"Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару және ұлттық экономиканы дамыту жүйесін оңтайландыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 194 қаулысы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару және ұлттық экономиканы дамыту жүйесін оңтайландыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                        С. Ахметов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару және ұлттық экономиканы дамыту жүйесін оңтайландыру жөніндегі кейбір шаралар туралы

      Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару және ұлттық экономиканы дамыту жүйесін оңтайландыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) «Ұлттық даму агенттігі» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамын құрсын;
      2) «Ұлттық даму агенттігі» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамын негізгі қызметі ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығында тиесілі және сенімгерлікпен басқаруға берілген акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг деп айқындасын;
      3) мыналарды:
      акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлесі) «Ұлттық даму агенттігі» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің тізбесін;
      акцияларының пакеттерін (қатысу үлесін) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы кейіннен «Ұлттық даму агенттігі» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге беру үшін республикалық меншікке беретін акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің тізбесін бекітуді қамтамасыз етсін;
      4) ұлттық басқарушы холдингтердің құқықтық жағдайын, қызмет тәртібін, мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттіктерін, ұлттық басқарушы холдингтер мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ акциялары (қатысу үлестері) ұлттық басқарушы холдингтерге тиесілі заңды тұлғалардың құқықтық жағдайының жекелеген ерекшеліктерін айқындайтын Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеуді және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;
      5) осы Жарлықты іске асыру үшін қажетті өзге де шараларды қабылдасын.
      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                  Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады