Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қор) заңнамада белгіленген тәртіппен «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жүз пайыз қатысу үлесін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне сенімгерлік басқаруға берсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қормен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов