Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасының арасында қолдану туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның
Тараптары мен Өзбекстан Республикасының арасында қолдану
туралы хаттамаға қол қою туралы
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасының арасында қолдану туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Нығметұлы Ахметовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, ол Қазақстан Республикасының атынан 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасының арасында қолдану туралы хаттамаға қол қойсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы
№ Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Жоба
2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі «Шарттың Тараптары» деп аталатын 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың Тараптары бір жағынан және Өзбекстан Республикасы екінші жағынан
бұдан әрі «Шарт» деп аталатын 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың мақсаттарын, қағидаттарын және терминдерін басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
Осы Хаттаманың 7-бабында көзделген тәртіппен осы Хаттама күшіне енген күнінен бастап Шарттың барлық ережелері Шарт Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қатынастарда осы Хаттамада көзделген талаптарды ескере отырып қолданылады.
2-бап
1. Шарттың Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында Шарттың 2 және 3-баптарының ережелерін қолдану мақсаттары үшін:
(а) Шарттың 2-бабының ережелері Шарттың 1-қосымшасына сілтеме жасаған жағдайда, осы Хаттаманың Тараптары осы Хаттаманың 1-қосымшасын түсінеді;
(б) Шарттың 3-бабы 2-тармағының ережелері Шарттың 2-қосымшасына сілтеме жасаған жағдайда, осы Хаттаманың Тараптары осы Хаттаманың 2-қосымшасын түсінеді.
2. Өзбекстан Республикасының ДСҰ-ға қосылған күніне дейін немесе 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін осы күндердің қайсысының бұрын басталатындығына байланысты:
(а) Шарттың Тарапы мен Өзбекстан Республикасы Шарттың 2-бабының 8-тармағы мен 17-бабын қолдануға қатысты мұндай Шарттың Тарапы мен Өзбекстан Республикасы арасында туындайтын дауларды реттеу үшін Шарттың 19-бабының ережелерін пайдаланбайтын болады;
(б) Шартты Өзбекстан Республикасы мен Шарттың Тараптары арасындағы саудаға қолдану мақсаттары үшін Шарттың 5-бабындағы ГАТТ 1994 III бабына сілтеме, мұндай шарттар болған жағдайда Өзбекстан Республикасының Шарт Тараптарымен екіжақты халықаралық шарттарының ұқсас ережелеріне сілтеме ретінде түсініледі;
(в) Өзбекстан Республикасы Шарттың 10-бабының ережелерімен байланысты емес, бұл ретте Шарттың Тараптары Өзбекстан Республикасында шығарылған тауарларға қатысты Шарттың 9-бабында көзделген шараларды қолдану құқығын сақтайды;
(г) Өзбекстан Республикасы Шарттың 11-бабының бірінші абзацы мен 12-бабының ережелерімен байланысты емес. Өзбекстан Республикасы Шарт Тараптарының тауарларына және мұндай тауарларды өндіру процестеріне ұлттық режим немесе барынша қолайлы режим негізінде осы режимдердің қайсысы Шарттың мүдделі Тараптарының тауарлар өндірушісі және/немесе экспорттаушысы үшін барынша қолайлы болып табылатындығына байланысты техникалық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар қолданатын болады;
(д) Өзбекстан Республикасы төлем теңгерімінің тепе-теңдігі елеулі бұзылған жағдайда және Өзбекстан Республикасының сыртқы қаржыландыруының елеулі қиындықтары жағдайында Шарттың 14-бабы 1-тармағының ережелерімен байланысты емес;
(е) Шарттың ережелерін іске асыру кезінде Шарттың Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында туындайтын даулы мәселелер Шарттың тиісті Тарапы мен Өзбекстан Республикасының екіжақты келіссөздері негізінде шешілетін болады;
(ж) Шарттың Тараптары Өзбекстан Республикасына қатысты 2-баптың 8-тармағының, 5-баптың, 10-баптың, 11-баптың бірінші абзацының, 12-баптың, 14-баптың 1-тармағының және 17-баптың ережелерімен байланысты емес.
3. Шарттың 4-бабының ережелеріне қарамастан, Шарттың Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасындағы саудада 1993 жылғы 24 қыркүйектегі Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары қолданылады. Шарт Тарапы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы өзара уағдаластық бойынша тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары жөніндегі өзге де көпжақты немесе екіжақты шарттар қолданылуы мүмкін.
3-бап
Осы Хаттамаға қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.
4-бап
1. Шарттың Тараптары мен Өзбекстан Республикасы осы Хаттама бойынша өзінің міндеттемелерін орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
2. Өзбекстан Республикасының ДСҰ-ға қосылған күнге дейін немесе 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін осы күндердің қайсысы ерте басталатындығына байланысты, осы Хаттаманы қолдануға және түсіндіруге қатысты Шарт Тарапы мен Өзбекстан Республикасы арасында туындаған даулар дау тараптары арасындағы консультациялар арқылы шешіледі.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген күннен кейін осы Хаттаманы қолдануға және түсіндіруге қатысты Шарт Тарапы мен Өзбекстан Республикасы арасында туындайтын даулар Шарттың 19-бабында көзделген тәртіппен шешіледі.
5-бап
Осы Хаттаманың барлық Тараптарының өзара жазбаша келісімі бойынша оған осы Хаттаманың 7-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін тиісті хаттамалармен ресімделетін оның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
6-бап
Осы Хаттамаға ескертулер жасауға жол берілмейді.
7-бап
1. Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Өзбекстан Республикасы мен кемінде Шарттың екі Тарапының орындағаны туралы хабарламаларды депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
2. Өзбекстан Республикасы мен Шарттың кез келген басқа Тарапына қатысты осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді осындай Тараптың орындағаны туралы тиісті хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
8-бап
Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін Шарттың Тараптары болып табылатын кез келген мемлекеттің қосылу туралы құжатты депозитарийге беру жолымен қосылуы үшін ашық.
Қосылатын мемлекет үшін осы Хаттама қосылу туралы құжатты депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.
2013 жылы орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана ТМД-ның Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жолдайды.
Армения Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
Беларусь Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін
Қазақстан Республикасы үшін Өзбекстан Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін Украина үшін
Молдова Республикасы үшін
2011 жылғы 18 қазандағы
Еркін сауда аймағы туралы
шартты оның Тараптары
мен Өзбекстан Республикасы
арасында қолдану туралы
хаттамаға
1-қосымша
I. Хаттаманың 2-бабының 1-тармағына сәйкес тауарлар импортына
қатысты қолданылатын кедендік баждар
1. Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Украина Өзбекстан Республикасының кедендік аумағында шығарылатын тауарлар импортына қатысты кедендік баждарды қолданбайды.
Армения Республикасы Өзбекстан Республикасының кедендік аумағында шығарылатын шылым (СЭҚ ТН 2402 20 900 коды) импортына қатысты 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталатын кедендік баждарды 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың 1-қосымшасында келтірілген мөлшерлемелер бойынша қолданады.
2. Өзбекстан Республикасы Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Молдова Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Украинаның кедендік аумақтарынан шығарылатын тауарлар импортына қатысты кедендік баждарды қолданбайды.
II. Хаттаманың 2-бабының 2-тармағына сәйкес тауарлар экспортына
қатысты қолданылатын кедендік баждар
1. Армения Республикасы мен Молдова Республикасы Өзбекстан Республикасының кедендік аумағына арналған тауарлар экспортына қатысты кедендік баждарды қолданбайды.
Қырғыз Республикасы Өзбекстан Республикасының кедендік аумағына арналған тауарлар экспортына қатысты кедендік баждарды өзара негізде қолдану құқығы өзіне қалдырады.
Тәжікстан Республикасы егер Өзбекстан Республикасы Тәжікстан Республикасымен өзара саудада экспорттық кеден баждарын қолданған жағдайда Өзбекстан Республикасына қатысты экспорттық кеден баждарын өзара қатынастары негізде қолдану құқығын өзіне қалдырады.
