Фазыл Кәрімұлы Кәрібжановтың туғанына 100 жыл толуына дайындық және оны өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1697 Қаулысы

      «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған аса көрнекті мемлекет қайраткері Фазыл Кәрімұлы Кәрібжановтың туғанына 100 жыл толуына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
      2. «2012 – 2014 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 3-ө өкіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген 2012 – 2014 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-2-жолмен толықтырылсын:

      «

13-2.

Фазыл Кәрімұлы Кәрібжановтың 100 жылдығы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МАМ, Алматы қаласының, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері

2013 жыл

                                                             ».

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1697 қаулысымен    
бекітілген       

Аса көрнекті мемлекет қайраткері Фазыл Кәрімұлы Кәрібжановтың туғанына 100 жыл толуына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с №

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көздері

Болжамды шығыстар (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

1.

Астана қаласында Ф.К. Кәрібжановтың 100 жылдығына арналған еске алу кешін ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

2013 жылғы I тоқсан

008 «Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу» республикалық бюджеттік бағдарламасы

8 700,0

2.

Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Ф.К. Кәрібжановтың 100 жылдығына арналған
баспа басылымдарының тақырыптық көрмесін өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

2013 жылғы I тоқсан

Талап етілмейді

-

3.

Ф.К. Кәрібжанов туралы деректі фильм түсіру

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

2013 жыл бойы

021 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» республикалық бюджеттік бағдарламасы

Көзделген қаражат шегінде

4.

Ф.К. Кәрібжановтың 100 жылдығына арналған кітап шығару

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

2013 жылғы I тоқсан

018 «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» республикалық бюджеттік бағдарламасы

Көзделген қаражат шегінде

5.

Ф.К. Кәрібжановтың 100 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өткізу

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

2013 жылғы I тоқсан

Жергілікті бюджет

Көзделген қаражат шегінде

6.

«Қазақстан-Петропавл» телеарнасының «Диалог», «Тікелей эфирде» бағдарламаларында сұхбат ұйымдастыру

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

2013 жылғы I тоқсан

Талап етілмейді

-

7.

Ф.К. Кәрібжановтың 100 жылдығына арналған еске алу кешін ұйымдастыру және өткізу

Қарағанды облысының әкімі

2013 жылғы II тоқсан

Жергілікті бюджет

5 000,0

8.

Қарағанды қаласы көшелерінің біріне
Ф.К. Кәрібжановтың есімін беру

Қарағанды облысының әкімі

2013 жылғы III тоқсан

Жергілікті бюджет

425,0

9.

Ф.К. Кәрібжановтың 100 жылдығына арналған салтанатты жиналыс және өнер шеберлерінің концертін өткізу

Алматы қаласының әкімі

2013 жылғы I тоқсан

Жергілікті бюджет

3 000,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады