Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 238 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 жылға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары (келісім бойынша):
      1) Іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне 2013 жылғы 20 мамырдан және 10 қарашадан кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2013 жылғы 10 маусымнан және 10 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі 2013 жылғы 10 шілдеден және 2014 жылғы 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     C. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 13 наурыздағы
№ 238 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі
кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру
жөніндегі 2013 жылға арналған іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2013 № 610; 10.10.2013 N 1075; 29.11.2013 N 1269; 04.02.2014 N 56 қаулыларымен.

Р/с

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Заң жобасы

БП (келісім бойынша)

1-тоқсан

2

«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына конституциялық мерзімдерді есептеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Конституциялық заң жобасы

Әділетмині

2-тоқсан

3

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Заң жобасы

ДСМ

2-тоқсан

4

Әкімшілік әділет жүйесін құру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині, ЖС (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

2-тоқсан

5

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы барлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Заң жобасы

«Сырбар» СБҚ (келісім бойынша)

2-тоқсан

6

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, шарт міндеттемелерін қорғауды кепілдендіру және олардың бұзылғаны үшін жауапкершілікті қатайту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Заң жобасы

Әділетмині

4-тоқсан

7

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Конституциялық заң жобасы

ЖС (келісім бойынша)

2-тоқсан

8

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін жүзеге асыруды одан әрі оңайлату, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Заң жобасы

ЖС (келісім бойынша)

2-тоқсан

9

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жобасын (жаңа редакция) әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Кодекстің жобасы

БП (келісім бойынша)

3-тоқсан

10

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Заң жобасы

БП (келісім бойынша)

3-тоқсан

11

Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнің (жаңа редакция) жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Кодекстің жобасы

БП (келісім бойынша)

3-тоқсан

12

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Заң жобасы

БП (келісім бойынша)

3-тоқсан

13

«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Конституциялық заң жобасы

БП (келісім бойынша)

3-тоқсан

14

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің (жаңа редакция) жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Кодекстің жобасы

Әділетмині

3-тоқсан

15

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Заң жобасы

Әділетмині

3-тоқсан

16

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнің (жаңа редакция) жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Кодекстің жобасы

ІІМ

3-тоқсан

17

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Заң жобасы

БҒМ

3-тоқсан

18

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Заң жобасы

ЭБЖМ

3-тоқсан

19

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасын мүдделі мемлекеттік органдармен және ғылыми-сарапшылық қоғамдастықпен талқылау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Еңбекмині

3-тоқсан

20

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасын мүдделі мемлекеттік органдармен және ғылыми-сарапшылық қоғамдастықпен талқылау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині

3-тоқсан

21

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Заң жобасы

Әділетмині

3-тоқсан

22

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.11.2013 N 1269 қаулысымен.

23

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.11.2013 N 1269 қаулысымен.

24

Қылмыстық істер, қылмыскерлерді экстрадициялау, сотталған адамдарды беру бойынша өзара құқықтық көмек көрсету саласындағы екіжақты халықаралық шарттарды әзірлеу немесе жасасу

Халықаралық шарттарға қол қою немесе оларды ратификациялау

БП (келісім бойынша)

жыл бойы

25

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.02.2014 N 56 қаулысымен.

26

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Заң жобасы

Қаржымині

4-тоқсан

27

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу

Заң жобасы

Қаржымині

4-тоқсан

28

Соттарды ақпараттық дүңгіршектермен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ЖС (келісім бойынша)

4-тоқсан

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
      БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
      «Сырбар» СБҚ - Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметi
      ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады