Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 580 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 747 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 747 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2013 жылғы 6 маусымдағы
№ 580 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 11 маусымдағы № 572 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 296-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесінде:
      5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «тізілім – тіркелуі туралы қажетті мәліметтерді қамтитын индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізетін химиялық өнімнің тізбесі;»;
      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті орган өтініш түскен күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және химиялық өнімді тіркеу немесе тіркеуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Химиялық өнім туралы мәліметтерді тізілімге енгізу химиялық өнімді тіркеудің және есепке алудың қорытынды кезеңі болып табылады және химиялық өнімді тіркеу немесе дәлелді бас тарту туралы куәлік беріле отырып сүйемелденеді.».
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

       3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.02.2014 № 155 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2013 жылғы 6 маусымдағы
№ 580 қаулысына   
қосымша        

      Ескерту. Қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.02.2014 № 155 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады