"Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 393 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 765 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 765 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөніндегі комиссияның көрсетілген құрамына мыналар енгізілсін:

Сағынтаев            - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақытжан Әбдірұлы      бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының
                       Өңірлік даму министрі, төраға

Жоламанов            - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Нұрлан Айтманұлы       комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан
                       Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
                       Шекара қызметінің директоры (келісім бойынша);

      мына:

«Досаев              - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Ерболат Асқарбекұлы    және сауда министрі»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Досаев              - Қазақстан Республикасының Экономика және
Ерболат Асқарбекұлы    бюджеттік жоспарлау министрі»;

      көрсетілген құрамнан Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Абай Төреғұлұлы Брекешев шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады