. | Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету | Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға куәлік беру |
10. | Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту | Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту туралы сертификат |