Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 16 сәуірдегі
№ 364 қаулысымен
бекітілген
«Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) ағымдағы дезинфекция – науқас ауру ошағында болған кезде әрбір нозологиялық нысан үшін белгіленген жиілікпен жүргізілетін дезинфекция;
2) гнус – ашық табиғатта және елді мекендерде адамды шағатын және оның қанын соратын қансорғыш жәндіктердің – масалардың, соналардың, майда шыбындардың, есекқұрттардың, бәкене шыбындардың бірқатар түрлерін қамтитын жиынтық ұғым;
3) далалық дезинсекция – адамдар болатын жерлерге қорғаныш аймақтарын құру және қансорғыш жәндіктер мен кенелердің санын азайту мақсатында елді мекен шегінде оларды жою;
4) далалық дератизация – адамдар үшін қауіпті аурулар эпизоотиясын болдырмау және кеміргіштердің санын азайту мақсатында оларды жою;
5) дезинфекция – инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені;
6) дезинфекциялық жабдық – дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту, стерильдеу, дезинсекциялау және дератизациялау жүргізуге арналған аппараттар мен қондырғылар;
7) дезинфекциялық құралдар (бұдан әрі – дезқұралдар) – дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту, стерильдеу, дезинсекциялау, дератизациялау жүргізуге арналған химиялық, биологиялық құралдар, сондай-ақ репелленттер;
8) дезинсекция – жәндіктер мен басқа да буынаяқтыларды жою бойынша іс-шаралар кешені;
9) дератизация – кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар кешені;
10) жоғарғы деңгейдегі дезинфекция – барлық патогенді және шартты патогенді микроағзалар жойылатын, ал споралар саны азаятын дезинфекция;
11) инсектицидтер (акарицидтер, инсектоакарицидтер) – жәндіктер мен кенелерді жою үшін пайдаланылатын құралдар (препараттар);
12) имаго – ересек жыныстық жетілген жәндіктер;
13) камералық дезинфекция – дезинфекциялық камераларда дезинфекциялау және дезинсекциялау;
14) кенттік дезинсекция – елді мекен шегінде зиянды жәндіктерді, кенелерді және басқа да буынаяқтыларды жою;
15) кенттік дератизация – тұрғын үй-жайларда (ғимараттарда), қора-қопсы құрылыстарында, мал шаруашылығы, өндірістік үй-жайларда, қойма және басқа да үй-жайларда, сондай-ақ елді мекеннің шегінде ашық аумақта кеміргіштерді жою;
16) қолдану режимі – препаративті нысанда пайдаланылатын қолданыстағы заттардың шоғырлануын қоса алғанда, дезинфекциялау құралын қолдануды сипаттайтын нормалардың жиынтығы, препараттың шығыны, өңдеу уақыты, өңдеу жиілігі мен ауданы, қосымша заттар мен әдістерді пайдалану;
17) қорытынды дезинфекция – науқасты емдеуге жатқызғаннан, оқшаулағаннан кейін, ол жазылған соң немесе қайтыс болғаннан кейін ошақта жүргізілетін дезинфекция;
18) орта деңгейдегі дезинфекция – бактерияларды (оның ішінде туберкулездің микобактерияларын), вирустарды (оның ішінде полиовирустарды), грибоктарды жоятын, бірақ спораларды жоймайтын дезинфекция;
19) ошақтық дезинфекция – инфекциялық аурулар ошақтарында ағымдағы және қорытынды дезинфекциялау түрінде жүргізілетін дезинфекция;
20) препаративті нысан – дезинфекциялау құралдарын шығару және/немесе пайдалану нысаны;
21) профилактикалық дезинфекция – анықталған инфекция көзі болмаған кезде алдын алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені (дезинфекция, дезинсекция мен дератизациялауды қамтиды);
22) репелленттер – жәндіктерді және басқа да буынаяқтыларды үркіту құралдары;
23) родентицидтер (ратицидтер) – кеміргіштерді жоюға арналған құралдар (препараттар);
24) стерилизация – қоздырғыштардың барлық түрін, оның ішінде спораларды физикалық, химиялық, термиялық немесе аралас әдістермен оларға әсер ету арқылы толық жою;
25) төменгі деңгейдегі дезинфекция – бактерияларды, кейбір грибоктарды, вирустарды жоятын, бірақ туберкулез микобактериялары сияқты төзімді бактерияларға қатысты тиімсіз дезинфекция.
3. Дезқұралдармен жұмыс істеуге денсаулығының жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі жоқ, кәмелет жастағы адамдарға рұқсат етіледі.
4. Дезқұралдармен жұмыс істеуге тартылатын мамандар (дезинструктор, дезинфектор, дератизатор) әр 5 жыл сайын дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік даярлықтан және жыл сайын жұмыстарды қауіпсіз жүзеге асыру, дезқұралдармен уланған кезде дәрігер қарағанға дейін алғашқы көмек көрсету мәселелері жөнінде нұсқамадан өтеді.
5. Дезқұралдарды сақтау және тасымалдау «Профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1691 қаулысына сәйкес жүргізіледі.
6. Дезқұралдар затбелгіде құралдың атауын, жарамдылық мерзімін көрсете отырып, өнім берушінің ыдысында (қаптамада) сақталады. Ыдыстың затбелгісі дезқұралды сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.
7. Дезқұралдардың жұмыс ерітінділерін, улы қармақ жемдерді дайындау, оларды өлшеп-орау сорып-шығаратын желдеткішпен жабдықталған арнайы үй-жайда, арнайы киімді (бұдан әрі – арнайы киім) және жеке қорғаныш құралдарын (қолғаптарды, респираторларды) міндетті түрде пайдалана отырып жүргізіледі. Бұл үй-жайларда бөгде адамдардың болуына, жеке заттарды, тамақ өнімдерін сақтауға, ас ішуге және темекі тартуға жол берілмейді.
8. Дезинфекциялау, дезинсекциялау мен дератизациялау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумағында қолдануға рұқсат етілген дезқұралдар қолданылады. Дезқұралдардың қауіптілігі осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген қауіптілік сыныптауышына сәйкес белгіленеді. Дезқұралдарды қолдану шарттары олардың қауіптілік дәрежесімен айқындалады:
1) жабық үй-жайларда аса қауіпті құралдарды (1-сынып) пайдалануға рұқсат етілмейді;
2) балалар, медициналық ұйымдарда, қоғамдық тамақтану объектілерінде және тұрғын үй-жайларда аса қауіпті және жоғары қауіпті құралдарды (1 және 2-сынып) пайдалануға рұқсат етілмейді. Басқа объектілерде кейіннен міндетті түрде желдету және жинау арқылы тек оқытылған персонал ғана оларда адамдар жоқ кезде қолдануына рұқсат етіледі;
3) орташа қауіпті құралдарды (3-сынып) оқытылған персоналдың кез келген типтегі үй-жайларда және тұрғындардың тұрмыста, бірақ қолдану шарттарының міндетті түрдегі регламенттеуімен (препараттың шығыны, желдету режимі, жинау) пайдалануға рұқсат етіледі;
4) қауіптілігі аз құралдарды (4-сынып) қолдану саласын шектемей пайдалануға рұқсат етіледі.
2. Дезинфекцияны ұйымдастыру және жүргізу
9. Тітіркендіргіш әсері және аллергиялық реакциялар тудыратын препараттармен үй-жайларды себелеу, тозаңдату, сүрту әдістерімен дезинфекциялау адамдар болмаған кезде жүргізіледі.
10. Жекелеген объектілерді зарарсыздандыру кезінде дезқұралдардың шығыны осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есептеледі.
11. Инфекциялық аурудың ошағында ағымдағы дезинфекция науқасты анықтаған кезден бастап емдеуге жатқызғанға дейінгі кезеңде жүргізіледі, үйде емделген кезде – аурудан жазылғанға дейін, реконвалесценттер мен бактерия тасымалдаушыларда – толық сауыққанға дейін жүргізіледі.
12. Ағымдағы дезинфекцияны денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкері ұйымдастырады, оны науқасқа күтім жасайтын адам, реконвалесценттің немесе бактерия тасымалдаушының өзі жүргізеді.
13. Қорытынды дезинфекциялауды дезинфекциялық станциялар немесе санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының (ұйымдарының) дезинфекциялық бөлімдері (бөлімшелері), ауылдық жерлерде – медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары жүргізеді.
14. Қорытынды дезинфекция инфекциялық аурулар ошақтарында науқасты емдеуге жатқызу, оқшаулау, науқастың сауығуы немесе қайтыс болуы кезінен бастап бір тәулік ішінде жүзеге асырылады.
15. Инфекциялық аурулар ошақтарында қорытынды дезинфекциялауды жүргізуге өтінімді науқасты оқшаулағаннан, емдеуге жатқызғаннан кейін, диагноз өзгертілген соң, науқас қайтыс болғаннан кейін дәрігер-эпидемиолог санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының бөлімдеріне (бөлімшелеріне), дезинфекциялық станцияларға, обаға қарсы күрес мекемелеріне береді. Қышыма және дерматомикоз ошақтарында қорытынды дезинфекциялау жүргізуге өтінімді емдеуші дәрігер береді.
16. Денсаулық сақтау ұйымдарында ағымдағы дезинфекциялауды жүргізу үшін дезқұралдардың, дезинфекциялық-стерильдеу жабдығының қажеттілігін есептеу осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
17. Шоғырлануы ұсынылатын шоғырланудан кемінде 5 %-ға (немесе 0,1-0,2-ге) ауытқитын дезқұралдарды қолдануға жол берілмейді.
18. Дезинфекциялау режимдерін сақтауды қанағаттанарлық түрде бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша айқындалады:
1) ағымдағы дезинфекциялаудан кейін 50 минуттан кешіктірмей алынған бактериологиялық шайындылардың 3 пайызынан (бұдан әрі – %) аспайтын бақылау объектілерінен патогенді емес микрофлораны себу;
2) дезинфекциялау ерітінділерінің шоғырлануын азайтуға немесе арттыруға ерітінділердің берілген шоғырлануынан плюс-минус 0,1-0,2 шегінде жол беріледі;
3) әр түрінің қойылған сынамаларының кемінде 5 %-ын дезинфекциялау заттарының қалдық санына сәйкес келмейтін қанағаттанғысыз экспресс-сынамаларды анықтау;
4) тестілік бактериологиялық бақылаудың камералық дезинфекциялау режиміне сәйкес келуі;
5) қанның қалдық санына оң нәтижелі сынамалардың болмауы;
6) синтетикалық жуу заттарының сілтілік компоненттерінің және майлы дәрі-дәрмектер қалдықтарының қалдық санына оң нәтижелі сынамалардың болмауы;
7) стерильденбеген материалдың болмауы, стерильдеу режимінің сәйкес келуі.
19. Ошақтардағы ағымдағы дезинфекциялаудың сапасын бақылауды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының мамандары зертханалық әдістерді ошақтардың кемінде 5 %-ында қолдана отырып, бір ошақтан кемінде 10 бактериологиялық шайынды алу, дезинфекциялау құралының (құрғақ препарат) 1 сынамасын, жұмыс ерітіндісінің 1 сынамасын алу арқылы жүзеге асырады.
20. Егер патогенді емес микрофлораның болуына оң нәтижелі шайындылардың саны алынған шайындылар санының 3 %-нан аспайтынды, дезинфекциялау препаратының қалдық санының болуына теріс экспресс-сынамалар саны 5 %-дан аспайтынды және дезинфекциялау ерітінділерінің қанағаттанғысыз талдауының саны 5 %-дан аспайтынды құрайтын болса, дезинфекциялау сапасы қанағаттанарлық болып есептеледі.
21. Қорытынды дезинфекциялау жүргізгеннен кейін патогенді микрофлораны сепкен кезде, соңғысы қанағаттанғысыз болып есептеледі және дезинфекция сапасын кейіннен бақылау арқылы қайта жүргізіледі.
22. Қорытынды дезинфекциялау бойынша жұмысты ұйымдастыру сапасын бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша айқындалады:
1) қорытынды дезинфекциялауға жататын ошақтар санының ішінде инфекциялық ошақтарды өңдеумен қамту – кемінде 95 %;
2) науқасты емдеуге жатқызу немесе ұйымдастырылған ұжымнан оқшаулау сәтінен бастап бір тәулік ішінде инфекциялық ошақтарда қорытынды дезинфекциялауды орындау, қорытынды дезинфекциялауды уақтылы жүргізу – кемінде 90 %;
3) камералық дезинфекциялау жүргізуге жататын ошақтар санының ішінде камералық дезинфекциялау – кемінде 95 %;
4) ошақтарды қорытынды дезинфекциялау сапасын бақылаумен қамту:
көзбен тексерген кезде – жүргізілген дезинфекцияның жалпы санының кемінде 10 %-ын (ауылдық жерде – кемінде 5 %);
зертханалық әдістерді қолдана отырып – дезинфекция аяқталғаннан кейін 1 сағаттан 3 сағатқа дейінгі кезеңде пәтер ошақтарының кемінде 10 %-ын.
23. Денсаулық сақтау ұйымдарында дезинфекциялау сапасын бағалау үшін мыналар жүргізіледі:
1) стационарларда бір төсекке 0,3 шайынды есебімен, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда бір келуге 0,2 шайынды есебімен заттардан және жабдықтан шайынды алу арқылы дезинфекциялаудың сапасын бактериологиялық бақылау;
2) бастапқы дезинфектанттардың, дезпрепараттардың жұмыс ерітінділерінің әр түрінің сынамаларының кемінде 2 сынамасын зерттеу. Сынамаларды алу кезінде сынаманың алынған күні, дезинфекциялау ерітіндісінің дайындалған күні, оның шоғырлануы, қолданылу мақсаты белгіленеді;
3) камераның типі мен көлеміне байланысты дезинфекциялау камераларының жұмысының тиімділігін бақылау камераның үш жазықтығында 5-10 бактериялық (химиялық) тест салу арқылы жүргізіледі. Стерильдеу сапасын бағалау үшін стерильдеу жағдайларына, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен ауа ортасының стерильдігіне бақылау жүргізіледі.
24. Хирургиялық бейіндегі стационарлардың (бөлімшелердің) үй-жайларындағы ауа мынадай тәсілдермен зарарсыздандырылады:
1) адамдар болмаған кезде қолданылатын ашық және аралас бактерицидті сәулелегіштер мен жабық сәулелегіштердің, оның ішінде адамдар болған кезде ауаны зарарсыздандыруды жүргізуге мүмкіндік беретін рециркуляторлардың көмегімен ультракүлгін сәулеленумен әсер ету;
2) қорытынды тип бойынша дезинфекциялау және күрделі жинау жүргізу кезінде адамдар болмағанда арнайы шашатын аппаратураның (аэрозоль генераторлары) көмегімен дезинфекциялау құралдарының аэрозольдерімен әсер ету;
3) қорытынды дезинфекциялау және күрделі жинау жүргізу кезінде адамдар болмағанда озон генераторлары қондырғыларының көмегімен озонмен әсер ету;
4) микробтарға қарсы сүзгілерді қолдану.
25. Пациентті стационардан шығарғаннан кейін төсек-орын жабдығына камералық дезинфекциялау жүргізіледі.
26. Дезинфекциялау сапасын бактериологиялық бақылауды, стерильдеуді, биологиялық тесттерді дайындауды санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы жүзеге асырады.
27. Денсаулық сақтау ұйымдарында зертханалық әдістерді қолдана отырып, дезинфекциялаудың сапасын бақылау босандыру және балалар ұйымдарында – жылына 3 рет, хирургиялық стационарларда – қоршаған орта объектілерінен шайындылар алу, стерильдікке тексеру үшін материал алу арқылы – жылына 2 рет, өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында (амбулаториялық-емханалық мекемелер, диспансерлер) – жылына 1 рет жүргізілуі тиіс. Балалар ұйымдарында (сәбилер үйлері, баспаналар, балабақшалар) бақылау көрсетілген объектілерді мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын бөлімдермен бірлесіп жылына 2 рет жүргізілуі тиіс.
3. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерильдеу алдындағы
тазарту дезинфекциясын және стерильдеуді ұйымдастыру және
жүргізу
28. Медициналық жабдық пен медициналық мақсаттағы бұйымдар (бұдан әрі – ММБ) адам ағзасымен жанасу дәрежесіне және пациенттің жұқтыру қаупіне қарай үш топқа бөлінеді:
1) сыни ММБ – адамның тіндерімен, ағза қуыстарымен немесе қан жүретін жолдармен тікелей жанасатын құрал-саймандар мен жабдық;
2) жартылай сыни ММБ – зақымданбаған сілемейлі қабықтармен жанасатын құрал-саймандар мен жабдық;
3) сыни емес ММБ – зақымданбаған тері жамылғымен жанасатын құрал-саймандар, жабдық пен күтім жасау заттары.
Сыни ММБ міндетті стерильдеуге, жартылай сыни ММБ – жоғарғы және орта деңгейдегі дезинфекциялауға, сыни емес ММБ орта және төмен деңгейдегі дезинфекциялауға жатады.
29. ММБ-ны дезинфекциялау және стерильдеу алдында тазарту осы Санитариялық қағидаларға 4, 5-қосымшаларға сәйкес жүргізіледі.
30. Денсаулық сақтау ұйымдарында стерильді түрде шығарылатын тігіс материалы пайдаланылады. Тігіс материалын этил спиртімен өңдеуге және сақтауға қатаң тыйым салынады.
31. Наркозды-тыныс алу аппаратурасын пайдалануға дайындау кезінде аталған аппаратураны жарақтандыруға арналған арнайы бактериялық сүзгілер пайдаланылады. Сүзгілерді орнату және алмастыру нақты сүзгіні қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. Ылғандандырғыш резервуарларды толтыру үшін стерильді дистильденген су пайдаланылады. Аппараттардың алмалы-салмалы бөлшектері тиісті материалдардан жасалған ММБ сияқты дезинфекцияланады.
32. Пациенттерге күтім жасау заттарын мынадай тәсілдермен дезинфекциялайды:
1) төсеме клеенкалар, алжапқыштар, полимерлі үлдірден және клеенкадан жасалған матрастардың тыстары – дезқұралдың ерітіндісіне малынған мата сулықпен сүрту тәсілімен;
2) оттекті бетперделер, оттекті жастықтар ұштары, электр/вакуумды сорғыштар шлангілері, медициналық термометрлер, дәретке отыратын ыдыстар, несепсауыттар, эмальданған легендер, клизмалардың ұштықтары, резеңке клизмалар – кейіннен сумен шая отырып, дезқұрал ерітіндісіне батыру тәсілімен;
3) пациенттерге күтім жасау (оларға белгі қойылмаған) заттарын өңдеу үшін белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат берілген жуу-дезинфекциялау қондырғыларын пайдалануға болады.
33. ММБ-ны стерильдеу ыстық-ауа стерилизаторларында, автоклавтарда, спороцидті әсер ететін стерильдеу құралдарының ерітінділеріне салып өңдеу (жоғары деңгейдегі дезинфекция) жолымен осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшада белгіленген әдістерге сәйкес жүргізіледі.
34. ММБ-ны стерильдеу сапасын бақылау осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшада белгіленген әдістерге сәйкес жүргізіледі.
35. ММБ-ны дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту және химиялық заттардың ерітінділерімен стерильдеу кезінде оларды каналдары мен қуыстарын толтырып, дезқұралдардың жұмыс ерітіндісіне (бұдан әрі – «ерітіндіге») батырады. Алмалы-салмалы бұйымдар бөлшектелген түрінде батырады, құлыпталатын бөлшектері бар құрал-саймандар ерітіндіде бірнеше жұмыс әрекетін жасап, ашылып батырылады.
36. Өңдеу жүргізуге арналған ерітіндінің мөлшері ММБ толық батырылуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы тиіс, бұл ретте ерітіндінің мөлшері бұйымдардан кемінде бір сантиметрге (бұдан әрі – см) жоғары болуы тиіс.
37. Сүрту тәсілімен дезинфекциялауға пациентпен тікелей жанаспайтын немесе конструкциялық ерекшеліктері ерітіндіге батыру тәсілін қолдануға мүмкіндік бермейтін ММБ үшін қолдануға жол беріледі.
38. Көп рет қолданылатын ММБ-ны дезинфекциялағаннан кейін оны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік ұсынымдарға) сәйкес дезинфекциялау құралдарының қалдықтарынан тазартып жуылады.
39. Стерильдеу алдында тазарту сапасын бақылау күн сайын жүргізіледі. Бақылауға мыналар жатады: стерильдеу бөлімшесінде – ауысымда өңделген бұйымдардың әрбір атауының 1 %-ы; орталықтандырылмаған өңдеу кезінде – әрбір атаудың бір уақытта өңделген бұйымдардың 1 %-ы, бірақ кемінде үш бірлік. Бақылау нәтижелері журналда тіркеледі.
40. Жараның бетімен, қанмен (пациенттің ағзасындағы немесе оған енгізілетін) және/немесе инъекциялық препараттармен жанасатын барлық ММБ, сондай-ақ пайдалану үдерісінде сілемейлі қабықшамен жанасатын және оны зақымдауы мүмкін медициналық құрал-саймандардың жекелеген түрлері стерильдеуге жатады.
41. Булау әдісімен ММБ-ны, аспаптардың, тоттануға берік металл аппараттардың бөлшектерін, әйнекті, киім-кешекті, таңу материалын, резеңкеден, латекстен және пластмассаның жекелеген түрлерінен жасалған бұйымдарды стерильдейді.
42. Ауа әдісімен ММБ-ны, аспаптар мен аппараттардың, оның ішінде тоттануға берік емес металдан жасалған бөлшектерін, силиконды резеңкеден жасалған бұйымдарды стерильдейді. Ауа әдісімен стерильдеу алдында бұйымдарды стерильдеу алдындағы тазартудан кейін кептіру шкафында 85 Цельсий градус (бұдан әрі – 0С) температурада көзге көрінетін ылғалы кеткенге дейін міндетті түрде кептіреді. Ауа әдісімен стерильдеу үшін кептіру шкафтарын (ШСС түрін) пайдалануға тыйым салынады.
43. Химиялық құралдардың ерітінділерін қолдана отырып, химиялық стерильдеу әдісі басқа стерильдеу әдістерін пайдалануға мүмкіндік бермейтін, термолабильді материалдар пайдаланылған құрылымдағы бұйымдарды стерильдеу үшін қолданылады.
Жұмыс ерітінділерінің сұйытылуын болдырмау үшін оларға батырылған ММБ құрғақ болуы тиіс.
Химиялық құралдардың ерітінділерімен стерильдеу кезінде барлық манипуляциялар асептика қағидаларын қатаң сақтай отырып жүргізіледі: стерильдеу үшін стерильді ыдыстар және химиялық заттардың қалдықтарынан жуып шаю үшін стерильді су пайдаланылады.
44. Газды әдіспен стерильдеу құралы ретінде этилен тотығын, формальдегидті, озонды пайдалана отырып, әртүрлі, оның ішінде термолабильді материалдардан жасалған бұйымдарды стерильдейді. Газды әдіспен стерильдеу алдында стерильдеу алдындағы тазартудан кейін бұйымдарда көрінетін ылғалды құрғатады. Стерильдеу бұйымдардың нақты топтарын стерильдеуге арналған құралдарды қолдану режимдеріне сәйкес, сондай-ақ стерилизаторларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады.
45. Плазмалық стерилизаторларда сутегі тотығы негізінде стерильдеу құралдарын қолданып, плазмалық әдіспен хирургиялық, эндоскопиялық құрал-саймандарды, эндоскоптарды, оптикалық құрылғылар мен құрал-жабдықтарды, талшықты жарық өткізгіш кәбілдерді, зондтар мен датчиктерді, электр сымдары мен кәбілдерді және металдардан, латекстен, пластмассадан, әйнектен және кремнийден жасалған бұйымдарды стерильдейді.
46. Стоматологиялық ұйымдарда (кабинеттерде) бордың әр түрін және басқа да ұсақ құралдарды қыздырылған әйнек шарлардың ішіне толық батырып стерильдейтін гласперленді стерилизаторларды қолдануға жол беріледі. Бұл әдісті қыздырылған әйнек шарлардың ішіне толық батыру мүмкін емес үлкен стоматологиялық құрал-саймандарды стерильдеу үшін пайдалану ұсынылмайды.
47. Металдан жасалған стоматологиялық құрал-саймандарды инфрақызыл әдіспен стерильдейді.
48. Булау, ауа, газды және плазмалы әдістерді қолдану кезінде қағаз, аралас және пластикті қаптама стерильдеу материалдарын, сондай-ақ пергамент пен бөзді (стерильдеу әдісіне байланысты) пайдалана отырып, бұйымдарды оралған күйінде стерильдейді. Қаптама материалдары бір рет пайдаланылады.
Булау әдісін қолданған кезде одан басқа сүзгілері бар стерильдеу қораптарын пайдаланады.
Ауа және инфрақызыл әдістерін қолдану кезінде бұйымдарды қапталмаған күйде (ашық астаушаларда) стерильдеуге жол беріледі, одан кейін оларды мақсаты бойынша дереу пайдаланады.
49. Қапталған күйде стерильденген бұйымдарды сақтау шкафтарда, жұмыс үстелдерінде жүзеге асырылады. Сақтау мерзімі қаптамада көрсетіледі және оны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қаптама материалының түрімен айқындалады.
50. Қапталмаған күйде бұйымдарды стерильдеуге орталықтандырылмаған өңдеу жүйесі кезінде ғана мынадай жағдайларда жол беріледі:
1) ММБ-ны химиялық заттардың ерітінділерімен стерильдеу кезінде;
2) металдан жасалған құрал-саймандарды портативті стерилизаторларда термикалық (гласперленді, инфрақызыл, ауа, булау) әдістерімен стерильдеу кезінде.
Қапталмаған күйде стерильденген барлық бұйымдарды мақсаты бойынша дереу пайдаланған орынды. Оларды кабинеттен кабинетке тасымалдауға тыйым салынады.
51. Қажет болған жағдайда термикалық әдістердің бірімен қапталмаған күйде стерильденген құрал-саймандарды стерильдеуден кейін жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген мерзім ішінде бактерицидті (ультракүлгін шамдармен жабдықталған) камераларда сақтауға, мұндай камералар болмаған жағдайда, стерильденген үстелде 6 сағаттан асырмай сақтауға жол беріледі.
52. Стерильденген қораптарда стерильденген ММБ-ны оларды ашқаннан кейін 6 сағаттан асырмай пайдалануға жол беріледі.
53. Ультракүлгін шамдармен жабдықталған бактерицидті камераларды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес олардың микроағзалармен екінші рет ластануын азайту үшін құрал-саймандарды сақтау мақсатында ғана қолданылады. Бұйымдарды дезинфекциялау немесе стерильдеу мақсатында мұндай жабдықты қолдануға қатаң тыйым салынады.
54. Қапталмаған күйде бұйымдарды ауа әдісімен стерильдеу кезінде ауа стерилизаторында стерильденген бұйымдарды сақтауға және стерильденгеннен кейін оларды келесі күні пайдалануға жол берілмейді.
55. Химиялық заттардың ерітінділерін қолдана отырып, химиялық әдіспен стерильдеу кезінде стерильді сумен жуылған, стерильденген бұйымдарды мақсаты бойынша дереу қолданады немесе стерильденген жайма төселген, сүзгісі бар стерильді стерильденген қорапқа 3 тәуліктен аспайтын мерзімге сақтауға қояды.
56. Стерильденген үстелдің үстін жаю бойынша барлық манипуляциялар стерильденген халатта, бетпердеде және қолғаптарда стерильденген жаймаларды пайдалана отырып жүргізіледі. Стерильденген үстелді жаю күні мен уақыты туралы белгі міндетті түрде қойылады. Стерильденген үстелді 6 сағатқа жаяды. Стерильді үстелде осы уақыт ішінде пайдаланылмаған материалдар мен құрал-саймандарды қайта стерильдеуге жібереді.
57. Стерильдеуден кейін сақтау мерзімі өткен стерильденген ММБ-ны пайдалануға жол берілмейді.
58. Стерильдеуді бақылау стерилизаторлардың жұмысын бақылауды, стерильдеу режимдері параметрлерінің мәндерін тексеруді және оның тиімділігін бағалауды қамтиды.
Стерилизаторлардың жұмысын бақылау физикалық (бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалана отырып), химиялық (химиялық индикаторларды пайдалана отырып) және бактериологиялық (биологиялық индикаторларды пайдалана отырып) әдістермен жүргізіледі. Стерильдеу режимдерінің параметрлерін физикалық және химиялық әдістермен бақылайды.
Стерильдеу тиімділігін ММБ стерильділігін бақылау кезінде бактериологиялық зерттеулердің нәтижелері негізінде бағалайды.
59. Стерилизаторлар оларды орнатқаннан (жөндегеннен) кейін, сондай-ақ пайдалану барысында өндірістік бақылау тәртібімен жылына кемінде екі рет бактериологиялық бақылауға жатады.
60. Стерилизаторларға техникалық қызмет көрсетуді, оларды кепілді және ағымдағы жөндеуді сервистік қызметтердің мамандары жүзеге асырады.
61. Булау мен ауа стерилизаторларының жұмысын бақылау химиялық және биологиялық тестілерді, термохимиялық индикаторларды пайдалана отырып, физикалық, химиялық және бактериологиялық әдістермен жүзеге асырылады.
62. Физикалық және химиялық әдістермен стерильдеу циклі үдерісінде бу және ауа стерилизаторларының жұмысы режимінің параметрлерін бақылау жүзеге асырылады, бактериологиялық әдіспен стерилизатор жұмысының тиімділігі бағаланады.
63. Стерилизаторлардың жұмысын бақылауды оларды әр толтырған кезде денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары жүргізеді.
64. Стерильдеу жабдығын өлшеу құралдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеруге жатады.
65. Аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары стерилизаторлар жұмысының тиімділігіне іріктеп бақылауды жүзеге асырады.
66. Стерилизатордың температурасын бақылауды жүргізу кезінде тестілерді (химиялық тестілер, термохимиялық индикаторлар мен биологиялық тестілер) стерильдеу материалы бар қаптама қағаздан жасалған пакеттерге орайды және осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес стерилизатордың бақылау нүктелеріне орналастырады.
67. Стерильденетін материалдың әр партиясы осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерильдеуді есепке алу журналында тіркеледі. Стерилизатордың паспорты, стерилизаторлардың техникалық жай-күйі мен стерильдеу тиімділігін тексеру туралы актілер мен хаттамалар денсаулық сақтау ұйымындағы жауапты адамда сақталады.
68. Стерильденбеген эндоскопиялық манипуляциялар кезінде (жеке микробтық көрінісі бар ағза қуыстарына табиғи жолдар арқылы эндоскоп енгізілген кезде) пайдаланылатын эндоскоптар тікелей қолданылып болғаннан кейін алдын ала тазартуға, соңғы тазартуға, жоғары деңгейдегі дезинфекциялауға және микроағзалармен екінші рет ластануды болдырмайтын жағдайларда сақтауға жатады.
Стерильді эндоскопиялық манипуляциялар кезінде (хирургиялық араласулар кезінде пайдаланылатын олардың каналдары арқылы стерильденген құрал-саймандарды енгізу, эндоскоптарды стерильденген қуыстарға енгізу, жарамен, қанмен жанасу) пайдаланылатын эндоскоптар қолданылып болғаннан кейін алдын ала тазартуға, стерильдеу алдында тазартуға, стерильдеуге және микроағзалармен екінші рет ластануды болдырмайтын жағдайларда сақтауға жатады.
Эндоскоптар мен олардың құрал-саймандарын дезинфекциялау және стерильдеу осы Санитариялық қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
69. ММБ-ны стерильдеуді ұйымдастыру және оның сапасы үшін жауапкершілік денсаулық сақтау ұйымының басшысына жүктеледі.
70. Стерилизаторлар жұмысын бақылаудың физикалық әдісін температураны (термометр, максимальды термометр), қысымды (манометр) өлшеу құралдарының көмегімен және стерильдеу уақытын есепке алу арқылы жүзеге асырылады. Стерилизатордың жұмыс режимдерінің параметрлерін аппараттың паспортына сәйкес жүргізілетін стерильдеудің барлық циклінде тексеру керек.
71. Бақылаудың химиялық әдісі химиялық тестілердің және термохимиялық индикаторлардың көмегімен жүзеге асырылады. Стерильдеудің аяқталуы индикаторлардың түсінің өзгеруі бойынша көзбен айқындалады.
72. Бақылаудың бактериологиялық әдісі микробтар спораларының дозаланған санын қамтитын биологиялық тестілердің көмегімен жүзеге асырылады. Биологиялық тестілерді санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының бактериологиялық зертханалары дайындайды.
73. Стерильдеу аяқталғаннан кейін биологиялық тестілер полиэтиленді пакетке салынады және сол күні қоса жүретін бланкімен бірге бактериологиялық зертханаға жеткізіледі.
74. Булау стерилизаторларымен жұмыс істеуге жасы он сегізден асқан, булау стерилизаторына қызмет көрсету бойынша техникалық минимумды тапсырғаны туралы куәлігі бар адамдар жіберіледі.
75. Булау стерилизаторы қабырғалардан 0,8 метр (бұдан әрі – м), шкаф стерилизаторлары 1,5 м қашықтықта орнатылады. Үй-жайдағы еденге ток өткізбейтін материал төселеді.
76. Әрбір электр стерилизаторы электр желісіне ажыратқыш немесе автоматты ажыратқыш арқылы қосылады. Булау стерилизаторын штепсельді розеткаға қосуға тыйым салынады. Ажыратқыш немесе автоматты ажыратқыш еденнен 1,6 м және булау стерилизаторынан 1 м-ден қашық емес қашықтықта орнатылады. Осы ажыратқышқа немесе автоматты ажыратқышқа электр энергиясының басқа да тұтынушыларын қосуға тыйым салынады.
77. Жерге тұйықтау ретінде орталық жылу жүйелерінің су құбырларын, кәріздеу құбырларын, жанатын немесе жарылғыш заттар құбырларын, жайтартқыштардың жерге тұйықтағыштарын пайдалануға тыйым салынады.
78. Булау стерилизаторларына арналған үй-жайда өрт қауіпсіздігінің қағидалары сақталуы тиіс. Стерилизаторларда медициналық бұйымдарды стерильдеумен байланысы жоқ қандай да бір жұмыстар жүргізуге, сондай-ақ үй-жайда жүруге кедергі келтіретін және ластайтын бөгде заттарды сақтауға тыйым салынады.
79. Стерилизаторлар жұмыс істеп тұрған кезде қызмет көрсететін персоналға және стерилизаторлардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын адамдарға ғана үй-жайға кіруге рұқсат етіледі.
80. Стерильдеу аппаратурасы орнатылған әрбір үй-жайда көрінетін жерде аппаратураны пайдалану жөніндегі қағидалар орналастырылады.
81. Булау стерилизаторына берілетін дайындаушы зауыттың паспорты булау стерилизаторының жай-күйі мен қауіпсіздігіне жауапты адамда сақталады.
82. Автоклав үй-жайы табиғи жарықтандырумен, сорып-шығаратын желдеткішпен, фрамугалармен немесе желкөздермен қамтамасыз етіледі. Стерилизатор жұмыс істеп тұрған кезде үй-жайда есік бекітілмейді.
83. Булау стерилизаторының әрқайсысы сақтандырғыш қақпақпен және дәлдік сыныбы кемінде екі жарым болатын және жұмыс қысымын өлшеу шегі шәкілінің үштен екісінде болатындай осындай шәкілі бар пломбаланған жарамды манометрмен жабдықталады.
84. Таңбасына пломба қойылмаған, тексеру мерзімі өткен, әйнегі сынған немесе басқа да зақымданулары болған кезде, оны ажыратқан кезде көрсеткіш тілі нөлге қайта келмеген жағдайда, манометрді қолдануға жол берілмейді.
85. Сақтандырғыш қақпақ стерилизатордағы сиретілген қысымға байланысты реттелуі тиіс.
86. Қызмет көрсететін персонал булау стерилизаторларының жұмыс режимі мен қауіпсіз қызмет көрсету бойынша талаптарды орындайды, бақылау-өлшеу аспаптары мен сақтандыру құрылғыларының жарамдылығын уақтылы тексереді.
87. Булау стерилизаторларын жөндеуді тиісті рұқсаты бар мамандар жүргізеді.
4. Дезинсекцияны ұйымдастыру және жүргізу
88. Кенттік дезинсекция кезінде объектілердегі жұмыс оларда жәндіктердің болуына алдын ала тексеру жүргізуден, түрлерін айқындаудан, олардың саны мен қоныстану орындарын анықтаудан басталады. Одан әрі іріктеп бақылауды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары жүзеге асырады.
89. Өңдеу жиілігі нысаналы түрлердің экологиясына және биологиялық ерекшеліктеріне, объектілердің санитариялық жағдайына және оларға жәндіктердің орналасу деңгейіне, қолданылатын дезқұралдардың сипаттарына қарай айқындалады.
90. Өңдеуді жәндіктердің ұрықтануы (ұшар) алдында тікелей не содан кейін дереу жүргізу қажет.
91. Кенттік дезинсекция тиімділігінің негізгі көрсеткіші жәндіктерден тазартылған ауданның артуы, шыбындарға қарсы күрес кезінде – дернәсілдердің, қуыршақтардың болмауы және олардың сандарының азаюы болып есептеледі.
92. Жәндіктерге және басқа да буынаяқтыларға қарсы өңдеудің үш түрі қолданылады:
1) жаппай өңдеу – жәндіктердің нысаналы түрлері орналасқан барлық үй-жайларда және оларға іргелес аумақтарда кенттік дезинсекция кезінде жүргізіледі;
2) кедергілік өңдеу – белгілі бір аумақтың айналасына қорғаныш аймақтарын құру. Белгілі бір аумаққа жәндіктердің кіруіне кедергі келтіретін кедергіні құру қажет болған жағдайда жүргізіледі. Бұл ретте, ашық стациялардағы, кеміргіштердің індеріндегі, ашық су қоймаларындағы және т.б. өсімдіктер өңделуі мүмкін. Кедергілік аймақтың ені нысаналы түрлердің экологиясы мен қауіпті нозологияның ерекшеліктерімен, сондай-ақ тұрғындардың жаппай көшуінің алыстығына байланысты айқындалады;
3) микроошақтық өңдеу – инфекциялық аурулардың ошағындағы және оған іргелес аумақтағы дезинсекциялау. Таралуына жәндіктер қатысу мүмкін инфекциялық аурулар тіркелген кезде жүргізіледі.
93. Бақылап тексеру кезінде егер, жәндіктер бір ай ішінде үй-жайлардың бірінен де байқалмаса, объектіні «жәндіктерден тазартылғандар» қатарына жатқызады. Тірі бірен-саран жәндіктер табылған кезде объект «қоныстанған» санатына ауыстырылады және қайта өңдеу жүргізіледі.
94. Егер объекті ауданының кемінде 20 %-ында жекелеген жәндіктер мен олардың жиналуы анықталған болса, ғимараттарға (немесе жапсарлас салынған объектілерге) жәндіктердің орналасуы жоғары деңгейде деп есептеледі.
95. Өңдеулердің тиімсіздігі анықталған жағдайда, олар орындаушының есебінен қайта жүргізіледі.
96. Масаларға қарсы өңдеу олар қыстақтан ұшуы алдында немесе алғашқы генерациясы алдында тікелей жүргізіледі, жылытылатын жертөле үй-жайларында өңдеу жыл бойы жүргізіледі.
97. Шыбындарға қарсы күресте негізгі іс-шаралар олардың көбею орындарын өңдеу болып табылады. Шыбындардың дернәсілдері мен қуыршақтарын жою үшін топырақ қоқысжинағыштардың, кәріз жүргізілмеген дәретханалардың, санитариялық-аула қондырғылар айналасындағы асфальт төселген алаңдардың, қи үйінділерінің жиегінен 30-50 см және 80 см-ден астам қашықтықта ларвицидтермен өңделеді.
98. Жүйелі деларвациялық (шыбындардың дернәсілдері мен қуыршақтарына қарсы бағытталған) жұмыстар дернәсілдердің алғашқы жазғы генерациясының І және ІІ сатыларының пайда болуы кезінде көктемде басталады және ол жазғы кезең бойы жалғасады. Қоқыстағы, қидағы, топырақтағы шыбын дернәсілдері мен қуыршақтарын жою үшін инсектицидтер субстраттың тереңдігіне ену үшін әдетте, ерітінділер, эмульсиялар түрінде қолданылады.
99. Гнус компоненттеріне, экзофильді түрлерге қарсы ашық аймақтарды өңдеу жүргізу кезінде жағалауға жақын барлық су қоймаларына, қорғалатын объекті аумағындағы (елді мекен, адамдардың үлкен ұжымы жұмыс істейтін орын), сонымен қатар оның айналасындағы (қорғаныш аймағы) жаппай көбею орындарына деларвация жүргізіледі. Ландшафтқа, аумақта өсімдіктің көп шығуына, гнустың ұшу қашықтығына байланысты қорғаныш аймағының ені 1 км-ден 6 км-ге дейін және одан да астам радиуста болады.
100. Шыбындарға қарсы орындалған іс-шаралардың тиімділігін бағалау өлшемі шыбындардың бөлме және экзофильді түрлері санының маусымдық көрсеткіші болып табылады. Қалаларда бөлме шыбындары санының қанағаттанарлық маусымдық көрсеткіші бір жабысқақ стандарт параққа (тәулігіне) бір данадан, экзофильді шыбындар – бір шыбын ұстағышқа 3-5 данадан, ал ауылдық жерлер үшін – тиісінше 5 және 20 данадан келеді.
101. Санын есепке алу шыбындардың белсенділік кезеңінде 3-10 күнде бір рет тәулік ішінде жүргізіледі, үй-жайларда 20 шаршы метрге (бұдан әрі – м2) 1 жолақ есебімен жабысқақ жолақтар көмегімен, көбею орындарында торлы шыбынұстағышпен аулау көмегімен жүргізіледі. Тиімділік қанатты шыбындар болмаған кезде (бір тәулікте), 1 стандарт жабысқақ қағазға орташа алғанда саны 1 данадан аспаған кезде қанағаттанарлық деп есептеледі. Кәріз жүргізілмеген жеке құрылыстар басым учаскелер мен ауылдық жерлер үшін – 3-5 данадан.
102. Объектілердегі дезинсекциялау іс-шараларының тиімділігін бақылауды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары жүзеге асырады.
103. Іс-шаралардың тиімділігін айқындау қанатты шыбындардың, сондай-ақ көбею орындарындағы дернәсілдер мен қуыршақтардың санын есепке алу арқылы жүргізіледі. Елді мекендегі қызмет көрсететін объектілердің кемінде 5 %-ы есепке алынуға жатады.
104. Егер өңдеуден кейін барлық әдістермен бақылау жүргізу кезінде бір ай ішінде жәндіктер табылмаса, жою іс-шараларын жүргізу тоқтатылады.
105. Объектілерде масаларға қарсы дезинсекциялық іс-шаралардың тиімділігін бақылау пайдаланылатын дезқұралмен, өңделетін бетінің типімен айқындалатын мерзімде жүзеге асырылады. Тиімділік бірен-саран даналар тіркелген кезде қанағаттанарлық деп саналады, есепке алу «ашық қол әдісімен» 20 минут ішінде жүргізіледі.
106. Дернәсілдерге қарсы іс-шаралар тиімділігінің негізгі көрсеткіші қорғалған объектілердегі қанатты масалардың саны болып табылады, масалардың дернәсілдері мен имагосын өңдеуден кейін 5-7 тәулік ішінде анықталуы жертөленің 1 м2 шаққанда қанатты масалардың 1 дарақтан аспауы тиіс.
107. Қорғаныш аймақтарын құру кезінде ашық аумақтарда, кеміргіштердің індерін өңдеуде жүргізілген гнустерге және кенелерге қарсы іс-шаралардың тиімділігін бағалау өлшемі дезинсекциялауға (деакаризацияға) жататын аумақты 100 % қамтыған кезде өңдеуден кейін бір тәулік өткен соң жәндіктердің (кенелердің) кемінде 80 %-ы қырылуы болып табылады.
108. Жертөледегі масаларға қатысты дезинсекция тиімділігінің көрсеткіші сынамаларда тірі дернәсілдерді өңдегеннен кейін 3-5 тәулікте болмауы және қанатты масалардың орта есеппен 1 м2 шаққанда 1 дарағының болуы болып саналады.
109. Үй-жайларда бүргелерді жою жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалау кезінде еденнің үстіне 10 м2-қа 2 қағаз есебімен жабысқақ қағаздар (20х30 сантиметр) пайдаланылады. Егер тәулік ішінде 1 қағазға екі бүргеден артық түспесе, жәндіктер «бірен-саран» болып есептеледі, 3-тен 10-ға дейін кездессе, «бүрге көп», ал 10-нан артық бүрге кездессе, «бүрге өте көп» деп саналады.
110. Төсек қандалаларын жою жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалау кезінде олардың неғұрлым болуы мүмкін жерлері қаралады, қарау нәтижелері мынадай болып жазылады: «бірен-саран жәндік», «жәндіктердің жиналуы» деген жазбалар, ал қандалалар болмаған жағдайда «жәндіктер анықталмады».
111. Педикулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін бағалау кезінде өңдеуден кейін жәндіктер мен сіркелердің мүлдем болмауы қанағаттанарлық көрсеткіш болып саналады.
5. Дератизацияны ұйымдастыру және жүргізу
112. Дератизациялау кеміргіштерді жою және кеміргіштер қоныстанған объектілерді олардан тазарту мақсатында немесе инфекциялық аурулардың кеңінен таралуын және экономикалық жағынан шығынды болдырмауды қамтамасыз ететін кеміргіштердің санын ең төменгі деңгейде тұрақты ұстап тұру үшін жүзеге асырылады.
113. Кенттік дератизациялау мынадай типтерге бөлінеді:
1) жаппай дератизациялау – елді мекеннің шегінде ашық тіршілік ету орындарын қоса алғанда, барлық елді мекеннің аумағында жылына 2 реттен сиретпей жүргізіледі;
2) ошақтық дератизациялау – инфекциялық аурулардың ошағындағы және оған іргелес аумақтағы дератизациялау. Таралуына кеміргіштер қатысуы мүмкін инфекциялық аурулар тіркелген кезде жүргізіледі;
3) іріктеп дератизациялау – жекелеген учаскелерде немесе құрылыстарда, негізінен эпидемиялық маңызы бар объектілерде: ет- және балық комбинаттарында, тоңазытқыштарда, элеваторларда, азық-түлік қоймаларында, емдеу және балалар мекемелерінде, мал шаруашылығы фермаларында кеміргіштерді жою қажет болған жағдайда жүргізіледі.
114. Дератизациялау улы қармақжемдерді қою, тозаңдату, газдау әдістерімен физикалық, механикалық, химиялық әдістермен жүргізіледі. Дератизациялау тәсілі мен әдісін таңдау өңделетін объектінің ерекшеліктерімен, нысаналы кеміргіштердің экологиясымен және дератизациялау құралдарының қасиеттерімен айқындалады.
115. Денсаулық сақтау ұйымдарының, балалар ұйымдарының, қоғамдық тамақтану, азық-түлік саудасы объектілерінің құрылыстары мен аумақтарының барлық ауданы тоқсанына бір рет кеміргіштердің болуына тексеруге жатады.
116. Профилактикалық дератизациялау жұмыстарының тиімділігін қамтамасыз ету үшін өңдеулердің белгілі бір жиілігін сақтау көзделеді. Егер пайдаланылатын препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықта өзгесі ұсынылмаса, онда үй-жайларды дератизациялау 2-3 айда 1 рет, аумақты дератизациялау жылына 4-6 рет жүргізіледі. Үй-жайларда кеміргіштер ұзақ уақыт болмаған кезде өңдеу жүргізілмейді, ал аумақты өңдеу саны екі есе қысқартылады.
117. Азық-түлік саудасы, қоғамдық тамақтану объектілерінде, көкөніс сақтау қоймаларында, қоймаларда, тұрғын үй-жайларда және аула ішіндегі құрылыстарда уланған қармақжем дератизациялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулықта көзделген қолдану режиміне сәйкес қойылады. Балалар ұйымдарының үй-жайларында балаларға қолжетімді улы қармақжемді қоюға жол берілмейді, ал кеміргіштерді жою тек механикалық әдістермен жүргізіледі.
118. Дератизациялау құралдарының сыртқы пішінінің тамақ өнімдерінен, мал жемінен, үй заттарынан, дәрілік препараттардан айрықша айырмашылығы болуы тиіс. Қармақжемдердің тағамдық негізі ретінде адамдар қызығатындай ұнтақталмаған күнбағыс дәнін және өзге де өнімдерді пайдалануға тыйым салынады. Қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін кеміргіштерге арналған родентицидті қармақжемді ашық түске бояу қажет.
119. Ашық аумақтарда улы қармақжем тек жасырын қойылады және балаларға, үй жануарлары мен құстарға қолжетімді болмауы тиіс.
120. Қармақжемдерді дайындау жұмыстары арнайы қоспаларды қолдана отырып барынша механикаландырылуы тиіс. Улы қармақжемдерді дайындау және өлшеп-орау сорып-шығаратын жүйені қолдану және нақты дератизациялау құралдарына арналған тиісті нұсқаулықтарда көрсетілген қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізіледі.
121. Қармақжемдерді дайындайтын жұмыс үй-жайларында ауада родентицидтің әсер ететін заттары болуына мерзімдік бақылау жүргізіледі.
122. Ыдысқа салынбаған тамақ өнімдері бар үй-жайларда сусымалы (соның ішінде дәнді) улы қармақжемдерді қолдануға және дуст түріндегі дератизациялау құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
123. Адамдар үнемі болатын үй-жайларда дератизациялау аяқталғаннан кейін уы бар қармақжемнің барлық қалдықтары кәдеге жарату мақсатында жиналуы тиіс. Балалардың және үй жануарларының қолжетімсіз орындарында қармақжем қорғалатын объектіде кеміргіштердің қоныстануын болдырмау үшін қалдырылады.
124. Дератизация тиімділігіне мыналар арқылы қол жеткізіледі:
1) кеміргіштер қоныстанған барлық үй-жайларды жаппай өңдеу жүргізу үшін объектіде санитариялық күнді өткізу;
2) қармақжемді қолдану жөніндегі нұсқаулықта көзделген қармақжемді қою технологиясын сақтау;
3) қойма үй-жайларында дератизациялауды жүргізетін адамдар үшін ені кемінде 70 см қабырғалар бойымен өтетін құрылғылар арқылы қабырғаларға, бұрыштарға және техникалық жүйелерге тұрақты түрде кедергісіз жетуді қамтамасыз ету;
4) әртүрлі материалдарды сақтайтын барлық орындарда еденнен кемінде 15 см биіктікте тұратын стеллаждармен жабдықтау;
5) азық-түлікті және су қорын оларға кеміргіштердің кіру мүмкіндігін барынша қиындататын жағдайда сақтау;
6) профилактикалық өңдеу жүргізу үшін қармақжемді қойғанға дейін дератизациялауды жүргізетін адамдардың барлық үй-жайларға кедергісіз кіруін қамтамасыз ету;
7) ғимараттар мен үй-жайларға кеміргіштерді кіргізбеу қағидаларын сақтау;
8) барлық үй-жайлар мен оларға іргелес аумақты тұрақты тазалау және белгіленген мерзімде қоқысты шығару.
125. Елді мекенде жаппай дератизациялау жүргізген кезде бұл туралы оның тұрғындары міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралы арқылы хабарланады.
126. Елді мекенді немесе оның бір бөлігін нөмірленетін және сызба картаға түсірілетін учаскелерге бөледі. Учаскенің көлемін жұмыс көлеміне қарай айқындайды. Әрбір учаске нақты дератизаторға бекітіледі.
127. Кеміргіштер мекендейтін құрылыстарды дератизатор айына екі рет немесе нақты жағдайларға байланысты одан да жиі аралайды. Дератизациялау тиімділігінің артуына қарай дератизатордың кеміргіштерден таза құрылыстарды тексеру жиілігі азаяды.
128. Кеміргіштермен байланысты инфекциялық аурулар пайда болған кезде жоғарыда санамаланған шараларды жүзеге асырудан бөлек шұғыл профилактиканың типі бойынша дератизациялау іс-шаралары жүргізіледі: атграктант ретінде құрамында өсімдік майы бар улы тағамдық қармақжемдерде қатты әсер ететін ратицидтер қолданылады.
129. Синантропты кеміргіштерге қарсы күрестің неғұрлым тиімді әдістемесінің негізгі қағидаты кеміргіштер мекендейтін барлық жерде оларға қарсы күрес құралдарды қолдану және осы әсердің үздіксіздігі болып табылады.
130. Күресудің негізгі құралы ретінде антикоагулянттары бар ұзақ сақталатын қармақжемдерді, ал қатты әсер ететін уы бар қармақжемдерді кеміргіштер санының күздік шегіне жетуі және көктемде көбеюі кезінде жылына екі рет, сондай-ақ эпидкөрсеткіштер бойынша қолдану қажет.
131. Қыспаларды, қақпандарды және басқа да тұзақтарды дератизациялаудың қосымша әдісі ретінде жекелеген объектілерде қолдану ұсынылады.
132. Кеміргіштердің індерін және жүретін жолдарын тозаңдауға арналған уларды аз мөлшерде қолдану керек, себебі бұл тәсіл қоршаған ортаның пестицидтермен қатты ластануына әкеп соқтырады және өңдеу жүргізілген үй-жайда үнемі болатын адамдар үшін жүргізілетін жұмыстардың қауіптілігін арттырады.
133. Кеміргіштерге қарсы қолданылатын бактериялық препараттар елді мекендерде аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органының рұқсаты бойынша ғана қолданылады.
134. Кеміргіштер оңай кіретін және қайтадан қоныстанатын құрылыстарды жүйелі түрде өңдеу кезінде антикоагулянттары бар құрғақ қармақжемдерді қолдануға ерекше назар аударылады. Мұндай объектілерде құрғақ қармақжемдер үнемі болады.
135. Сапалы дератизация жүргізудің маңызды шарты улы қармақжемдерге кеміргіштерді қызықтыратын түрлі азық-түлік өнімдерін: ұнды, дәнді, жарманы, қантты, өсімдік майын; сирек жағдайда нанды, көкөністі, ет пен балық қалдықтарын пайдалану болып табылады.
136. Дератизациялау іс-шараларының барысын бақылауды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының мамандары жүзеге асырады.
137. Дератизациялау сапасының көрсеткіші дератизация жүргізгеннен кейін 15-45 күннен соң (пайдаланылған құралдарға байланысты) жүргізілетін аулау құралын қолдана отырып кеміргіштердің санын есепке алу болып табылады. Өңделген объектінің 1-5 %-ы қамтуға жатады.
138. Елді мекендегі дератизациялау кеміргіштердің кемінде 80 %-ы қырылған кезде тиімді болып танылады.
«Дезинфекция, дезинсекция мен
дератизацияны ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
1-қосымша
Дезинфекция құралдарының қауіптілігін сыныптау
1-кесте
Қауіптілік сыныбы |
Уыттың қатты әсер ету аймағы: қатты әсер ету деңгейінің шығын нормасына қатынасы |
Қолданылуға ұсынылатын шарттар |
1-сынып - өте қауіпті |
1-ден кем |
Экстремалды жағдайларда (эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша) арнайы костюмдерде және газқағарларда пайдаланылады |
2-сынып – қауіптілігі жоғары |
1-3 |
Тыныс алу органдарын, көзді, теріні қорғайтын құралдармен адамдар болмаған кезде пайдаланылады |
3-сынып - қауіптілігі орташа |
3,1-10 |
Тыныс алу органдарын және көзді қорғайтын құралдарсыз, бірақ адамдар болмаған кезде пайдаланылады |
4-сынып - қауіптілігі аз |
10-нан артық |
Қолдану аясын шектемей пайдаланылады |
Дезинсекция құралдарының қауіптілігін сыныптау
2-кесте
Қауіптілік сыныбы |
Биоцидті әсер ету аймағы |
Дезинфекциялауда препараттарды қолдану мүмкіндігі және саласы туралы қорытынды |
|
күшті |
күштілігі аз |
||
шығын нормасы |
шығын нормасы |
||
1-сынып - өте қауіпті |
< 10 |
< 1 |
Пайдалануға ұсынылмайды |
2-сынып - қауіптілігі жоғары |
10-30 |
1-5 |
Регламенттелген қолдану шарттарын (құрал шығыны, желдету және ылғалды жинау) сақтай отырып, адамдар болмаған кезде тыныс алу органдарын, көзді, теріні қорғайтын құралдары бар кәсіби контингенттің қана қолдануы үшін ұсынылады |
3-сынып - қауіптілігі орташа |
31-100 |
5,1-10 |
Кез келген типтегі үй-жайларда регламенттелген қолдану шарттарын (құрал шығыны, желдету режимі, жинау) сақтай отырып, кәсіби контингент пен тұрғындардың тұрмыста пайдалануы үшін ұсынылады |
4-сынып - қауіптілігі аз |
> 100 |
> 10 |
Қолдану аясын шектемей пайдаланылады |
Родентицидтердің қауіптілігін сыныптау
3-кесте
Лимиттеуші қабілеттері |
Көрсеткіштері |
Қауіптілік сыныптары |
||||
1-сынып – өте қауіпті |
2-сынып – қауіптілігі жоғары |
3-сынып – қауіптілігі орташа |
4-сынып – қауіптілігі аз |
|||
«А» |
«Б» |
|||||
Күшті уыттылық (ықтимал қауіпті жолдарға арналған) |
ЛД50 асқазанға енгізген кезде, мг/кг |
< 2 |
2,1-14 |
15-150 |
151-5000 |
> 5000 |
ТL50. d cen |
< 1 |
> 1 |
> 1 |
> 1 |
> 1 |
|
Антитод |
- |
+ |
+ |
+ |
+ |
|
ЛД50 теріге енгізген кезде, мг/кг |
< 100 |
100-500 |
501-2500 |
> 2500 |
||
ЛС50 ингаляция кезінде, мг/кг |
< 500 |
500-5000 |
5001-50000 |
> 50000 |
||
С20 (ауаға ұшып кету дәрежесі бойынша) фумиганттар үшін |
Өлім-жітім мүмкіндігі бар қатты улану |
Қатты әсер ету шегінен жоғары улану |
Қатты әсер ету шегінің деңгейіндегі улану |
Уланудың болмауы |
||
Таңдамалы уыттылық (ТУ) |
ЛД50 жануарлардың мақсатты емес түріне арналған (мысық, ит, шошқа, тауық) |
< 3 |
3,1-2 |
9,1-37 |
> 27 |
|
Кумулятивті әсер |
ЛД50n |
< 1 |
1-3 |
3,5-5 |
> 5 |
|
Тұрақтылық (топырақ) |
Уытты емес компоненттерге ыдырау уақыты (Т1/2), ай |
> 12 |
6-12 |
1-6,1 |
< 1 |
Ескертпе:
(+) – антидоттың болуы, (-) – антидоттың болмауы;
ЛД50 – орташа өлім-жітім дозасы;
ТL50 – жануарлардың 50 %-ы өлген уақыт ішіндегі эксперименттік әсер ету сәтінен бастап өткен уақыт;
С20 – 20 Цельсий градус температурасы кезінде ауадағы заттар буының шоғырлануы;
Ккум – кумуляция коэффициенті;
ЛД50n – жиынтық енгізу кезіндегі орташа өлім-жітім дозасы;
ЛД501 – бір рет енгізу кезіндегі орташа өлім-жітім дозасы;
Т1/2 – ыдыраудың жартылай кезеңі.
«Дезинфекция, дезинсекция мен
дератизацияны ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
2-қосымша
Жекелеген объектілерді зарарсыздандыру кезінде дезинфекциялық
ерітінділердің жұмсалу нормалары
1-кесте
Зарарсыздандыру объектісі |
Өлшем бірлігі |
Дезинфекциялау құралының орташа саны |
Ескертпе |
Тұрғын үй-жайлардағы бет |
еденнің 1 м2 ауданы |
Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға) сәйкес |
Күйдіргі ошағында екі рет өңдеуді есепке ала отырып нормасы 2 литр |
Киім-кешек |
1 кг |
Жұмыс ерітіндісінің 4 - 5 литрі |
|
Ыдыс-аяқ және өзгелер |
1 жиынтық |
Жұмыс ерітіндісінің 2 - 3 литрі |
|
Топырақ беті, қалдықтар |
1 м2 |
Жұмыс ерітіндісінің 2 литрі |
Күйдіргі кезінде 8 - 10 литр |
Бөлінділер |
1 кг немесе л |
Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға) сәйкес |
Күйдіргі кезінде 0,5 литр |
Тамақ қалдықтары |
1 кг |
0,1 кг |
Ескертпе: ошақтарда қорытынды және ағымдағы дезинфекцияны жүргізу бойынша дезинфекциялық құралдардың жұмсалу нормаларын есептеу үшін жұмыстардың түрлерін есепке ала отырып соңғы екі жылда орындалған дезинфекциялар саны туралы орташа деректерді басшылыққа алу қажет. Ыдыс-аяқ жиынтығына мыналар кіреді: 2 тәрелке, стақан және табақшасымен шыны аяқ, 2 қасық, шанышқы және пышақ.
Инфекциялық аурулар ошақтарындағы қорытынды және ағымдағы
дезинфекцияның орташа көлемдері
2-кесте
Объекті |
Негізгі объектілерді зарарсыздандыруға арналған жұмыстың орташа көлемі |
|||
Үй-жай еден ауданы бойынша м2 |
Киім-кешек килограммен (бұдан әрі – кг) |
Ыдыс-аяқ жиынтығымен |
Төсек қажеттіліктері кг-мен |
|
Үй ошағы |
50 |
5 |
3 |
30 |
Ұйымдастырылған ұжым (білім беру ұйымы, қарттар, мүгедектер үйі және басқалары) |
150 |
50 |
30 |
75 |
«Дезинфекция, дезинсекция мен
дератизацияны ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
3-қосымша
Денсаулық сақтау ұйымдарының дезинфекциялау құралдарына
қажеттілігін есептеу
1. Үй-жайларға, жабдықтарға ағымдағы дезинфекция жүргізу үшін денсаулық сақтау ұйымдарының дезинфекциялық құралдарына қажеттілігін есептеудің мынадай формуласы пайдаланылады:
NK
X1 = Q ---------- (S1 + S2 + S3), мұндағы
100
Х1 – ұйымдардың дезинфекциялық құралдарға жылдық қажеттілігі (килограмммен немесе литрмен);
Q – дезинфекция саны (жұмыс күндерінің санына және дезинфекция жүргізу жиілігіне негізделе отырып);
N – дезинфекциялық құралдың жұмсалу нормасы (бір литрге бір шаршы метр);
K – дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы (пайызбен);
S1 – дезинфекциялануға тиісті үй-жайдың ауданы (шаршы метрмен);
S2 – дезинфекциялануға тиісті жабдықтың ауданы (санитариялық-техникалық жабдықтардың әр бірлігінің ауданы бір шаршы метрге, ванналар – үш шаршы метрге қабылданады);
S3 – дезинфекциялануға тиісті басқа да объектілердің ауданы (шаршы метрмен).
2. Емшара бөлмесінде, таңып-байлау бөлмесінде, операциялық, босандыру залдарында қорытынды дезинфекция жүргізу үшін денсаулық сақтау ұйымдарының дезинфекциялық құралдарға қажеттілігін есептеудің мынадай формуласы қолданылады:
NK
Х2 = 52 ---------- S4, мұндағы
100
Х2 – күрделі жинау жүргізу үшін ұйымдардың дезинфекциялық құралдарға жылдық қажеттілігі;
52 – күрделі жинау саны (аптасына бір рет есебімен);
N – бір шаршы метрге дезинфекциялық құралдың жұмсалу нормасы;
K – дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы;
S4 – ауқымды жиналуға тиісті оралымды аудан.
3. Денсаулық сақтау ұйымдарын дезинфекциялау-стерильдеу жабдықтарымен қамтамасыз ету үшін мынадай қажеттілік есебі қолданылады:
1) дезинфекциялау-стерильдеу жабдықтарына (автоклавтар, механикалық және ультрадыбысты жуғыштар, бикстер) қажеттіліктер стерильденуге тиісті жұмсақ материалдың (таңып байлау), хирургиялық киім-кешектің, жаялықтардың, медициналық құрал-саймандардың, тиісті стерильдеу режимі бар бұйымдардың көлеміне қарай айқындалады;
2) бикстер мен автоклавтар, стерилизаторлар көлемінің үштен екісіне толтырылуы тиіс. Бикстерге біркелкі материал салынады;
3) автоклавтарға материалдарды (бикстерді) салу жиілігі тәулігіне 5 (бестен) аспауы, құрғақ қыздыратын шкафтарда 8 (сегізден) аспауы тиіс;
4) қажетті жабдықтар саны ауысымына салу жиілігіне салу көлемін көбейтуге байланысты айқындалады;
5) стерильдеу қораптарының саны 1-типтегі стерилизаторлар үшін ауысымына 20 бикстен артық емес, 2-типтегі стерилизаторлар үшін 5-8 бикске бір рет салған кезде ауысымына 40 бикстен артық емес, 3-типтегі стерилизаторлар үшін ауысымына 25 бикс, 4-типтегі стерилизаторлар үшін ауысымына 65 бикс болып айқындалады.
«Дезинфекция, дезинсекция мен
дератизацияны ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
4-қосымша
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды дезинфекциялау
Дезинфекциялау әдісі |
Дезинфекция режимі |
Қолданылуы |
Дезинфекциялау шарттары |
||
Температура, Цельсий градуспен (бұдан әрі - 0С) |
Шоғырлану, пайызбен (бұдан әрі - %) |
Дезинфекциялау уақыты, минутпен |
|||
Қайнату: |
98 |
2,0 |
30 |
Шыныдан, металдан, термиялық тұрақты полимерлі материалдардан, резеңкеден жасалған бұйымдар үшін |
Суға толық батыру |
Булау: |
110 |
20 |
Шыныдан, металдан, резеңкеден, латекстен, термиялық тұрақты полимерлерден жасалған бұйымдар үшін |
Стерильдеу қораптарына салынады |
|
Ауамен: |
120 |
45 |
Шыныдан және металдан жасалған бұйымдар үшін |
Науаларда орамасыз жүргізіледі |
|
Химиялық: |
Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға) сәйкес |
Шыныдан, тоттануға төзімді материалдан, полимерлі материалдардан, резеңкеден жасалған бұйымдар үшін |
Ерітіндіге толық батыру |
Ескертпе:
Химиялық тәсілмен дезинфекциялаудан кейін бұйымдар дезинфекциялық құралдың иісі толық кеткенге дейін ағынды сумен жуылуы тиіс.
Қайнату және булау әдісімен дезинфекциялау кезінде полимерлі материалдардан жасалған бұйымдар дәкеге оралуы тиіс.
«Дезинфекция, дезинсекция мен
дератизацияны ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
5-қосымша
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерильдеу алдында өңдеу
№ 1 кесте
Өңдеу жүргізу кезіндегі процестер |
Ерітіндінің бастапқы температурасы 0С |
Ұстау уақыты, минутпен |
1. Дезинфекциялау аяқталған соң ММБ-ы ағынды сумен шайылады |
0,5 |
|
одан кейін: жуу заты ерітінділерінің біріне толық батырылған кезде малынады |
20 – 50 |
15 |
2. Жөкенің немесе мақталы-дәке тампонының көмегімен әр бұйымды жуу ерітіндісімен жуу |
0,5 |
|
3. Ағынды сумен шаю |
10,0 |
|
4. Тазартылған сумен шаю |
0,5 |
|
5. Кептіру шкафында ыстық ауамен кептіру |
85 |
Ылғал толық кеткенге дейін |
Жуу ерітіндісін дайындау
№ 2 кесте
Компоненттердің атауы |
Дайындауға арналған компоненттер саны |
Қолданылуы |
1. Жуу заты |
3 грамм (бұдан әрі – гр) |
Механикаландырылған тазалау кезінде (ағынды әдіс, жөкемен жуу, ультрадыбысты пайдалану) қолданылады |
2. Жуу заты |
1,5 гр |
Механикаландырылған тазалау кезінде ротациялау әдісімен қолданылады |
3. Жуу заты |
5 гр |
Қолмен тазалау кезінде қолданылады |
4. Сутегі тотығы ерітіндісі 27,5%. |
17 гр |
Механикаландырылған тазалау кезінде (ағынды әдіс, жөкемен жуу, ультрадыбысты пайдалану) және қолмен тазалау кезінде қолданылады |
5. Жуу заты 0,8%. |
8 миллилитр (бұдан әрі – мл) концентрат |
Қолмен тазалау кезінде қолданылады |
«Дезинфекция, дезинсекция мен
дератизацияны ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
6-қосымша
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерильдеу әдістері
Химиялық стерильдеу әдісі
(химиялық препараттардың ерітінділері)
№ 1 кесте
Стерильдеу агенті |
Стерильдеу режимі (температура, ұстау уақыты) |
Бұйымдардың атауы |
Стерильдеу жүргізу шарттары |
Дезқұралдың ерітіндісі |
Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға) сәйкес |
Полимерлі материалдардан, резеңкеден, шынылардан, тоттануға төзімді металдардан жасалған бұйымдар үшін ұсынылады |
Бұйымды ерітіндіге толық батырған кезде жүргізіледі, содан кейін бұйым стерильді сумен жуылады. Стерильденген жаймалар төселген стерильді ыдыстағы стерильденген бұйымды сақтау мерзімі – 3 тәулік |
1. Стерильдеу процесінде ерітінділердің температурасы ұсталмайды.
2. Дезинфекциялау ерітіндісіне бұйымдарды батыру үшін шыныдан, пластмассадан жасалған немесе эмальмен қапталған ыдыстар пайдаланылуы тиіс.
Бумен стерильдеу әдісі
(жоғары қысымдағы қаныққан сулы бу)
№ 2 кесте
Стерильдеу режимі |
Қолданылуы |
||
Стерильдеу камерасындағы будың қысымы, кг/см2 |
Стерильдеу камерасындағы температура, 0С |
Ұстау уақыты, минутпен |
|
Номинальды мәні |
Номинальды мәні |
Қолмен, жартылай автоматты және автоматты басқару кезінде |
|
0,20 шекті ауытқу 0,02 (2,0 ауытқу плюс-минус 0,2) |
132 плюс-минус 2 |
20 |
Тоттануға төзімді металдардан, шыныдан, резеңкеден жасалған бұйымдар үшін ұсынылады |
0,11 шекті ауытқу 0,02 (1,1 ауытқу – плюс-минус 0,2) |
120 плюс 2 |
45 |
Резеңкеден, латекстен және жекелеген полимерлі материалдардан жасалған (тығыздылығы жоғары полиэтилен, поливинилхлорид - пластикаттар) бұйымдар үшін ұсынылады |
1. Стерильдеуді сүзгісіз стерильдеу қораптарында немесе сүзгісі бар стерильдеу қораптарында немесе бөзден не пергаменттен, қаптама қағаздан, ылғалға төзімді сіңдірілмеген қаптама қағаздан, Е маркалы автоматтардағы өнімдерді орауға арналған қағаздан, булау стерилизаторында бекемделген қағаздан жасалған екі қабатты жұмсақ орамада жүргізеді.
2. Сүзгісі бар қораптарда стерильденген бұйымдарды сақтау мерзімі – жиырма тәулік, қалған орамада – үш тәулік.
Ауамен стерильдеу әдісі
(құрғақ ыстық ауа)
№ 3 кесте
Стерильдеу режимі |
Қолданылуы |
|
Стерильдеу камерасындағы жұмыс температурасы, 0С, номинальды мәні |
Стерильдеуде ұстау уақыты, минутпен, номинальды мәні |
|
180 (плюс 2; минус 10) |
60 (плюс 5) |
Металдардан, шыныдан және силикон резеңкеден жасалған бұйымдар үшін ұсынылады |
160 (плюс 2; минус 10) |
150 |
1. Стерильдеуге құрғақ бұйымдар жатады. Стерильдеуді сіңдірілмеген қаптама қағаздан, ылғалға төзімді қаптама қағаздан, Е маркалы автоматтардағы өнімдерді орауға арналған қағаздан, аса берік орама қағаздан, бекемделген қағаздан, бекемделген екі қабатты қағаздан жасалған орамада немесе ауа стерилизаторында ашық ыдыста орамасыз жүргізеді.
2. Орамасыз стерильденген бұйымдар стерильдеуден кейін тікелей, оралған түрінде үш тәулік ішінде пайдаланылады.
Бромды метил (бұдан әрі – БТ) бар этилен тотығы қоспасымен және
этилен тотығымен, формальдегид ерітіндісінің буларымен химиялық
(газбен) стерильдеу әдісі
№ 4 кесте
Стерильдеу агенті |
Газ дозасы, миллиграмммен |
Стерильдеу режимі |
Ылғалдылығы |
Экспозиция уақыты |
Бұйымдар |
||
плюс 180 температурадағы газ қысымы |
Стерильдеу температурасы, 0С |
||||||
см2 секундта килограммен |
Сынап бағанасының миллиметрі |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Салмағы бойынша 1:2,5 ара қатынасындағы БТ қоспасы |
2000 |
0,65 |
490 |
35 плюс-минус 5 |
Кемінде 80 % |
240 плюс-минус 5 |
Оптика, кардиостимуляторлар үшін |
2000 |
0,65 |
490 |
55 плюс-минус 5 |
240 плюс-минус 5 |
Полимерлі материалдардан, шыныдан, металдан жасалған бұйымдар үшін |
||
2000 |
0,65 |
490 |
55 плюс-минус 5 |
360 плюс-минус 5 |
Тігу аппараты бар пластмасса магазиндері үшін |
||
Этилен тотығы |
1000 |
0,55 |
412 |
кемінде 18 |
960 плюс-минус 5 |
Полимерлі материалдардан, шыныдан, металдан, жасалған бұйымдар үшін |
|
(формальдегид) бойынша ерітінді 16 % формалин |
75 плюс-минус 5 |
96 % |
300 плюс-минус 5 |
Резеңкеден, полимерлі материалдардан, металдан, шыныдан жасалған бұйымдар үшін |
|||
Аппаратта формальдегидтің шоғырлануы бар этил спиртіндегі формальдегид ерітіндісінің 40 % буы – дециметрге шаққанда 150 миллиграмм (бұдан әрі - мг/дм) |
80 плюс-минус 5 |
180 плюс-минус 5 |
Полимерлі материалдардан, резеңкеден, пластмассадан жасалған бұйымдар үшін. |
1. Стерильдеуді қалыңдығы 0,06 – 0,2 миллиметр екі қабатты полиэтилен пленкадан жасалған орамада, пергаментте, сіңдірілмеген қаптама қағазда, ылғалға төзімді қаптама қағазда, Е маркалы автоматтардағы өнімдерді орауға арналған қағазда, бекемделген орама қағазда, стационарлық газ стерилизаторларында екі қабатты бекемделген қағазда, микроанаэростатта, портативті аппаратта жүргізеді.
2. Полиэтилен үлдірден жасалған орамадағы стерильді бұйымдарды сақталу мерзімі – бес жыл, қалған орамада – жиырма күн.
3. Стерильдеуден кейін бұйымдарды желдетілетін үй-жайда шыны мен металдан жасалған бұйымдар үшін бір тәулік ішінде, резеңке мен пластмассадан жасалған бұйымдар үшін – бес-он үш тәулік, сілемейлі қабықшалармен, тіндермен, қанмен жанасатын (отыз минуттан артық) бұйымдар үшін – он төрт тәулік, балалар үшін пайдаланылатын полимерлі материалдардан жасалған бұйымдар үшін – жиырма бір тәулік ұстап тұру тиіс.
4. Формалин буымен стерильдеу стационарлық арнайы стерилизаторларда жүргізіледі. Стерильдеу режимі аяқталуы бойынша формалин қалдықтарын бейтараптандыру уақытын алпыс минут уақытқа ұстай отырып аммиакпен бейтараптандыру жүргізілуі тиіс.
«Дезинфекция, дезинсекция мен
дератизацияны ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
7-қосымша
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерильдеу сапасын бақылау
Р/с |
Бақылау бағыты |
Бақылау түрлері |
||
Ұйымның персоналы жүзеге асыратын өзін-өзі бақылау |
Метрологиялық және технологиялық бақылау |
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органы жүзеге асыратын |
||
1 |
Стерильдеу шарттарын бақылау: |
Әр циклді көзбен шолу және Қазақстан Республикасында бекітілген тестілерді пайдалана отырып бақылау, бақылау-өлшеу аспаптарының (бұдан әрі – БӨА) жарамдылығын қадағалау |
Шарттарға сәйкес, сондай-ақ монтаждаудан және жөндеуден кейін стерилизатордың, БӨА-ның техникалық жарамдылығын бақылау |
Бактериологиялық тесттерді, температураны өлшеу құралдарын пайдалана отырып және көзбен шолып тоқсанына 1 рет стерилизатордың жұмысына бақылау жүргізу. Бір жылдың ішінде, сондай-ақ эталонды салу арқылы монтаждаудан және жөндеуден кейінгі көрсеткіштер бойынша барлық аппараттардың кемінде 25 %-ы бақылауға жатады |
2 |
ММБ стерильділігін бақылау |
Бактериологиялық бақылау – аптасына бір рет |
Бактериологиялық бақылау - тоқсанына 1 реттен сиретпей |
|
3 |
Орталықтандырылған стерилизациялық бөлімшелерде ауа ортасын бақылау |
Күн сайын – желдетуді, желдету жүйелерінің, ауа баптағыштардың, бактерицидті шамдардың жұмысын бақылау. Ауа сынамаларын алу - айына 1 рет |
Бактерицидті шамдардың техникалық жағдайын бақылау |
Бактериологиялық бақылау - стерильді аймақта тоқсанына 1 рет |
4 |
Жасырын қанның және сілтілі компоненттер қалдығының болуын бақылау (азопирамдық және фенолфталеиндік сынамалар) |
Күн сайын бір уақытта өңделген бұйымдардың 1 %-ын, бірақ әр партиядан кемінде 3-5 бірлікті |
Көзбен шолып бақылауды қолдана отырып, әр тексеру кезінде іріктеу |
Ескертпе: орталық стерилизациялық бөлімшенің санитариялық жағдайын бақылау кезінде әр тексеру кезінде стерильді аймақта кемінде 10 бактериологиялық шайынды алу жүргізіледі.
Алынған шайындылардың жалпы санының 1 %-нан асырмай санитариялық-көрсеткіштік микрофлораны себуге жол беріледі.
«Дезинфекция, дезинсекция мен
дератизацияны ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
8-қосымша
Булау стерилизаторларына бақылау нүктелерін орналастыру
№ 1 кесте
Стерилизатор камерасының сыйымдылығы, текше дециметрмен |
Бақылау нүктелерінің саны |
Бақылау нүктелерінің орналасуы |
100-ге дейін |
5 |
Тік бұрышты стерилизаторлар үшін: |
100-ден жоғары 750-ге дейінгіні қоса алғанда |
11 |
Тік шеңберлі стерилизаторлар үшін: |
750-ден жоғары |
13 |
Көлденең шеңберлі стерилизаторлар үшін: |
Ауа стерилизаторларында бақылау нүктелерін орналастыру
№ 2 кесте
Стерилизатор камерасының сыйымдылығы, текше дециметрмен |
Бақылау нүктелерінің саны |
Бақылау нүктелерінің орналасуы |
80-ге дейін |
5 |
біріншісі – камераның ортасында; |
80-нен жоғары |
15 |
Бірінші, екіншісі, үшіншісі – сағат тіліне қарама-қарсы орналастырып, камераның ортасында жоғарыдан төмен үш деңгейде; |
80-нен жоғары екі камералы |
30 |
Әрбір камера үшін ұқсас үлгімен |
Ескертпе: Бақылау тестілері стерилизатор қабырғаларынан кемінде бес сантиметр қашықтықта орналастырылады.
Булау стерилизаторларының жұмыс режимінің температуралық
параметрлерін бақылауға арналған химиялық тестілердің
рецептурасы
№ 3 кесте
Заттардың атауы |
Кристалдардың түсі, пішіні, иісі |
Бақылауға жататын температуралық параметр |
||
110 |
120 |
132 |
||
1. Бояғышы бар антипирин |
Түссіз кристалдар немесе иіссіз ақ ұнтақ |
+ |
- |
- |
2. Қарапайым күкірт |
Сары кристалдар |
- |
+ |
- |
3. Бояғышы бар резорцин |
Ақ немесе сарғыш кристалдар |
+ |
- |
- |
4. Бояғышы бар бензой қышқылы |
Инелі түссіз кристалдар немесе ақ ұнтақ |
- |
+ |
- |
5. Бояғышы бар никотинамид |
Әлсіз иісі бар ақ кристалды ұнтақ |
- |
- |
+ |
6. Бояғышы бар несепнәр |
Түссіз кристалдар |
- |
- |
+ |
Ескертпе: Бояғыштар ретінде мыналар пайдаланылады: қышқыл фуксин, фенолды қызыл, бромбимол көк және геанцитокүлгін.
Ауа стерилизаторларының жұмыс режимінің температуралық
параметрлерін бақылауға арналған химиялық тестілер
№ 4 кесте
Химиялық қоспаның атауы |
Кристалдардың түсі, пішіні, иісі |
Бақылауға жататын температуралық параметр |
|
1600С |
1800С |
||
1. Левомицетин |
Ақ немесе әлсіз сарғыш-жасыл рең беретін ақ ұнтақ |
+ |
- |
2. Шарап қышқылы |
Ақ түсті немесе түссіз мөлдір кристалдар |
- |
+ |
3. Гидрохинон |
Түссіз немесе күміс тәрізді ақшыл-сұр кристалдар |
- |
+ |
4. Тионесепнәр |
Жалтыраған түссіз кристалдар |
- |
+ |
5. Янтарь қышқылы |
Түссіз кристалдар |
- |
+ |
Ауа стерилизаторларының жұмысын бақылау үшін пайдаланылатын химиялық тестілердің құрамына бояғыш қоспайды, себебі көрсетілген химиялық қоспалар балқыту температурасына жеткен кезде өзінің түсін өзгертеді.
«Дезинфекция, дезинсекция мен
дератизацияны ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
9-қосымша
Медициналық бұйымдарды стерильдеу бойынша жұмысты есепке алу
журналы
Күні |
Стерилизатордың маркасы, нөмірі |
Бөлімше, бұйымдар, саны |
Орама |
Стерильдеу уақыты |
Режим |
Тест-бақылау нәтижелері |
Стерильдеуді жүргізген адамның қолы |
|||||
Химиялық |
Бактериологиялық |
|||||||||||
басталуы |
соңы |
қысым |
температурасы |
Индикаторлардың саны |
түсін өзгерткен индикаторлардың саны |
Индикаторлардың саны |
Микроағзалары өскен индикаторлардың саны |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
1. Химиялық, термохимиялық индикаторларды қолдана отырып, стерилизаторлардың жұмысын химиялық әдіспен бақылау нәтижелерін бағалау кезінде қанағаттанғысыз нәтижелердің санын 10-бағанда көрсету керек.
2. Биологиялық тестілерді қолдана отырып, стерилизаторлардың жұмысын бактериологиялық әдіспен бақылау нәтижелерін бағалау кезінде қанағаттанғысыз нәтижелердің санын 12-бағанда көрсету керек.
«Дезинфекция, дезинсекция мен
дератизацияны ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
10-қосымша
Эндоскоптар мен олардың құрал-саймандарын дезинфекциялау,
стерильдеу алдында тазарту және стерильдеу
Стерильді емес эндоскопиялық манипуляциялар кезінде (өзінің микробтық көрінісі бар ағза қуысына табиғи жолдар арқылы эндоскоп енгізілген кезде) пайдаланылатын эндоскоптар үшін өңдеу кезеңдері алдын ала тазартуды, соңғы тазартуды, жоғары деңгейдегі дезинфекцияны және микроағзалармен екінші рет ластануды болдырмайтын жағдайларда сақтауды қамтиды.
Стерильді эндоскопиялық манипуляциялар кезінде (хирургиялық араласулар кезінде пайдаланылатын стерильді құрал-саймандарды олардың каналдары арқылы енгізу, эндоскоптарды стерильді қуыстарға енгізу, жарамен, қанмен жанасу) пайдаланылатын эндоскоптар пайдаланылғаннан кейін алдын ала тазартуға, стерильдеу алдында тазартуға, стерильдеуге және микроағзалармен екінші рет ластануды болдырмайтын жағдайларда тікелей сақтауға жатады.
Эндоскопиялық манипуляциялар кезінде пайдаланылатын эндоскоптардың құрал-саймандары барлық жағдайларда алдын ала тазартуға, стерильдеу алдында тазартуға, стерильдеуге және микроағзалармен екінші рет ластануды болдырмайтын жағдайларда сақтауға жатады.
Аспаптар мен құрал-саймандар әрбір зерттеуден кейін бөлшектеледі, қаннан, сілемейден және басқа да қоспалардан щеткамен тазартылады және дезинфекциялау ерітінділерімен өңделеді.
Инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға пайдаланылатын эндоскоптар мен олардың құрал-саймандары тиісті инфекция кезінде және нақты препаратты қолдану жөніндегі әдістемелік нұсқауларда ұсынылған режимдер бойынша соңғы немесе стерильдеу алдындағы тазарту алдында алдын ала тазартудан кейін қосымша дезинфекцияға жатады. Қолданылатын дезинфекциялау құралдары органикалық ластануды бекітетін әсерге ие болмауы тиіс. Эндоскоптар мен олардың құрал-саймандарын өңдеуді орындайтын медицина қызметкері міндетті түрде жеке халат киюі және инфекция жұқтырылған материал мен дезинфекциялау құралдарының теріге түсуін болдырмайтын жеке қорғаныш құралдарын (қолғаптарды, бетперделерді, көзілдірікті немесе қалқаншаларды) пайдалануы тиіс.
1. Алдын ала тазарту.
Бұл емшара аяқталғаннан кейін дереу орындалатын өңдеудің ең бірінші кезеңі – пациенттің денесінен эндоскопты алып тастау. Оның басты міндеті эндоскоптың беттерінде және каналдарында жаппай ластануларды болдырмаудан тұрады. Алдын ала тазарту емшара орындалған сол үй-жайда жүргізіледі; эндоскоп жарық көзіне және эндоскопиялық сорғыға қосылған күйінде қалады. Алдын ала тазарту қол тәсілімен жүзеге асырылады. Бұл кезең эндоскоптың жұмыс бөлігін (ластануды бекітпейтін) жуу құралының ерітіндісіне батырылған сулықпен (басқару блогынан бастап шеткі ұшына қарай бағытта) сүртумен, эндоскоп каналдары арқылы жуу құралын айдаумен аяқталады. Эндоскоптарды алдын ала тазарту үшін медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерильдеу алдында тазартуға рұқсат етілген құралдар белгіленген тәртіппен қолданылуы тиіс. Құрамында ферменттер бар жуу құралдары эндоскопиялық аппаратураны тазарту үшін қолайлы құралдар болып табылады.
Сулықтар пайдаланылғаннан кейін неғұрлым төзімді қоздырғыштың режимі бойынша вирустарға, бактерияларға (туберкулездің микобактерияларын қоса алғанда) және Кандида грибоктарына қатысты тиімді құралдармен дезинфекцияланады.
Алдын ала тазарту аяқталғаннан кейін жуу ерітіндісіне батыру алдында эндоскоптың герметикалығын тексеру міндетті түрде жүргізіледі. Бұл рәсім су ағатын жерді іздейтін арнайы құрылғының көмегімен жабдықты өндірушінің ұсынымдарына сәйкес орындалады. Ағатын жер анықталған кезде эндоскоп дезинфекциялауға жатады және жөндеуге тапсырылады.
Эндоскопты және оның құрал-саймандарын алдын ала тазарту эпидемияға қарсы қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жүргізілуі тиіс.
2. Соңғы тазарту.
Жарық көзінен және сорғыдан ажыратылған эндоскопты одан әрі өңдеуді жүргізілетін жеке үй-жайға ауыстырады. Осы жерде жуу және дезинфекциялау ерітінділері бар ыдыстар мен жуу-дезинфекциялау жабдығы болады. Осы бөлмеде кемінде үш раковина болуы тиіс: олардың біреуін персоналдың қолын жууға бөлу және оны басқа мақсатта (эндоскопты жуу, ерітіндіні төгу және т.б.) пайдаланбау керек. Жұмыс істейтін персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үй-жай желдеткішпен (жақсысы сорып-шығаратын) жарақталуы тиіс. Бұл әсіресе, егер эндоскоптарды өңдеу кезінде құрамында альдегидтер (атап айтқанда глутарлы) бар және олардың булануы салдарынан тыныс алу жолдарына айқын әсер ететін құралдарды пайдаланған болса, өзекті болады.
Соңғы тазартуды және өңдеудің кейінгі кезеңдерін орындау кезінде медицина қызметкері су өткізбейтін халат немесе алжапқыш, зақымдалмаған қолғаптар, бетперде, көзілдірік немесе қалқанша киеді.
Эндоскопты жуу ерітіндісіне батыру алдында эндоскоптан барлық алмалы-салмалы бөлшектер мен элементтер (клапандар, бітеуіштер және басқалар) ажыратылады және оларды жуу құралының ерітіндісіне батырады, жуу ерітіндісіне батырып қояды және арнайы немесе жұмсақ щеткалармен тазалайды.
Толық тазартуды орындау үшін эндоскопты жуу ерітіндісіне толық батыру қажет. Ерітіндіге батыруға жатпайтын эндоскоптарды айналыстан алып тастау керек: бұл үлгілер барабар өңдеу жүргізуге мүмкіндік бермейді және пациенттерге инфекция жұқтыру тәуекелін тудырады.
Эндоскоп жуу ерітіндісіне батырылғаннан кейін оның сыртқы беттерін сулықтың көмегімен мұқият тазалайды. Содан кейін каналдың диаметріне дәл сәйкес келетін (эндоскоптың құрамына кіретін) арнайы щеткалардың көмегімен каналдардың ластануын кетіреді. Бұл ретте щеткаларды басқару блогында орналасқан каналдардың кіру жолына енгізеді және бір қозғалыспен каналдың барлық ұзындығы бойымен жүргізеді. Каналдың қарама-қарсы ұшынан көрінген кезде щетканы мұқият тазалайды және тек тазартып болғаннан кейін ғана щетка каналдан шығарылады. Каналды тазарту каналдың шығу жолынан көрінетін щетка таза болғанға дейін жалғасады. Бұдан әрі каналдарды толтыру үшін адаптерлерді (тазалауға арналған адаптерлерді) каналға жалғайды және толық батырылған эндоскоптың каналдары арқылы каналдар ластанудан жуылғанға дейін жуу ерітіндісін өткізеді.
Щеткалар жуу құралының сол ерітіндісінде тазартуға жатады.
Соңғы тазарту кезеңі дұрысында стерильдеу алдындағы тазартуға ұқсас және осы мақсатта рұқсат етілген құралдарды пайдалану болжанады. Оны орындаудың мұқияттылығы жоғары деңгейдегі кейінгі дезинфекцияның тиімділігінің кепілі болып табылады.
3. Стерильдеу алдындағы тазарту.
Эндоскоптар мен олардың құрал-саймандары стерильдеу алдында (соңғы тазарту бөлімінде көрсетілгендей) қолмен немесе белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген қондырғыларды, жуғыш машиналарды пайдалана отырып тазартуға жатуы мүмкін. Ыдыстарға эндоскопты және тескіш-кескіш құрал-саймандарды бір мезгілде батыру ұсынылмайды, себебі бұл эндоскоптың жұмыс бөлігін зақымдауды болдыруы мүмкін.
Ферментативті жуу құралдарын пайдалану эндоскоптарды тазартудың жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Ферменттер ластануды, оның ішінде кепкен және бекітілген ластануды белсенді түрде ыдыратады, сондай-ақ биоқабыршақты (эндоскоптар каналдарында дамитын және сыртқы әсерлерге өте төзімді микроағзалар колонияларын) жояды. Ферменттерді пайдалану щеткалармен механикалық тазартуды айтарлықтай жеңілдетеді, ал қол жетуі қиын аймақтарда оны алмастырады. Ферментативті жуу құралының ерітінділерін қолдану алдында тікелей дайындау және бір рет пайдалану керек. Бұл олардың ең жоғары белсенділігін қамтамасыз етеді.
Тазарту кезеңі эндоскоптың сыртқы бетін, каналдарын және алмалы-салмалы элементтерін ауыз сумен жуумен аяқталады. Бұл рәсімнің мақсаты – дезинфекциялау ерітіндісінің ластануын және оның тиімділігінің төмендеуін болдырмау үшін эндоскоп пен оның каналдарынан жуу құралының қалдықтарын толығымен шығару. Эндоскопты және алмалы-салмалы элементтерді жуу ыдыстарда да сол сияқты ағынды судың астында жүргізілуі мүмкін. Осы рәсім жүргізілетін раковина медицина персоналының қол жууы немесе дезинфекцияланған эндоскоптарды жуу үшін пайдаланылмауы тиіс.
Эндоскопты дистилденген сумен жуу аяқталғаннан кейін аспаптың барлық каналдарына (шприцтің немесе арнайы құрылғының көмегімен) қысыммен ауа үрлейді, ал эндоскоптың сыртқы бетін сулықпен құрғатады. Суды кетіру дезинфекциялау құралының сұйытылуын болдырмау үшін қажет.
Эндоскоптарды тазарту алгоритмі:
1) басқару блогынан шеткі ұшына қарай қозғала отырып, эндоскоптың енгізетін бөлігін және басқару блогын сүрту;
2) «су/ауа» каналын сумен жуу, содан кейін 10 секунд ішінде ауамен үрлеу;
3) биопсиялық/аспирациялық каналдар арқылы дезинфекциялау құралын аспирациялау;
4) барлық клапандарды ағытып алу және оларды бөлек тазарту;
5) арнайы щетканы пайдалана отырып, шығу жолын, биопсиялық/аспирациялық каналдың шығу жолын тазарту. Содан кейін эндоскоптың шеткі ұшын абайлап тазарту;
6) каналдарды тазарту үшін щетканы мыналар:
енгізілетін бөліктің биопсиялық шығу жолы,
аспирациялық шығу жолы және одан әрі әрбір енгізу алдында жалғастырғыш кәбіл (щетканы тазарту) арқылы өткізу.
Эндоскоптарды жуу алгоритмі:
1) ыдысқа эндоскопты батыру және каналдарды (каналдық суландырғыштың (С-3) немесе оған ұқсас құралдардың көмегімен) жуу:
жуу ерітіндісімен, содан кейін
дистилденген сумен жуу;
2) барлық каналдардан қалған сұйықтықты шығару, «су-ауа» каналдары арқылы ауа үрлеу;
3) аспирациялық, биопсиялық/аспирациялық каналдар арқылы ауаны аспирациялау. Жуғыш машинаны пайдалану ұсынылады.
4. Жоғары деңгейдегі дезинфекция.
Эндоскопты ерітіндіге батыру алдында қолданылатын дезинфекциялық ерітіндінің пайдалануға жарамдылығына (ерітіндінің дайындалған күнін, сыртқы түрін тексеру) көзбен қарап көз жеткізу қажет. Ластанған, түсі мен мөлдірлігін өзгерткен ерітінділер пайдалануға жатпайды. Дезинфекциялау ерітіндісіндегі әсер ететін заттың шоғырлануын бақылау және ол жоғары деңгейдегі дезинфекцияны жүргізу үшін жеткілікті екендігіне көз жеткізген орынды. Бұл ретте әдістемелік нұсқауларда көрсетілген химиялық әдістер, экспресс-бақылау үшін әзірленген индикаторлық тестілер пайдаланылуы мүмкін. Егер бақылау нәтижелері әсер ететін заттың шоғырлануының төмендегені туралы куәландырса, ерітінді одан әрі пайдалануға жатпайды және көп рет пайдаланудың рұқсат етілген көлемі өткенге дейін төгілуі тиіс.
Тазартылған және кептірілген эндоскоп пен алмалы-салмалы бөлшектер (эндоскопқа жалғамастан) дезинфекциялау құралының ерітіндісіне оның барлық элементтерін толығымен жауып тұратындай етіп батырады. Эндоскоптың ең шығыңқы бөлшегінің үстіндегі дезинфекциялау ерітіндісінің қалыңдық қабаты 1 см кем болмауы тиіс. Адаптерді пайдалана отырып, барлық каналдарды дезинфекциялау құралымен толтырады. Егер каналдардан ауа көпіршіктерінің пайда болуы тоқтаса, ерітіндіні айдауды тоқтатуға болады. Жоғары деңгейдегі дезинфекция уақытын каналдарды толтыру аяқталуы бойынша есептейді.
Жоғары деңгейдегі дезинфекция нақты дезинфекциялау құралын қолдану жөніндегі әдістемелік нұсқауларда көрсетілген режимдерге сәйкес жүргізіледі. Дыбыстық сигналы бар таймерді пайдалану экспозициялық ұстауды бақылауды жеңілдетеді.
Жоғары деңгейдегі дезинфекция үшін спороцидті әсері бар және эндоскопиялық жабдықты өңдеуге рұқсат етілген құралдар қолданылады. Химиялық ерітінділермен стерильдеу режимімен салыстырғанда жоғары деңгейдегі дезинфекция кезінде тек экспозициялық ұстау уақыты ғана қысқартылады. Ерітіндінің шоғырлануы, оның температурасы және басқа да параметрлер ерітінді стерильдеу үшін пайдаланылатын жағдайдағыдай болып қалады. Жоғары деңгейдегі дезинфекция, сондай-ақ химиялық стерильдеу үшін ерітіндіде концентраттарды емес, дайын ерітінділер түрінде шығарылатын құралдарды пайдаланған артығырақ. Бұл қажетті шоғырланудағы ерітіндіні дайындау кезінде өз кезегінде тиімсіз өңдеуге әкеп соқтыратын қателіктер мен сәйкессіздіктерді болдырмауға көмектеседі.
Эндоскоптарды дезинфекциялау жүргізілетін ерітінділері бар ыдыстардың тығыз жабылатын қақпағы болуы және эндоскопты батырғаннан кейін және каналдар толтырылғаннан кейін дереу жабылуы тиіс. Өңдеу рәсімдерінің арасында сол сияқты ыдыстар дезинфекциялау ерітіндісінің булануы мен ластануын болдырмау үшін қақпақтармен жабылуы тиіс.
Глутарлы альдегид негізіндегі құралдар жоғары деңгейдегі дезинфекция үшін неғұрлым кеңінен қолданылады. Эндоскоптарды ыдысқа батыру арқылы қолмен өңдеуді орындау кезінде құрамында глутарлы альдегид бар құралдың температурасы бөлме температурасындай (20-250С) болуы тиіс. Оны қыздыру кезінде альдегидтің ауаға көп мөлшерде бөлінуі болады, бұл адамның ағзасына кері әсер етеді. Қазіргі уақытта жоғары деңгейдегі дезинфекция үшін әсер ететін басқа заттардың, мысалы орто-фтальді альдегид және сірке су қышқылы негізіндегі дезинфекциялау құралдары әзірленеді және қолданылады. Орто-фтальді альдегидтің глутарлы альдегидпен салыстырғанда айтарлықтай ықтимал басымдығы болады. Ол рН кең диапазонында өте тұрақты, микробтық белсенділігі өте жоғары ғана емес, сонымен қатар көзге және мұрын жолдарына тітіркендіргіш әсер етпейді. Бұдан басқа, орто-фтальді альдегид қолдану алдында белсендіруді қажет етпейді.
Экспозициялық ұстау аяқталуы бойынша эндоскоптың барлық беттері мен каналдары және алмалы-салмалы элементтер дезинфекциялау құралының барлық іздерін кетіру үшін сумен мұқият жуылады. Бронхоскоптар дистилденген сумен жуылады. Гастродуоденоскоптарды, ларингоскоптарды, колоноскоптарды және ректоскоптарды ауыз сумен, оның ішінде микробиологиялық көрсеткіштері бойынша ауыз суға сәйкес келетін болса, құбыр суымен жууға болады. Жоғары деңгейдегі дезинфекциядан кейін эндоскоптарды жуу үшін пайдаланылатын судың сапасын микробиологиялық бақылау жүйелі жүргізілуі тиіс.
Эндоскопты жуғаннан кейін барлық каналдарға қысыммен ауа жіберу арқылы олардан суды шығарады. Жақсылап кептіру және микроағзалардың көбеюуінің алдын алу үшін каналдарды 700-тық спиртпен жуады. Спиртпен өңдеу дезинфекциялауды алмастырмайды, тек ылғалды толық кетіруге мүмкіндік береді. Эндоскоптың сыртқы беті мен алмалы-салмалы элементтер таза сүлгілердің немесе дәке сулықтардың көмегімен кептіріледі. Егер эндоскоп жуық арада 3 және одан көп сағат ішінде пайдаланылмаса, каналдарды спиртпен жуу және ылғалды толық кетіру ерекше маңызды.
Тазарту және дезинфекциялау кезінде пайдаланылатын керек-жарақтарды (щеткаларды, жалғастырғыштарды, ерітінділерге арналған ыдыстарды) өңдеудің дұрыстығы эндоскоптардың деконтаминациясының тиімділігіне айтарлықтай әсер ету мүмкіндігін ескеруі қажет. Каналдарға және алмалы-салмалы элементтерге арналған щеткаларды әрбір пайдаланғаннан кейін тазарту және дезинфекциялау керек. Бұл үшін эндоскоптарға пайдаланылған құралдарды пайдалануға болады. Жуу және дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділері бар ыдыстар да сол сияқты жаңа ерітіндімен толтыру алдында өңделуге жатады.
Дезинфекциялаудан кейін эндоскоптарды жууға арналған суы бар ыдыстарға ерекше назар аудару керек, себебі олар пациенттің инфекция жұқтыруына әкеп соқтыратын микроағзалармен ластануы мүмкін. Бұл ыдыстар (жұмыс ауысымы аяқталуы бойынша) дезинфекциялауға жүйелі түрде жатуы тиіс.
Эндоскоптың каналдарын жуу және дезинфекциялау ерітінділермен, сондай-ақ сумен толтыруды жеңілдету үшін эндоскоптарға қоса берілетін арнайы құрылғыларды (каналдар ирригаторлары, тазалауға арналған адаптерлер және т.б.) пайдалану керек. Егер осы мақсат үшін шприц пайдаланылса, онда ол эндоскоппен бір мезгілде өңдеудің барлық кезеңінен өтуі тиіс. Егер осы шприц эндоскоппен бір мезгілде дезинфекциялау құралының ерітіндісіне батырылмаған болса, жоғары деңгейдегі дезинфекциядан кейін эндоскопты соңғы жуу үшін каналдарын жуу ерітіндісімен және сумен толтыру үшін сол бір шприцті қолдануға болмайды. Бұл эндоскоптың ластануына және кейіннен пациенттің инфекция жұқтыруына алып келеді.
5. Стерильдеу.
Стерильді эндоскопиялық манипуляциялар кезінде пайдаланылатын құрал-саймандарды өңдеу кезеңдері жоғары деңгейдегі дезинфекция кезіндегідей сақталады, бірақ соңғы тазартудың орнына стерильдеу алдындағы тазарту жүргізіледі.
Эндоскопиялық аппаратураны стерильдеу құралдары мен әдістерін таңдау кезінде эндоскоптар мен құрал-саймандарды өндіретін компанияның ұсынымдарын назарға алу керек. Бұл жабдықтың сақталуын қамтамасыз етеді. Әртүрлі үлгілер мен маркалардағы эндоскоптарды өңдеу технологиясының кейбір ерекшеліктері болуы мүмкін, бірақ жоғарыда көрсетілген кезеңдердің жүйелілігін сақтау және олардың әрқайсысын кез келген эндоскоптар үшін орындау міндетті.
Егер құрал-саймандар жоғары температурада өңдеуге төзімді болса, онда стерильдеу алдындағы тазарту, кейіннен ағынды және дистилденген сумен жуу, кептіру және тиісті қаптамалаудан кейін оларды булау әдісімен стерильдейді, содан кейін хирургиялық құрал-саймандар сияқты сақтайды.
Эндоскопия кезінде қолданылатын эндоскоптар мен құрал-саймандар автоклавтауға жатпайтын жағдайларда, олар төменгі температурада стерильденеді. Бұл үшін белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген химиялық құралдардың ерітінділері, газдық әдіс және төменгі температуралы плазма қолданылуы мүмкін.
Эндоскопиялық жабдықты химиялық құралдардың ерітінділерімен сапалы стерильдеу үшін нақты препараттарды қолдану жөніндегі әдістемелік нұсқаулармен регламенттелген өңдеу режимдерін қатаң сақтау керек.
Химиялық құралдардың ерітінділерімен стерильдеу жүргізу кезінде эндоскоптарды, клапандарды, бітеуіштерді, құрал-саймандарды, щеткаларды ерітіндіге толық батырады. Эндоскоптың қаптамасы бетіндегі ауа көпіршіктерін стерильді сулықпен шығарады. Эндоскоптың барлық каналдарын ауа тығындарын болдырмай, ерітіндімен мәжбүрлеп (стерильді шприц немесе басқа да керек-жарақтардың көмегімен) толтырады.
Эндоскоптар мен олардың құрал-саймандарын химиялық құралдар ерітінділерінің көмегімен стерильдеуді стерильді эмальданған (эмалін зақымдамай) немесе жабылатын қақпақтары бар пластмассалы ыдыстарда жүргізу керек.
Ерітінділермен стерильдеуді жүргізу кезінде барлық манипуляцияларды асептикалық жағдайларда жүзеге асыру керек. Стерильдеу үшін және стерильді бұйымдарды құралдардың қалдықтарынан жуу кезінде пайдаланылатын ыдыстарды булау әдісімен алдын ала стерильдейді. Жууға арналған суды булау әдісімен стерильдейді. Бұйымдарды ерітіндіден алу үшін стерильді корнцангтар, пинцеттер, каналдардан стерильдеу ерітіндісі мен суды шығару үшін стерильді шприцтер пайдаланылады. Персонал стерильді қолғаптармен жұмыс істейді.
Құрал-саймандарды орамада төменгі температурада стерильдеуге болады, ол бұйымдардың стерильділігін (сақтау мерзімі орамаға байланысты) ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді. Бұл үшін сутегі асқын тотығының төменгі температурадағы плазмасымен немесе этиленнің газ тәріздес тотығымен стерильдеуге арналған арнайы технологиялар мен жабдық пайданылуы мүмкін. Газдық стерильдеу 1-2 сағат бойы 20-250С температурада және 70 % жуық ылғалдылықта формалин буында зарарсыздандыру жүргізілетін арнайы камерада жүргізіледі. Бактерияның споралары 48 сағатқа дейінгі экспозиция кезінде жойылады. Стерильдеу алдындағы тазартудан кейін кептірілген құрал-саймандарды қағаз пакеттерге орайды және мұқият тұмшалайды. Құрал-саймандарды 150 мг/дм3 дозада этиль спиртіндегі формальдегид ерітіндісінің буымен стерильдеу осы қосымшаға 9-тармақта көрсетілген әдістемеге сәйкес дайындалған этиль спиртіндегі формальдегидтің дайын ерітіндісімен жүргізіледі. Стерильдеуге ұстау аяқталуы бойынша формальдегидтің қалдығын аммиактың 23 %-дық сулы ерітіндісімен бейтараптандырады. Параформалинді камералар металл керек-жарақтарды өңдеу кезінде тиімді. Формальдегидтің аппараттардың поликомпозитті қабықшаларымен, эндоскоптарды дайындау кезінде қолданылатын синтетикалық шайырлармен ұзақ уақыт жанасуы кезінде олардың құрылымы өзгереді, бұл олардың кейіннен бұзылуына алып келеді. Фиброэндоскоптар мен құрал-жабдықтарды газдық стерильдеудің неғұрлым тиімді тәсілі этилен тотығын пайдалану болып табылады. Этилен оксидімен стерильдеу 38-60 0С температурада, атмосфераның 25-50 % ылғалдылығында және газдың 450-670 мг/мл шоғырлануында арнайы тұмшаланған камерада жүргізіледі. 6-10 сағатты алатын экспозиция кезінде вегетацияланатын микроағзалар да, сол сияқты құрал-саймандардың бетіндегі және эндоскоптардың каналдарының саңылауындағы олардың споралары толық ыдырайды. Бірақ фиброэндоскоптардың құрамына кіретін полимерлердің газ сіңіру және оны ұзақ уақыт ұстау мүмкіндігі бұл әдістің тәжірибеде кеңінен қолданылуын айтарлықтай шектейді.
Автоклавтау – құрал-саймандарды 120-1400С температурада және 2 атмосфераға дейінгі қысымда 30-40 минут бойы стерильдеуді қамтамасыз ететін тәсіл. Бұл стерильдеу әдісі кезінде барлық бактериялар, грибоктардың мицелиялары ғана емес, сонымен қатар микроағзалардың споралары да жойылады. Автоклавтаумен өздерінің технологиялық сипаттамалары бойынша жоғары температураға төзімді құрал-саймандар мен керек-жарақтарды ғана (магнитті экстракторлар, фогрцепттер мен автоклавтауға арналған сабы бар басқа да құрылғылар) өңдеуге болады. Автоклавтауға болатын керек-жарақтардың әдетте арнайы таңбасы және ең жоғары рұқсат етілген температураның индикациясы болады. Өзінің құрамында көп резеңке және полимерлік бөлшектері бар фиброэндоскоптар автоклавтаумен стерильдеуге бейімделмеген.
Ультрадыбыстық стерильдеу – керек-жарақтар мен қосымша эндоскопиялық құрал-саймандарды өңдеудің жоғары тиімді әдісі. Микрокавитацияның көмегімен ультрадыбыстық стерильдеу кезінде 10-40 секунд ішінде форцепттерді, диатермиялық ілмектерді, коагуляторларды сыртқы ластан, қаннан, қатып қалған тіндердің фрагменттерінен тазалап қана қоймай, сонымен қатар стерильділікке қол жеткізуге болады. Бұл тәсіл, әсіресе, ұзақ эндоскопиялық операциялар (полипэкгомия, папиллосфинктеротомия және т.б.) үдерісінде жиі пайдаланылатын құрал-саймандарды тез тазарту және стерильдеу үшін пайдалану кезінде тиімді. Фиброэндоскоптарды ультрадыбыспен өңдеу кезінде соңғылары резонанстық тербелістердің әсерінен бұзылады, сондықтан бұл тәсілді күрделі және мұқият пайдаланатын техника үшін қолдануға болмайды.
Салқын химиялық дезинфекциялау (стерильдеу). Құрал-саймандарды, сол сияқты фиброэндоскоптарды өңдеудің бұл тәсілі қазіргі кезде неғұрлым кең таралған. Бұл өңдеудің салыстырмалы қарапайымдылығына, экспозицияның аз мерзіміне (дезинфекциялауды жүргізу үшін 10-20 минут және стерильдеу үшін 10 сағат), әдістің қолжетімділігіне байланысты. Өңдеуді бактериостатикалық және бактерицидті сұйықтықтардың ерітінділеріне эндоскоптарды (аппараттың техникалық ерекшеліктеріне байланысты) ішінара немесе толық батыру арқылы жүргізіледі. Белсенді зат ретінде катионды үстіңгі-белсенді заттар мен органикалық емес буферлі жүйелері бар қоспадағы глютаральдегидтердің немесе калий персульфаттардың ерітінділері неғұрлым жиі пайдаланылады. Дезинфекциялау препараттарын дезактивациялау үшін этанолдың 70 %-дық ерітіндісі қолданылады. Химиялық ерітінділермен және этиленнің газ тәріздес тотығымен салыстырғанда сутек асқын тотығының төменгі температурадағы плазмасымен стерильдеу циклінің ұзақтығы айтарлықтай қысқа (1 сағатқа жуық), ал процестің өзі персонал мен қоршаған орта үшін қауіпсіз болады.
Эндоскоптарды стерильдеу алгоритмі:
1) стерильдеу үшін ерітіндіге эндоскопты батыру;
2) стерильдеуге қажетті экспозицияны ұстау;
3) эндоскопты ыдысқа батыру және каналдарды стерильді сумен жуу;
4) эндоскопты кептіру;
5) эндоскоптарды бөзден жасалған стерильді қапқа салу.
6. Сақтау.
Жоғары деңгейдегі дезинфекция немесе стерильдеу аяқталғаннан кейін эндоскоптар эндоскопиялық манипуляциялар жүргізу үшін дереу пайдаланылуы мүмкін. Егер мұндай қажеттілік болмаса, онда олар стерильді мата тыстарда тігінен ілінген күйінде ілгіштерде немесе осы мақсат үшін арнайы жасалған желдетілетін шкафтарда сақталады. Тек осындай күй эндоскоптың каналдарында микроағзалардың өсуі мен көбеюіне жағдай жасайтын ылғалдың жиналуына мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ, эндоскоптарды сақтау үшін екі қабатты стерильді жаймаға немесе стерильді жаймалар төселген бикстерге орауға болады. Мұндай күйде олар 3 тәулік бойы сақталады. Эндоскоптың жұмыс бөлігіне зақым келтіретін шектен тыс бұралуы және иілу мүмкіндігі болатындықтан, эндоскопты биксте немесе сөреде жиналған күйде сақтамаған жөн. Қайта ластану тәуекелі болғандықтан, эндоскопты тасымалдауға арналған чемоданда сақтамау керек. Сақтау кезінде алмалы-салмалы элементтер біріктірілмейді және жеке сақталады. Ұзақ (3 тәуліктен астам) сақтаудан кейін эндоскопты қолдану алдында қайта өңдеу (жоғары деңгейдегі дезинфекция немесе стерильдеу) керек.
Эндоскоптарды өңдеу бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін осы мақсаттар үшін рұқсат етілген кез келген жуу дезинфекциялау құралын пайдалана отырып, үй-жайды ылғалды жинау жүргізу, содан кейін үй-жайды желдету, ал персонал қолына гигиеналық өңдеу жүргізуі қажет.
7. Эндоскоптарды соңғы/стерильдеу алдында тазарту сапасын бақылау.
Денсаулық сақтау ұйымдарында өзін-өзі бақылау аптасына 1 реттен сиретпей жүргізіледі, журналға тіркей отырып бөлімшенің аға мейіргері ұйымдастырады. Соңғы стерильдеу алдында тазартудың сапасын бақылау үшін қанның қалдық саны бар болуына азопирамдық сынаманы, жуу құралының сілтілі компоненттерінің қалдық санының бар болуына фенолфтолеинді сынаманы пайдаланады.
Тазалау сапасын тексеруге құрал-саймандық канал және жұмыс бөлігінің иілгіш сыртқы беті жатады. Жұмыс бөлігінің иілгіш сыртқы беті азопирам ерітіндісіне батырылған дәке сулықпен сүртіледі. Құрал-саймандық каналдың «кіру» және «шығу» саңылауларына реактивке батырылған мақта таяқшаларын аздаған тереңдікте енгізеді және каналда 1 минутқа қалдырады, содан кейін шығарып алады.
Қатты эндоскоптар мен функционалды каналдары жоқ құрал-саймандардың тазалығын жұмыс бөлігін реактивке батырылған дәке сулықпен сүртіп немесе тамшуырдың көмегімен реактивтің 3-4 тамшысын жұмыс бетіне тамызу арқылы тексереді.
Функционалдық каналдары бар құрал-саймандардың тазалығы сапасын тексеруді реактив бар түтікке құрал-сайманның жұмыс бөлігін батыру, каналға шприцтің көмегімен 0,5-1,0 мл реактивті енгізу және оны дәке сулыққа немесе мақта тампонына сығу арқылы жүргізіледі.
Қанға немесе жуу құралдарының сілтілі компоненттерінің қалдық санына реактиві бар оң сынама болған жағдайда, бақылаудағы бұйымдар теріс нәтиже алғанға дейін қайта өңдеуге жатады.
8. Эндоскоптарды жоғары деңгейдегі дезинфекция және стерильдеу сапасын бақылау.
Денсаулық сақтау ұйымдарының бактериологиялық зертханасы бақылауды айына бір рет жүргізеді. Мұндай зертханалар болмаған жағдайда, бақылауды зерттеудің осы түрлері үшін аккредиттелген кез келген басқа зертханалар жүзеге асыруы мүмкін. Бір уақытта жоғары деңгейдегі дезинфекцияға жатқызылған немесе бір әдіспен стерильденген эндоскоптардың 1 %-ы (бірақ әр атаудың кемінде 1 эндоскопы) бақылауға жатады.
Құрал-саймандарды жоғары деңгейдегі дезинфекция және химиялық (ерітінділермен немесе газдық) әдіспен стерильдеу сапасын бақылау құрал-саймандарды жуғаннан немесе бейтараптандыру үдерісі аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Құрал-саймандарды жоғары деңгейдегі дезинфекция және стерильдеу сапасын бақылау үшін сынамаларды жинау асептика қағидаларын сақтай отырып, шайынды алу әдісімен жүргізіледі. Ішкі каналдары бар құрал-саймандарды жұмыс бөлігі жағымен стерильді суы немесе изотонды ерітіндісі бар түтікке салады және стерильді шприцтің көмегімен каналды стерильді ерітіндімен 4-5 рет жуады. Эндоскоптар мен құрал-саймандардың сыртқы жұмыс бетінен шайынды натрий хлоридінің 0,9 %-дық ерітіндісімен немесе стерильді сумен ылғалданған стерильді дәке сулықтармен алынады. Әрбір сулықты қоректік ортасы бар жеке түтікке салады.
Жоғары деңгейдегі дезинфекция және стерильдеу ішек таяқшасының тобы бактерияларының, алтын түстес стафилококк, көк ірінді таяқша, Кандида тұқымдас грибоктар мен басқа да шартты-патогенді және патогенді микроағзалардың өсуі болмаған кезде тиімді деп саналады. Микроазалардың өсуі болған кезде, жоғары деңгейдегі дезинфекция мен стерильдеу қанағаттанғысыз деп саналады және дезинфекциялау мен стерильдеу қайталанады.
Микрофлораға сынамаларды мынадай жерлерден алған орынды:
1) эндоскоптың енгізілетін бөлігі;
2) биопсиялық қысқаштар, басқа да құрал-саймандар;
3) ерін тіреуіш;
4) сору клапандары, «су-ауа»;
5) биопсиялық канал;
6) эндоскоптың оптикалық бөлігі;
7) жоғары деңгейдегі дезинфекциядан және стерильдеуден кейін жууға арналған ыдыс;
8) кіші жұмыс үстелі;
9) шаю ерітінділеріне арналған ыдыс;
10) медицина қызметкерінің қолғабы;
11) стерильді жаймалар, халаттар, сулықтар;
12) персоналдың антисептикалық өңдеуден кейінгі қолы.
9. Этил спиртінде формальдегид ерітіндісін дайындау.
Этил спиртінде формальдегид ерітіндісін дайындау үшін параформ мен ректификат этил спирті пайдаланылады.
1 кг (1,25 дм3) ерітіндіні дайындау үшін техникалық таразыға (10 мг дейінгі дәлдікте) 400 г параформды және 600 г этил спиртін (760 см3) өлшейді. Апараформ бөлігін шлиф бар колбаға салады және этил спиртін құяды. Колбаны кері тоңазытқышпен жалғайды және ішіндегіні параформ толық ерігенге дейін (5-6 сағат) қайнатады. Дайындалған ерітіндіні сүзгіден өткізеді және талдау жасайды.