Беларусь Республикасы Өзбекстан Республикасының кедендік аумағына арналған тауарлар экспортына қатысты кедендік баждарды мынадай номенклатура мен мөлшерлемелер бойынша қолданады:
СЭҚ ТН коды |
Кедендік баж мөлшерлемесі |
1205 |
1 000 кг үшін 100 евро |
2709 00, 2710 11 - 2710 19 490 0, 2710 19 510 - 2710 99 000 0, 2711 12 - 2711 19 000 0, 2712, 2713, 2902 20 000 0 - 2902 43 000 0 |
Ресей Федерациясында қолданылатынмен бірдей арнайы формула. Кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге Беларусь Республикасының аумағынан әкету кезінде қолданылады |
3104 |
1 000 кг үшін 75 евро |
4101, 4103 |
1 000 кг үшін 500 евро |
4104, 4106 |
10 %, бірақ 1 000 кг үшін 90 евродан кем емес |
4401 10 000 9 |
1 куб. м үшін 100 евро |
4403 10 000 1, 4403 10 000 2, 4403 91 100 0, 4403 91 900 0, 4403 92 100 0, 4403 92 900 0 |
1 куб. м үшін 100 евро |
4404 20 000 0 |
1 куб. м үшін 100 евро |
4407 91 150 0, 4407 91 310 0, 4407 91 390 0, 4407 91 900 0, 4407 92 000 0, 4407 93 100 0, 4407 93 500 0, 4407 93 900 0 |
1 куб. м үшін 100 евро |
Қазақстан Республикасы Өзбекстан Республикасының кеден аумағына арналған тауарлар экспортына қатысты кедендік баждарды мынадай номенклатура мен мөлшерлемелер бойынша қолданады:
СЭҚ ТН коды |
Кедендік баж мөлшерлемесі |
1201 00 |
20 %, бірақ 1 000 кг үшін 35 евродан кем емес |
1205 |
15 %, бірақ 1 000 кг үшін 30 евродан кем емес |
1206 00 |
20 %, бірақ 1 000 кг үшін 30 евродан кем емес |
2709 00 900 2, 2709 00 900 8 |
Арнайы формула |
2710 11 110 0 - 2710 11 900 9 |
Баж мөлшерлемесінің өлшемі келесі формула бойынша есептеп шығарылады: ӘКБМ=Кх(Ц-138,6), мұндағы ӘКБМ - әкетілетін кедендік баж мөлшерлемесі; |
2710 19 110 0 - 2710 19 290 0 |
|
2710 19 410 0 - 2710 19 490 0 |
|
2710 19 510 1, 2710 19 510 9, |
|
2710 19 550 9 |
|
2710 19 610 1 - 2710 19 690 9 |
|
2713 20 000 0 - 2713 90 900 0 |
|
2710 19 310 0 - 2710 19 350 0 |
Мұнайдан өңделген тауарларға әкетілетін кедендік баждың бекітілген мөлшерлемесі мұнай шикізатының әлемдік нарықтағы ай сайынғы баға мониторингін есепке ала отырып, орташа нарықтық баға деректері негізінде түзетіледі |
2711 21000 0 |
30 % |
2711 29 000 0 |
5 % |
2705 00 000 0 |
5 % |
4101 |
20 %, бірақ 1 000 кг үшін 200 евродан кем емес |
4102 |
20 %, бірақ 1 000 кг үшін 200 евродан кем емес |
4103 |
20 %, бірақ 1 000 кг үшін 200 евродан кем емес |
5101 |
10 %, бірақ 1 000 кг үшін 50 евродан кем емес |
5102 |
10 %, бірақ 1 000 кг үшін 50 евродан кем емес |
5103 |
10 %, бірақ 1 000 кг үшін 50 евродан кем емес |
5104 00 000 0 |
10 %, бірақ 1 000 кг үшін 50 евродан кем емес |
7204 |
15 %, бірақ 1 000 кг үшін 20 евродан кем емес |
7302 |
20 %, бірақ 1 000 кг үшін 20 евродан кем емес |
7404 00 |
30 %, бірақ 1 000 кг үшін 330 евродан кем емес |
7601 |
15 %, бірақ 1 000 кг үшін 100 евродан кем емес |
7602 00 |
15 %, бірақ 1 000 кг үшін 100 евродан кем емес |
7603 |
15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес |
7604 10 100 0 |
15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес |
7604 29 100 0 |
15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес |
7605 |
15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес |
7606 |
15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес |
7607 |
15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес |
7608 |
15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес |
7609 00 000 0 |
15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес |
7610 |
15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес |
7611 00 000 0 |
15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес |
7612 |
15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес |
7613 00 000 0 |
15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес |
7614 |
15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес |
7615 |
15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес |
7616 |
15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес |
8607 |
15 %, бірақ 1000 кг үшін 100 евродан кем емес |
Түзетілетін коэффициенттері бар кесте
СЭҚ ТН бойынша тауар |
Түзетілетін коэффициент |
К |
2710 11 110 0 - 2710 11 900 9 |
1,2 |
0,5 х (0,35 + 0,4) / 2 х 1,2 = 0,225 |
2710 19 110 0 - 2710 19 290 0 |
||
2710 19 410 0 - 2710 19 490 0 |
||
2710 19 510 1 - 2710 19 550 9 |
||
2710 19 610 1 - 2710 19 690 9 |
0,8 |
0,5 х (0,35 + 0,4) / 2 х 0,8 = 0,15 |
2710 19 310 0 - 2710 19 350 0 |
0,8 |
0,5 х (0,35 + 0,4) / 2 х 0,8 = 0,15 |
2713 20 000 0 - 2713 90 900 0 |
0,8 |
0,5 х (0,35 + 0,4) / 2 х 0,8 = 0,15 |
Қазақстан Республикасы тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес экспортқа арналған ренталық салықты қолданады |
Ресей Федерациясы Өзбекстан Республикасының кедендік аумағына арналған тауарлар экспортына қатысты мынадай номенклатура мен мөлшерлемелер бойынша кедендік баждарды қолданады:
СЭҚ ТН бойынша тауар |
Кедендік баж мөлшерлемесі |
0302 35 900 0 |
5 % |
0 101 |
5 % |
0306 |
10 % |
1201 00 |
20 %, бірақ 1 000 кг үшін 35 евродан кем емес |
1205 |
20 %, бірақ 1 000 кг үшін 35 евродан кем емес |
1206 00 |
20 %, бірақ 1 000 кг үшін 30 евродан кем емес |
1207 50 |
10 %, бірақ 1 000 кг үшін 25 евродан кем емес |
1605 |
5 % |
2207, 2208 |
6,5 % |
2503 00 |
6,5 % |
2510 |
6,5 % |
2519 |
6,5 % |
2523 |
6,5 % |
2524 |
3 % |
2601 |
6,5 % |
2613 |
6,5 % |
2615 |
6,5 % |
2620 19 |
6,5 % |
2704 00 |
6,5 % |
2705 00 000 0 |
5 % |
2706 00 000 0 |
5 % |
2707 |
5 % |
2707 10 |
Ерекше формула |
2707 20 |
Ерекше формула |
2707 03 |
Ерекше формула |
2708 |
5 % |
2709 00 |
Әлемдік нарықтағы мұнайдың бағасына қарай арнайы формула бойынша |
2710 11 |
Ерекше формула |
2710 19 |
Ерекше формула |
2710 91, 2710 99 |
Ерекше формула |
2711 11 |
1 000 кг үшін 40 евро |
2711 12 |
Ерекше формула |
2711 13 |
Ерекше формула |
2711 14 000 0 |
Ерекше формула |
2711 19 000 0 |
Ерекше формула |
2711 21 000 0 |
30 % (Украина үшін арнайы формула бойынша қолданылады) |
2711 29 000 0 |
5 % |
2712 10 |
Ерекше формула |
2712 20 |
Ерекше формула |
2712 90 310 0 |
Ерекше формула |
2712 90 330 0 |
Ерекше формула |
2712 90 390 0 |
Ерекше формула |
Басқалары: |
|
2712 90 910 0 |
Ерекше формула |
2712 90 990 0 |
Ерекше формула |
2713 11 000 0 |
Ерекше формула |
2713 20 000 0 |
Ерекше формула |
2713 90 |
Ерекше формула |
2714 90 000 0 |
5 % |
2715 00 000 0 |
5 % |
2825 |
6,5 % |
2902 20 |
Ерекше формула |
2902 30 |
Ерекше формула |
2902 41 000 0 |
Ерекше формула |
2902 42 000 0 |
Ерекше формула |
2902 43 000 0 |
Ерекше формула |
2905 13 000 0 |
6,5 % |
3104, 3105 |
5 % |
3901, 3902 |
6,5 % |
4101, 4102, 4103 |
1 000 кг үшін 500 евро |
4104, 4105, 4107 |
10 %, бірақ 1 000 кг үшін 90 евродан кем емес |
4401 |
Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес |
4403 |
Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес |
4406 |
Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес |
4407 |
Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес |
4408 90 |
Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес |
4409, 4410, 4412, 4413, 4418, 4421 |
Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес |
4701 |
10 % |
4703 |
10 % |
4703 21 |
10 %, бірақ 1 000 кг үшін 40 евродан кем емес |
4704 |
10 % |
4704 21 |
5 %, бірақ 1 000 кг үшін 15 евродан кем емес |
4706, 4707 |
10 % |
4801 |
5 % |
4802, 4804, 4805, 4808, 4811, 4814, 4817, 4818, 4819, 4820,4823 |
10 % |
7102, 7103, 7104, 7105, 7107, 7109, 7110, 7111, 7112 Асыл немесе жартылай асыл тастар, асыл металдар, асыл металдармен жалатылған металдар және олардан жасалған бұйымдар |
6,5 % |
7204, 7302 10 900 0 |
15 %, бірақ 1 000 кг үшін 15 евродан кем емес |
7401, 7402, 7403 |
10 % |
7404 |
50 %, бірақ 1 000 кг үшін 420 евродан кем емес |
7405 |
10 % |
7501, 7502 |
Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес |
7503 |
30 %, бірақ 1 000 кг үшін 750 евродан кем емес |
7601 |
5 % |
7602 |
50 %, бірақ 1 000 кг үшін 380 евродан кем емес |
7802 |
30 %, бірақ 1 000 кг. үшін 105 евродан кем емес |
7901 |
5 % |
7902 |
30 %, бірақ 1 000 кг і үшін 180 евродан кем емес |
8001, 8002 |
6,5 % |
8101 94, 8101 97, 8102 94, 8102 97, 8103 20, 8103 30 Өңделмеген вольфрам, вольфрамның қалдықтары мен сынықтары; өңделмеген молибден, молибденнің қалдықтары мен сынықтары; өңделмеген тантал, танталдың қалдықтары мен сынықтары |
6,5 % |
8105 30 |
30 %, бірақ 1 000 кг | үшін 1 200 евродан 1 кем емес |
8106, 8107 |
6,5 % |
8108 20 |
6,5 % 1 |
8108 30 |
30 %, бірақ 1 000 кг үшін 225 евродан кем емес |
8109 30, 8110 20, 8111 00, 8112 13, 8112 21, 8112 22, 8112 29, 8112 92 200 1, 8112 92 200 9, 8112 52 Цирконийдің қалдықтары мен сынықтары; сүрмелер, марганец және қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, одан жасалатын бұйымдар; бериллийдің қалдықтары мен сынықтары; хром; германийдің қалдықтары мен сынықтары; ванадийдің қалдықтары мен сынықтары; таллийдің қалдықтары мен сынықтары; ниобия (колумбийдің), ренийдің, галлийдің, индийдің қалдықтары мен сынықтары |
6,5 % |
8607 19 |
15 %, бірақ 1 000 кг үшін 15 евродан кем емес |
Украина Өзбекстан Республикасының кедендік аумағына арналған тауарлар экспортына қатысты кедендік баждарды мынадай номенклатура мен мөлшерлемелер бойынша қолданады:
СЭҚ ТН коды |
Кедендік баж мөлшерлемесі |
1206 00 99 00 |
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап баж мөлшерлемесі (16 %) жыл сайын 10 % көрсеткішіне дейін 1 пайыздық тармаққа азаяды |
7202 99 80 00 |
Украинаның ДСҰ-ға мүше болу жылына сәйкес кедендік құн пайызындағы әкету (экспорттық) бажының мөлшерлемесі: бірінші — 30 %, екінші — 27 %, үшінші — 24 %, төртінші - 24 %, бесінші-21 %, алтыншы- 18 %, жетінші — 15 % (2010 және 2011 жылдар - 24 %) |
7204 21 |
|
7204 29 00 00 |
|
7204 50 00 00 Қоспалы болаттан қайта балқыту үшін құйма қалдықтары (шихталық құймалар) |
|
7218 10 00 00 |
|
7401 00 00 00 |
|
7402 00 00 00 |
|
7403 12 00 00 |
|
7403 13 00 00 |
|
7403 19 00 00 |
|
7403 21 00 00 |
|
7403 22 00 00 |
|
7403 29 00 00 |
|
7404 00 |
|
7405 00 00 00 |
|
7406 |
|
7415 29 00 00 |
|
7415 39 00 00 |
|
7418 19 90 00 |
|
7419 |
|
7419 99 10 00 |
|
7503 00 |
|
7602 00 |
|
7802 00 00 00 |
|
7902 00 00 00 |
|
8002 00 00 00 |
|
810197 00 00 |
|
8105 30 00 00 |
|
8108 30 00 00 |
|
8113 00 40 00 |
2. Өзбекстан Республикасы Армения Республикасы мен Молдова Республикасының кедендік аумағына арналған тауарлар экспортына қатысты кедендік баждарды қолданбайды.
Өзбекстан Республикасы Беларусь Республикасына, Қазақстан Республикасына, Қырғыз Республикасына, Ресей Федерациясына, Тәжікстан Республикасына, Украинаға тауарлардың шектеулі тізіміне экспорттау кезінде өзapa негізде кедендік баждарды қолдану құқығын өзіне қалдырады.
2011 жылғы 18 қазандағы
Еркін сауда аймағы туралы
шартты оның Тараптары
мен Өзбекстан Республикасының
қолдану туралы
хаттамаға
2-қосымша
Шарттың 3-бабына сәйкес күші жойылуға жататын тыйым салулар
мен сандық шектеулер (квоталау)
Қырғыз Республикасы |
||
Алкоголь өнімі: арақ және ерекше арақ, ликер-арақ бұйымдары, шарап материалдары, шарап, көпіршікті шарап, шампан, шарап сусындары, коньяк, бренди, кальвадос, сыра, өзге де күшті алкоголь ішімдіктері, өзге де әлсіз алкогольды ішімдіктері (коды СЭҚ ТН 2203 - 2208) |
Алкоголь өнімі импортын квоталау, коньяк пен шампан өндірісіне арналған коньяк спирті мен шарап материалдарының импортын қоспағанда, сыраны қоса алғанда, алкоголь өнімі. |
Квотаның көлемі мен квоталау тәртібі «Қырғыз Республикасына әкелінетін алкоголь өнімін және импорттық квотаны айқындау тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қырғыз Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 сәуірдегі № 227 қаулысымен белгіленген. |
Өзбекстан Республикасы
Қысқаша атауы |
СЭҚ ТН коды |
Күші жойылған күні |
|
1. |
Тірі жануарлар (мал, құс) |
0101 - 0105, |
Өзбекстан Республикасының ДСҰ-ға қосылғанға немесе 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін осы екі күннің қайсысының ерте басталатындығына байланысты |
2. |
Ет және азықтық ет қосалқы өнімдері |
0201 - 0210 |
|
3. |
Дәнді дақылдар: бидай, қарабидай, арпа, сұлы, күріш, жүгері, қарақұмық |
10 |
|
4. |
Ұн, жарма |
1101 00 - 1106 |
|
5. |
Өсімдіктің майлары |
1507, 1512 |
|
6. |
Қант |
1701 - 1702 |
|
7. |
Нан-тоқаш өнімдері (өздері пісірген ұн кондитерлік өнімдерден, тәтті нандардан, печеньеден басқа) |
1905 |
|
8. |
Тері шикізаты (стандартты емес қоспағанда), үлбір-тері, оның ішінде қаракөл шикізаты (стандартты емес қоспағанда) |
4101 - 4103, 4301 - 4302 |
|
9. |
Таратуға жарамды жібек құрт пілләлері. Жібек шикізаты (ширатпа емес). Жібек қалдықтары (тарқатуға жарамды емес пілләлерді, піллә жіптерінің қалдықтары мен қопсытылған қалдықтарды қоса алғанда) |
5001 00 000 0 |
|
10 |
Түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары |
7404 00, |
|
11. |
Елеулі көркем, тарихи, ғылыми немесе өзге мәдени құндылықты білдіретін өнер туындылары, көне заттар (суреттер, мүсіндер және өзге) |
97 |