"Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 584 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 ақпандағы № 153 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 750 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2015 № 750 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 584 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 48, 653-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларында:
      2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) сертификат – табиғат пайдаланушыға парниктік газдар шығарындыларын азайту және көміртегі бірліктерінің саудасына қатысу жөніндегі өз міндеттемелерін орындау мақсатында берілетін парниктік газдар шығарындыларының рұқсат етілген көлемін белгілейтін құжат.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Квоталар бөлудің ұлттық жоспарына енгізілген қолданыстағы қондырғылар бойынша сертификаттар алуға арналған құжаттар оның қолданыстағы алғашқы жылының 1 мамырына дейін беріледі.»;
      14-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін пайдалануға енгізілген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1588 қаулысымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына 2013 жылға арналған квоталар бөлудің ұлттық жоспарына енгізілмеген жаңа қондырғылар бойынша өтініш 2013 жылғы 1 маусымға дейін беріледі.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күнінен бастап бір ай мерзім ішінде сертификат береді.»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган квоталар бөлудің ұлттық жоспарына енгізілген қолданыстағы қондырғылар бойынша табиғат пайдаланушыға жыл сайынғы квоталар беруді табиғат пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі шотындағы квота бірліктерінің тиісті санын есепке алу арқылы әрбір есепті жылдың 15 маусымына дейін қамтамасыз етеді.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады