«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 135-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құруға келісім берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов