«Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару және ұлттық
экономиканы дамыту жүйесін оңтайландыру жөніндегі кейбір
шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының
жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28
ақпандағы № 194 қаулысына баспасөз-хабарламасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 194 қаулысы(бұдан әрі - қаулы) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығы 6-тармағына сәйкес әзірленді, осыған сәйкес Үкімет, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің тиісті бланктердегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жобалары Президент Әкімшілігіне Үкімет қаулысымен енгізіледі.
Қаулының мақсаты «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Жарлық жобасын Президенттің қарауына енгізу болып табылады.
Аталған Жарлықтың жобасы экономиканы дамытуға және әртараптандыруға жәрдемдесу, инвестициялар тарту, кластерлерді дамыту мақсатында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамын құруды көздейді.
Қаулы республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды болжамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді.