«Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың
электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін
қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартты бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28ақпандағы № 197
қаулысының баспасөз-релизі
«Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 197 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 4-бабының 5-3) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 4 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 25-V Заңын іске асыру іс-шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегi № 169-ө Өкiмiн іске асыру мақсатында әзірленген. Қаулы алғашқы ресми жарияланғанан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үлгілік шартпен жүйелік оператормен жеткізушінің арасында жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі айқындалады.
Қаулы республикалық бюджеттен қаржы шығындарын болжамайды жәнетеріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді.
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі