Дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәнін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1765 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 611 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.08.2015 № 611 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәні бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                        С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1765 қаулысымен    
бекітілген        

Дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәні

      Дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәні электр желілеріне қосылу нүктесіндегі кернеу класы бойынша анықталады:

Электр желісінің кернеу класы

cos ф*

кернеуі 110 – 220 кВ

> 0,89

кернеуі 6 – 35 кВ

> 0,92

кернеуі 0,4 кВ

> 0,93

      * - cos ф (қуат коэффициенті) – активті қуаттың толық қуат қатынасына тең, электр тогының энергетикалық сипаттамасы болып табылатын өлшемсiз физикалық шама.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады