Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 262 қаулысы

      «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды аса қауiптi инфекциялық және инвазиялық аурулардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2013 жылғы 19 наурыздағы
№ 262 қаулысымен   
бекiтiлген      

Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен эпизоотияға
қарсы iс-шараларды жүргiзуге берiлетiн ағымдағы нысаналы
трансферттердi пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 009 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi (бұдан әрi – ағымдағы нысаналы трансферттер) пайдалану тәртiбiн айқындайды.
      2. Ағымдағы нысаналы трансферттер 216 «Ветеринариялық іс-шаралар және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бюджеттiк бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) орталықтандырылған түрде сатып алған ветеринариялық препараттарды тасымалдауға, уақытша сақтауға және қолдануға байланысты шығыстарды жабуға бағытталған.
      3. Ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Ағымдағы нысаналы трансферттер Министрлiк бекiтетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының алдын алу және диагностикасы жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралардың 2013 жылға арналған жоспарында (бұдан әрi – Ветеринариялық iс-шаралар жоспары) көзделген iс-шараларға бөлiнедi.

2. Эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге берiлетiн ағымдағы
нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбi

      5. Министрлiк республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi ретiнде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арасында қол қойылған нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiм шеңберiнде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне нысаналы ағымдағы трансферттердi аударады.
      6. Облыстардың ауыл шаруашылығы басқармалары аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi мен облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы арасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiм, белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиiстi бюджеттiк бағдарламаның жеке қаржыландыру жоспары негiзiнде республикалық бюджеттен алынған нысаналы ағымдағы трансферттердi аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне аударады.
      7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары ветеринариялық препараттарды тасымалдау бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды ұйымдастырушы болып табылады.
      Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлiмдерi, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардан ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау және ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
      8. Ветеринариялық препараттарды тасымалдау Астана, Ақтөбе және Алматы қалаларында орналасқан франко-қоймалардан жүзеге асырылады.
      9. Облыстардың ауыл шаруашылығы басқармалары ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес нысаналы ағымдағы трансферттердің сомаларын пайдалану бағыттарына сәйкес аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) арасында ветеринариялық препараттарды бөлуді жүзеге асырады.
      10. Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлiмдерi ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес нысаналы ағымдағы трансферттердің сомаларын пайдалану бағыттарына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің мемлекеттік ветеринариялық ұйымдары арасында ветеринариялық препараттарды бөлуді жүзеге асырады.
      11. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармаларында (бұдан әрі – басқармалар), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлiмдерiнде көрсетілген қызметтерді қабылдау жөніндегі комиссиялар (бұдан әрі – комиссиялар) құрылады.
      Комиссияның жұмыс органдары басқарманың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлімдері (бұдан әрі – бөлім) болып табылады.
      12. Ветеринариялық препараттарды тасымалдау бойынша қызметтерді жеткізуші және мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жұмыстардың орындалуына қарай ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың үш жұмыс күні ішінде, бірақ 20 желтоқсаннан кешіктірмей, ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлген қызметтер актiлерiн бөлімге ұсынады.
      13. Бөлiм ай сайын құжаттардың түсуiне қарай бес жұмыс күнi iшiнде осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетiлген ұсынылған құжаттарды тексередi және олар дұрыс толтырылған жағдайда жиналған құжаттарды басқармаға, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлiмдерiне қарауға және ақы төлеуге ұсынады.
      14. Ұсынылған құжаттар дұрыс толтырылмаған жағдайда бөлiм үш жұмыс күнi iшiнде олардың сәйкес келмеу себептерiн негіздей отырып, ветеринариялық препараттарды тасымалдау бойынша қызметтерді жеткізушілерге және мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға пысықтауға қайтарады.
      Ветеринариялық препараттарды тасымалдау бойынша қызметтерді жеткізуші және мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар үш жұмыс күнi iшiнде ескертулерді ескере отырып, пысықталған құжаттарды бөлімге ұсынады.
      15. Қаржы қаражатын тиiстi мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың банктiк шоттарына аударуды Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ветеринария бөлiмi төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлiмшесiне екi данада төлем шоттарының тiзiлiмiн және төлем шоттарын ұсыну жолымен жүзеге асырады.
      16. Басқармалар Министрлiкке ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде, ал жылдың қорытындылары бойынша 2013 жылғы 25 желтоқсаннан кешiктiрмей, ағымдағы нысаналы трансферттер қаражатының пайдаланылуы туралы, ал қаражат толық игерiлмеген жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес себептерiн көрсете отырып есептердi ұсынады.
      17. Қандай да бiр облыс, Астана және Алматы қалалары бөлiнген қаражатты толық игермеген жағдайда Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне 2013 жылға арналған республикалық бюджетте бюджеттiк бағдарламаны iске асыруға көзделген қаражат шегiнде облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныс енгiзедi.
      18. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Министрлiкке жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 30 шiлдеден кешiктiрмей аралық есептi, ал жылдың қорытындылары бойынша келесi қаржы жылының 15 ақпанынан кешiктiрмей ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдерге сәйкес бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану есебiнен қол жеткiзiлген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге iс жүзiнде қол жеткiзу туралы қорытынды есептi ұсынады.
      19. Министрлiк Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес, нәтижелер туралы жасалған келiсiм негiзiнде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ағымдағы нысаналы трансферттердiң аударылмағаны үшiн жауапты болады.
      20. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi мен жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бiрiншi басшылары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттердiң ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша жасалған келiсiмге сәйкес пайдаланылмағаны, тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзiлмегенi, алынған ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану есебiнен қол жеткiзiлген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелер туралы есептiң ұсынылмағаны үшiн жауапты болады.

Облыстық бюджеттердiң, Астана және  
Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы
республикалық бюджеттен эпизоотияға  
қарсы iс-шараларды жүргiзуге берiлетiн
ағымдағы нысаналы трансферттердi   
пайдалану қағидаларына        
1-қосымша               

«__________________» бюджеттік бағдарламасы
бойынша көрсетiлген қызметтер
актiсi

______________________________        20__ ж. «___» _________________
  (облыс, аудан, елдi мекен)
Бұдан әрi «Тапсырыс берушi» деп аталатын ____________________________
                                                (мекеме атауы)
атынан негiзiнде әрекет ететiн ______________________________________
                                    (Т.А.Ә., атқаратын лауазымы)
бір тараптан және бұдан әрi «Жеткізуші» деп аталатын ________________
                                                       (жеткізушiнiң
                                                        толық атауы)
___________________________________ атынан жарғы (сенiмхат) негiзiнде
әрекет ететiн __________________ екінші тараптан төмендегi туралы осы
              (Т.А.Ә., атқаратын
                   лауазымы)
актiнi жасады:
      жеткізушi өзі және тапсырыс берушi арасында жасалған 20__ ж.
«___» _____________ № __________ шартқа сәйкес (20__ ж. __________
кезеңі үшін*) мынадай сипаттамалар бойынша қызмет көрсеттi:

Қызметтердiң толық атауы

Қызметтердiң қысқаша сипаттамасы

Өлшем бiрлiгi

Көрсетiлген қызметтердiң көлемi

Бiрлiк бағасы, теңге

Сомасы, теңге







      Көрсетiлген қызметтерге наразылық жоқ (наразылық болған
жағдайда атап шығыңыз) ______________________________________________

      Шарт сомасы _________________ теңгені (сомасы жазбаша) құрайды.
      1. Жеткізілген тауарлардың жалпы құны __ теңге (сомасы жазбаша)
      2. Аванс сомасы _________________ теңге (сомасы жазбаша)
      3. Бұрын актiленген сомалар ___________ теңге (сомасы жазбаша)
      4. Төленуге тиіс ________________ теңге (сомасы жазбаша)

                      ТАРАПТАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРI:

             Тапсырыс беруші:                    Жеткізуші:
      ____________________________      _____________________________
      ____________________________      _____________________________
      ____________________________      _____________________________
             (Т.А.Ә., қолы,                     (Т.А.Ә., қолы,
         мөртаңбасының бедерi)              мөртаңбасының бедерi)

      Комиссия төрағасы: _______________        _____________________
                              (қолы)                   (Т.А.Ә.)

      Комиссия мүшелерi: _______________        _____________________
                              (қолы)                   (Т.А.Ә.)
                         _______________        _____________________
                              (қолы)                   (Т.А.Ә.)
                         _______________        _____________________
                              (қолы)                   (Т.А.Ә.)

      Ескертпе: * - біржолғы сипаттағы төлемдерді жүргізу жағдайында көрсетілмейді.

Облыстық бюджеттердiң, Астана және  
Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы
республикалық бюджеттен эпизоотияға  
қарсы iс-шараларды жүргiзуге берiлетiн
ағымдағы нысаналы трансферттердi   
пайдалану қағидаларына        
2-қосымша               

________________ облысы (астана, республикалық маңызы бар қала)
бойынша қаражатты пайдалану туралы ______________ айындағы есеп

Бағдарламаның коды

Бюджеттік бағдарламаның атауы

_____ жылға ңақтыланған бюджет

_____ нақты орындалғаны

Жыл аяғына дейін игерілуі тиіс

Күтілетін игеру

Күтілетін игерілмеу

_________ күтілетін орындалмау себептері

1

2

3

4

5

6

7

8

      Басшы                                  ________________
                                                   қолы
      Бас бухгалтер                          ________________
                                                   қолы
      М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады