"Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 366 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 7, 73-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      1-тармақтың 3) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың, олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін айқындауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын қарау және бекiту кезiнде:»;
      мынадай мазмұндағы 1-4-тармақпен толықтырылсын:
      «1-4. Тиісті салалардың уәкілетті органдары ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты:
      1) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет түрлері бойынша арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiн бекітсiн;
      2) олардың құзыретіне жатқызылған қызмет салалары бойынша автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемдерін айқындасын.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады