Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында:
1-тармақта:
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов;»;
3) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі Абай Мұқашұлы Ескендіров;»;
4) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушы – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаев,»;
5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Өрентайұлы Исекешев,»;
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2016 № 488 қаулысымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.08.2016 № 488 қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов