Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Оңтүстік Африка Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Оңтүстік Африка Республикасында
Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы
Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасымен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Претория қаласында (Оңтүстік Африка Республикасы) Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев