"Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 38 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір
мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №
1539 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 қаңтардағы № 38 қаулысымен (бұдан әрі - Қаулы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидаларына толықтырулар енгізілді.
      Статистика саласы қызметкерлерін көтермелеу және ынталандыру мақсатында «Статистика үздігі» төсбелгісі» ведомстволық наградасы Қаулымен бекітілді.
      Қаулының қабылдануы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды.

      Қазақстан Республикасының
      Статистика агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз