«Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 29 наурыздағы № 303 қаулысыныңбаспасөз-релизі
«Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 303 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңының 4-бабының 38-2) тармақшасына байланысты және «Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 4 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 25-VЗаңын іске асыру іс-шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегi № 169-ө Өкiмiн іске асыру мақсатында әзірленген. Қаулы ресми жариялануға тиіс және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Қағидалардың 15, 20, 23, 24, 25-тармақтарын, 26-тармақтың 1) және 3) тармақшаларын, 27, 28, 29 және 30-тармақтарын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қағида Қазақстан Республикасының электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайды.
Қаулы республикалық бюджеттен қаржы шығындарын болжамайды жәнетеріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді.
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі