Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1995 жылғы 10 ақпанда Алматы қаласында жасалған Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнын әзірлеудегі және дамытудағы ынтымақтастығы туралы келісімнің күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы қаулының 1-тармағында көрсетілген халықаралық шарттың күшін жою ниеті туралы Ресей Федерациясының Үкіметін хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов