Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 215-құжат; 2012 ж., № 43, 569-құжат; № 68, 976-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Үкімет енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына әзірлеуші мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Әділет министрлігі), бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшылары, Премьер-Министр, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы міндетті түрде бұрыштама соғады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына әзірлеуші мемлекеттік органның, Әділет министрлігінің, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшылары және қажет болған кезде Премьер-Министр, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы міндетті түрде бұрыштама соғады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қазақстан Республикасы Президентінің Премьер-Министрдің Кеңсесінде пысықталып енгізілетін актісінің жобасына бұрын Үкіметке енгізілген әзірлеуші мемлекеттік органның, Әділет министрлігінің, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшыларының бұрыштамалары бар Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын қоса беруге жол беріледі.»;
14-тармақ алып тасталсын;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмаларының жобасы түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, ал халықаралық іс-шараның қорытындылары бойынша екі жұмыс күні ішінде оны қарауды және келісуді қамтамасыз етеді. Бұл ретте іске асырылуы қаржыландыруды талап ететін тапсырмалардың жобалары міндетті түрде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.»;
30-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін өңірлік сапарлардың, қоғамдық маңызы бар іс-шаралар мен кеңестердің, сондай-ақ халықаралық іс-шаралардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмаларының әзірленген жобаларын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, Премьер-Министрмен келісуді қамтамасыз етеді және оны жеті жұмыс күні ішінде Президент Әкімшілігіне енгізеді.»;
2) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау және қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 46, 416-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау және қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Орталық мемлекеттік органдар жыл сайын 10 қарашадан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі – СІМ):
1) осы Қағидаларға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мәліметтерді қамтитын күшіне енген халықаралық шарттардың ағымдағы жыл ішінде орындалу барысы туралы;
2) осы Қағидаларға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мәліметтерді қамтитын қол қойылған және күшіне енбеген халықаралық шарттар бойынша мемлекетішілік рәсімдердің орындалу барысы туралы, оның ішінде олардың орындалмау себептері туралы ақпарат береді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. СІМ орталық мемлекеттік органдар ұсынған ақпаратты жинақтап қорытады, талдайды және талдау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша сыртқы саяси бағаны қамтитын жиынтық ақпаратты жылына бір рет 10 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне (бұдан әрі - Премьер-Министр Кеңсесі) жібереді. Халықаралық ұйымдардың ұсынымдары болған жағдайда, олардың көшірмелері көрсетілген ақпаратқа қоса беріледі.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы тұжырымдалған ұсыныстарды орталық мемлекеттік органдар он бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен (бұдан әрі – Әділет министрлігі), ал қаржы қаражатын бөлу қажет болған жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келіседі және халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру туралы келісілген ұсыныстарды СІМ-ге енгізеді.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. СІМ жоғары деңгейдегі іс-шараларға:
1) іс-шараның тұжырымдамасын;
2) бағдарламаның жобасын;
3) делегация құрамының жобасын;
4) шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерге арналған тезистерді;
5) ел туралы анықтаманы;
6) елдің ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы анықтаманы;
7) елдің сыртқы саясаты туралы анықтаманы;
8) ел басшылығының өмірбаянын;
9) ел басшылығының саяси портреттерін;
10) екіжақты қарым-қатынастар туралы анықтаманы;
11) екіжақты бірлескен комиссияның жұмысы туралы анықтаманы;
12) келіссөздер процесінде шетелдік тарап көтеруі мүмкін мәселелер бойынша оларға қатысты Қазақстан ұстанымы баяндалған ақпаратты;
13) қол қоюға жоспарланған құжаттар тізбесін (ағымдағы кездегі құжаттардың жай-күйі туралы ақпаратты, құжаттардың аңдатпасын);
14) шарттық-құқықтық база туралы анықтаманы (жасалған халықаралық шарттар тізбесін);
15) бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын талдауды;
16) Қазақстан Республикасы Президентінің шетелдерге сапары кезінде – баратын ел басшылығының атына алғысхаттардың жобаларын;
17) мүмкіндігінше баратын ел туралы бейнефильмді;
18) ұлттық мақал-мәтелдер тізімі және осы елдегі белгілі адамдардың ұлағатты сөздері қоса берілген, жоспарланатын сөздер мен тосттардың жобаларын;
19) электрондық жеткізгіште – алғаш рет кездесетін басшылардың суреттері және мүмкіндігінше Мемлекет басшысының кездесу өткізетін және баратын жерлерінің түрлі-түсті суреттерін қамтитын ақпараттық-талдау материалдары пакетін дайындауды қамтамасыз етеді.
СІМ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі іс-шараларға осы Қағидалардың 21-тармағының 1), 2), 3), 4), 8), 9), 10), 12), 13), 18) және 19) тармақшаларында көрсетілген ақпараттық-талдау материалдарының пакетін дайындауды қамтамасыз етеді.»;
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24. СІМ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, Сыртқы істер министрі бекіткен іс-шара тұжырымдамасын Президент Әкімшілігіне іс-шараны өткізуден кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын енгізеді. Бұл ретте тұжырымдаманы дайындау сәтіне қарай жобалары Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен, Әділет министрлігімен, СІМ-мен және контрагенттермен келісілген, қол қоюға (жасасуға) жоспарланған халықаралық шарттар тұжырымдамаға енгізіледі.
25. Іс-шара тұжырымдамасы, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұсыныстары негізінде СІМ Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының жобасын әзірлейді.»;
мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:
«25-1. Ақпараттық-талдау материалдарының пакетін түбегейлі пысықтау мақсатында СІМ жоғары деңгейдегі іс-шараны өткізуге дейін он жұмыс күні бұрын мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың (құрылымдық бөлімшелердің басшылары деңгейінен төмен емес), Премьер-Министр Кеңсесі мен Президент Әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізеді. Кеңес халықаралық іс-шараны дайындауға жауапты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі орынбасарының басшылығымен өткізіледі.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. СІМ осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген ақпараттық-талдау материалдарының пакетін жоғары деңгейдегі іс-шараны өткізуден кемінде он бес жұмыс күні бұрын Президент Әкімшілігіне енгізеді.
СІМ өзекті сипат берілген деректерді ескере отырып, пысықталған ақпараттық-талдау материалдарының пакетін жоғары деңгейдегі іс-шараны өткізуден кемінде жеті жұмыс күні бұрын Президент Әкімшілігіне енгізуі мүмкін.
Осы Қағидалардың 21-тармағының 13) тармақшасында көзделген құжаттар тізбесіне осы Қағидалардың 21-тармағының 1) тармақшасында көзделген іс-шара тұжырымдамасына енгізілмеген халықаралық шарттардың жобаларын енгізуге жол берілмейді.
Президент Әкімшілігі ақпараттық-талдау материалдарының пакетіне сараптама және қажет болған жағдайда, пысықтау жүргізіп, оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді.»;
31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалар береді.
Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар іс-шара аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде СІМ-ге тапсырмалар жобасына нақты ұсыныстар береді.
32. СІМ Президент тапсырмаларын дайындауды тіркелген уағдаластықтар негізінде Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен жүзеге асырады.
Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар Президент тапсырмаларының жобасы түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны қарауды және келісуді қамтамасыз етеді. Көрсетілген мерзімде жазбаша жауап ұсынылмаған жағдайда Президент тапсырмаларының жобасы ескертулерсіз келісілген болып есептеледі.
СІМ Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының жобасын Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен іс-шараны өткізуден кемінде жеті жұмыс күнінен кейін Президент Әкімшілігіне ұсынады.»;
34 және 35-тармақтар алып тасталсын;
осы Жарлықтың 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларына сәйкес 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларымен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 28 ақпандағы
№ 196 Жарлығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының орындалуы
туралы ақпаратты дайындау және оны
Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына енгізу, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы қатысушысы болып
табылатын халықаралық ұйымдар
шешімдерінің жобаларын келісу және
оларды іске асыру, Қазақстан
Республикасы Президентінің қатысуымен
өтетін Қазақстан Республикасының
халықаралық іс-шараларын дайындау
және қол жеткізілген уағдаластықтарды
орындау қағидаларына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының күшіне енген екіжақты халықаралық шарттары бойынша мәліметтер
Р/с № |
Мәліметтердің деректемелері |
Мемлекеттік органдардың ақпараты |
1. |
Халықаралық шарттың толық, ресми атауы |
|
2. |
Халықаралық шартты жасасу күні |
|
3. |
Халықаралық шартқа қол қою туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі) |
|
4. |
Халықаралық шарттың күшіне ену күні |
|
5. |
Халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі) |
|
6. |
Қолданылу мерзімі (қолданылу мерзімінің аяқталу күні) |
|
7. |
Халықаралық шарттың іске асырылуына жауапты, оның реттеу нысанасы құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік орган (бірнеше орталық мемлекеттік орган болған кезде жинақтаушыны белгілеп, барлығын көрсету) |
|
8. |
Халықаралық шарттың реттеу нысанасы |
|
9. |
Есепті кезең бойынша халықаралық шартты іске асыру барысын талдау (статистика, халықаралық шартты орындау шеңберіндегі іс-шараларды жүзеге асыру, контрагенттің өз міндеттемелерін орындауы) |
|
10. |
Халықаралық шартты іске асыруға байланысты проблемалық мәселелердің болуы және оларды шешу бойынша ұсыныстар |
|
11. |
Халықаралық шартты іске асыру тиімділігін сыртқы саяси бағалау (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады) |
|
12. |
Халықаралық шарттың ережелерін одан әрі іске асыру бойынша ұсыныстар (мына іс-қимылдардың біреуін көрсету: 1) орындауды жалғастыру; 2) іс-қимылды тоқтата тұру; 3) іс-қимылды тоқтату; 4) іс-қимылды ұзарту; 5) өзге (көрсету)) |
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 28 ақпандағы
№ 196 Жарлығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының орындалуы
туралы ақпаратты дайындау және оны
Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына енгізу, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы қатысушысы болып
табылатын халықаралық ұйымдар
шешімдерінің жобаларын келісу және
оларды іске асыру, Қазақстан
Республикасы Президентінің қатысуымен
өтетін Қазақстан Республикасының
халықаралық іс-шараларын дайындау және
қол жеткізілген уағдаластықтарды
орындау қағидаларына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының күшіне енген көпжақты халықаралық шарттары бойынша мәліметтер
Р/с № |
Мәліметтердің деректемелері |
Мемлекеттік органдардың ақпараты |
1. |
Халықаралық шарттың толық, ресми атауы |
|
2. |
Халықаралық шартты жасасу күні |
|
3. |
Халықаралық шартқа қол қою туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі) |
|
4. |
Халықаралық шарттың күшіне ену күні |
|
5. |
Қазақстан тарапының халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі) |
|
6. |
Қолданылу мерзімі (қолданылу мерзімінің аяқталу күні) |
|
7. |
Халықаралық шарттың іске асырылуына жауапты, оның реттеу нысанасы құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік орган (бірнеше орталық мемлекеттік орган болған кезде жинақтаушыны белгілеп, барлығын көрсету) |
|
8. |
Халықаралық шарттың реттеу нысанасы |
|
9. |
Халықаралық шартқа қатысушы мемлекеттер |
|
10. |
Есепті кезең бойынша халықаралық шартты іске асыру барысын талдау (статистика, халықаралық шартты орындау шеңберіндегі іс-шараларды жүзеге асыру, контрагенттің өз міндеттемелерін орындауы) |
|
11. |
Халықаралық шартты іске асыруға байланысты проблемалық мәселелердің болуы және оларды шешу бойынша ұсыныстар |
|
12. |
Халықаралық шартты іске асыру тиімділігін сыртқы саяси бағалау (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады) |
|
13. |
Халықаралық шарттың ережелерін одан әрі іске асыру бойынша ұсыныстар (мына іс-қимылдардың біреуін көрсету: 1) орындауды жалғастыру; 2) іс-қимылды тоқтата тұру; 3) іс-қимылды тоқтату; 4) іс-қимылды ұзарту; 5) өзге (көрсету)) |
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 28 ақпандағы
№ 196 Жарлығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының орындалуы
туралы ақпаратты дайындау және оны
Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына енгізу, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы қатысушысы болып
табылатын халықаралық ұйымдар
шешімдерінің жобаларын келісу және
оларды іске асыру, Қазақстан
Республикасы Президентінің қатысуымен
өтетін Қазақстан Республикасының
халықаралық іс-шараларын дайындау және
қол жеткізілген уағдаластықтарды
орындау қағидаларына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының күшіне енген қарыз туралы халықаралық шарттары бойынша мәліметтер
Р/с № |
Мәліметтердің деректемелері |
Мемлекеттік органдардың ақпараты |
1. |
Халықаралық шарттың толық, ресми атауы |
|
2. |
Халықаралық шартты жасасу күні |
|
3. |
Халықаралық шартқа қол қою туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі) |
|
4. |
Халықаралық шарттың күшіне ену күні |
|
5. |
Халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі) |
|
6. |
Қолданылу мерзімі (қолданылу мерзімінің аяқталу күні) |
|
7. |
Іске асыру мерзімдері (соның ішінде кезеңдері бойынша) |
|
8. |
Қарыз қаражатын алуды жабу күні |
|
9. |
Халықаралық шарттың іске асырылуына жауапты, оның реттеу нысанасы құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік орган (бірнеше орталық мемлекеттік органдар болған кезде жинақтаушыны белгілеп, барлығын көрсету) |
|
10. |
Донор |
|
11. |
Қарыз сомасы |
|
12. |
Бірлесіп қаржыландыру сомасы |
|
13. |
Ұсыну шарттары |
|
14. |
Қайта құрылымдау күнін көрсете отырып, қарызды қайта құрылымдау (бар болған кезде) |
|
15. |
Мәмілелер күнін көрсете отырып, хеджиринг бойынша мәмілелер (бар болған кезде) |
|
16. |
Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын инвестициялық жобаның атауы |
|
17. |
Жобаның мақсаттары, есепті кезеңде қойылған мақсаттарға қол жеткізу |
|
18. |
Есепті кезеңде жобаның іске асырылу барысы туралы ақпарат: |
|
19. |
Қарыз қаражатын игеру: |
|
20. |
Қарыз туралы шартты іске асыру тиімділігін талдау: |
|
21. |
Халықаралық шартты іске асыруға байланысты проблемалық мәселелердің болуы және оларды шешу бойынша ұсыныстар |
|
22. |
Халықаралық шартты іске асыру тиімділігін сыртқы саяси бағалау (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады) |
|
23. |
Халықаралық шарттың ережелерін одан әрі іске асыру бойынша ұсыныстар (мына іс-қимылдардың біреуін көрсету: 1) орындауды жалғастыру; 2) іс-қимылды тоқтата тұру; 3) іс-қимылды тоқтату; 4) іс-қимылды ұзарту; 5) өзге (көрсету)) |
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 28 ақпандағы
№ 196 Жарлығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының орындалуы
туралы ақпаратты дайындау және оны
Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына енгізу, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы қатысушысы болып
табылатын халықаралық ұйымдар
шешімдерінің жобаларын келісу және
оларды іске асыру, Қазақстан
Республикасы Президентінің қатысуымен
өтетін Қазақстан Республикасының
халықаралық іс-шараларын дайындау және
қол жеткізілген уағдаластықтарды
орындау қағидаларына
4-қосымша
Қазақстан Республикасының қол қойылған және күшіне енбеген екіжақты халықаралық шарттары бойынша мәліметтер
Р/с № |
Мәліметтердің деректемелері |
Мемлекеттік органдардың ақпараты |
1. |
Халықаралық шарттың толық, ресми атауы |
|
2. |
Халықаралық шартты жасасу күні |
|
3. |
Халықаралық шартқа қол қою туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі) |
|
4. |
Халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы контрагент хабарламасының болуы (атауы, күні мен нөмірі) |
|
5. |
Халықаралық шарттың іске асырылуына жауапты, оның реттеу нысанасы құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік орган (бірнеше орталық мемлекеттік орган болған кезде жинақтаушыны белгілеп, барлығын көрсету) |
|
6. |
Халықаралық шарттың реттеу нысанасы |
|
7. |
Халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауға байланысты проблемалық мәселелердің болуы |
|
8. |
Халықаралық шарттың күшіне енбеуінің себептері |
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 28 ақпандағы
№ 196 Жарлығына
5-қосымша
Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының орындалуы
туралы ақпаратты дайындау және оны
Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына енгізу, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы қатысушысы болып
табылатын халықаралық ұйымдар
шешімдерінің жобаларын келісу және
оларды іске асыру, Қазақстан
Республикасы Президентінің қатысуымен
өтетін Қазақстан Республикасының
халықаралық іс-шараларын дайындау және
қол жеткізілген уағдаластықтарды
орындау қағидаларына
5-қосымша
Қазақстан Республикасының қол қойылған және күшіне енбеген көпжақты халықаралық шарттары бойынша мәліметтер
Р/с № |
Мәліметтердің деректемелері |
Мемлекеттік органдардың ақпараты |
1. |
Халықаралық шарттың толық, ресми атауы |
|
2. |
Халықаралық шартты жасасу күні |
|
3. |
Халықаралық шартқа қол қою туралы нормативтік құқықтық актілер (атауы, күні мен нөмірі) |
|
4. |
Халықаралық шарттың күшіне ену талаптары |
|
5. |
Контрагенттердің халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауы туралы депозитарий хабарламасының болуы (атауы, күні мен нөмірі) |
|
6. |
Халықаралық шарттың іске асырылуына жауапты, оның реттеу нысанасы құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік орган (бірнеше орталық мемлекеттік орган болған кезде жинақтаушыны белгілеп, барлығын көрсету) |
|
7. |
Халықаралық шарттың реттеу нысанасы |
|
8. |
Халықаралық шартқа қатысушы мемлекеттер |
|
9. |
Халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауға байланысты проблемалық мәселелердің болуы |
|
10. |
Халықаралық шарттың күшіне енбеуінің себептері |
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 28 ақпандағы
№196 Жарлығына
6-қосымша
Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарының орындалуы
туралы ақпаратты дайындау және оны
Қазақстан Республикасы Президентінің
қарауына енгізу, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы қатысушысы болып
табылатын халықаралық ұйымдар
шешімдерінің жобаларын келісу және
оларды іске асыру, Қазақстан
Республикасы Президентінің қатысуымен
өтетін Қазақстан Республикасының
халықаралық іс-шараларын дайындау және
қол жеткізілген уағдаластықтарды
орындау қағидаларына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне ұсынылатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындауы туралы ақпараттың құрылымы
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары ұсынған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын іске асыру барысы туралы мәліметтердің негізінде дайындалған талдамалық анықтама:
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы жалпы ақпаратты, соның ішінде:
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жалпы саны;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы халықаралық шарттары туралы (жасасу күні, контрагент, ынтымақтастық бағыттары);
қол қойылған, бірақ күшіне енбеген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы ақпаратты;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын іске асыруға байланысты проблемалық мәселелер туралы ақпаратты және оларды шешу бойынша ұсыныстарды;
3) қорытындылар мен ұсыныстарды қамтиды.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының тізбесі (халықаралық шарттың мәртебесін көрсете отырып).