"Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 4 ақпандағы № 1287 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 164 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгi туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 4 ақпандағы № 1287 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                        С. Ахметов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгi туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 4 ақпандағы № 1287 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгi туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 4 ақпандағы № 1287 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 5, 67-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгi туралы ережеде:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Өкiлдiк негiзгі мiндеттердi iске асыру және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн:
      1) қазақстандық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың (бұдан әрi – мемлекеттік ұйымдар) өкiлдiктерi (өкілдері) мен филиалдарының және олардың қызметкерлерінің орналасқан мемлекетiндегі қызметiн үйлестiруге;
      2) орналасқан мемлекетіндегі мемлекеттік ұйымдардан толық ақпарат берудi және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiн қозғайтын қызметті келiсудi талап етуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiсі орналасқан мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының бас консулдықтарының, консулдықтарының, вице-консулдықтарының, консулдық агенттіктерiнiң, құрметтi консулдықтарының және өзi аккредиттелген мемлекеттерде ашылған Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссияларының қызметiне басшылықты, сондай-ақ орналасқан мемлекетiндегі мемлекеттік ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi және олардың жұмысын бақылауды жүзеге асырады.
      Мемлекеттік ұйымдардың басшылары:
      1) өзiнiң қызметiн өкілдіктің немесе консулдық мекеменің басшысымен келiсуге, өкілдіктің басшысына оның өкiлеттiктерiн жүзеге асыруда жәрдем көрсетуге, өзiнiң қызметі туралы оған ақпарат беруге мiндеттi;
      2) өкілдіктің немесе консулдық мекеменің басшысымен жұмыс жоспарларын келіседі, сондай-ақ өкілдіктің немесе консулдық мекеменің басшысымен келісілген мерзімдерде олардың орындалуы туралы есептер береді.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады