2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 381 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Мекешұлы Жақсылықовқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 19 сәуірдегі
№ 381 қаулысымен   
мақұлданған     

Жоба

2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың
шарттары мен тетігі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 10-бабына сәйкес 2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартты негізге ала отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1. 3-баптың 1-тармағындағы «Кеден одағы комиссиялары» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2. 4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Комиссия Тараптар мемлекеттері арасында тарифтік квота көлемін Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысында осы Келісімнің 3-бабына сәйкес бірыңғай кеден аумағы үшін тарифтік квота көлемін есептеу кезінде назарға алынған өндіру мен тұтыну көлемдерінің арасындағы айырма шегінде бөледі. Бұл ретте Комиссия не Комиссияның шешіміне сәйкес Тараптар сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында тарифтік квотаны бөлудің әдісі мен тәртібін айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде тарифтік квотаны үшінші елдер арасында бөледі.».

2-бап

      Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар Келісімде белгіленген тәртіппен шешіледі.

3-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптар мемлекеттерінің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап күшіне енеді.
      2013 жылғы «___» ___________ _____________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, оның куәландырылған көшірмесін әрбір Тарапқа жіберетін Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.

          Беларусь               Қазақстан                  Ресей
      Республикасының         Республикасының          Федерациясының
        Үкіметі үшін           Үкіметі үшін             Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады