Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына арналған үлгілік шартты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 302 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына арналған үлгілік шарт бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 302 қаулысымен   
бекітілген      

Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың
құрылысына арналған
үлгілік шарт

__________ қ.           № _____          20__ ж. «___» ______________

Бұдан әрі «Инвестор» деп аталатын
_____________________________________________________________ атынан,
(заңды тұлғаның атауы, резиденттігі, құрылған күні, тіркеу
  туралы куәлік, күні және нөмірі, кім тіркеген немесе жеке
    тұлғаның Т.А.Ә., азаматтығы, резиденттігі, жеке басын
            куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні)
_____________________________________________________________________
      (20__ ж. «___» ____________ № ____ жарғы, ереже, сенімхат)

негізінде әрекет ететін
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
             (шартқа қол қоятын тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)

және бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын
_____________________________________________________________ атынан,
(электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын
   Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы)
_____________________________________________________________________
                          (лауазымы, аты-жөні)

______ жылғы «___» _________________ Тапсырыс беруші өткізген жаңадан
пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған
тендер (бұдан әрі – тендер) қорытындылары бойынша төмендегілер туралы
осы Шартты жасасты.

1. Шарттың нысанасы

      Инвестор өз қаражаты есебінен _________________________________
                                              (объекті атауы)
(бұдан әрі – энергетикалық кешен) салуға және жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың талап етілетін техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамаларға, ҚНжЕ және осы Шарттың талаптарына сәйкес әзірленген жобалық құжаттамаға сай энергетикалық кешенді пайдалануға беруге міндеттенеді.
      Тапсырыс беруші өз құзыреті шегінде Инвесторға энергетикалық кешенді жобалау, салу кезінде туындаған проблемалар мен мәселелерді шешуге жәрдемдесуге міндеттенеді.

2. Мерзімдері

      1. Энергетикалық кешен құрылысының басталу күні – осы Шартқа қол қойылғанынан кейін _____ күн өткен соң.
      2. Энергетикалық кешенді пайдалануға беру күні: 20__ ж «___» _______________.
      3. Энергетикалық кешенді салу ұзақтығының мерзімі Тараптардың қосымша келісімімен өзгертілуі мүмкін.

3. Шарт сомасы

      4. Энергетикалық кешен құрылысының сомасы Тендер нәтижелері бойынша айқындалған және _______________________ теңгені (бұдан әрі – шарт сомасы) құрайды.
      5. Шарт сомасы бекітілген сома болып табылады және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, екі тарап та бекіткен қосымша келісім арқылы ғана өзгертілуі мүмкін.
      6. Инвестор энергетикалық кешен құрылысын Энергетикалық кешен шартының жалпы сомасының кемінде отыз пайызын құрайтын меншікті қаражат есебінен қаржыландыруды есепке ала отырып жүзеге асырады.

4. Инвестордың құқықтары мен міндеттері

      7. Инвестор:
      1) Тапсырыс берушіге энергетикалық кешен құрылысының барлық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
      2) осы Шарт бойынша жұмыстарды орындауға мердігер ұйымдармен шарт жасасуға құқылы.
      8. Инвестор:
      1) осы Шарт бойынша талаптар құқықтарын үшінші тұлғаға беру кезінде Тапсырыс берушінің жазбаша келісімін алдын ала алуға;
      2) осы Шартта көрсетілген мерзімдерде жобалық құжаттамаға, ҚНжЕ сәйкес жұмысты орындауға;
      3) жұмыстарды орындаудың барлық кезеңінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын сақтауға;
      4) мердігер ұйымдармен мердігерлік шартын жасасу туралы Тапсырыс берушіні бес жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етуге. Ақпаратта мердігерлік шарттың нысанасы, мердігерлік ұйымдардың атауы мен мекенжайы баяндалуы тиіс;
      5) құрылыстың аяқталу мерзіміне әсерін тигізуі мүмкін факторлардың туындауы туралы Инвестор ол туралы білген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Тапсырыс берушіге жазбаша түрде хабарлауға;
      6) Тапсырыс берушіге оның сұратуы бойынша осы Шарт бойынша жұмыстардың орындалу барысы туралы ақпарат беруге міндетті.

5. Тапсырыс берушінің құқықтары

      9. Тапсырыс беруші:
      1) құрылыс барысына және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына, оларды орындау мерзімінің сақталуына мониторингті жүзеге асыруға;
      2) мониторинг жүргізу үшін Инвестордың уақытша құрылыстарына, қоймаларына, құрылыстың жұмыс аумағына еркін кіруге құқылы.

6. Энергетикалық кешенді тапсыру және қабылдап алу

      10. Құрылысы аяқталған энергетикалық кешенді қабылдап алу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Тараптар осы Шартта көзделген барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін жүзеге асырылады.
      11. Инвестор энергетикалық кешеннің пайдалануға беруге әзірлігі туралы Тапсырыс берушіні _______________ жұмыс күні бұрын хабарлайды.
      12. Энергетикалық кешенді алдын ала қабылдап алу Инвестордың энергетикалық кешенді пайдалануға беруге әзірлігі туралы жазбаша хабарламасында көрсетілген күннен кейін ___________ жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      13. Құрылыс аяқталғаннан кейін Тараптар осы Шарттың талаптарын орындау жөніндегі актіге қол қояды.

7. Форс-мажор

      14. Еңcерілмейтін күш мән-жайлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалады.
      15. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңcерілмейтін күш мән-жайлары, сондай-ақ осы мән-жайлардан туындаған салдарлар әрекет еткен шамалас уақытқа кейінге шегеріледі.
      16. Егер осы Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауының мүмкін еместігі еңcерілмейтін күш мән-жайларының басталуына байланысты алты айдан астам орын алатын болса, онда Тараптар осы Шартты қайта қарауға немесе бұзуға құқылы.

8. Сапа кепілдіктері

      17. Инвестор:
      1) пайдаланылатын материалдардың, конструкциялардың, жабдықтар мен жүйелердің тиісінше сапалы болуына, олардың жобалық ерекшеліктерге, ұлттық стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкестігіне, олардың тиісті сертификаттармен, техникалық паспорттармен және олардың сапасын растайтын өзге де құжаттармен қамтамасыз етілгендігіне;
      2) жобалық құжаттамаға және қолданыстағы нормаларға, техникалық шарттарға және ҚНжЕ сәйкес жұмыстардың орындалу сапасына;
      3) энергетикалық кешенді алдын ала қабылдап алу кезінде анықталған кемшіліктер мен ақауларды уақтылы жоюға кепілдік береді.

9. Тараптардың жауапкершілігі

      18. Энергетикалық кешенде еңбек қауіпсіздігі техникасының қағидалары бұзылған жағдайда, Инвестор мұндай бұзушылықтар нәтижесінде туындайтын барлық залалдар үшін толық материалдық жауапкершілікте болады.
      19. Құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде қауіпсіздік техникасы қағидаларының талаптарын сақтамағаны үшін Инвестор Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады.
      20. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде Инвестор қызметкерлерді барлық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етеді.
      21. Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

10. Шартты бұзу

      22. Осы Шарт бір жақты тәртіппен, Тараптардың келісімі бойынша не сот тәртібімен бұзылуы мүмкін.
      23. Егер осы Шартты орындау кезінде осы Шартта көзделген мерзім аяқталғаннан кейін күнтізбелік _______ күн ішінде Инвестор осы Шартты орындауға кіріспейтіні мәлім болса, Тапсырыс беруші сотқа жүгінбей, бір жақты тәртіппен осы Шартты бұзуға және жұмыстарды орындауды үшінші тұлғаға беруге құқылы.

11. Құпиялылық

      24. Тараптар шартта келіскен кез келген ақпараттың (деректердің), сондай-ақ осы Шартты орындау процесінде Тараптарға белгілі болған кез келген ақпараттың (деректердің) құпиялылығын сақтамағаны үшін Тараптарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен жауапкершілік жүктеледі.

12. Дауларды шешу тәртібі

      25. Осы Шартты орындау кезінде туындайтын даулар мен келіспеушіліктер мүмкіндігінше тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешіледі.
      26. Дауларды келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, тараптар оларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот органдарының қарауына береді.

13. Қорытынды ережелер

      27. Осы Шарт оған Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
      28. Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өздерінің құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
      29. Осы Шартқа қол қойылғаннан кейін осы Шартқа қатысты тараптар арасындағы барлық алдын ала уағдаластықтар, талқылаулар және хат-хабарлар күшін жояды.
      30. Егер осы Шартта көзделмеген жаңа міндеттемелердің туындауына алып келетін Тараптар арасындағы кез келген уағдаластықты Тараптар осы Шартқа қосымша келісім түрінде жазбаша нысанда растаса, ол жарамды болып есептеледі.
      31. Осы Шартта тікелей көзделмеген барлық жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
      32. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде _____________ данада жасалды.
      Егер Инвестор ретінде шетелдік тұлға әрекет еткен жағдайда, Шарт қазақ тілінде және тараптарға қолайлы тілде жасалады.

Тараптардың заңды мекенжайлары, деректемелері және қолдары

Инвестор


Тапсырыс беруші

____________________________


____________________________

(шарт түрі бойынша ЗТ немесе
ЖТ атауы)


(электр энергетикасы
саласындағы басшылықты
жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының уәкілетті
мемлекеттік органы)

____________________________


____________________________

(орналасқан елі)


(орналасқан елі)

____________________________


____________________________

(қала, п/б, көше, үй және
кеңсе нөмірі, факс және
телефон нөмірі)


(қала, п/б, көше, үй және
кеңсе нөмірі, факс және
телефон нөмірі)

____________________________


____________________________

(есептік немесе валюталық
шоттың нөмірі, қызмет
көрсететін банк атауы, МҚҰ,
ЖСН, төлем мақсатының коды)


(есептік немесе валюталық
шоттың нөмірі, қызмет
көрсететін банк атауы, МҚҰ,
ЖСН, төлем мақсатының коды)

____________________________


____________________________

(шартқа қол қоятын тұлғаның
лауазымы, Т.А.Ә., қолы,
мөрі, егер жеке тұлға болса,
онда ЖСН)


(шартқа қол қоятын тұлғаның
лауазымы, Т.А.Ә., қолы,
мөрі, егер жеке тұлға болса,
онда ЖСН)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады