Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына арналған үлгілік шартты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 302 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 қаулысымен

«Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың
құрылысына арналған үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29наурыздағы № 302
қаулысыныңбаспасөз-релизі

      «Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына арналған үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 302 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 4-бабының 5-2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 4 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 25-VЗаңын іске асыру іс-шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегi № 169-ө Өкiмiн іске асыру мақсатында әзірленген. Қаулы алғашқы ресми жарияланғанан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Үлгілік шартпен инвестор мен тапсырыс берушіның арасында жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына арналған шартты бекіту тәртібі айқындалады.
      Қаулы республикалық бюджеттен қаржы шығындарын болжамайды жәнетеріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа
      технологиялар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз