Қатысушы банк пен оператор арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді және Қатысушы банк пен салымшы арасындағы білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 466 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 424 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.06.2015 № 424 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қатысушы банк пен оператор арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім;
      2) Қатысушы банк пен салымшының арасындағы білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шарт бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 8 мамырдағы
№ 466 қаулысымен  
бекітілген     

Қатысушы банк пен оператор арасындағы Мемлекеттік білім беру
жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы
үлгілік келісім

      Астана қ.                                20__ ж. «___» ________

      Бұдан әрі «Оператор» деп аталатын ____________ атынан ___________ негізінде әрекет ететін ________________ бір тараптан және бұдан әрі «Қатысушы банк» деп аталатын «_______________» атынан ______________ негізінде әрекет ететін ________________ екінші тараптан, бұдан әрі бірге «Тараптар» деп аталатындар «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес төмендегілер туралы осы Қатысушы банк пен оператор арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.

1. Келісімде пайдаланылатын ұғымдар

      1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін төменде келтірілетін ұғымдар мен терминдердің мынадай мағынасы бар:
      1) білім беру жинақтау салымы – салымшының немесе енгізушілердің жарналарын, капиталдандырылған қатысушы банк сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысын қамтитын, салымшының қатысушы банк шотындағы ақшасы;
      2) білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысы (бұдан әрі – мемлекет сыйлықақысы) – білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығына бюджет қаражаты есебінен жыл сайын белгіленген мерзімде төленетін ақша;
      3) білім беру жинақтау салымы туралы шарт (бұдан әрі - салым шарты) – салымшы қатысушы банкпен жасасқан, білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаражат жинақтауға арналған банктік салым шарты;
      4) білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімі – оператор мемлекет сыйлықақысын есепке жазатын салым шарттарын тіркеудің бірыңғай базасы;
      5) білім беру қызметтері – білім беру ұйымының білім алушыға жеке адамның білім алу қажеттіліктерін іске асыруға және білім беру бағдарламаларын меңгеруге бағытталған қызметтер көрсету жөніндегі қызметі;
      6) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
      7) білім беру ұйымы – Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға;
      8) енгізуші – салымшының пайдасына білім беру жинақтау салымына жарна салуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті емес;
      9) кредитор – банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар және мемлекет уәкілеттік берген ұйымның кепілдігімен білім беру кредиттерін ұсыну туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;
      10) кредиттік желі – қарыз алушыға кредитордың білім беру кредиті шартында айқындалған уақыт ішінде келісілген лимит шегінде оған ақша беру жөніндегі заңды түрде ресімделген міндеттемесін ұсыну;
      11) қарыз алушы – білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін жетпейтін сомаға кредитормен білім беру кредиті шартын жасасқан салымшы;
      12) қатысушы банк – осы Заңда белгіленген талаптарға сай келетін және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;
      13) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін және қатысушы банктердің халықтың салымдарын тартуына және оларға сыйақылар мен мемлекет сыйлықақыларын есепке жазуға негізделген, білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі;
      14) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор (бұдан әрі – оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі қатысушыларының қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және оның Қазақстан Республикасы  заңнамасында көзделген шекте жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйым;
      15) салымшы – салым шартының тарапы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы;
      16) салымшылардың басым санаты – Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес көтермеленген мемлекет сыйлықақысы есептелетін азаматтар санаты.

2. Келісімнің мәні

      Қатысушы банк енгізушілерден/салымшылардан жарналарды қабылдайды, салымшылардың шоттарына сыйақыны есепке жазады және мемлекет сыйлықақысын есептеп аударады, ал оператор білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде тіркелген салымдарға есептелуге жататын мемлекет сыйлықақысының сомасын есептеуді жүзеге асырады және оны қатысушы банкке ұсынады.

3. Өзара іс-қимыл шарттары мен тәртібі

      1. Қатысушы банк Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгілік шарттың негізінде салымшылармен қарапайым жазбаша нысанда білім беру жинақтау салымын ашу туралы шарттар жасасады.
      Салым шарты кемінде 3 жылға жасалады, ол аяқталғаннан кейін салым шартының қолданылу мерзімі ұзартылады не қалған ақшаны аудара отырып, салымшының таңдауы бойынша басқа қатысушы банкпен шарт жасалады. Білім беру жинақтау салымдары теңгеде ашылады.
      2. Бір салымшының атынан немесе оның пайдасына бір ғана салым шарты жасалады.
      3. Салымшының салым шартының және Заңның талаптарына сай келмеуіне байланысты оператор салым шартын білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізіліміне тіркеуден бас тартқан жағдайда, салым шарты бұзылады, жинақ шоты жабылады, енгізілген бастапқы жарна сомасы сыйақыны есепке жазбай/төлемей және мерзімінен бұрын бұзылғаны үшін комиссия ұстамай енгізушінің бірінші талабы бойынша төленеді.
      4. Оператор жасалған әрбір салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы мәліметтерді ұсына отырып, қатысушы банкке мемлекет сыйлықақысын есепке жатқызуды жыл сайынғы негізде жүзеге асырады. Мемлекет сыйлықақысын есепке жазу білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде тіркелген салым шартына жүргізіледі.
      5. Мемлекет сыйлықақысын алғаннан кейін қатысушы банк 2 (екі) жұмыс күні ішінде аталған сыйлықақыларды салымшылар шоттарына аударады. Мемлекет сыйлықақысы салымның негізгі сомасына қосылады (капиталдандырылады). Мемлекет сыйлықақысын уақтылы есепке жатқызбаған жағдайда қатысушы банк мерзімі өткен әрбір күн үшін 0,01 % мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.
      6. Мемлекет сыйлықақысы тіркелген салым шарты бойынша жинақтаудың ең қысқа мерзімі бір жыл болған кезде 1 қаңтардағы жағдай бойынша салым сомасының нақты жинақталған қалдығына есепке жазылады. Мемлекет сыйлықақысы шарттың қолданылу мерзіміне, бірақ жиырма жылдан аспайтын мерзімге есепке жазылады.
      7. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері Заңмен белгіленеді. Заңдағы мемлекет сыйлықақысының мөлшері өзгерген жағдайда оператор қатысушы банктерді жазбаша түрде хабардар етеді.
      8. Салымшылардың басым санатына арналған мемлекет сыйлықақысы тиісті жылы салымшының басым санатқа жататыны расталатын айлар үшін есепке жазылады.
      9. Есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы:
      1) нысаналы мақсаты сақталмай, салым шарты салымшының бастамасы бойынша бұзылған немесе мерзімінің өтуіне байланысты салым шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған;
      2) салымшының білім беру ұйымынан шығарылған күнінен бастап күнтізбелік үш жыл өткен;
      3) жинақтау мерзімі осы Заңда белгіленген мерзімнен аз болған кезде мемлекет сыйлықақысын төлеу фактісі анықталған;
      4) салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайларда бюджетке қайтарылуға тиіс.
      10. 3-бөлімнің 9-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде қатысушы банкті осындай мән-жайдың болғаны туралы хабарлайды және салым бойынша мынадай ақпаратты сұратады:
      1) салым бойынша жарналардың жалпы сомасы;
      2) салым бойынша банк сыйақысының жалпы сомасы;
      3) білім беру қызметтерінің ақысын төлеуге аударылған жалпы сома;
      4) салым шарты бойынша нақты қалдық.
      11. Қатысушы банк ақпаратты 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынады. Оператор қажетті ақпаратты алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қатысушы банкке бюджетке қайтарылуы тиіс мемлекет сыйлықақысы сомасының мөлшері туралы анықтама-үзіндіні жібереді.
      12. Салым қаражаты барлық оқу кезеңі үшін оқу ақысын толық төлеуге жеткіліксіз болған жағдайда салымшылар жинақтау мерзімі аяқталған соң Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 248 қаулысымен бекітілген қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру қағидаларына сәйкес білім беру кредитін алу үшін қатысушы банкке жүгінуге құқылы.
      Білім беру кредиті салымшыға жинақталған сома оқу ақысын толық көлемде төлеу үшін қажетті соманың кем дегенде елу пайызы мөлшерін құраған кезде мемлекет уәкілеттік берген ұйымның жүз пайыз кепілдігімен беріледі.

4. Білім беру жинақтау салымын бір қатысушы банктен екіншісіне
аудару шарттары

      1. МБЖЖ шеңберінде салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі білім беру жинақтау салымының ақшасын бір қатысушы банктен екінші қатысушы банкке толық көлемде жылына бір рет қана аударуды жүзеге асыруға құқылы. Қаражатты бір қатысушы банктен екіншісіне аудару салымшы тарапынан қатысушы банк пен салымшы арасында жасалатын білім беру жинақтау салымы туралы шарт талаптарын бұзу болып есептелмейді.
      2. Салымшы/заңды өкіл қабылдаушы қатысушы банкке салымды аудару туралы өтінішпен жүгінеді. Қабылдаушы қатысушы банк ағымдағы шот ашады және оның деректемелерін салымшыға ұсынады. Аудару уақытында осы шоттан шығыс операцияларына жол берілмейді.
      3. Салымшыдан/заңды өкілден банктің деректемелері көрсетілген қаражатты аудару туралы тиісті жазбаша өтініш түскен кезде жіберуші қатысушы банк 2 (екі) жұмыс күні ішінде операторды өтініштің түскені туралы хабардар етеді. Оператордан салым шартын қайта тіркеу туралы растау қағазын алғаннан кейін жіберуші-қатысушы банк ұсынылған деректемелерге аударуды жүзеге асырады. Аудару уақытында салымшыға/заңды өкілге қаражат беруге жол берілмейді.
      4. Жіберуші қатысушы банктен білім беру жинақтау салымының қаражаты түскеннен кейін ақша салымшының ағымдағы шотынан қатысушы банкте ашылған жинақ шотына аударылады.

5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      1. Қатысушы банк:
      1) оператордан әрбір жасалған салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақыларының мөлшері туралы мәліметтерді ұсына отырып, мемлекет сыйлықақысының уақтылы есепке жатқызылуын талап етуге;
      2) оператордан Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан білім беру ұйымдарының жазбаша тізімін, сондай-ақ МБЖЖ шеңберіндегі өзге де ақпаратты талап етуге;
      3) салымшылар, шоттардың жай-күйі, салымшылар ақшасының қозғалысы, мемлекет сыйлықақысын есепке жазу мен оның сомасы туралы мәліметтерді алмасу жұмысын оңтайландыру мақсатында оператормен тиісті ақпараттық жүйені кіріктіруге;
      4) салымшының тілегі бойынша салым шартын жасасу кезінде енгізудің ұсынылатын мерзімділігін және қосымша жарналар мөлшерін есептеуге, салым шартының талаптарын қатысушы банк сыйақысының мөлшерін және мемлекет сыйлықақысын төлеу және қайтару тәртібін түсіндіруге;
      5) уәкілетті органдардың салымшының ақшасына тыйым салу және шот бойынша операцияларды тоқтата тұру туралы шешімдерін орындауға;
      6) уәкілетті органдардың салымшының ақшасына тыйым салынған шот бойынша операцияларға тыйым салуды/тоқтата тұруды жою туралы заңды нұсқауларын орындауға құқылы.
      2. Оператор:
      1) қатысушы банктен салым шартының жасалуына, оның қолданысына, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуына, білім беру қызметтерінің құны мен ақысына, білім алушының мәртебесіне қатысты қажетті мәліметтерді сұратуға;
      2) жасалған салым шарттарын тіркеуді және олардың есебін жүргізуді жүзеге асыруға;
      3) қатысушы банктің білім беру жинақтау салымына мемлекет сыйлықақысының сомасын есепке жатқызу мерзімдерін сақтауын мониторингілеуді жүзеге асыруға;
      4) қатысушы банктің немесе білім беру ұйымының мемлекет сыйлықақылары сомасының бюджетке толық және уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етуге;
      5) қатысушы банк Заңның 15-бабының 2-тармағында қойылатын талаптарды орындамаған жағдайда Ынтымақтастық туралы келісімді орындаудан бір жақты тәртіппен бас тартуға, сондай-ақ салымшының таңдауы бойынша салымшылар ақшасын басқа банкке аударуды талап етуге құқылы.
      3. Қатысушы банк:
      1) Заңның 15-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келуге;
      2) келісімде көрсетілген шарттарды ескере отырып салым шарттарын жасасуға;
      3) салым шарты жасалғаннан кейінгі келесі жұмыс күні Астана қаласының уақытымен сағат 17:00-ден кешіктірмей операторға электрондық түрде не пошта арқылы мынадай құжаттарды:
      ЖСН туралы деректерді қамтитын жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе салымшының тууы туралы куәлігінің көшірмесін;
      тараптардың қолдары қойылған салым шартының көшірмесін;
      салым шартын жасасқан кезде салымшының басым санатқа жататынын растайтын құжаттардың көшірмелерін;
      қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылатын басқа да құжаттарды жіберуге;
      4) салымнан білім беру ұйымына ақша аударылғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде операторға электрондық түрде немесе пошта арқылы мына құжаттарды:
      білім беру ұйымымен шарттың көшірмесін;
      білім беру ұйымынан оқу ақысы туралы анықтаманың көшірмесін;
      ақшаның аударылғанын растайтын құжатты жіберуге;
      5) салым шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде операторды салымның жабылу күнін көрсетіп, хабардар етуге;
      6) осы Келісімге 123 қосымшаларға сәйкес тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың оны күніне дейін операторға салымшылар туралы, шоттардың жай-күйі, салымшылар ақшасының қозғалысы, есептеулер мен мемлекет сыйлықақысын есепке жазу мен оның сомасы туралы мәліметтерді ұсынуға;
      7) салымдар бойынша сыйақыларды уақытылы және толық көлемде есепке жазуға;
      8) салым шартын жасасу кезінде салымшының Заңда белгіленген талаптарға сай келетінін, сондай-ақ оператор арқылы салымшының атына ашылған қолданыстағы басқа салым шартының жоқтығын тексеруге;
      9) осы Келісімнің 3-бөлімінің 9-тармағында көрсетілген жағдайлар туралы ақпаратты алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей операторға мемлекет сыйлықақысын қайтаруды жүзеге асыруға;
      10) қатысушы банк ақпарат алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей операторды мыналар:
      салымшының қайтыс болуы немесе денсаулық жағдайына байланысты оқуын жалғастыра алмайтыны;
      салымшыдан/заңды өкілден салымды басқа қатысушы банкке аудару туралы өтініштің түскені;
      білім беру ұйымына қабылдануы, ауысуы, академиялық демалысты ресімдеуі, академиялық демалыстан оралуы, оқуға қайта қабылдануы, оқудан, оның ішінде салымшының білім беру ұйымын бітіруіне байланысты шығуы туралы хабардар етуге;
      11) оператордан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап оны 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей салымдарға есепке жатқызуға;
      12) салымшы білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың және білім беру ұйымынан оқу құны туралы анықтаманың көшірмелерін ұсынған кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде білім беру жинақтау салымынан қаражатты білім беру ұйымының банктік шотына аударуға;
      13) білім беру ұйымдарына қаражатты аудару жөніндегі барлық шығыс операцияларын оператордан растама алынғаннан кейін жүргізуге құқылы.
      4. Оператор:
      1) қатысушы банк ұсынған Заң талаптарына сәйкес келетін салым шарттарына білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізіліміне тіркеуге және тіркеу нөмірін беруге;
      2) қатысушы банкке 1 (бір) жұмыс күні ішінде салымшының атында тіркелген салым шартының бар болуы не жоқтығы туралы мәліметтерді ұсынуға;
      3) білім беру жинақтау салымына есепке жатқызуға жататын мемлекет сыйлықақыларының сомасын есептеуді жүзеге асыруға және оны қатысушы банкке ұсынуға;
      4) білім беру саласындағы уәкілетті органнан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде білім беру жинақтау салымы туралы жасалған әрбір шарт бойынша мемлекет сыйлықақының мөлшері туралы мәліметтерді ұсына отырып, мемлекет сыйлықақысын қатысушы банкке есепке жатқызуды жүргізуге;
      5) бұқаралық ақпарат құралдарында қатысушы банктің МБЖЖ-ге қатысу үшін Заңда қойылатын талаптарды орындауы туралы мәліметті жылына екі рет жариялауға;
      6) Заңмен және (немесе) ынтымақтастық туралы келісіммен оларға қойылатын талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен салымшыны, қатысушы банкті, білім беру ұйымын жауапкершілікке тарту үшін шаралар қабылдауға;
      7) бюджетке, қатысушы банкке немесе білім беру ұйымына қайтарылуға жататын мемлекет сыйлықақысы сомасының мөлшері туралы анықтама-көшірмені беруге;
      8) қатысушы банктің немесе білім беру ұйымының мемлекет сыйлықақыларының сомасын бюджетке толық және уақытылы қайтаруын қамтамасыз етуге;
      9) салымшының Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу фактісі анықталған жағдайда салымшымен салым шартын бұзу қажеттілігі туралы қатысушы банкті хабардар етуге міндетті.

6. Тараптардың жауапкершілігі

      1. Тараптар Келісім бойынша қабылданған міндеттерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда айыпты тарап Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте жауапты болады.
      2. Өзара тиімді шешімге қол жеткізу мақсатында тараптар арасында туындайтын барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі.
      3. Егер тараптар келіссөздер арқылы өзара қолайлы келісімге келмесе, бұл тараптар осы Келісімге байланысты және қатысты туындайтын дауларды (келіспеушіліктерді) Қазақстан Республикасының соттарында қарау туралы келісімге келді дегенді білдіреді.

7. Құпиялылық

      1. Тараптардың осы Келісім шеңберінде алынған кез келген ақпаратты (бұдан әрі – Құпия ақпарат) мына:
      1) бұған басқа Тараптың алдын ала жазбаша келісімі алынған;
      2) бұл Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес қажет болған жағдайлардан басқа қандай да бір мақсатта жариялауға немесе пайдалануға құқығы жоқ.
      2. Құпия ақпарат мына:
      1) олар пайдалану немесе жариялау уақытына жалпыға қолжетімді болып табылатын;
      2) өзіне заңды жолмен қолжетімді болған және мұндай мәліметтерді таратуға заңды құқығы бар тұлғаның тараптарға ұсынған мәліметтерін қамтымайды.

8. Форс–мажор

      1. Еңсерілмес күштің төтенше мән-жайлары, атап айтқанда: осы Келісімге қол қойылғаннан кейін басталған және осы Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауға кедергі келтіретін соғыс іс-қимылдары, табиғат апаттары, ереуілдер, мемлекеттік органдардың тыйым салатын және шектеу қоятын заңнамалық шешімдері туындаған жағдайда міндеттемелерді орындау мерзімі мұндай мән-жайлардың әрекет ету уақытына ұзартылады.
      2. Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты осы Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындау мүмкін болмағаны үшін Тарап осындай мән-жайлар басталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы басқа тарапқа хабарлауы тиіс. Мұндай хабарламада қамтылатын фактілерді уәкілетті ұйымдар құжаттамалық растауы тиіс.
      3. Басталған төтенше жағдайлар туралы хабарламау, уақтылы ескертпеу немесе хабарламау тиісті тарапты шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін оны жауапкершіліктен босататын негіз ретінде олардың қандай да біріне жүгіну құқығынан айырады.

9. Келісімнің қолданылу мерзімі және бұзу тәртібі

      1. Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      2. Осы Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Келісімде көзделген шарттарда бұзылуы мүмкін.
      3. Келісімді мерзімінен бұрын немесе Тараптардың Келісімі бойынша Келісімде көзделген шарттарды сақтай отырып, тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзуға жол беріледі.
      4. Тараптар кем дегенде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын бұл туралы басқа тарапты жазбаша түрде хабардар ете отырып, соттан тыс бір жақты тәртіппен Келісімді бұзу рәсіміне бастамашылық етуге құқылы.

10. Қорытынды ережелер

      1. Тараптар хат-хабарды жөнелту жөніндегі шығыстарды дербес жүргізеді. Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтаған жағдайда тараптар құжат айналымын электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланумен жүзеге асыра алады.
      2. Келісімге енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар қосымша жазбаша келісімдерді жасау және қол қою арқылы іске асырылады.
      3. Келісімде көрсетілген ақпарат өзгерген жағдайда тиісті тарап басқа тарапты мұндай өзгерістер туралы 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
      4. Келісіммен реттелмеген бөлікте тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
      5. Келісім бірдей заңды күші бар төрт данада тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.
      6. Келісімге барлық қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады.

11. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

Оператор

Қатысушы банк

________________

________________

________________

_________________

_________________

_________________





Лауазымы

Лауазымы

Т.А.Ә.

қолы

Т.А.Ә.

қолы

М.О.

М.О.

Қатысушы банк пен оператор арасындағы
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі
саласындағы ынтымақтастық туралы  
үлгілік келісімге          
1-қосымша              

Салымдар бойынша есепті ұсыну
нысаны

Р/с

Қатысушы банк филиалы

Салымшының Т.А.Ә.

Құжат нөмірі, берілген күні, кім берген

ЖСН

Әлеуметтік мәртебесі

Салымның нөмірі

Салымның ашылу күні

Салымды орналастыру мерзімі

Салым бойынша % мөлшерлеме

01.__._ ж. салымның жалпы сомасы

1











2











3











4











Қатысушы банк пен оператор арасындағы
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі
саласындағы ынтымақтастық туралы  
үлгілік келісімге          
2-қосымша              

Салымдарды білім беру ұйымдарына аудару жөніндегі есепті ұсыну
нысаны

Р/с

Салымшының Т.А.Ә.

Білім беру ұйымының атауы

Ақша аударылатын шоттың №

Оқу курсы

Мамандығы

Толық оқу құны

Аударылған сома

Аудару күні

1









2









3









4









Қатысушы банк пен оператор арасындағы
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі
саласындағы ынтымақтастық туралы  
үлгілік келісімге          
3-қосымша              

Салымды мерзімінен бұрын бұзу жағдайындағы есепті ұсыну
нысаны

Р/с

Салымшының Т.А.Ә.

Салымды бұзу күні

Оқу курсы

Қайтарылуға тиіс мемлекет сыйлықақысының сомасы

1





2





3





4





Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 8 мамырдағы
№ 466 қаулысымен  
бекітілген     

Қатысушы банк пен салымшының арасындағы білім беру
жинақтау салымы туралы
үлгілік шарт

      Астана қ.                               20__ ж.«___» __________

      «____________» (бұдан әрі – «Қатысушы банк») __________________ негізінде әрекет ететін атынан _______________ бір тараптан және азамат (бұдан әрі – Салымшы) не оның заңды өкілі (бұдан әрі – Заңды өкіл) ___________ _____________ екінші тараптан, бұдан әрі бірлескен «Тараптар» деп аталатын «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес төмендегілер туралы осы білім беру жинақтау салымы туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

1. Шартта пайдаланылатын ұғымдар

      1. Осы Шарттың мақсатын анықтау үшін төменде көрсетілген ұғымдар мен терминдер мынаны білдіреді:
      1) білім беру жинақтау салымы – салымшының немесе енгізушілердің жарналарын, капиталдандырылған қатысушы банк сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысын қамтитын, салымшының қатысушы банк шотындағы ақшасы;
      2) білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысы (бұдан әрі – мемлекет сыйлықақысы) – білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығына бюджет қаражаты есебінен жыл сайын белгіленген мерзімде төленетін ақша;
      3) білім беру жинақтау салымы туралы шарт – салымшы қатысушы банкпен жасасқан, білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаражат жинақтауға арналған банктік салым шарты;
      4) білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімі – оператор мемлекет сыйлықақысын есепке жазатын салым шарттарын тіркеудің бірыңғай базасы;
      5) білім беру қызметтері – білім беру ұйымының білім алушыға жеке адамның білім алу қажеттіліктерін іске асыруға және білім беру бағдарламаларын меңгеруге бағытталған қызметтер көрсету жөніндегі қызметі;
      6) білім беру ұйымы – Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға;
      7) енгізуші – салымшының пайдасына білім беру жинақтау салымына жарна салуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті емес;
      8) қатысушы банк – осы Заңда белгіленген талаптарға сай келетін және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;
      9) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін және қатысушы банктердің халықтың салымдарын тартуына және оларға сыйақылар мен мемлекет сыйлықақыларын есепке жазуға негізделген, білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі;
      10) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор (бұдан әрі – оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі қатысушыларының қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және оның Қазақстан Республикасы  заңнамасында көзделген шекте жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйым;
      11) салымшы – салым шартының тарапы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы.

2. Шарттың мәні және жалпы шарттары

      1. Шарттың мәні қатысушы банктің салымшы ________________________ атына білім беру жинақтау салымын теңгеде ашу, салымға қатысушы банктің сыйақысын есепке жазу және бюджеттен алынған мемлекет сыйлықақысын есепке жатқызу болып табылады.
      2. Шарттың мерзімі ____ ай (кемінде 36 ай).
      3. Шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық – ___ %-ды құрайды, Шарт бойынша (дәйекті жылдық тиімді, салыстырмалы түрде есептелетін сыйақы мөлшерлемесі) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі ___ %. Сыйақыны есептеу кезінде күндердің нақты саны ескеріледі (күнтізбе бойынша), бұл ретте жыл 360 күн ретінде алынады.
      4. Қатысушы банктің сыйақысы Шарттың қолдану мерзімі ішінде ай сайын есепке жазылады және білім беру жинақтау салымының негізгі сомасына қосылады (капиталдандырылады).
      5. 14 жасқа толмаған салымшының атына енгізілген салымды салымшының заңды өкілдері (ата–анасы, асырап алушылар, қамқоршылар), ал 14 жасқа толғаннан кейін салымшы иелік етеді. Егер салымшының (16 жасқа толмаған) жеке басын куәландыратын құжаты болмайтын жағдайда салым енгізуді және оған иелік етуді салымшы оның заңды өкілдерінің қатысуымен ғана жүзеге асырады. Заңды өкілдер қатысушы банкке кәмелет жасқа толмаған салымшының атынан заңды өкіл құқығын куәландыратын құжаттарды (жеке басын куәландыратын құжаттар, қорғаншылық және қамқоршылық органдары берген құжаттар және т.с.с.) ұсынады.
      6. Шартқа қол қоя отырып, салымшы/заңды өкіл операторға банктік құпияны ашуға келісімін береді.
      7. Бір салымшының атынан және оның пайдасына бір ғана Шарт жасалады.
      8. Осы арқылы салымшы/заңды өкіл салымды басқа қатысушы банкке аудару кезінде ағымдағы шоттан қаражат алуды жүзеге асырмауға міндеттенеді.
      9. Салымға енгізілетін бастапқы ең төменгі біржолғы жарна республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерін құрайды.
      10. Білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізіліміне тіркеу үшін қатысушы банк тараптар қол қойған шарттың көшірмесін электронды түрде не пошта арқылы шарт жасасудан кейінгі жұмыс күні Астана қаласының уақытымен сағат 17:00-ден кешіктірмей операторға жібереді.
      11. Оператор салымшының салым шартының Заң талаптарына сай келмеуіне байланысты оны білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізіліміне тіркеуден бас тартқан жағдайда салым шарты бұзылады, жинақ шоты жабылады, енгізілген бастапқы жарна сомасы сыйақыны есепке жазбай/төлемей және қатысушы банктің қандай да бір комиссияларын шегерместен, енгізушінің бірінші талабы бойынша қайтарылады.
      12. Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес салымшы шотына үшінші тұлғалардан жарналар енгізілуі мүмкін.
      13. Білім беру жинақтау салымын нысаналы мақсатта алу жағдайларын (ақшаны білім беру ұйымына үлестермен аудару) қоспағанда, салымшының шотынан ақшаны ішінара алуға жол берілмейді.
      14. Білім беру ұйымына шарттық негізде түскен кезде қатысушы банк салым сомасын салымшының (14 жасқа толмаған салымшының заңды өкілінің) тапсырмасы негізінде үлеспен (әрбір академиялық кезеңге немесе оқу жылына) немесе толық көлемде бір рет (оқудың барлық мерзіміне) аударады.

3. Мемлекет сыйлықақысы

      1. Мемлекет сыйлықақысы тіркелген Шарт бойынша жиырма жылдан аспайтын мерзімге есепке жазылады.
      2. Мемлекет сыйлықақысын есепке жазу жинақтаудың ең қысқа мерзімі бір жыл болған кезде жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша салым сомасының нақты жинақталған қалдығына жүзеге асырылады. Мемлекет сыйлықақысы шарттың қолданылу мерзіміне есепке жазылады.
      3. Мемлекет сыйлықақысы салымның негізгі сомасына қосылады (капиталдандырылады).
      4. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері Заңмен белгіленеді.
      5. Мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы:
      1) осы Шарттың 3-бөлімінің 1-тармағында белгіленген есепке жазу мерзімі өткен жағдайда;
      2) Шарттың қолданылу мерзімі өткен жағдайда;
      3) салымшы қаза болған, соттың оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген не оны қайтыс болды деп жариялаған күннен бастап тоқтатылады.
      6. Қатысушы банк оператордан мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы анықтама-үзінді алған күннен бастап банктік 3 (үш) жұмыс күні ішінде оператордың мемлекет сыйлықақысының сомасы туралы анықтама-үзіндісі бойынша:
      1) нысаналы мақсат сақталмай, Шарты салымшының бастамасы бойынша бұзылған немесе мерзімінің аяқталуына байланысты заңды өкілдің салым шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған;
      2) салымшының білім беру ұйымынан шығарылған күнінен бастап күнтізбелік 3 (үш) жыл өткен;
      3) жинақтау мерзімі Заңда белгіленген мерзімнен аз болған жағдайда мемлекет сыйлықақысын төлену фактісі анықталған;
      4) салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайларда бюджетке қайтарылуға тиіс.
      7. Салымшы қаза болған, сот оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп таныған не қайтыс болды деп жариялаған немесе денсаулық жағдайына байланысты оның оқуын жалғастыруға қабілеті болмаған жағдайда, білім беру жинақтау салымын:
      1) салымшы/заңды өкіл немесе оның мұрагерлері кез келген үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) білім беру жинақтау салымына жібереді (қайта ресімдеу);
      2) мемлекет сыйлықақысы сақтала отырып, салымшыға/заңды өкілге немесе оның мұрагерлеріне Шартты бұзу талаптары бойынша төленеді.
      8. Мемлекет сыйлықақысы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесіне сәйкес есептеледі.

4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      1. Қатысушы банк:
      1) Шарттың 3-бөлімінің 6-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде республикалық бюджетке қайтарылуға тиіс мемлекет сыйлықақысының сомасын салымшының қатысушы банктегі кез келген шоттарынан акцептісіз (салымшының келісімінсіз) тәртіппен алуға;
      2) салымшыдан/заңды өкілден Шарт шеңберінде қажетті құжаттар ұсынуды талап етуге;
      3) шотқа қате тәртіппен аударылған ақша сомаларын акцептісіз алуға;
      4) білім беру жинақтау салымына қосымша жарналарды енгізудің тиімді мерзімділігін және мөлшерін есептеуге;
      5) қатысушы банктің шотпен жасалған операциялары бойынша қызметі үшін шот бойынша операциялар жүргізу күні қолданыста болған қатысушы банктің тарифтеріне сәйкес шот бойынша операцияны жасау жөніндегі қызметтер үшін комиссиялық сыйақылар алуға құқылы.
      2. Салымшы/заңды өкіл:
      1) салымға, оның ішінде қатысушы банк ұсынған тәртіпте және мерзімдерде ақша енгізуге;
      2) салымның жай–күйі туралы толық ақпарат алуға;
      3) білім беру жинақтау салымындағы ақшаны бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке толық көлемде жылына бір реттен асырмай аударуды жүзеге асыруға;
      4) мемлекет сыйлықақысын білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде тіркелген бір ғана салым шарты бойынша алуға;
      5) қатысушы банк Заңның талаптарына сай келмейді деп танылған және қатысушы банк пен оператор арасындағы ынтымақтастық туралы келісім бұзылған жағдайда жинақталған қаражатты қатысушы банктің есептелген сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен қоса кез келген басқа қатысушы банкке аударуға;
      6) жинақталған қаражатты қатысушы банктің есептелген сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен бірге Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның атындағы білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде тіркелген салымға аударуға;
      7) шетелдік білім беру ұйымына оқуға түскен жағдайда шетелдік білім беру ұйымына қабылдану туралы растайтын құжаттарды ұсынған кезде есептелген мемлекет сыйлықақысы мен банктің сыйақысын ескере отырып, жинақталған қаражаттан оқу ақысын төлеуді жүзеге асыруға;
      8) білім беру гранты тағайындалған жағдайда:
      білім беру жинақтау салымында қатысушы банктің сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысын әрі қарай есептеумен қоса қаражат жинақтауды жалғастыруға;
      білім беру жинақтау салымының қаражатын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылып жатқан) білім беру жинақтау салымына аударуға;
      білімнің басқа деңгейлерін алу мақсатында білім беру жинақтау салымының қаражатын білім беру қызметтерінің ақысын төлеуге аударуға;
      білім беру жинақтау салымының қаражатын қатысушы банктің капиталға айналған сыйақысымен және есептелген мемлекет сыйлықақысымен бірге алуға;
      9) оқудың барлық кезеңдері үшін білім беру қызметтерінің ақысы төленгеннен кейін білім беру жинақтау салымында қалдық ақша қалған кезде салымшы/заңды өкіл аталған соманы банк сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен бірге алуға құқылы.
      3. Қатысушы банк:
      1) Шарт жасасу кезінде салымшының Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін, сондай-ақ салымшының атына оператор арқылы ашылған қолданыстағы шарттың жоқтығын тексеруге;
      2) салымшының шотына ақша қабылдауға;
      3) ай сайынғы капиталдандыруды ескере отырып ай сайын салымшының салым сомасына сыйақы есептеуге;
      4) мемлекет сыйлықақысы түскен жағдайда оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатысушы банктегі салымшының шотына аударуға;
      5) салымшы/заңды өкіл білім беру қызметтері туралы Шарттың және ақша аудару туралы тиісті тапсырманың көшірмелерін ұсынған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде білім беру жинақтау салымынан салымшының тапсырмасына сәйкес мөлшерде білім беру ұйымының банктік шотына қаражат аударуға;
      6) салымшының/заңды өкілдің бастамасымен Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда салымның негізгі сомасын және есептелген сыйақыны қатысушы банктің номиналды мөлшерлемесінен төмен емес мөлшерде төлеуге;
      7) салым қаражатын басқа қатысушы банкке аудару кезінде салымшыға/заңды өкілге ақшаны қолма-қол бермеуге;
      8) салымдар бойынша барлық шығыс операцияларын оператордан растама алғаннан кейін жүзеге асыруға;
      9) Шарттың және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес салымшының алдында өзге де міндеттерді орындауға міндеттенеді.
      4. Салымшы/заңды өкіл:
      1) ақшаны ұлттық валюта – теңгемен енгізуге;
      2) білім беру жинақтау салымының қаражатынан білім беру қызметтерін төлеу үшін қатысушы банкке оның білім беру ұйымына, оның ішінде шетелдік білім беру ұйымына қабылданғанын растайтын құжаттарды ұсынуға;
      3) оқу орнына қабылдану, ауысу, академиялық демалыс ресімдеу, академиялық демалыстан оралу, қайтадан қабылдану, оқудан шығарылу, оның ішінде салымшы білім беру ұйымын бітіруіне байланысты шығарылу кезінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде қатысушы банкке растау құжаттарының көшірмелерін ұсынуға.
      Шетелдік білім беру ұйымына қабылданған жағдайда қатысушы банкке 7 (жеті) жұмыс күні ішінде растау құжаттарының көшірмелерін ұсынуға;
      4) салымшының тұрғылықты мекенжайы, жеке куәлік құжатының деректемелері өзгерген жағдайда (мысалы, салымшы кәмелеттік жасқа толған кезде), бұл туралы өзгеріс енгізілген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қатысушы банкке хабардар етуге;
      5) Шарттың талаптары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатысушы банктің алдында өзге де міндеттерді орындауға міндеттенеді.

5. Шартты өзгерту шарттары және бұзу тәртібі

      1. Салымшының/заңды өкілдің/енгізушінің ақшаны енгізуі Шартқа қосымша келісімге қол қою қажеттілігінсіз, кез келген уақытта жүзеге асырылуы мүмкін.
      2. Салымшы Шарт бойынша міндеттемелерін бұзған жағдайда қатысушы банк Шарттың нақты бұзылу күніне дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын салымшыны бұл туралы жазбаша ескертіп, Шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы. Бұл ретте салым салымшыға/заңды өкілге оның бірінші талабы бойынша төленеді, мемлекет сыйлықақысы Заңның 14-бабының 2-тармағына сәйкес оператордың анықтама-үзіндісі бойынша республикалық бюджетке оператор арқылы қайтарылады.
      3. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған салымшының заңды өкілдерінің бастамасы бойынша Шарттың мерзімінен бұрын бұзылуына қатысушы банкке кәмелетке толмаған салымшының атынан заңды өкілі болу құқығын куәландыратын құжат (қорғаншылық және қамқоршылық органдары берген құжат және т.с.с.) ұсынылған кезде жол беріледі.
      4. Білім беру жинақтау салымы «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналасқан депозиттерді міндетті кепілдендіру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерді міндетті кепілдендірудің нысаны болып табылады.
      5.Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының өзгеруіне байланысты депозиттерді кепілдендіру шарттары өзгерген жағдайда Шартқа, Шартты ұзарту жағдайларын қоса алғанда, заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып кепілдендіру шарттары қолданылады.

6. Тараптардың жауапкершілігі

      1. Шарттың 4-бөлімінің 3-тармағының 5) тармақшасында қарастырылған міндеттемелерді орындау кезінде қатысушы банк салымшыға мерзімі өткен әр күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының мөлшерінен 0,1 % көлемінде тұрақсыздық айыппұлын және салымшының тұрақсыздық айыппұлымен өтелмеген шығынын өтеуге міндетті.
      2. Тараптар Шарт бойынша қабылдаған міндеттерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда айыпты тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.
      3. Салымшының білім беру кредиті бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін қатысушы банктің алдындағы жауапкершілігі қатысушы банк пен салымшы арасында жасалатын банктік қарыз шартында белгіленеді.
      4. Тұрақсыздық айыппұлы (өсімпұл, айыппұл) сомасын төлеу тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

7. Құпиялылық

      1. Тараптардың осы Шарт шеңберінде алынған кез келген ақпаратты (бұдан әрі – Құпия ақпарат) мына:
      1) бұған басқа Тараптың алдын ала жазбаша келісімі алынған;
      2) бұл Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес қажет болған жағдайлардан басқа қандай да бір мақсатта жариялауға немесе пайдалануға құқығы жоқ.
      2. Құпия ақпарат мына:
      1) олар пайдалану немесе жариялау уақытына жалпыға қолжетімді болып табылатын;
      2) өзіне заңды жолмен қолжетімді болған және мұндай мәліметтерді таратуға заңды құқығы бар тұлғаның тараптарға ұсынған мәліметтерді қамтымайды.

8. Форс–мажор

      1. Шот бойынша операцияны уақытша тоқтатқан немесе уәкілетті мемлекеттік органдар салымдағы ақшаға тыйым салған кезде шот бойынша операцияларды тоқтата тұрған, ақшаға тыйым салыну кезеңі үшін банк сыйақысын есепке жазбайды және төлемейді.
      2. Еңсерілмес күштің төтенше мән-жайлары, атап айтқанда: осы Келісімге қол қойылғаннан кейін басталған және осы Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауға кедергі келтіретін соғыс іс-қимылдары, табиғат апаттары, ереуілдер, мемлекеттік органдардың тыйым салатын және шектеу қоятын заңнамалық шешімдері туындаған жағдайда міндеттемелерді орындау мерзімі мұндай мән-жайлардың әрекет ету уақытына ұзартылады.
      3. Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты осы Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындау мүмкін болмағаны үшін Тарап осындай мән-жайлар басталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы басқа тарапқа хабарлауы тиіс. Мұндай хабарламада қамтылатын фактілерді уәкілетті ұйымдар құжаттамалық растауы тиіс.
      4. Басталған төтенше жағдайлар туралы хабарламау, уақтылы ескертпеу немесе хабарламау тиісті тарапты шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін оны жауапкершіліктен босататын негіз ретінде олардың қандай да біріне жүгіну құқығынан айырады.

9. Дауларды қарау тәртібі

      Шартты жасасу және орындау процесінде туындайтын немесе оған қатысты барлық келіспеушіліктер мен дауларды талаптар он күндік мерзімде бірлесіп қарауға міндеттенеді. Туындаған даулы мәселелер бойынша келісімге қол жеткізе алмаған жағдайда дау Қазақстан Республикасының сот заңнамасында көзделген тәртіппен қаралады.

10. Қорытынды ережелер

      1. Оператор Білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізіліміне тіркеген сәттен бастап Шарт күшіне енеді.
      2. Егер шартты мерзімі аяқталған соң салымды салымшы/заңды өкіл талап етпесе және/немесе тараптардың бірде біреуі оның қолданысын тоқтатуға ниет білдірмесе, онда қатысушы банктің қарастыруы бойынша Шарт мерзімі салымды орналастыру мерзімін ұзарту күніне осы салым түріне қолданылатын сыйақы мөлшерлемесі бойынша сыйақыны есептеумен сондай мерзімге және сол шарттарда ұзартылады. Салымды орналастырудың ең ұзақ мерзімі ашылған күнінен бастап 20 жыл.
      3. Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар қосымша жазбаша келісімдерді жасау және қол қою арқылы жүргізіледі.
      4. Шартта көрсетілген ақпарат өзгерген жағдайда тиісті тарап басқа тарапты бұл өзгерістер туралы 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
      5. Шартпен реттелмейтін бөлікте тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
      6. Шарт бірдей заң күші бар төрт данада тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.
      7. Шартқа қоса берілген барлық қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады.

11. Тараптардың заңды мекенжайлары

Қатысушы Банк

Салымшы/Заңды өкіл



________________

________________

________________

_________________

_________________

_________________



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады