Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2020 жылға дейінгі өңіраралық жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 581 қаулысы

      «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2020 жылға дейінгі өңіраралық жоспары (бұдан әрі – Өңіраралық жоспар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Өңіраралық жоспардың орындалуын үйлестіруді қамтамасыз етсін.
      3. Орталық және жергілікті жауапты атқарушы органдар Өңіраралық жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және жыл сайын, 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      4. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Өңіраралық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 6 маусымдағы
№ 581 қаулысымен   
бекітілген      

Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2020 жылға
дейінгі өңіраралық жоспары

Өңіраралық жоспардың паспорты

Өңіраралық жоспардың атауы

Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2020 жылға дейінгі өңіраралық жоспары

Әзірлеу үшін негіздеме

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 қаулысы

Өңіраралық жоспарды әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі, Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері

Мақсаты

Алматы агломерациясын тұрмыс сапасы және қалалық ортасы жоғары, әлемдік деңгейдегі креативті өзек-қаласы бар Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді полюсі ретінде қалыптастыру

Міндеттері

1. Алматы агломерациясын аумақтық және институционалдық дамыту
2. Республикалық және өңірлік нарықтарда Алматы агломерациясын экономикалық позициялау (басым салалар, секторлар, даму кластерлері)
3. Алматы өзек-қаласын, оның қала маңы аймағын және тартылыс (әсер ету) аймағын инфрақұрылымдық үйлестіріп дамыту

Іске асыру мерзімі (кезеңдері)

Бірінші кезең: 2013 – 2016 жылдар
Екінші кезең: 2017 – 2020 жылдар

Қаржыландыру көздері және көлемі

Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі өңіраралық жоспарды қаржыландыру республикалық бюджет, Алматы қаласы мен Алматы облысының жергілікті бюджеттері қаражатының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады.
Өңіраралық жоспарды республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемінің барлығы 23579,5 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:
2013 жылы – 7744,1 млн. теңге**;
2014 жылы – 10835,4 млн. теңге**;
2015 жылы – 5000,0 млн. теңге**.
Алматы қаласы мен Алматы облысының жергілікті бюджеттерінен қоса қаржыландыру көлемі Өңіраралық жоспар шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобаларға бағытталған республикалық бюджеттен берілетін қаражаттың көлемі айқындалғаннан кейін анықталады.
**Қаражаттың көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттер бекітілген және нақтыланған кезде анықталады.

Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2020 жылға
дейінгі өңіраралық жоспары

Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар (млн. теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1. Алматы агломерациясын аумақтық және институционалдық дамыту

Алматы қаласы мен оның қала маңы аймағының бас жоспарларын 2020 жылға дейінгі көрсеткіштерді белгілей отырып шоғырландыру

1

Алматы, Қапшағай, Есік, Қаскелең, Талғар қалалары мен Шамалған, Ақжар, Абай, Бесағаш, Тұзбастау, Өтеген батыр, Боралдай, Жетіген, Байсерке, Первомайский, Покровка, Ұзынағаш, Карғалы елді мекендерінің бас жоспарына және (немесе) егжей-тегжейлі жоспарлануына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1097 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының қала маңы аймағының (Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасы) ережелерін және аумақтарды агломерациялық дамытуды ескере отырып, өзгерістер енгізу

Мәслихат сессияларының шешімі

Алматы облысының әкімі, Алматы қаласының әкімі

2014 жылғы 2-тоқсан

Жергілікті бюджеттерге не басқа көздерде көзделген қаражат шегінде

Жергілікті бюджет

2

Алматы агломерациясын дамыту мәселелері мен жолдары жөнінде қолданбалы ғылыми зерттеу өткізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы облысының әкімі, Алматы қаласының әкімі

2013 жылғы 4-тоқсан

Жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде

Жергілікті бюджет

3

Алматы қаласының айналасындағы контрмагнит-қалаларды айқындау және оларды ұзақ мерзімді дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы облысының әкімі, Алматы қаласының әкімі

2013 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді



4

Алматы агломерациясын дамытудың ұзақ мерзімді кезеңге арналған қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын әзірлеу және бекіту, онда мыналар көзделеді:
1) агломерацияның дамуында өңіраралық және салааралық мүдделерді үйлестіру;
2) қазіргі заманғы әлемдік үрдістерді ескере отырып, агломерацияның аумағын нақты функционалдық аймақтарға бөлу;
3) жерді түгендеуді жүргізіп, агломерацияны дамыту мақсатында аумақтарды резервке қоя отырып, қала құрылысын ерекше реттеу аймағын белгілеу (тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіптік алаңдар, магистральды инфрақұрылым, рекреация аймақтары, жасыл белдеулер және басқалар);
4) өзек-қаланы, қала маңын, тартылыс аймақтарының инфрақұрылымын үйлестіре дамыту

Мәслихат сессияларының шешімі

Алматы облысының әкімі, Алматы қаласының әкімі

2014 жылғы 2-тоқсан

Жергілікті бюджеттерге не басқа көздерде көзделген қаражат шегінде

Жергілікті бюджет

Нормативтік құқықтық актілерге агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

5

Мыналарды:
1) Алматы қаласын іргелес елді мекендермен ұзақ мерзімді агломерациялық дамытуды;
2) Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі нысаналы индикаторлар мен шараларды ескере отырып, Алматы қаласын және Алматы облысын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаларына мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген өзгерістер енгізу

Мәслихат сессияларының шешімі

Алматы облысының әкімі, Алматы қаласының әкімі

2014 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

-

Агломерацияны басқару моделі

6

Жалпы агломерациялық жобаларды бірлесіп іске асыру және даулы мәселелерді Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссияға шығару тетігін айқындау

Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат

ӨДМ, Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдері

2013 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді

-

7

Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссиямен келісілген Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерінің арасындағы Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі бірлескен қызмет туралы меморандум жасасу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері

2013 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді



2. Республикалық және өңірлік нарықтарда 2013 – 2016 жылдарға арналған Алматы агломерациясын экономикалық позициялау

Агломерацияны дамытуда SmartCity («ақылды қала») стратегиясын іске асыру

8

Астана қаласының әкімдігі әзірлеген Smart Astana тұжырымдамасына ұқсас Smart Almaty тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері

2014 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді



9

Green 4 жобаларының шеңберінде энергияны тиімді басқару жүйесін енгізу бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері, ИЖТМ

2014 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді



Агломерацияны өндірістік және сервистік орталық ретінде қалыптастыру және дамыту

Индустриялық аймақтарды құру

10

Алматы агломерациясының аумағындағы индустриялық аймақтар қызметінің ұзақ мерзімді бағыттары бойынша тұжырымдамалы ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері

2013 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді



11

Өнеркәсіп объектілерін Алматы қаласының сыртына шығару жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

ИЖТМ, Алматы қаласы және Алматы облысының әкімдері

2013 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді



Агломерацияны көлік-логистика және сауда орталығы ретінде қалыптастыру және дамыту

Көлік-логистикалық орталықтар құру

12

Алматы агломерациясының дамытуды есепке ала отырып, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын («Қорғас» ШЫХО) одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

ИЖТМ, Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдері

2013 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді


13

G4 City серіктес қалаларының аумағында «Жаңа Алматы» АЭА құру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдері

2013 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді


14

Green 4 жобасының шеңберінде Өркен (GrowingCity) серіктес қаласының аумағында «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ның қосалқы аймағын құру мәселесін пысықтап, орындылығы жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдері

2013 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді


Сауда ұйымдары желісін дамыту

15

Green 4 серіктес қалаларының аумағында сауда-логистикалық орталықтар құру жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдері, ИЖТМ, ЭБЖМ

2013 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді



16

Алматы агломерациясының аумағында сауда базарларын ретке келтіру жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласы және Алматы облысының әкімдері

2014 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді



Агломерацияны технологиялық трансферттің және технологияларды коммерцияландырудың орталығы ретінде қалыптастыру және дамыту

17

Алматы агломерациясын дамытуды есепке ала отырып, «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын (АЭА) одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының әкімі, ИЖТМ

2014 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді



18

Жетекші шетел компанияларының процессингтік орталықтарын (жаппай стандарттық технологияларды импорттау мақсатында) орналастыру үшін GateCity Нұротау және GrowingCity Өркен серіктес қалаларының экономикалық әлеуетін (технологиялық парк, АЭА қосалқы аймағы, КЛО, ҒЗИ, зертханалар, оқу орталықтары және басқалары) пайдалану мүмкіндіктері мәселесін пысықтап, ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының әкімі

2014 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді



Агломерацияны туристік-рекреациялық және мәдени орталық ретінде қалыптастыру және дамыту

19

Алматы облысының перспективалық туристік бағыттарында (Шарын, Түрген, Есік, Шымбұлақ, Үлкен Алматы көлі және басқалары) тау туризмін, альпинизмді, рафтингті, атпен серуендеу қызметтерін тұжырымдамалық дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері, ИЖТМ

2013 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді



20

Алматы облысының Іле Алатауы, Алтын Емел, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи парктерін (МҰТП) тұжырымдамалы дамыту және жүйелі негізде танымал ету жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Қоршағанортамині, Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері

2014 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді



21

«Алтын Аймақ» тарихи-мәдени этноландшафттық белдеуді тұжырымдамалы дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері, МАМ

2014 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді



22

«Алма-Арасан», «Алматы», «Қазақстан», «Қарғалы» өңірлік шипажайларына жаңғырту мен қайта жаңарту жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері, ДСМ

2014 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді



23

Алматы агломерациясының, Алматы қаласы маңының тарих және мәдениет ескерткіштерінің орналасу карта-схемасы мен қорғау аймақтарының жобасын әзірлеуге ұсыныс енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

МАМ, Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері

2015 – 2016 жылдардағы қаңтар, шілде

Талап етілмейді



24

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының шекара аумағы мен қорғау аймақтарын қоршау жөнінде ұсыныстар енгізу (табиғи материалдарды пайдалану арқылы)

ӨДМ-ге ақпарат

МАМ, Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері

2014 - 2016 жылдардағы қаңтар, шілде

Талап етілмейді



Алматы агломерациясының агроөнеркәсіптік кешенін одан әрі дамыту

25

Алматы агломерациясының аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жобаларды қаржыландырудың басымдылығы жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша)

2014 - 2020 жылдардағы қаңтар, шілде

Талап етілмейді



26

Алматы агломерациясы аймағының инфрақұрылымына байланысты проблемалы мәселелерді (сумен жабдықтау, электрмен қамтамасыз ету, жолдар, интернет және т.б.) шешу жөнінде шаралар қабылдау

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері

2013 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді



27

Алматы агломерациясының аймағына кіретін кәсіпорындар өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін әзірлеудің және дайын өнім жеткізудің жолға қойылған жүйесінде жәрдем көрсету шараларын қабылдау

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері

2014 - 2016 жылдардағы қаңтар, шілде

Талап етілмейді



3. Алматы агломерациясының инфрақұрылымын озық (инновациялық) технологияларды қолдана отырып, кешенді дамыту

Көлік инфрақұрылымын кешенді дамыту

28

Алматы агломерациясының көлік жүйесін, оның ішінде көп полимагистральды желілер негізінде дамыту бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері

2013 - 2015 жылдардағы 4-тоқсан

Талап етілмейді



29

Алматы станциясын айналып өтетін теміржол желісін салу жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

ККМ, Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері, «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді



30

Қала аумағын ұтымды қамтитын және Алматы қаласы маңындағы аумақтың сыртқы көліктік жүйелерімен байланыстары бар айналма жолдарды (ішкі және сыртқы) дамыту бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері, ККМ

2014 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді



31

Алматы қаласын оған іргелес жатқан Алматы облысының – Қапшағай, Есік, Қаскелең, Талғар, Шамалған, Ақжар, Абай, Бесағаш, Тұзбастау, Өтеген батыр, Боралдай, Жетіген, Байсерке, Первомайский, Покровка, Ұзынағаш, Қарғалы сияқты ірі елді мекендерімен байланыстыратын автокөлік жолдарын 1А санатына жеткізу жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы облысының әкімі, ККМ

2013 – 2016 жылдардағы қаңтар, шілде жыл сайын

Талап етілмейді



32

LRT және BRT желілерін Алматы қаласының ішінде, сонымен қатар Алматы қаласы маңындағы аумақтың негізгі бағыттары мен бас композициялық осьтері бойынша салу жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері

2014 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді



33

Алматы агломерациясының қоғамдық көлігін мультимодальді негізде дамытудың ұзақ мерзімді схемасын әзірлеу және бекіту

Мәслихат шешімі

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері

2014 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді



34

Метрополитен желілерін Алматы агломерациясының дамуын ескере отырып, кезең-кезеңімен дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының әкімі

2013 – 2014 жылдардағы 4-тоқсан

Талап етілмейді



35

Алматы қаласының ықпал ету аймағында кіші авиацияны дамыту жөнінде тұжырымды ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері

2015 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді



36

Алматы агломерациясының барлық аумағында цифрлы теңдікті қамтамасыз ету бойынша тұжырымды ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері

2013 - 2016 жылдардағы 4-тоқсан

Талап етілмейді



Инженерлік инфрақұрылымды кешенді дамыту

Агломерацияны энергиямен және газбен орнықты жабдықтау

37

«Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудағы SmartCity технологиялары» мастер-жоспарын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері, ИЖТМ

2014 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

-

38

Smart-LED жобасын (жарық технологияларын) іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері, ИЖТМ

2014 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді



39

Алматы агломерациясының аумағындағы елді мекендерді газбен жабдықтауды қамтамасыз ету жөніндегі мәселені пысықтау

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері, МГМ

2015 - 2016 жылдардағы қаңтар, шілде

Талап етілмейді



40

Алматы агломерациясының тұрғын үй-коммуналдық саласының барлық бағыттарын (жылумен, электр энергиясымен, газбен жабдықтау, кәріздер және телекоммуникациялар) автоматтандыру жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері, ККМ

2013 - 2015 жылдардағы 4-тоқсан

Талап етілмейді



41

Табиғи және техногендік сипаттағы авариялық жағдайларда жылдам ден қою үшін резервтік қорды құру жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері

2013 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді



Сумен жабдықтау және су бұру

42

Алматы агломерациясының дамуын ескере отырып, елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту мен салу бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері

2014 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді



43

Алматы агломерациясы дамытуды ескере отырып, елді мекендердің кәріздік жүйесін қайта жаңарту мен салу бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері

2013 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты (ТКШ) жаңғырту

44

Алматы қаласының ғимараттары мен құрылыстарына мониторинг жүргізудің смарт-технологиясын енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері

2013 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді



Агломерацияның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту

45

«350 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы» шеңберінде дәрігерлік амбулаторияларды салу шараларын қабылдау

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы облысының әкімі, ДСМ

2013 - 2014 жылдардағы 4-тоқсан

Талап етілмейді

Республикалық және жергілікті бюджеттер

46

Алматы агломерациясының денсаулық сақтау мекемелерін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы облысының әкімі, ДСМ

2013 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді



47

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне заңды дербестікті сақтау құқығымен жекелеген ҒЗИ/ҒО қосу арқылы зерттеу институты мәртебесін беру жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

ДСМ, БҒМ, Алматы қаласының әкімі

2015 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді



48

Алматы агломерациясының шегінде балаларға арналған, мектепке дейінгі және мектепте білім беру мекемелерін кешенді дамыту бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері, БҒМ

2013 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді



49

Бақай шағын ауданында 1200 орынға арналған мектеп салу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының әкімі

2013 - 2014 жылдардағы 4-тоқсан

2013 жыл – 200,0
2014 жыл – 786,5

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (10 %)

50

Шаңырақ-5 шағын ауданында 280 орынға арналған балабақша салу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының әкімі

2013 жылғы 4-тоқсан

2013 жыл – 100,0

Республикалық бюджет, жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (10 %)

51

Бекітілген жер учаскелерінде әрқайсысы 120 орындық төрт балабақша салу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының әкімі

2013 жылғы 4-тоқсан

2013 жыл – 1 056,1

Республикалық бюджет, жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (10 %)

52

6 мектепті сейсмикалық күшейте отырып, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының әкімі

2013 жылғы 4-тоқсан

2013 жыл – 2 472,5

Республикалық бюджет, жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (10 %)

53

Алматы қаласында студенттік қалашықтың құрылысына ТЭН әзірлеу

ӨДМ-ге ақпарат

БҒМ, Алматы қаласының әкімі

2013 жылғы 4-тоқсан

2013 жыл – 7,5

Республикалық бюджет

54

Алматы қаласы Бостандық ауданы Әл-Фараби даңғылы, 73 мекенжайындағы бекітілген жер учаскесінде орналасқан «Нұр-Мүбарак» Ислам мәдениеті Египет университетінің 610 орындық жатақханасын салу

ӨДМ-ге ақпарат

БҒМ, Алматы қаласының әкімі

2013 жылғы 4-тоқсан

2013 жыл – 418,4

Республикалық бюджет

55

Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71/15 “а” мекенжайында орналасқан «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» РМК № 8 оқу корпусын жатақхана ретінде қайта құру

ӨДМ-ге ақпарат

БҒМ, Алматы қаласының әкімі

2013 жылғы 4-тоқсан

2013 жыл – 379,2

Республикалық бюджет

56

Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің 170 орындық жатақханасын салу

ӨДМ-ге ақпарат

БҒМ, Алматы қаласының әкімі

2014 жылғы 4-тоқсан

2014 жыл – 589,7

Республикалық бюджет

57

Қыздар педагогикалық университетінің 450 орындық жатақханасын

ӨДМ-ге ақпарат

БҒМ, Алматы қаласының әкімі

2013  -2014 жылдардағы 4-тоқсан

2013 жыл – 393,9
2014 жыл – 532,8

Республикалық бюджет

58

Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми-зерттеу институтының зертханалық корпустарын салу

ӨДМ-ге ақпарат

БҒМ, Алматы қаласының әкімі

2013 - 2014 жылдардағы 4-тоқсан

2013 жыл – 1 410,5
2014 жыл – 1 971,0

Республикалық бюджет

59

Алматы облысында Олимпиадалық даярлау базасын салу

ӨДМ-ге ақпарат

СДШІА

2013 – 2015 жылдардағы 4-тоқсан

2013 жыл – 1303,0
2014 жыл - 6955,4
2015 жыл – 5000,0

Республикалық бюджет

60

Алматы агломерациясының тарихи және мәдени ескерткіштерінің орналасу карта-схемасы мен қорғау аймақтарының жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

МАМ, Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері

2013 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді



4. Агломерация аумағын экологиялық сауықтыру бойынша шаралар

61

Green 4 жобасының аумағында шағын гелиостанция салу жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Қоршағанортамині, Алматы облысының әкімі

2013 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

-

62

Green 4 жобасының аумағында толық циклды қоқыс өңдеуші зауыт салу жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Қоршағанортамині, Алматы облысының әкімі

2013 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді



63

Алматы агломерациясының ауыз суының жоғары сапасын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды көздейтін «Таза су» мастер-жоспарын әзірлеу және бекіту

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының әкімі, Алматы облысының әкімі

2014 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді



64

Алматы агломерациясының ауа бассейнінің жоғары сапасын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды көздейтін «Таза ауа» мастер-жоспарын әзірлеу және бекіту

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының әкімі, Алматы облысының әкімі

2014 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді

-

65

Алматы агломерациясында жасыл екпелер жүйесін дамыту жөніндегі жоспарды әзірлеу және бекіту

Мәслихат сессияларының шешімі

Алматы қаласының және Алматы облысының әкімі

2014 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді

-

66

Алматы қаласының қатты тұрмыстық қалдықтарын (ҚТҚ) көму мен қайта өңдеу полигонын құру жөніндегі жобаны іске асыру бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Алматы қаласының әкімі

2014 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді



5. Алматы агломерациясында төтенше жағдайлардың жағымсыз салдарының алдын алу және азайту бойынша шаралар

67

Алматы агломерациясының аумағында маусымдық су тасқындары мен су басып қалуларға, селдерге, сырғымалар мен көшкіндерге, өрттерге, жер сілкіністеріне, төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарына қарсы тұру инфрақұрылымын дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

ТЖМ, Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері

2013 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді



2013 – 2016 жылдарға арналған өңіраралық іс-шаралар жоспары бойынша барлығы


2013 жыл
Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

7741,1


2014 жыл
Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

10835,4


2015 жыл
Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

5000,0


      Ескертпе:
      **қаржылардың көлемі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде анықталатын болады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
      ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
      ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
      ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
      МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
      ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
      СДШІА – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
      «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
      «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдинг» акционерлік қоғамы
      АЭА – арнайы экономикалық аймақ
      МЖӘ – мемлекеттік-жеке меншік әріптестік.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады