«Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы
қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі
қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 29наурыздағы № 300 қаулысыныңбаспасөз-релизі
«Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 300 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 4-бабының 20) тармақшасына және 5-бабының 29) тармақшасына байланысты және «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тексерiлетiн субъектiлерге қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау құзыреттерiн қайта қарау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегi № 128-ө Өкiмiн іске асыру мақсатында әзірленген.
Қаулының қолданысқа енгізілуімен Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі м.а. 2004 жылғы 10 қыркүйектегі № 213 «Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» бұйрығы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасыры Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 278 «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің кейбiр шешімдерінің күшi жойылды деп тану туралы» бұйрығымен күшін жояды.
Қағида жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі тәртібін айқындайды.
Қаулы республикалық бюджеттен қаржы шығындарын болжамайды жәнетеріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді.
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі