"2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 363 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында 204 «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi» әкімшісі бойынша 009 «Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру үшін шетелде жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу және салу» бағдарламасында:
      «2013 жыл» деген бағанда:
      «ҚР РФ-дағы Елшілігінің ғимараттарын кеңейту және ҚР-ның мәдени орталығын салу» деген жолдағы «735 000» деген сандар «343 315» деген сандармен ауыстырылсын;
      «ҚР Өзбекстандағы Елшілігінің ғимараттар кешенін салу» деген жолдағы «76 001» деген сандар «467 686» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады