Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 213 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3107. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 278 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 12.09.2013 № 278 бұйрығымен.

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Ұсынылып отырылған Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
      2. Электр энергетикасы және қатты отын департаменті (Н.Б.Бертісбаев) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіппен тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Б.Е.Оразбаевқа жүктелсін.
      4. Ереженің 5-тармағының 4) тармақшасы және 18, 19, 20, 21, 22 және 23-тармақтары 2005 жылдың 31 қаңтарына дейін қолданылатын болып белгіленсін.
      5. Осы бұйрық 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін ереженің 5-тармағының 3) тармақшасын, 24, 25, 26 және 27 тармақтарын, 32-тармақтың 4) тармақшасын қоспағанда, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің
      міндеттін атқарушы

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасының
      Табиғи монополияларды реттеу
      және бәсекелестікті қорғау
      жөніндегі агенттік төрағасының
      міндеттін атқарушы

      _______________________
      "______" _______________ 2004 ж.

Қазақстан Республикасы    
Энергетика және минералдық  
ресурстар министрінің    
2004 жылғы 10 қыркүйектегі  
N 213 бұйрығымен бекітілген 
"Жүйелік оператордың қызмет 
көрсетуі, жүйелік және қосалқы
қызметтер нарығын ұйымдастыру 
және жұмыс істеу ережесін  
бекіту туралы"      

  Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы
қызметтер нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызмет нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

      2. Ереже электр энергиясы көтерме рыногының барлық субъектілеріне олардың меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан міндетті.

  2. Осы Ережеде қабылданған негізгі ұғымдар,
айқындамалар мен қысқартулар

      3. Осы Ережеде мынандай негізгі ұғымдар мен айқындамалар пайдаланылады:
      1) қуаттың қайталама (тұрақты) резерві - бастапқы реттеудің активті резервін қалпына келтіруді қамтамасыз ету және қайталама реттеуді қамтамасыз ететін электр стансалардың қуаты;
      2) электр энергиясын сатып алу/сату шарты - электр энергиясының көтерме сауда рыногы субъектілерінің арасындағы белгіленген кезеңде оларды табиғи жеткерумен бірге электр энергияның шартты көлемдерін сатып алу-сатуға жасасылған келісім;
      3) қуат - электр энергиясының сапалы сипаттамасын білдіретін активті электр қуаты;
      4) Қазақстан біртұтас электр энергетикалық жүйесінің қалыпты жұмыс режимі - режимді жоспарлау кезінде көзделген электр энергия жүйесінің барлық элементтері жұмыс істейтін тұрақталған жұмыс режимі және жасасылған шарттардың ережелеріне сәйкес электр энергиясының барлық тұтынушыларын электрмен жабдықтау қамтамасыз етіледі;
      5) электр жабдықтауды шектеу - тұтынушыларға электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтату;
      6) жедел басқару - тікелей диспетчердің басшылығымен жабдықтармен және құрылғылармен жүргізілетін операцияларды орындау;
      7) жедел жүргізу - иелігінде аталған жабдықтар мен құрылғылары бар жедел-диспетчерлік басқарудың жоғары деңгейдегі диспетчердің рұқсатымен жабдықтармен және құрылғылармен бірге жүргізілетін операцияларды орындау;
      8) қуаттың бастапқы резерві - бастапқы реттеуді қамтамасыз ететін қуат резерві;
      9) Қазақстан біртұтас электр энергетикасы жүйесінің авариядан кейінгі жұмыс режимі - электр энергетикасы жүйесінің зақымдалған элементін авариялық ажыратқаннан кейін туындаған және қалыпты жұмыс режимі үшін қарастырылған электрмен жабдықтау схемасын қалпына келтіргенге дейін жалғасатын тұрақты режим;
      10) тұтынушы-жүктемені реттеуші - Жүйелік оператордың талаптарына сәйкес электр энергиясын тұтыну режимін жедел өзгерту бойынша технологиялық мүмкіндігі бар электр қондырғыларының электр энергиясын тұтынушы;
      11) Қазақстанның біртұтас электр энергетика жүйесіндегі қуат резерві - электр энергияның сенімділік нормаларымен және сапа стандарттарымен белгіленген, Жүйелік оператор айқындағандай құрылымы мен шамасы, сондай-ақ диспетчерлендіруге дайындық дәрежесі бар энергия өндіретін ұйымдардағы энергия қондырғаларының қуаты;
      12) жүйелік шектеулер - Қазақстан біртұтас энергетика жүйесінің технологиялық жұмыс істеу өлшемдерінің шекті ұйғарымдық мәндері;
      13) технологиялық ретсіздік - энергия қондырғыларының немесе олардың элементтерінің істен шығуын туындататын техникалық ахуал өлшемдерінің келеңсіз ауытқулары, электр энергиясы сапасының бұзылуы, сондай-ақ тұтынушылардың электр қабылдағыштарының толық немесе ішінара жоспарсыз өшірілуі.

      4. Осы Ережеде электр энергетикасында жалпы қабылданылған мынадай қысқартулар қолданылады:
      1) АСДУ - автоматтандырылған диспетчерлік басқару жүйесі;
      2) ПА - аварияға қарсы автоматика;
      3) РЗА - реле қорғанышы және автоматика;
      4) РДЦ - өңірлік диспетчерлік орталық;
      5) СДТУ - диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары;
      6) БЭЖ - біртұтас электр энергиясының жүйесі.

  3. Жүйелік оператор көрсететін жүйелік қызметтер

      5. Жүйелік оператор қайтарым негізінде жүйелік қызметтердің мынандай түрлерін электр энергиясы көтерме сауда рыногының субъектілеріне көрсетеді:
      1) Ұлттық электр тораптары бойынша электр энергияны жеткізу жөніндегі қызметтер;
      2) Қазақстанның біртұтас электр энергиясы жүйесінде электр энергиясын өндіру/тұтыну режимдерін техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызметтер;
      3) Қазақстанның біртұтас электр энергиясы жүйесінде (одан әрі - Қазақстан БЭЖ) электр энергиясының өндірілу/тұтынылуын теңгеруді ұйымдастыру жөніндегі қызметтер;
      4) Қуатты (жиілікті) және қуатты резервілеуді реттеу жөніндегі қызметтер.

      6. Жүйелік қызметтерді электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерімен жасасылған шарттар негізінде Жүйелік оператор көрсетеді. Жүйелік оператор көрсететін жүйелік қызметтер үшін төлемді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтерме нарығы субъектілері жүзеге асырады.

  4. Ұлттық электр тораптары бойынша электр энергиясын
жеткізу жөнінде жүйелік қызметтер көрсету

      7. Ұлттық электр тораптары бойынша электр энергиясын жеткізу жөніндегі жүйелік қызметтер Жүйелік оператормен шарт негізінде электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері үшін көрсетіледі.

      8. Ұлттық электр тораптары бойынша электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсету кезінде Жүйелік оператор:
      1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жалғануға техникалық ережені орындаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте ұлттық электр тораптарының электроэнергетикалық нысандарын кеңейту және жаңғыртуға арналған өтемақыларды қамтамасыз еткен электр энергиясы көтерме нарығының субъектілеріндегі электр қондырғыларды ұлттық электр торабына қосуды қамтамасыз етеді;
      2) шартпен келісілген теңгерімдік тиесілі есепке алу, көлем мен мерзім нүктелеріндегі бөлу шекараларында ұлттық электр торабына электр энергиясын қабылдауды жүзеге асырады;
      3) шартпен келісілгендей теңгерімдік тиесілі есепке алу, көлем мен мерзім нүктелеріндегі бөлу шекараларында ұлттық электр тораптарынан электр энергиясын беруді жүзеге асырады;
      4) Қазақстан Республикасындағы нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес ұлттық электр торабын жұмыс ахуалында ұстап тұрады;
      5) ұлттық электр торабының ағымдық дамуын, пайдаланылуын және қызмет көрсетілуін, ұлттық электр торабына инвестициялардың жоспарлануын жүзеге асырады;
      6) релелік қорғаныш пен аварияға қарсы автоматика жүйелеріне техникалық қызмет көрсетілуін, пайдалану әзірлігінде ұстау мен дамуын жүзеге асырады;
      7) ұлттық электр торап шегінде электр энергиясын коммерциялық есепке алуды қамтамасыз етеді және ұлттық электр торабына электр энергияны нақты босату/қабылдауының балансын жасайды;
      8) Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру/тұтыну режимінің тәуліктік кестесін қалыптастыру үшін сатып алынған электр энергиясының шарттасу көлемдері бойынша электр энергиясы көтерме сауда рыногының субъектілерінен өтініштер қабылдайды;
      9) электр энергиясын жеткізу және тұтыну режимдерін жүргізу жөнінде өкімдер береді.

      9. Жүйелік оператор жеткізу жөнінде қызмет көрсетуді толық немесе ішінара тоқтатуды мына жағдайда жүргізеді:
      1) электр энергиясын жеткізудің басталуына дейін кем дегенде 72 сағатта көтерме нарық субъектісіне жазбаша ескерткеннен кейін ұлттық электр торабы бойынша электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызмет төлемі бойынша шарт талаптарын көтерме сауда нарығы субъектісінің бұзуы. Мұндай жағдайда туындаған салдарлар үшін жауапкершілік Азаматтық кодекске сәйкес көтерме сауда нарығының субъектісіне жүктеледі;
      2) уәкілетті органмен бекітілген нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес ұлттық электр торабында жөндеу жұмыстарын жүргізу;
      3) ұлттық электр торабы бойынша электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыруға кедергі келтіретін технологиялық ретсіздіктің туындауы.

      10. Жүйелік оператордан электр энергиясын жеткізу жөнінде қызметтерді сатып алатын электр энергиясы көтерме сауда рыногының субъектілері:
      1) Жүйелік операторға электр энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптарына кедергісіз кірігуіне рұқсат етеді;
      2) Қазақстанның БЭЖ-де электр энергиясының стандарттық жиілігін қолдауға бағытталған нормативтік талаптарды орындайды;
      3) ток қабылдағыштардың және электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының тиісті жай-күйін ұстап тұрады;
      4) электр энергиясын жеткізу және тұтыну режимін жүргізу жөніндегі Жүйелік оператордың өкімін орындайды;
      5) осы Ереженің 53-ші тармағына сәйкес бекітілген нұсқаулықтардың ережелерін орындайды;
      6) Жүйелік операторға электр энергияны жеткізуге арналған болжамдық айлық (айдың басталуына дейін 10 күн бұрын), тоқсандық (тоқсанның басталуына дейін 60 күн бұрын), жылдық (тоқсанның басталуына дейін 150 күн бұрын) өтінімдерді береді;
      7) іргелес елдердің электр тораптары бойынша электр энергиясының импорт, экспорт және/немесе транзит жағдайындағы қажетті кедендік рәсімдерді орындайды;
      8) басқару немесе меншік құқығында электр тораптарын пайдаланушы компаниялармен электр энергияны коммерциялық есепке алу және электр тораптарына жатқызылатын баланстық бөлу шекарасы мәселелерін келіседі.

      11. Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын жеткізу бойынша қызметтер көрсету кезінде Жүйелік оператор:
      1) электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына кедергісіз рұқсат етеді;
      2) Қазақстан БЭЖ-де электр энергияның стандарттық жиілігін қолдауға бағытталған нормативтік талаптарды орындайды.

  5. Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру-тұтыну
режимдерін техникалық диспетчерлендіру
жөнінде қызмет көрсету

      12. Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру/тұтыну режимдерін техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтерді Жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымдарға, сондай-ақ электр энергиясын импорттаушы тұтынушыларға көрсетеді.

      13. Техникалық диспетчерлендіру жөнінде Жүйелік оператор көрсеткен қызметтер үшін есеп айырысу электр торабына электр энергиясы нарығының субъектілеріндегі энергия қондырғыларының жалғану нүктесіне қарамастан, барлық сыныптағы кернеулі электр торабына көтерме сауда нарығының субъектісі босатқан (импорттаушы) электр энергиясының нақты көлемі тұрғысынан жүзеге асырылады.

      14. Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру/тұтыну режимдерін техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтерді көрсету кезінде Жүйелік оператор:
      1) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, сондай ақ осы Ережедегі 9-тарауының ережелеріне сай Қазақстан БЭЖ-нің құрамында электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілеріндегі энергия қондырғыларының жұмыс режимдерін үздіксіз орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды;
      2) жедел-диспетчерлік басқарудағы жабдықтар мен құрылғылардың, телемеханика және байланыстың, жедел-ақпараттық кешеннің техникалық қызметтелуі мен пайдалануға әзірлігінде ұстауды;
      3) Қазақстан БЭЖ-де электр энергия сапасының белгіленген стандарттық көрсеткіштерін қолдауға бағытталған нормативтік талаптарды орындауды;
      4) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына жауап беретін электр энергияның коммерциялық есепке алынуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      15. Техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтерді толық немесе ішінара көрсетуді Жүйелік оператор мынадай жағдайларда доғаруды жүргізеді:
      1) электр энергиясын жеткеруге дейін кемінде 72 сағат бұрын осы көтерме сауда нарығының субъектісін алдын ала хабардар ете отырып, техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтерді төлеу бойынша міндеттемелерді көтерме сауда нарығының субъектісі орындамағанда. Қызмет көрсетуді доғару энергия өндіруші ұйымның оқшауланған жұмысқа бөлуі арқылы іске асырылуы мүмкін. Бұл ретте туындаған салдарлар үшін жауапкершілік Азаматтық кодекске сәйкес көтерме сауда нарығының субъектісіне жүктеледі;
      2) уәкілетті орган бекіткен нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес ұлттық электр торабында жөндеу жұмыстары жүргізілгенде және басқа бағыттар бойынша электр энергияны жеткізу мүмкіндігі жоқ жағдай кезінде;
      3) Қазақстан БЭЖ-де авариялық бұзылыстың туындағанында.

      16. Электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері Жүйелік оператордан техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтерді алу кезінде:
      1) ток қабылдағыштарды, электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын тиісті техникалық ахуалда ұстап тұрады әрі нормативтік құқықтық актілермен және нормативтік техникалық құжаттармен айқындалған олардың техникалық жай-күйіне қойылған талаптарды орындайды;
      2) Қазақстан БЭЖ-де белгіленген стандарттармен электр энергиясының сапалық көрсеткіштерін қолдауға бағытталған нормативтік талаптарын орындайды;
      3) Қазақстан Республикасындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін электр энергиясының коммерциялық есепке алынуын қамтамасыз етеді;
      4) Жүйелік оператор жұмыскерлерін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың аспаптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес электр қондырғылардың техникалық ахуалы мен пайдалану қауіпсіздігіне бақылау жүргізуі үшін Мемлекеттік энергетикалық қадағалау қызметкерлерін кедергісіз жіберуді қамтамасыз етеді.

  6. Электр қуатты (жиілікті) реттеу және қуатты
резервілеу бойынша қызметтер көрсету

      17. Қазақстанның БЭЖ біртұтас электр энергетикасы жүйесінде қуатты (жиілікті) реттеу және қуатты резервілеу жөніндегі қызметтерді шарт негізінде электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне Жүйелік оператор көрсетеді.

      18. Жүйелік оператор қуатты (жиілікті) реттеу жөніндегі қызметтерді көрсету кезінде:
      1) тәуліктік кесте бекіткен мәндерінен көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын өндіру/тұтынудың нақты мәндерінің ауытқуларын жабу үшін электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне реттелетін аралықты береді;
      2) реттелетін аралық шегінде тәуліктік кестемен бекітілген мәндерден көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын өндіру/тұтынудың нақты мәндерінің ауытқуларын табиғи реттеуді қамтамасыз етеді;
      3) нарық субъектілері берген тәуліктік кестелерді және реттегіш аралығын сақтау мониторингін жүзеге асырады;
      4) электр энергиясын өндіру/тұтынудың болжамдық теңгерімі негізінде қуатты (жиілікті) реттеу жөніндегі қызметтерге Қазақстан БЭЖ-нің қажеттілігін жорамалдайды;
      5) Қазақстан БЭЖ-де электр энергия сапасының стандарттық белгіленген көрсеткіштерін қолдауға және электр энергияның стандарттық жиілігін қолдауға бағытталған нормативтік талаптарды орындайды.

      19. Қуатты резервтілеу жөніндегі қызметтерді көрсету кезінде Жүйелік оператор авариялық бұзылыстармен туындаған теңгерімсіздікті қоса алғанда, электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілеріндегі электр энергиясын өндіру/тұтыну теңгерімсіздіктерін реттеу үшін қуаттың резервтелуін қамтамасыз етеді.

      20. Жүйелік оператордан қуатты (жиілікті) реттеу жөніндегі қызметтерді алу кезінде электр энергиясы нарығының субъектілері:
      1) тәуліктік кезең ішінде электр энергиясын алмастыру көлемінің нольдік сальдосын сақтау талабы кезінде тәуліктік кестеден электр энергиясының сағат сайынғы мәндерінің нақты ауытқуларын реттеу үшін белгіленген шартпен реттегіш аралықты пайдаланады;
      2) шартпен белгіленген реттеуші аралық артқан кезінде тағайындалған реттегіш аралықты өзгерте отырып, сальдо- ағындарды одан әрі ұлғайту мүмкіндігін Жүйелік оператормен келіседі, ал сальдо- ағынын арттыруға келісім болмаған жағдайда, жетпейтін қуатқа тапсырыс береді, не мәлімделген шамаға сальдо -ағынын сәйкестендіру үшін меншікті тұтынушыларға шектеулер енгізеді.

      21. Қуатты реттеу жөніндегі қызмет көрсетудің доғарылуын (шектеуді) Жүйелік оператор мына жағдайларда жүргізеді:
      1) Қазақстан БЭЖ-де авариялық бұзылыстарды болдырмау, оқшаулау және жою мақсатында;
      2) Электр қуатын (жиілікті) реттеу жөніндегі қызмет көрсету доғарылғанға дейін кемінде 72 сағат бұрын алдын ала хабардар етілгеннен кейін қызметтерге ақы төлеу жөніндегі талаптарды көтерме сауда нарығы субъектісі бұзған кезде, бұл ретте Азаматтық кодексіне сай туындаған салдарлар үшін жауапкершілік жүктелгенде.

      22. Қуатты (жиілікті) реттеу жөніндегі қызметтер үшін есеп айырысу Жүйелік оператор қабылдаған түзетулерді ескере отырып, тәуліктік кестемен бекітілген мәндерінен электр энергиясын өндіру/тұтынудың нақты мәндерінің сағат сайынғы ауытқуларын есептеу тұрғысынан жүргізіледі.

      23. Электр қуатын (жиілікті) реттеу жөніндегі қызметтер үшін ақымен есептесу белгіленген заңнама тәртібімен айқындалады.

  7. Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру/тұтынудың
теңгерімдеуін ұйымдастыру жөнінде қызмет көрсету

      24. Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру/тұтынудың теңгерімдігін ұйымдастыру жөніндегі жүйелік қызметті тұтынушыларға және ұлттық электр торабына, өңірлік электржелілік компанияларға жалғанған энергия өндіруші ұйымдарға, энергиямен жабдықтаушылар ұйымдарға Жүйелік оператор көрсетеді.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009.12.14 № 337 бұйрығымен.

      25. Электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектілерінің Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру/тұтынудың теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетуге Жүйелік оператормен келісім-шарты болуы тиіс.

      26. Электр энергиясын өндіру/тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсету реттелімі мен рәсімдері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады.

      27. Электр энергиясын өндіру/тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсету кезінде Жүйелік оператор мыналарды:
      1) Қазақстанның электр станцияларында және іргелес мемлекеттердің энергия жүйелерінде қуат резервтерін әзірлікте ұстау жөніндегі қосалқы қызметтерді сатып алу жолымен электр қуаты резервтерінің қажетті көлемі мен құрылымын жасау және оларды жайғастыруды;
      2) Қазақстан БЭЖ-де жиіліктің белгіленген стандарттарын қуатты (жиілікті) реттеу жөніндегі қосалқы қызметтерді сатып алу жолымен қамтамасыз етуді;
      3) электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілерінен теңгерімге қатысуға және қуаттың жедел резервтерінің сараланған тізімін жасауға баға ұсыныстарын орталықтан қабылдауды;
      4) Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру/тұтыну теңгерімінің ағымдағы мәндеріне, электр энергиясының мемлекетаралық сальдо- ағындары мен Қазақстан БЭЖ-дегі жиілікке үздіксіз мониторинг жүргізуді;
      5) көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын өндіру не тұтынуды ұлғайту/азайтуға команда беру арқылы Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінде туындайтын электр энергиясының теңгерімсіздіктерін табиғи реттеуді;
      6) Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясының теңгерімсіздіктерін табиғи реттеу үшін өндірілген электр энергиясын коммерциялық есепке алуды және есеп айырысу мезгілінің қорытындылары бойынша коммерциялық есепке алу аспаптарының мәліметтері базасында көтерме сауда нарығы субъектілеріндегі электр энергиясының нақтылы теңгерімсіздіктерін анықтауды;
      7) Қазақстан БЭЖ-де теңгерімсіздіктерді табиғи реттеу кезінде пайдаланылған электр энергиясының теңгерімдік бағасын есептеуді;
      8) есеп айырысу мезгілінің қорытындылары бойынша көтерме сауда нарығының субъектілерінде туындайтын электр энергиясының теңгерімдік нарығындағы қаржылық міндеттердің айқындалуын;
      9) көтерме сауда нарығы субъектілерімен бірге электр энергиясының анықталған теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді жүзеге асырады.

      28. Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру/тұтынудың теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтер үшін есеп айырысу ақысын төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

  8. Жүйелік операторға қосалқы қызметтер көрсету

      29. Жүйелік оператор Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясының сенімділігі мен сапасының белгіленген нормаларын қамтамасыз ету үшін қосалқы қызметтерді сатып алады. Қосалқы қызметтер қуаттық жедел резервтерінің әзірлікте ұсталуын, қуаттың реттелуін, энергия жүйесінің толықтай ажыратылған күйінен іске қосылуын білдіреді.

      30. Қосалқы қызметтерді Жүйелік операторға шарт негізінде электр энергияның көтерме нарығы субъектілері көрсетеді.

      31. Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясының сенімділігі мен сапасының белгіленген нормаларын қамтамасыз ету үшін қажетті қуаттың жедел резервтерінің көлемін, құрылымы мен орналасуын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік техникалық құжаттарына сәйкес Жүйелік оператор айқындайды және оған қуат резервтерінің мынадай түрлері кіреді:
      1) қуаттың бастапқы резервтері;
      2) қуаттың тұрақты резервтері;
      3) резервтік орнын басу.

      32. Қуаттың тұрақты резервін әзірлікте ұстау және резервтік орнын басу, активті қуаттың (жиіліктің) реттелуі жөніндегі қосымша қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Жүйелік оператор сатып алады.

      33. Жүйелік операторға қуаттың жедел резервтерінің әзірлікте ұсталуы жөніндегі қосалқы қызметтерді көрсету кезінде аталған қызметтерді жеткерушілер:
      1) Қазақстанның БЭЖ-де қуаттың жедел резервтерін қалыптастыру үшін талап етілетін ақпаратты Жүйелік операторға ұсынады;
      2) өзінің жабдықтарының тиісті техникалық жай-күйін, пайдалану қауіпсіздігі ережесінің, экологиялық талаптардың және басқаларының Қазақстан Республикасының нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес сақталуын қамтамасыз етеді;
      3) қосалқы қызметтерді өз көлемінде және мерзімінде көрсету үшін белгіленген шарттарға сәйкес электр энергиясын өндіру/тұтыну шамасын өзгертуге арналған Жүйелік оператордың, оның ішінде және диспетчерлендіруге резервтердің талап етілетін дайындығына арналған тестілеуді өткізу кезінде Жүйелік оператор өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
      4) электр энергиясының теңгерімдік рыногына баға ұсыныстарын береді.

      34. Қуаттың жедел резервтерін әзірлікте ұстау жөніндегі қосалқы қызметтерді алу кезінде Жүйелік оператор:
      1) диспетчерлендіруге қуаттың жедел резервтерін әзірлікте ұстауға тестілеу өткізеді;
      2) қосалқы қызметтерді көлемінде және мерзімінде көрсету үшін белгіленген шарттарға сәйкес электр энергиясын өндіру/тұтыну шамасын өзгертуге арналған өкімдер береді. Қуаттың жедел резервтерінен берілген электр энергиясының көлемі уәкілетті орган белгілеген тәртіпте төленуге жатады.

      35. Қуаттың жедел резервтерін әзірлікте ұстау жөніндегі қосалқы қызметтерді көрсетуге арналған шартта Жүйелік операторға:
      1) жүктемені азайтуға-көбейтуге арналған қуаттың беріліп отырған резервінің шамасы;
      2) қуаттың резервін жандандыру уақыты көрсетіледі.

      36. Авариялық бұзылыстар жағдайларында оны жою үшін өндіруші агрегаттарды қосу(өшіру) немесе электр станциялар генераторларының активті жүктемесін өзгерту қажет болғанда, Жүйелік оператор электр торабының тиісті телімінде "авария" режимін енгізеді және авариялық жағдаяттың талаптарына сәйкес қуат резервтерін пайдаланады.

  9. Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесін
орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару

      37. Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріндегі электр қондырғыларының жұмыс режимдерін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды Жүйелік оператор "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Осы Ережеге, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

      38. Қазақстанның БЭЖ жүйесі жұмысының сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету Қазақстанның біртұтас электр энергетикасы жүйесін орталықтандырылған диспетчерлік басқарудағы негізгі мақсат болып табылады.

      39. Орталықтандырылған диспетчерлік басқару жоғарыдан төменге сатысындағы жедел-диспетчерлік бағыныстылыққа құрылған, оған меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің жедел-диспетчерлік бөлімшелері кіреді. Орталықтандырылған диспетчерлік басқару құрылымы былайша жасақталады:
      1) Қазақстанның БЭЖ орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқарудың бірыңғай жүйесіндегі ең жоғарғы деңгейі болып табылатын Жүйелік оператордың орталықтандырылған диспетчерлік басқаруы (бұдан әрі - Қазақстан БЭЖ ОДБ);
      2) Қазақстан БЭЖ ОДБ-ның орталықтандырылған диспетчерлік басқару процесіне бағынатын Жүйелік оператордың өңірлік диспетчерлік орталықтары (бұдан әрі - ӨДО);
      3) Қазақстан БЭЖ ОДБ-ның орталықтандырылған диспетчерлік басқару процесіне бағынатын өңірлік электржелілік компаниялардың, электр өндіруші ұйымдардың диспетчерлік бөлімшелері, электр энергиясының көтерме сауда рыногын тұтынушылар, ӨДО.

      40. Орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару Жүйелік оператор белгілеген орналасу құрылымына, технологиялық байланыс құралдарын дамыту мен ұйымдастыруға, реле қорғанышы мен автоматика, телемеханика мен объектілерді басқарудың автоматтандырылған жүйесіне, олардың жұмыс режимдерін бақылауға, электр энергиясын есепке алу мен электр энергиясын тұтынуды басқаруға негізделеді.

      41. Жүйелік оператор Қазақстанның электр энергетикалық жүйесін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару процесінде:
      1) Қазақстанның БЭЖ-де электр энергиясын өндіру/тұтынудың тәуліктік кестесін жасауды және оны атқаруды;
      2) Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінде қуаттар мен электр энергиясының нақтылы, қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік болжамдарын жасауды;
      3) Қазақстанның БЭЖ жұмысының орнықтылығын қамтамасыз етуді;
      4) Қазақстан электр энергетикалық жүйесінің жұмыс режимдерін әзірлеуді, соның ішінде автоматтандырылған диспетчерлік-технологиялық басқару құралдарымен (АДТБҚ) басқаруды, реле қорғанышы мен өртке қарсы қорғану автоматикасы құрылғылары тағайыншамасының көлемдерін, қағидалары мен есептеулерін анықтауды;
      5) жабдықтарды жөндеудің жылдық және айлық кестесін әзірлеуді, жөндеуге берілген өтінімдерді қарау мен оған рұқсат етуді;
      6) электр станциялары мен электр тораптарының негізгі жабдықтарында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін шарттарды, технологиялық басқару, реле қорғанышы мен автоматика жүйелерін жоспарлауды және әзірлеуді;
      7) Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясының нормаланған сапасын қамтамасыз етуді;
      8) электр энергиясын өндіру, түрлендіру, жеткізу және тарқату кезінде технологиялық бұзылыстарды болдырмау мен жоюды;
      9) пайдалануға жедел-техникалық басшылықты, Қазақстанның БЭЖ-нің жүйе жасаушы торабында РҚ, АҚА жегімдейтін құрылғыларын жаңалау мен жетілдіруді;
      10) техникалық сараптаманы және іргелес энергия жүйелерінің қатарлас жұмысында келісім-шарттардың орындалуына бақылау жасауды, электр энергиясын жеткеру мен жеткізуді, ұлттық электр торабында электр энергиясының ағындарын реттеуді;
      11) электр энергиясының көтерме сауда нарығында жасасылған келісім-шарттарды бұзатын электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілеріне шектеу енгізу жөніндегі шаралардың әзірленуін;
      12) іргелес мемлекеттердің, электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектілерінің диспетчерлік орталықтарымен өзара іс-қимыл жөніндегі жедел-диспетчерлік құжаттарды әзірлеуді;
      13) бөлініп берілген міндеттерге сай жедел-диспетчерлік басқару аймағына кіретін Қазақстан Республикасының шаруашылық-экономикалық және әлеуметтік кешенін электрмен жабдықтаудың жай-күйі туралы электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік органдарды және Мемлекеттік энергетикалық қадағалауды ақпараттық талдаумен қамтамасыз етуді;
      14) басқару аймағына кіретін гидроэлектростанциялар мен су қоймаларындағы пайдалану режимдерінің мониторингісін;
      15) Жүйелік оператордың құзыретіне кіретін нұсқаулық материалдардың әзірленуін және солармен орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару жүйесінің барлық құрылымдарын қамтамасыз етуді;
      16) Қазақстан БЭЖ схемалары бойынша ірі электр станциялары мен жүйе болып құрылатын желілік объектілер жөнінде электр схемалары мен режимдері, реле қорғанышы, апатқа қарсы автоматика мен АДБЖ бөлігінде техникалық тапсырмалардың және жобалық жасақтамалардың келісілуін жүзеге асырады, жобаларды сараптауға қатысады.

      42. Жедел-диспетчерлік басқарудың әрбір деңгейі үшін электр жеткізу желілерін, жабдықтары мен құрылғыларын басқарудың екі санаты: жедел басқару және жедел жүргізу болып белгіленеді.

      43. Жедел-диспетчерлік басқарудың тиісті деңгейіндегі диспетчердің жедел басқаруында жабдықтар, электр жеткізу желілері, реле қорғанышының құрылғылары, аварияға қарсы және режимдік автоматика жүйесінің аппаратурасы, диспетчерлік пен технологиялық басқару құралдары, бағыныстағы жедел-диспетчерлік қызметкерлердің іс-әрекеті мен жедел бағыныстың түрлі деңгейіндегі бірнеше объектілерінде келісілген өзгерістердің үйлестірілуін талап ететін операциялар болады.

      44. Диспетчердің жедел басқаруында жабдықтар, электр жеткізу желісі, реле қорғанышының құрылғылары, аварияға қарсы және режимдік автоматика жүйесінің аппаратурасы, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары, ахуалы мен режимі электростанциялардың және тұтастай энергия жүйесінің иелік қуатына және резервіне әсер ететін жедел-ақпараттық кешендер, тораптардың режимі мен сенімділігі, сондай-ақ аварияға қарсы автоматиканы ретке келтіру жүйесі болады.

      45. БЭЖ-де қуат резервтерін жедел басқаруды Жүйелік оператор жүзеге асырады.

      46. Барлық электр жеткізу желілері, электр станциялары мен тораптардың жабдықтары және құрылғылары диспетчерлік басқарудың деңгейлері бойынша бөлінуі тиіс.

      47. Жедел басқарудағы және меншік нысанына қарамастан ұйымның кезекші диспетчерінің иелігіндегі электржеткізу желілерінің, электр станциялары мен тораптардың жабдықтары және құрылғыларының тізбесі жоғарыда тұрған жедел-диспетчерлік басқару ұйымының немесе бөлімшенің шешіміне сәйкес жасалуы және осы ұйымның техникалық басшысы бекітуі тиіс.

      48. Жүйелік оператордың жедел иелігінде жай-күйі мен режимі ұлттық электр тораптарымен өңірлік көтерме сауда рыногының тұтынушыларына қуатты жеткізуге аумаққа кіріккен электр станцияларының қуатын беруге әсер ететін электр жеткізу желілері, РҚ және АҚА, ДТБҚ жабдықтары болады.

      49. РҚ және АҚА жабдығы мен құрылғылары осы жедел буында не жедел басқаруда, не тек жедел иелікте ғана болады. Тораптың қандай да болмасын элементін ажыратуға арналған (өшіру жәйті бойынша) жұмыс істеп тұрған РҚ және АҚА құрылғыларының жедел басқару шекаралары, әдетте, осы элементті жедел басқару шекараларымен дәл келуі тиіс.

      50. Электр жеткізу желілері, олардың кірмелері, аварияға қарсы автоматика Жүйелік оператордың, АЭК-ның жедел басқаруында болады, мұнда желілердің жалғанымдары, әдетте, энергия объектілеріндегі кезекші қызметкердің жедел басқаруында болуы тиіс.

      51. Әрбір энергия объектісінде (электр станциялары электр тораптары) жабдықтарды тәулік бойы жедел басқару ұйымдастырылады, оның міндеттері мыналар болып табылады:
      1) жұмыстың талап етілетін режимін жүзеге асыру;
      2) ауыстырып қосуларды, іске қосулар мен доғартуларды жүргізу;
      3) технологиялық бұзылыстарды оқшаулау мен жұмыстың берілген режимін қалпына келтіру;
      4) жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайындық.

      52. Жедел-диспетчерлік басқару диспетчерлік және технологиялық басқару мен бақылау жүйелерімен жабдықталған, жедел схемалық жинақталымы бар диспетчерлік мүйістер мен басқару қалқандарынан жүзеге асырылады.

      53. Жедел-диспетчерлік басқарудың әрбір деңгейінде жедел-диспетчерлік басқару, жедел келіссөздер мен жазбаларды жүргізу, уәкілетті орган бекіткен нормативтік техникалық құжаттар негізінде электр энергиясының нарығын ұйымдастыру ерекшелігі ескеріле отырып, ауыстырып қосуды жүргізу мен авариялық режимдерді жою жөніндегі нұсқаулықтар әзірленеді.

      54. Жедел-диспетчерлік басқарудың түрлі деңгейлерінің өзара әрекет етуі жедел-диспетчерлік басқарудың жоғары тұрған бөлімшесі бекіткен орындалуы үшін міндетті тиісті нұсқаулықтармен реттелімденеді. Нұсқаулықтарда мынандай тәртіп орнатылады:
      1) электр жеткізу желілерін және жабдықтарды диспетчерлік басқару тәсілімен бөлу;
      2) электр станциялардың, электр жеткізу желілері жұмысының берілген режимдерін жүргізу;
      3) электр энергиясы нарығындағы жедел-диспетчерлік басқару;
      4) байланыс пен телеөлшеулерді жеткізуді ұйымдастыру;
      5) жедел және технологиялық ақпараттарды беру;
      6) электр тораптары жұмысының орнықтылығын және қалыпты режимдерін есептеу;
      7) РҚ және АҚА құрылғыларын ретке келтірудің негізгі өлшемдерін есептеу;
      8) РҚ және АҚА жүйелерін, жабдықтары мен құрылғыларын жөндеуге келісу;
      9) қатарлас жұмысты ұйымдастыру, ауыстырып қосуларды жүргізу, технологиялық бұзылыстар мен РҚ және АҚА құрылғыларын технологиялық пайдалану мәселелері бойынша құжаттар әзірлеу және келісу;
      10) режимнің берілген тәуліктік кестесін жасау және орындау;
      11) жиілік пен кернеуді реттеу;
      12) жедел ауыстырып қосуларды жүргізу, сынақтар өткізу;
      13) жедел өтінімдерді беру;
      14) технологиялық бұзылыстарды жою;
      15) технологиялық бұзылыстар, жазатайым оқиғалар туралы ақпараттар беру;
      16) диспетчерлік басқару бойынша өздерінің негізгі міндеттерін орындау кезіндегі құқықтары мен жауапкершілігін бөлу.

      55. Барлық деңгейлердегі қауырт келіссөздер уәкілетті орган бекіткендей нормативтік техникалық құжаттармен белгіленген тәртіппен біртұтас жалпы қабылданған терминологияны, үлгілік өкімдерді, хабарламаларды қолдана отырып жүргізіледі және жедел-диспетчерлік құжаттарға, сондай-ақ магниттік таспаға, компьютерге жазбалармен тіркеліп алынады.

      56. Жедел диспетчерлік басқару субъектілері орталықтандырылған диспетчерлік басқару процесінде:
      1) орталықтандырылған-диспетчерлік басқару жүйесі нормаларының сақталуын;
      2) электрмен жабдықтауға жасасылған келісім-шарттар бойынша Жүйелік оператор берген режимдердің сақталуын;
      3) электр энергиясының нақтылы теңгерімдерін жасау үшін қажетті дұрыс та уақтылы ақпаратпен қамтамасыз етілуін;
      4) Жүйелік оператордың жедел басқаруындағы Қазақстан Республикасының электр станциялары жабдықтарын жөндеу кестелерінің сақталуын;
      5) жедел басқарудағы, Жүйе операторының иелігіндегі РҚ және АҚА құрылғыларының жұмысы режимдерінің және схемаларының сақталуын;
      6) су ресурстарын басқаратын мемлекеттік орган тапсырған су қоймаларынан суды жіберудің, гидроқұрылыстарды пайдалану ережелерінің орындалуын;
      7) АҚА жүйелері мен аспаптарын, АДБЖ және РҚА құралдарын орналастыру және орнату жөніндегі нұсқаулардың орындалуын әрі тиісінше пайдаланылуын;
      8) электр энергиясының лайықты сапасын қамтамасыз етеді.

   10. Электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін жасау тәртібі 

       Ескерту. 10-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007 жылғы 18 шілдедегі  N 170 Бұйрығымен.

      57. Электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін (бұдан әрі - Тәуліктік кесте) Жүйелік оператор жасайды және бекітеді және электр энергиясының орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған саудасы нарығына қатысушылармен жасасылған электр энергиясын сатып алу-сату бойынша шарттарға сәйкес әрбір күнтізбелік тәулікке электр энергиясын өндіру мен тұтынудың сағаттық шамасын реттейтін негізгі құжат болып табылады.
 

      58. Тәуліктік кесте Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын жеткізу шарттарының, орталықтандырылған саудаларда жасасқан мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ іргелес мемлекеттердің энергия жүйелерімен шарттық сальдо-ағындарын қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Жүйелік оператор Тәуліктік кестені күн сайын алдағы операциялық тәуліктерге жасайды. Сенбіге, жексенбі мен дүйсенбіге арналған Тәуліктік кесте жұма күні, мерекелік күндерге - мерекенің алдындағы жұмыс күні жасалады.
 

      59. Тәуліктік кестеде есеп айырысатын тәуліктердің әрбір сағатына өндірілетін және тұтынатын электр энергиясының көлемі (электр қуатының орташа сағаттық мәні) көрсетіледі.
 

      60. Тәуліктік кестені Жүйелік оператор мыналарды негізге ала отырып жасайды:
      1) тұтынушылармен келісілген және электр энергиясының орталықсыздандырылған сатып алу-сату нарығында жасасқан шарттарға сәйкес жасалған алдағы тәуліктердің әрбір сағатына арналған электр энергиясын тұтынушыларға жеткізу жөніндегі энергия өндіруші ұйымдардың өтінімдері. Өтінімдерде электр энергиясын соңғы тұтынушы көрсетіледі;
      2) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы берген электр энергиясының орталықтандырылған саудасының нәтижелері (операциялық тәуліктер ішіндегі спот-сауда-саттығының нәтижелерін қоспағанда);
      3) өңірлік электр желілік компаниялардан түскен өңірлік электр желілік компанияларға қосылған электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері бойынша бөле отырып, ұлттық және өңірлік электр тораптарының шекараларындағы ұлттық электр тораптарынан электр энергиясын босату-қабылдаудың сағаттық тәуліктік кестелері;
      4) тұтынушылармен және энергия өндіруші ұйымдармен келісілген өзге ұйымдардан түскен өтінімдер;
      5) басқа мемлекеттердің энергия өндіретін ұйымдарының энергия жүйелерінен түскен өтінімдер.
 

      61. Тәуліктік кестеде операциялық тәуліктердің 24 сағатының әрбір сағаты үшін жоспарланатын мынадай параметрлердің орташа сағаттық мәні көрсетіледі:
      1) Қазақстан Республикасы бойынша тұтас алғанда және оның ішінде, өңірлік және жеке электр станциялар бойынша өндірілетін электр энергиясы;
      2) Қазақстан Республикасы бойынша тұтас алғанда және оның ішінде, өңірлер бойынша тұтынылатын электр энергиясы;
      3) іргелес мемлекеттердің энергия жүйелерімен бірге электр энергиясының сальдо-ағындары;
      4) ұлттық және өңірлік электр тораптарының шекараларындағы электр энергиясының сальдо-ағындары;
      5) әрбір электр станциясының жеке қажеттіліктеріне арналған электр энергиясының шығысы;
      6) әрбір энергия өндіретін ұйым сатып алатын электр энергиясының сағаттық көлемдері;
      7) әрбір энергия өндіретін ұйымнан түскен оның әрбір нақтылы тұтынушысы - сатып алу/сатудың екі жақты шарттары бойынша, орталықтандырылған саудада жасасқан мәмілелер бойынша жеткізіп беруді есепке алатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі бойынша бөле отырып, электр энергиясын жеткізудің сағаттық көлемдері;
      8) әрбір жеткізушінің, оның ішінде электр энергиясының орталықтандырылған саудасының нәтижелері бойынша жалпы, бөле отырып, әрбір тұтынушының жүктемесі;
      9) ұлттық электр торабында, өңірлік және жергілікті деңгейдегі электр тораптарында электр энергиясының технологиялық шығысын қарымталауға арналған электр энергиясының көлемдері;
      10) гидроэлектростанциялардағы сулардың шығыстары;
      11) бақылауға алынған қималар бойынша электр энергиясының ағындары;
      12) электр қуаты резервтерінің Пулына қатысушылардың резервтік қуатының шамасы;
      13) Жүйелік оператор құрған электр қуатының жедел резервінің шамасы.
      62. Өңірлік электр өндіретін ұйымдардың өтінімдері өңірлік диспетчерлік орталықтарға беріледі, ұлттық маңызы бар энергия өндіретін ұйымдардың өтінімдері тікелей Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығына белгіленген нысанда беріледі.
 

      63. Солтүстік энергия көздерінен Қазақстанның Оңтүстік аймағының көтерме нарық субъектісінің мәлімделген электр энергиясын жеткізу көлемі Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің өткізу қабілетінің осы субъект үшін бөлінген көлемінен аспауы тиіс.
 

      64. Жүйелік оператор қабылданған өтінімдерді жария етілген жеткізілімдердің негізділігін растау үшін олар тіркеген электр энергиясын сатып алу/сату, жүйелік қызметтерді көрсету шарттарымен салыстырады. Жүйелік оператор берілген өтінімдердің Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесі жұмысының орнықтылығы және сенімділігі белгілерімен сәйкестігіне техникалық іске асырылуы мәніне техникалық сараптаманы жүзеге асырады.
 

      65. Өтінімді Жүйелік оператор мына жағдайларда қайтаруы мүмкін:
      1) Жүйелік оператор тіркеген шарттар болмаған кезде;
      2) электр энергиясының экспорты-импорты кезінде кеден заңнамасымен көзделген құжаттар болмаған кезде;
      3) өтінімде жауапты адамның қолы болмаған кезде;
      4) өтінім осы Тәртіппен белгіленген мерзімнен кешіктіріліп берілген кезде;
      5) өтінімдердің Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің орнықтылығы мен сенімділігінің белгілеріне сәйкес келмеген кезде;
      6) осы Тәртіптің 67-3-тармағына Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің өткізу қабілетіне бөлінген көлемдерге Қазақстанның Оңтүстік аймағы көтерме сауда нарығының субъектілеріне электр энергиясын жеткізуге арналған өтінімдер сәйкес келмеген кезде.
 

      66. Тәуліктік кестені жасау кезінде алдағы тәуліктерге арналған электр энергиясын жеткізуге өтінімдер болмаған кезде Жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымның соңғы берген өтінімін есепке алады.
 

      67. Энергия өндіруші ұйымның өтінімінде көтерме сауда тұтынушысына жеткізу көлемі Тәуліктік кестедегі тұтынушының өтініміндегі тұтыну көлеміне сәйкес келмеген жағдайда Жүйелік оператор жария етілген көлемдердің ең төменгісін есепке алады.
 

      67-1. Гидроэлектр станциялар рұқсат етілген су шығындарын бұзған жағдайда, Жүйелік оператор станцияның өтінімін пысықтау үшін қайтарады.
 

      67-2. Жүйелік оператор электр энергиясын өндіру аралығында теңгерімдеу болмаған жағдайда станциялардың жеке және технологиялық қажеттіліктеріне кететін шығыс пен тұтынушыларға жеткізілетін жиынтық көлемді есепке ала отырып, сондай-ақ жария етілген өндіру станциялардың жұмыс істеп тұрған жабдықтарының техникалық сипаттамаларына сәйкес келмеген жағдайда энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын жеткізуге арналған өтінімдерін пысықтауға қайтарады.
 

      67-3. Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзиті өткізу қабілетінің бөлу механизмі мынадай:
      1) Жүйелік оператор Солтүстік-Оңтүстік Қазақстан транзиті өткізу қабілетінің шамасын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеудің мемлекеттік тізбесінде N 1708 тіркелген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 314 бұйрығымен бекітілген "Электр желілік ережелерге" сәйкес, транзиттің орнықтылығы жөніндегі техникалық талаптарға сүйене отырып, жоспарланған режимдер мен электр желілік жабдықтардағы жөндеулерді, жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасына (ЖААА) қосылған жүктеме көлемін ұлттық электр торабындағы ысыраптың қарымталануын шегере отырып, анықтайды;
      2) Жүйелік оператор тоқсан сайын Қазақстанның БЭЖ-і Оңтүстік аймағының электр энергиясын өндіру-тұтынудың (орташа сағаттық қуаты) алдағы тоқсанға арналған болжамдық теңгерімін (бұдан әрі - Болжамдық теңгерім) өткен жылдардың осындай кезеңдеріндегі тұтыну жөніндегі нақтылы деректердің негізінде, тұтынудың болжамдық өзгерістері мен Жамбыл ГРЭС-ін қоспағанда, электр энергиясын жоспарлы өндіру туралы энергия көздері ұсынған өтінімдерді есепке ала отырып, қосымша бойынша әзірлейді;
      3) Болжамдық теңгерім Жамбыл ГРЭС-тің өндіруін қоспағанда, Қазақстанның Оңтүстік аймағының тұтынуы мен өндіруінің арасындағы айырмасы ретінде электр энергиясы тапшылығының жиынтық шамасын анықтайды;
      4) Болжамдық теңгерім тұтынушының электр энергиясы тапшылығының шамасын (орташа сағаттық қуат) өңірлік энергия көздерінің тұтынуы мен өндіруі арасындағы айырмасы ретінде анықтайды. Бір өңірдегі электр желілік тарату компаниялары мен энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін электр энергиясы тапшылығының шамасы өңірлік энергия көздерінің тұтынуы мен өндіруінің арасындағы айырмасы ретінде анықталады;
      5) Бөлу коэффициенті транзиттің өткізу қабілеті шамасының электр энергиясының болжанылып отырған тапшылығының жиынтық шамасына қатынасы ретінде анықталады;
      6) Тұтынушы үшін транзиттің өткізу қабілеті резервінің шамасы Бөлу коэффициенті мен оның тапшылығын туғызу ретінде анықталады;
      7) Энергия жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушылары ауысқан я болмаса электр энергиясының көтерме сауда нарығына өз бетінше шыққан кезде Жүйелік оператор өткізу қабілеті резервінің шамасына тиісті түзетулер енгізуді көздейді. Түзету енгізу әдеттегідей, тоқсан сайын жүргізілуі мүмкін;
      8) Жүйелік оператор тоқсан басталғанға дейінгі 15 күн ішінде Оңтүстік Қазақстанның энергиямен жабдықтаушы ұйымдары мен көтерме сауда тұтынушыларының назарына электр энергиясының болжанылып отырған шамасын, бөлу коэффициентін, әрбір тұтынушы үшін транзиттің өткізу қабілеті резервінің шамасын қосымшаның нысаны бойынша жеткізеді;
      9) Жүйелік оператор электр энергиясын тұтынушылар үшін резервтелген өткізу қабілетінің көлеміне Қазақстанның Оңтүстік аймағы тұтынушыларының нақты тұтынуының болжамнан айтарлықтай және/немесе ұзақ уақыт бойы ауытқуы сондай-ақ Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзиті жұмыс режимінің өзгеруі жағдайларында түзету енгізеді.
      10) Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің өткізу қабілетін бөлудің осы механизімін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған кезде, оның ішінде, бірақ ұйғарымдармен, бұйрықтармен немесе Үкіметтің тарапынан әкімшілік кедергі келтірулермен немесе қандай да болмасын қаулылармен, әкімшілік немесе өзге шек қоюлармен шектеу қойылмаса, Жүйелік оператордың көрсетілген Механизмді қолданбай-ақ электр энергиясын бөлуді жүргізуге құқығы бар.
 

      67-4. Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің өткізу қабілетін барынша толығымен пайдалану мақсатында көрсетілген қима бойынша электр энергиясын жеткізу Жүйелік оператордың дәлме-дәл кестесімен жоспарланады.
 

      67-5. Орталықсыздандырылған сауда нарығында жасасқан шарттар бойынша өтінімдер болып өткен операция тәулігінің 11:00 сағатына дейін (бұл жерде және бұдан әрі астана уақыты) жіберіледі. Бір тәуліктен астам кезеңге қолданылатын өтінімдерді электр энергиясының көтерме сауда субъектілерінің беруіне жол беріледі. Өтінімдер Жүйелік оператор белгілеген нысан бойынша факсимилды растауымен бірге электронды пошта арқылы (Internet) Жүйелік операторға жіберіледі. Сенбіге, жексенбі мен дүйсенбіге жұма күні, мерекелік күндерге - мерекенің алдындағы жұмыс күні беріледі.
 

      67-6. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы нәтижелерін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының операторы болып өткен операция 14 тәулігіне дейін жібереді. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық нәтижелері сенбіге, жексенбі мен дүйсенбіге жұма күні, мерекелік күндерге - мерекенің алдындағы жұмыс күні беріледі.
 

      67-7. 16:00 сағатқа дейін Жүйелік оператор электр энергиясының мемлекетаралық келісім-шарттық ағындарының кестесін көрші мемлекеттердің уәкілетті диспетчерлік бөлімшелерімен келіседі.
 

      67-8. Жүйелік оператордың заңнамамен белгіленген тәртіппен бекіткен тәуліктік кестесі болып өткен операция тәулігінің 17:00 сағатына дейін ұлттық электр торабына қосылған электр энергиясы нарығының субъектілеріне, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық операторына, ұлттық электр торабына қосылған нүктелерде электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуге жауапты нарық субъектілеріне жіберіледі.
 

      67-9. Бекітілген тәуліктік кестеге түзету енгізуге операциялық сағат басталғанға дейін 2 сағаттан кешіктірілмей, жол беріледі. Түзету енгізуді электр энергиясын сатып алу/сату шарттары бойынша контрагенттермен келісу бойынша энергия өндіруші ұйымдар жүргізеді. Техникалық іске асуы мүмкін болған жағдайда түзету тәуліктік кестеге енгізіледі. Түзетілген тәуліктік кесте операциялық тәулік аяқталғаннан кейін ұлттық электр торабына қосылған электр энергиясы нарығының субъектілеріне, ұлттық электр торабына қосылған нүктелерде электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуге жауапты нарық субъектілеріне жіберіледі.
 

      67-10. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында іске қосылған қуат резервін Жүйелік оператор бекітілген Тәуліктік кестеге түзету ретінде ресімдейді.

  11. Жауапкершілік

      68. Осы Ереженің бұзылғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жүктеледі.

                                Жүйелік оператордың қызмет көрсетуі,
                                   жүйелік және қосалқы қызметтер
                                   нарығын ұйымдастыру және жұмыс
                                       істеу ережесіне қосымша

       Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007 жылғы 18 шілдедегі  N 170 Бұйрығымен.

          Қазақстанның БЭЖ-Оңтүстік аймағының электр энергиясын
     өндіру-тұтынудың (орташа сағаттық қуаты) алдағы
   200__жылғы___тоқсанға арналған болжамдық теңгерімі

                                                 (МВт)


Тұты- ну бол- жам- дығы

Облыс стан- ция- лары- нан жеткі- зулер

Электр энергиясы тапшылығы

бар- лығы

Тапшылықты жабу, соның ішінде

Солтүс- тік энергия көзде- рінен

Жамбыл МАЭС тен

Орта- лық Азия мемле- кетте- рінен

Оңтүстік Қазақстан, барлығы

0

0

0

0

0

0

соның ішінде ӨЭЖК+ЭЖҰ

0

0

0

0

0

0

өнеркәсіптік кәсіпорындар

0

0

0

0

0

0

Оңтүстік Қазақстан
облысы, барлығы

0

0

0

0

0

0

соның ішінде ӨЭЖК+ЭЖҰ

0

0

0

0

0

0

өнеркәсіптік кәсіпорындар

0

0

0

0

0

0

оның ішінде "Оңтүстік Жарық" ЖШС

0


0

0

0


"Энергопоток" ЖШС



0

0

0


"Казфосфат" ЖШС (ЦСМС)



0

0

0


"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ



0

0

0


"KEGOC" АҚ шығындары



0

0

0


Бөлшек тұтынушылары+ӨМ







Оңтүстік Қазақстан
облысының ұсақ көтерме тұтынушылары

0

0

0

0

0


оның ішінде "Таукен
компаниясы" ЖШС (ҚазАтомӨнеркәсіп ҰАҚ)



0

0

0


"Шалкия Цинк" КОФ (ҚазАтомӨнеркәсіп ҰАҚ)



0

0

0


"Южполиметалл" ӨК АҚ



0

0

0


"Химфарм" АҚ



0

0

0


"Нурибал" ЖАҚ



0

0

0


"Сас-Төбе цемент" ЖШС



0

0

0


"Амангелді" ЖШС



0

0

0


"Катко" БӨ ЖШС



0

0

0


"ШКОЗ", "Рахат" ЖШС



0


Жамбыл облысы, барлығы

0

0

0

0

0

0

соның ішінде ӨЭЖК+ЭЖҰ

0

0

0

0

0

0

өнеркәсіптік кәсіпорындар

0

0

0

0

0

0

оның ішінде "ЖЭС" АҚ (шығындар)



0

0

0


"ЖОЭС" ЖШС



0

0

0


"Казфосфат" ЖШС (ЦСМС)



0

0

0


"Химпром-2030" ЖШС



0

0

0


"Қазақстан темір жолы" ҰК" ЖАҚ



0

0

0


"KEGOC" АҚ шығындары



0

0

0


Бөлшек тұтынушылары+ӨМ



0

0

0


Жамбыл облысының ұсақ көтерме  тұтынушылары:
соның ішінде

0

0

0

0

0


"Восточное РУ" АҚ



0

0

0


"Ақбақай КБК" АҚ



0

0

0


"Қазақмыс"  АҚ (Шатыркөл)



0

0

0


Қызылорда облысы, облысы

0

0

0

0

0

0

соның ішінде ӨЭЖК+ЭЖҰ

0

0

0

0

0

0

өнеркәсіптік кәсіпорындар

0

0

0

0

0

0

оның ішінде "Қ-О ӨЭЖК" АҚ (шығындар)



0

0

0


"Қызылордаэнергосбыт" ЖШС



0

0

0


К-О облысының АЭЖ-рі



0

0

0


"Байқоңырэнерго" ӨЭБ"
МУӨ



0

0

0


"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ



0

0

0


"KEGOC" АҚ шығындары



0

0

0


Бөлшек тұтынушылары+ӨМ







Қызылорда облысының
ұсақ көтерме тұтынушылары

0

0

0

0

0


оның ішінде "Таукен компаниясы" ЖШС (ҚазАтомӨнеркәсіп ҰАҚ)



0

0

0


ҚазАтомӨнеркәсіп ҰАК-тың басқалары

0


0

0

0


"Шалқия цинк ЛТД" АҚ (ҚазАтомӨнеркәсіп ҰАҚ)



0

0

0


Алматы облысы, барлығы

0

0

0

0

0


соның ішінде ӨЭЖК+ЭЖҰ

0

0

0

0

0

0

өнеркәсіптік кәсіпорындар

0

0

0

0

0

0

оның ішінде "АПК" АҚ (бөлшек тұтынушылары
+шығындар+ӨМ)



0




"Алматыэнергосбыт" ЖШС



0

0

0


"ТАТЭК" АҚ (шығындар)



0

0

0


"Жетісуэнерготрейд" ЖШС 



0

0

0


"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ



0

0

0


"KEGOC" АҚ шығындары



0

0

0


Бөлшек тұтынушылары +ӨМ (Талдықорған торабы)







Алматы облысының басқалары, барлығы:

0

0

0

0

0


"Восточное РУ" АҚ



0

0

0


"Балқашэнерго-1" ЖШС (Үлкен)



0

0

0


"Талдықорғантеплосервис" МКӨ



0

0

0


"Жетісуводаканал" ОМКӨ



0

0

0


"Тоқсым" ЖШС



0

0

0


"Қайнар" ААҚ



0

0

0


"АСПМК-519" ЖШС



0

0

0


         Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік
      транзитінің өткізгіштік қабілеті                 631 МВт
      Бөлу коэффициенті                                _______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады