"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1802 қаулысы бойынша баспасөз релизі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 2012 жылғы 29 желтоқсанда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойды (бұдан әрі - қаулы).
Қаулымен жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереже бекітілді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереже Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесіне сәйкестендірілді.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі