2012 жылғы 22 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасында мектеп салу туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 341 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасында мектеп салу туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Саят Болатұлы Шаяхметовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасында мектеп салу туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2013 жылдың 11 сәуірдегі
№ 341 қаулысымен   
мақұлданған      

Жоба

2012 жылғы 22 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз
Республикасында мектеп салу туралы келісімге өзгерістер енгізу
туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі
      2012 жылғы 22 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасында мектеп салу туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 5-бабын басшылыққа ала отырып,
      Келісімге мынадай өзгерістер енгізуге келісті:

1-бап

      1. Келісімнің тақырыбындағы «мектеп» деген сөз «екі мектеп» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 1 және 2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап
      Осы Келісімнің мақсаты қазақстандық тараптың «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы бөлетін 1 200 800 (бір миллиард екі жүз миллион сегіз жүз) мың теңге мөлшеріндегі қаражаты есебінен Бішкек қаласында 500 орындық және Ош қаласында 500 орындық мектептер салу және оларға іргелес жатқан аумақтарды (бұдан әрі – объектілер) абаттандыру болып табылады.
      2-бап
      Қырғыз тарапы объектілерді салу үшін Бішкек қаласында 2,49 га көлемінде және Ош қаласында 2,5 га көлемінде Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес қандай да бір міндеттемелерден босатылған жер учаскелерін ұсынады.».
      3. 3-баптың бірінші бөлігіндегі «объектінің» деген сөз «объектілердің» деген сөзбен ауыстырылсын.
      4. 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «4-бап
      Қырғыз тарапы Қырғыз Республикасының техникалық және нормативтік талаптарына сәйкес жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуді, объектілерді инженерлік желілерге қосу және басқа да жұмыстар үшін қажетті барлық рұқсаттама құжаттамаларын ресімдеуді, мемлекеттік сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді.».

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 5-бабына сәйкес оның ажырамас бөлігі болып табылады.
      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
      20__ жылғы «_________» _________ қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының                Қырғыз Республикасының
            Үкіметі үшін                            Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады