"Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 38 Қаулысы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 159-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларында:
      «Ведомстволық наградалармен марапаттау негiздемелерi» деген 3-бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
      «Статистика үздігі» төсбелгісі»
      70. «Статистика үздігі» төсбелгісімен жұмыста жоғарғы нәтижелерге қол жеткізгені, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, статистика саласында заң жобаларын және заңға тәуелді актілерді әзірлеуге қатысқаны, жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені, статистикалық қызметті жетілдіру бойынша теориялық білімдерді тәжірибеге енгізгені және осы саладағы басқа да жетістіктері үшін статистика саласының қызметкерлері марапатталады.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесінде және сипаттамасында:
      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының тізбесі» деген 1-бөлімде «Төсбелгілер:» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
      «15. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі:
      «Статистика үздігі»;
      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларының сипаттамалары» (бұдан әрі – Сипаттамалар) деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төсбелгісі
      «Статистика үздігі»
      (46-қосымша)
      «СТАТИСТИКА ҮЗДІГІ» төсбелгісі латунь қорытпасынан жасалған және бір-бірінің үстіне салынған түрлі-түсті 2 (екі) бөліктен тұрады.
      Жоғарғы таған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы түстес қатқыл лентамен көмкерілген тікбұрыш нысанында болады.
      Төменгі жазықтық диаметрі 32 мм дұрыс шеңбер нысанында болады. Орталық жазықтығы көгілдір эмальмен жабылған диаметрі 30 мм дұрыс шеңбер нысанында болады. Жазықтық шеңберге тұйықталған жеті бірдей фрагменттен орындалған. Фрагменттер ақ эмальдың үстінде латуньнан жасалған оюдан (сары түсті) тұрады.
      Ортасында диаметрі 24 мм дұрыс шеңбер нысанындағы үшінші жазықтық орналасқан. Шеңбердің ортасында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі эмблемасының фрагментін, жазу мен лавр дестесін қамтитын композиция орналасқан. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің эмблемасы фрагментінің бейнесі диаграмма түрінде айшықталған сәулелі күн бейнесінде. Эмблеманың жоғарғы жағы «СТАТИСТИКА ҮЗДІГІ» деген жазумен, төменгі жағы лавр бұтағымен жиектелген.
      Жоғарғы және төменгі бөліктері өзара құрамдас бөліктердің бірлігін білдіретін шығыршықпен жалғанған.
      Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.»;
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес Сипаттамаларға 46-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2013 жылғы 25 қаңтардағы
№ 38 қаулысына  
қосымша     

Сипаттамаларға 46-қосымша

«Статистика үздігі» төсбелгісі»

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады