Астана агломерациясын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі өңіраралық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 611 қаулысы

      «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Астана агломерациясын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі өңіраралық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Өңіраралық жоспар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Өңіраралық жоспардың орындалуын үйлестіруді қамтамасыз етсін.
      3. Орталық және жергілікті жауапты атқарушы органдар Өңіраралық жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және жыл сайын, 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      4. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Өңіраралық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 18 маусымдағы
№ 611 қаулысымен   
бекітілген      

Астана агломерациясын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі
өңіраралық іс-шаралар жоспары

Өңіраралық жоспардың паспорты

Өңіраралық жоспардың атауы

Астана агломерациясын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі өңіраралық іс-шаралар жоспары

Әзірлеу үшін негіздеме

«Өңірлік даму» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 қаулысы

Өңіраралық жоспарды әзірлеу және іске асыру үшін жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі, Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері

Мақсаты

Астана агломерациясын әлемдік деңгейдегі креативті өзек-қаласы бар, өмір сүру және қалалық ортаның сапасы жоғары Қазақстанның ұзақ мерзімді өсу полюсі ретінде қалыптастыру

Міндеттері

1. Астана агломерациясын аумақтық және институционалдық дамыту
2. Астана агломерациясын республикалық және өңірлік нарықтарда экономикалық позициялау (басым салалары, секторлары, даму кластерлері)
3. Астана өзек-қаласын, оның қала маңы аймақтарын және тартылыс аймағын (ықпалын) инфрақұрылымдық үйлестіру

Іске асыру мерзімдері (кезеңдері)

Бірінші кезең: 2013 – 2016 жылдар
Екінші кезең: 2017 – 2020 жылдар

Қаржыландыру көздері және көлемі

Астана агломерациясын дамыту жөніндегі өңіраралық жоспарды қаржыландыру республикалық бюджеттің және Астана қаласы мен Ақмола облысының жергілікті бюджеттерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады.
Республикалық бюджеттен Өңіраралық жоспарды қаржыландыру көлемі барлығы 51454,8 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:
2013 жылы – 13773,2 млн. теңге**;
2014 жылы – 16674,7 млн. теңге**;
2015 жылы – 21006,9 млн. теңге**.
Астана қаласы мен Ақмола облысының жергілікті бюджеттерінен қоса қаржыландыру көлемі Өңіраралық жоспар шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобаларға бағытталған республикалық бюджеттен берілетін қаражаттың көлемі айқындалғаннан кейін анықталады.
**Қаражаттың көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттер бекітілген және нақтыланған кезде анықталады.

Астана агломерациясын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі
өңіраралық іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар
(млн. теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1. Астана агломерациясын аумақтық және институционалдық дамыту

Астана қаласы мен оның қала маңы аймағының бас жоспарларын 2020 жылға дейінгі көрсеткіштерді белгілей отырып шоғырландыру

1

Ақмола облысындағы Целиноград ауданының Астана, Ақмол, Алтынсу (№ 96 разъезд), Қабанбай батыр, Қажымұқан, Қаражар, Қараөткел, Қосшы, Қоянды, Қызылжар, Қызылсуат, Максимовка, Малотимофеевка, Софиевка, Тайтөбе, Талапкер, Шұбар, Аршалы ауданының Жалтыркөл, Жібек жолы, Қостомар, Шортанды ауданының Бозайғыр елді мекендерінің бас жоспарына және (немесе) егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына олардың Астана агломерациясы құрамында ұзақ мерзімді дамуын ескеретін және мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген өзгерістер енгізу

Мәслихат сессияларының шешімі

Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері

2014 жылғы
2-тоқсан

Жергілікті бюджеттерге көзделген қаражат шегінде

Жергілікті бюджет

2

Астана қаласының айналасындағы контрмагнит елді мекендерді айқындау және оларды ұзақ мерзімді дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері

2014 жылғы
4-тоқсан

Талап етілмейді


3

Астана агломерациясының аумағында ұзақ мерзімді кезеңге арналған қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын әзірлеу және бекіту, онда мыналар көзделеді:
1) агломерацияның дамуында өңіраралық және салааралық мүдделерді үйлестіру;
2) қазіргі заманғы әлемдік үрдістерді ескере отырып, агломерацияның аумағын нақты функционалдық аймақтарға бөлу;
3) жерді түгендеуді жүргізіп, агломерацияны дамыту мақсатында аумақтарды резервке қоя отырып, қала құрылысын ерекше реттеу аймағын белгілеу (тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіптік алаңдар, магистральды инфрақұрылым, рекреация аймақтары, жасыл белдеулер және басқалары);
4) өзек-қаланы, қала маңын, тартылыс аймақтарының инфрақұрылымын үйлестіре дамыту

Мәслихат сессияларының шешімі

Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері

2014 жылғы
2-тоқсан

Жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде

Жергілікті бюджет

Нормативтік құқықтық актілерге агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

4

Мыналарды:
1) Астана қаласын іргелес елді мекендермен бірге ұзақ мерзімді агломерациялық дамытуды;
2) Астана агломерациясын дамыту жөніндегі нысаналы индикаторлар мен шараларды ескере отырып, Астана қаласын және Ақмола облысын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған бағдарламаларына мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген өзгерістер енгізу

Мәслихат сессияларының шешімі

Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері

2014 жылғы
4-тоқсан

Талап етілмейді

-

5

Шекараны, халықтың санын және агломерацияның басқа да параметрлерін айқындау, олардың дамуын зерделеу, жоспарлау және болжамдау бойынша бірыңғай әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ӨДМ, Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері

2014 жылғы
2-тоқсан

Талап етілмейді


6

Нормативтік-техникалық базаға Астана агломерациясының аумағын қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыз ету үшін әзірленуі қажет жобалық құжаттардың құрамын анықтауға және бағалауға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ӨДМ

2014 жылғы
3-тоқсан

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласының нормативтік-техникалық базасын реформалау үшін көзделген қаражат шеңберінде


7

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасына Астана агломерациясын дамыту параметрлерін (изохрон есебі, еңбек ресурстары, мамандандыру, инфрақұрылымның дамуы және тағы да басқалар) нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ӨДМ, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

2014 жылғы
4-тоқсан

Талап етілмейді


8

Қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалық құжаттарға Астана агломерациясын ұтымды және белсенді дамытуға бағытталған нақты іс-шаралар мен инвестициялық жобаларды енгізу (талдау негізінде)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ӨДМ, орталық мемлекеттік органдар, Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері

2014 жылғы
4-тоқсан

Талап етілмейді


Агломерацияны басқару моделі

9

Жалпы агломерациялық жобаларды бірлесе іске асыру және даулы мәселелерді Астана және Ақмола агломерацияларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссияға шығару

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ӨДМ, Астана қаласы және Ақмола облысының әкімдері

2014 жылғы
1-тоқсан

Талап етілмейді


10

Астана қаласы мен Ақмола облысы әкімдіктерінің арасында Астана агломерациясын дамыту жөніндегі бірлескен қызмет туралы меморандум жасасу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ӨДМ, Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері

2013 жылғы
4-тоқсан

Талап етілмейді


2. Республикалық және өңірлік нарықтарда Астана агломерациясын 2013 - 2016 жылдарға арналған экономикалық позициялау

Агломерацияны дамытуда SmartCity («ақылды қала») стратегиясын іске асыру

11

Астана агломерациясының аумағында кеңжолақты байланысты енгізу және оны өрістетуді ынталандыру шараларын көздейтін «Кеңжолақты болашақ» мастер-жоспарын әзірлеу және бекіту

ӨДМ-ге ақпарат

ККМ, «Қазақтелеком» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы
2-тоқсан

Талап етілмейді


Агломерацияны жаңартылатын энергетика, «жасыл» экономика (оның ішінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру), биоинженерия, білім беру саясаты салаларының және басқа да басым бағыттардың жоғары технологиялар мен инновациялар орталығы ретінде қалыптастыру және дамыту

12

Электрондық сервис және технологиялар орталығын құру бойынша ұсыныс енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2013 жылғы
4-тоқсан

Бюджеттен бөлінген қаражат шегінде

Жергілікті бюджет

13

Астана агломерациясының өңірлік инновациялық жүйесінің (ӨИЖ) элементтерін дамыту жөніндегі мастер-жоспарды әзірлеу және бекіту

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері, ИЖТМ

2014 жылғы
4-тоқсан

Бюджеттен бөлінген қаражат шегінде

Жергілікті бюджет

14

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ұлттық инновациялық паркін құру бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

БҒМ, Астана қаласының әкімі

2013 жылғы
4-тоқсан

Талап етілмейді


Агломерацияны халықаралық деңгейдегі медициналық орталық ретінде қалыптастыру және дамыту

15

Агломерация қалыптастыруды ескере отырып, халықаралық медициналық кластерді одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

ДСМ, Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері

2013 жылғы
4-тоқсан

Талап етілмейді


Агломерацияны халықаралық деңгейдегі туристік-мәдени орталық ретінде қалыптастыру және дамыту

16

Зеренді демалыс аймағын 2020 жылға дейін дамытудың бірегейлендірілген мастер-жоспарын әзірлеу және бекіту

ӨДМ-ге ақпарат

Ақмола облысының әкімі, ИЖТМ

2014 жылғы
2-тоқсан

Талап етілмейді


17

Қотыркөл демалыс аймағын, Қорғалжын қорық аймағын, Ақкөл, Бұланды, Ерейментау, Сандықтау табиғи кешендерін 2020 жылға дейінгі кезеңде кешенді дамыту бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Ақмола облысының әкімі

2013 жылғы
4-тоқсан

Талап етілмейді


18

Этнографиялық туризмді дамыту мақсатында «Шеберлер ауылы» жобасына инвестициялар тарту бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Ақмола облысының әкімі, ИЖТМ

2013 жылғы
4-тоқсан

Талап етілмейді


19

Еуропалық одақ жобасының шеңберінде («Темпус» халықаралық бағдарламасы) Ақмола облысында қонақ үй бизнесінің жоғарғы мектебін құру бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Ақмола облысының әкімі

2013 жылғы
4-тоқсан

Талап етілмейді


20

Астана агломерациясының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау аймақтарының жобаларын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу (X-XIV ғасырлардағы Есіл өзенінің сол жағалауындағы «Бозоқ» ортағасырлық қалашығы, Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Қабанбай батыр кесенесі)

ӨДМ-ге ақпарат

МАМ, Астана және Ақмола облысының әкімдері

2015 - 2016 жылғы қаңтар

Талап етілмейді


3. Астана агломерациясының инфрақұрылымын озық (инновациялық) технологияларды қолдана отырып, кешенді дамыту

Көлік инфрақұрылымын кешенді дамыту

21

Астана агломерациясының көлік жүйесін дамыту, оның ішінде көп магистральды желілер негізінде дамыту бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері, ККМ

2014 – 2016 жылғы қаңтар

Талап етілмейді


22

LRT желілерін Астана қаласының ішінде, сонымен қатар Астана қаласы маңындағы аймақтың негізгі бағыттары мен бас композициялық осьтері бойынша дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері, ККМ

2014 жылғы
4-тоқсан

Талап етілмейді


23

Астана қаласының айналасында жүктерді және азық-түлік қорларын сақтау үшін заманауи көлік-логистикалық орталықтарды (КЛО) құру бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана және Ақмола облысының әкімдері, ККМ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы
2-тоқсан

Талап етілмейді


24

Астана қаласын оған іргелес жатқан Ақмола облысы Целиноград ауданының Ақмол, Алтынсу (№ 96 разъезд ), Қабанбай батыр, Қажымұқан, Қаражар, Қараөткел, Қосшы, Қоянды, Қызылжар, Қызылсуат, Максимовка, Малотимофеевка, Софиевка, Тайтөбе, Талапкер, Шұбар, Аршалы ауданының Жалтыркөл, Жібек жолы, Қостомар, Шортанды ауданының Бозайғыр сияқты 20 елді мекенімен байланыстыратын автокөлік жолдарын 1Б санатына жеткізу бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Ақмола облысының әкімі, ККМ

2014 жылғы
2-тоқсан

Талап етілмейді


25

Қала аумағын ұтымды қамтитын және Астана қаласы маңындағы аймақтың сыртқы көлік жүйелерімен байланыстары бар айналма жолдарды (ішкі және сыртқы) дамыту бойынша тұжырымды ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

ККМ, Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері

2014 – 2016 жылғы қаңтар

Талап етілмейді


26

Астана агломерациясының бүкіл аумағында цифрлық теңдікті қамтамасыз ету бойынша тұжырымды ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

ККМ, Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері

2014 жылғы
2-тоқсан

Талап етілмейді


27

Астана қаласының ықпал ету аймағында кіші авиацияны дамыту бойынша тұжырымды ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

ККМ, Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері

2014 жылғы
2-тоқсан

Талап етілмейді


Инженерлік инфрақұрылымды кешенді дамыту

Агломерацияны энергиямен және газбен орнықты қамтамасыз ету

28

Астана қаласының аумағында Smart-LED (жарық технологиялары) жобасының іске асырылуын ауқымды ету бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2013 жылғы
4-тоқсан

Талап етілмейді


29

Астана агломерациясының аумағындағы елді мекендерді газбен жабдықтау бойынша мәселені пысықтау

ӨДМ-ге ақпарат

МГМ

2015 жылғы
қаңтар

Талап етілмейді


Сумен жабдықтау және су бұру

30

Астана агломерациясының дамуын ескере отырып, елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту мен салу бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері

2014 жылғы
4-тоқсан

Талап етілмейді


31

Астана агломерациясының аумағындағы әлеуметтік және қоғамдық нысандарға арналған су бұру жүйелерін дамыту бойынша мастер-жоспарды әзірлеу және бекіту

Мәслихат сессияларының шешімі

ӨДМ, Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері

2014 жылғы
2-тоқсан

Талап етілмейді


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты (ТКШ) жаңғырту

32

Астана агломерациясының тұрғын үй-коммуналдық салаларының барлық бағыттарын (жылумен, электрмен, газбен жабдықтау, кәріз, телекоммуникация) автоматтандыру бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері, ККМ

2013 жылғы
4-тоқсан

Талап етілмейді


33

Авариялық жағдайларда жылдам әрекет ету үшін резервтік қорды құру бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері, ТЖМ

2013 жылғы
4-тоқсан

Талап етілмейді


Агломерацияның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту

34

Астана агломерациясының дамуын ескере отырып, денсаулық сақтау объектілері желісін дамыту бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

ДСМ, Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері

2014 жылғы
4-тоқсан

Талап етілмейді


35

Жамбыл, Алматы, Сейфуллин көшелерінің ауданындағы балалар инфекциялық ауруханасы, медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы, амбулатория-емхана кешені құрылысын (жобасы жасалып жатқан), сол жағалаудағы туберкулезге қарсы диспансер мен амбулатория-емхана кешені құрылысын аяқтау шараларын қабылдау

ӨДМ-ге ақпарат

ДСМ, Астана қаласының әкімі

2013 жылғы
4-тоқсан

Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты шеңберінде

Республикалық және жергілікті бюджеттер

36

5 алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек орталықтарын (Ж. Досмұхамедұлы көшесінің бойында, Ильинка, Тельман, Өндіріс және Көктал кенті тұрғын үй алаптарында) салу шараларын қабылдау

ӨДМ-ге ақпарат

ДСМ, Астана қаласының әкімі

2014 жылғы
4-тоқсан

Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты шеңберінде

Республикалық және жергілікті бюджеттер

37

Астана агломерациясының шегінде мектепке дейінгі және мектепте білім беру мекемелерін дамыту бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

БҒМ, Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері

2014 жылғы
4-тоқсан

Талап етілмейді


38

Астана қаласының «Железнодорожный» кентінде 1100 орынға арналған мектеп салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2014 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 1 412,1
2014 жыл – 150,4

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

39

Есіл өзенінің сол жағалауында (№ 4 шағын аудан, № 19 көшенің оңтүстігінде) 1200 орынға арналған жалпы білім беретін мектеп салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2013 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 1 138,7

Республикалық бюджет, жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру (3 %)

40

Жобаланып жатқан «Батығай» тұрғын үй кешені аумағында 1200 орынға арналған мектеп салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2013 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 1 080,0

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

41

Дауылпаз және Ақыртас көшелерінің қиылысы аумағында 280 орынға арналған балабақша салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2013 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 221,4

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

42

Бөгенбай даңғылында (өрт сөндіру депосы аумағында) 800 орынға арналған кәсіптік-техникалық мектеп (байланыс және энергиямен қамтамасыз ету) салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2014 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 689,5
2014 жыл – 240,0

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

43

№ 41 мен Мирзоян көшелерінің қиылысы аумағында 1200 орынға арналған мектеп салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2014 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 819,4
2014 жыл – 770,2

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

44

Комсомольский тұрғын үй алабында 1200 орынға арналған мектеп салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2015 жылғы
4-тоқсан

2015 жыл – 500,0

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

45

№ 50 көшесінің аумағында Ш. Қалдаяқов көшесінің оңтүстігіне қарай 1200 орынға арналған мектеп салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2014 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 789,7
2014 жыл- 829,1

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

46

Қарталы мен Оқжетпес көшелерінің қиылысы аумағында 1200 орынға арналған мектеп салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2015 жылғы
4-тоқсан

2015 жыл – 500,0

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

47

Қарталы мен Бөкеев көшелерінің қиылысы аумағында 1200 орынға арналған мектеп салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2015 жылғы
4-тоқсан

2015 жыл – 500,0

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

48

Сарайшық көшесінің оңтүстік жағы мен Жұмабаев көшесінің шығыс жағы аумағында 1200 орынға арналған мектеп салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2014 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 733,0
2014 жыл – 768,5

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

49

Сейфуллин көшесінің оңтүстік жағында орналасқан жер учаскесінде 1100 орынға арналған мектеп салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2015 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 200,0
2014 жыл – 200,0
2015 жыл – 703,1

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

50

Сауран көшесі бойында № 26 және № 27 көшелердің аралығында 1200 орынға арналған мектеп салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2015 жылғы
4-тоқсан

2015 жыл – 500,0

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

51

Жәнібек, Керей хандар, Орынбор мен Түркістан көшелері кварталында 1200 орынға арналған мектеп салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2015 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 200,0
2014 жыл – 200,0
2015 жыл – 1 341,6

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

52

Еңбекшілер, Орынбор мен Жәнібек Керей хандар көшелерінің қиылысы аумағында 1200 орынға арналған мектеп салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2015 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 200,0
2014 жыл – 293,0
2015 жыл – 1 300,0

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

53

№ 26, № 37, № 38 және Хусейн бен Талал көшелерінің шаршысында 1200 орынға арналған мектеп салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2015 жылғы
4-тоқсан

2015 жыл – 1 188,9

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

54

Жұмабаев көшесінің батыс жағы, Байтұрсынов көшесі бойында 1200 орынға арналған мектеп салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2015 жылғы
4-тоқсан

2015 жыл – 1 100,7

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

55

Сығанақ көшесінің оңтүстік жағында 1200 орынға арналған мектеп салу (жоспарлануда)

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2015 жылғы
4-тоқсан

2015 жыл – 500,0

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

56

Астана қаласы Көктал кентінің оңтүстік-шығыс жағындағы тұрғын үй құрылысы ауданында 280 орынға арналған балабақша салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2015 жылғы
4-тоқсан

2015 жыл – 263,2

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

57

Айнакөл және Мирзоян көшелерінің қиылысу аумағында 240 орынға арналған балабақша салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2015 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 291,7
2014 жыл – 274,2

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

58

Астана қаласында Айнакөл және Жұмабаев көшелерінің қиылысы ауданында 240 орынға арналған балабақша салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2014 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 324,0
2014 жыл – 304,5

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

59

Астана қаласында Алматы-Ақмешіт көшелерінің қиылысы ауданында 240 орынға арналған балабақша салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2014 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 306,5
2014 жыл – 288,1

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

60

Астана қаласында Нәжімеденов және Мирзоян көшелерінің қиылысы ауданында 240 орынға арналған балабақша салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2014 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 100,0
2014 жыл – 371,9

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

61

Астана қаласында Сығанақ көшесінен оңтүстікке қарай, Орынбор және № 36 көшелердің қиылысы ауданында 240 орынға арналған балабақша салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2014 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 287,4
2014 жыл – 270,2

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

62

Сауран және № 24 көшелерінің қиылысы ауданында 240 орынға арналған балабақша салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2015 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 100,0
2014 жыл – 157,5
2015 жыл – 343,4

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

63

Сығанақ көшесінен оңтүстікке қарай 240 орынға арналған № 1 балабақша салу (жобалануда)

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2015 жылғы
4-тоқсаны

2015 жыл – 262,8

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

64

Сығанақ көшесінен оңтүстікке қарай 240 орынға арналған № 2 балабақша салу (жобалануда)

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2015 жылғы
4-тоқсан

2015 жыл – 262,8

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

65

Астана қаласы Комсомольский тұрғын алабында, Қыз Жібек және Баян сұлу көшелерінің қиылысында 280 орынға арналған балабақша салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2015 жылғы
4-тоқсан

2015 жыл – 262,8

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

66

Комсомольский тұрғын алабында, Қыз Жібек және Ұлпан көшелерінің қиылысында 280 орынға арналған балабақша салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2015 жылғы
4-тоқсан

2015 жыл – 262,8

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

67

Түркістан-Орынбор-№ 25 және № 26 көшелерінің қиылысы ауданында 200 орынға арналған балабақша салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2015 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 100,0
2014 жыл – 159,5
2015 жыл – 343,5

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

68

Түркістан, Керей, Жәнібек хандар және Орынбор көшелерінің кварталында 240 орынға арналған балабақша салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2015 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 100,0
2014 жыл – 131,6
2015 жыл – 262,8

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

69

Орынбор-Еңбекшілер және № 24 көшелерінің қиылысы ауданында орналасқан 240 орынға арналған балабақша салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2015 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 100,0
2014 жыл – 106,7
2015 жыл – 339,4

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

70

№ 23 (Орынбор және № 36 көшелерінің аралығында) көше аумағында 240 орынға арналған балабақша салу

ӨДМ-ге ақпарат

Астана қаласының әкімі

2015 жылғы
4-тоқсан

2015 жыл – 262,8

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру (3 %)

71

Астана қаласында студенттік қалашықты салуға ТЭН әзірлеу

ӨДМ-ге ақпарат

БҒМ, Астана қаласының әкімі

2013 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 4,0

Республикалық бюджет

72

Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу-зертханалық корпусын салу

ӨДМ-ге ақпарат

БҒМ, Астана қаласының әкімі

2013 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 314,3

Республикалық бюджет

73

Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жатақханасын салу

ӨДМ-ге ақпарат

БҒМ, Астана қаласының әкімі

2015 жылғы
4-тоқсан

2014 жыл – 400,0
2015 жыл – 1 052,6

Республикалық бюджет

74

Астана қаласында М.В. Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалы үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттің 500 орынға арналған жатақханасын салу

ӨДМ-ге ақпарат

БҒМ, Астана қаласының әкімі

2013 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 737,0

Республикалық бюджет

75

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы үшін
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқу корпусын салу

ӨДМ-ге ақпарат

БҒМ, Астана қаласының әкімі

2015 жылғы
4-тоқсан

2014 жыл - 1 028,1
2015 жыл – 1 150,0

Республикалық бюджет

76

Астана қаласында С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетке 592 орынға арналған жатақхана салу

ӨДМ-ге ақпарат

БҒМ, Астана қаласының әкімі

2013 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 832,5

Республикалық бюджет

77

Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығын салу

ӨДМ-ге ақпарат

БҒМ, Астана қаласының әкімі

2013 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 890,4

Республикалық бюджет

78

Астана қаласында «Олимпиадалық даярлау орталығы» көпфункционалды спорт кешенін (сыртқы инженерлік желілерсіз) салу

ӨДМ-ге ақпарат

СДШІА

2015 жылғы
4-тоқсан

2013 жыл – 1 801,3
2014 жыл – 9 731,2
2015 жыл – 7 803,7

Республикалық бюджет

4. Агломерация аумағын экологиялық сауықтыру бойынша шаралар

79

Жаһандық экологиялық және технологиялық қордың (GETF) жанындағы қоршаған ортаны қаржыландырудың халықаралық орталығының (ICEF) әдістемесін ескере отырып, Астана агломерациясын жоғары сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды көздейтін «Таза су» мастер-жоспарын әзірлеу және бекіту

Мәслихат сессияларының шешімі

Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері

2014 жылғы
2-тоқсан

Талап етілмейді

-

80

Астана агломерациясын жоғары сапалы ауа бассейнімен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды көздейтін «Таза ауа» мастер-жоспарын әзірлеу және бекіту (фотокатализдік инновациялық технология негізінде)

Мәслихат сессияларының шешімі

Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері

2014 жылғы
2-тоқсан

Талап етілмейді

-

81

Астана қаласының қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонының ескі бөлігін қайта өңдеу жобасын іске асыру бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

Қоршағанортамині, Астана қаласының әкімі

2014 жылғы
4-тоқсан

Талап етілмейді


5. Астана агломерациясында төтенше жағдайлардың жағымсыз салдарының алдын алу және азайту бойынша шаралар

82

Астана агломерациясының аумағында кезеңдік тасқындар мен су тасқындарына, өрттерге, төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық нәтижелеріне қарсы тұру инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстар енгізу

ӨДМ-ге ақпарат

ТЖМ, Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері

2013 жылғы
4-тоқсан

Талап етілмейді


2013 – 2020 жылдарға арналған өңіраралық жоспар бойынша барлығы


2013 жылы
Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

13 773,2


2014 жылы
Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

16 674,7


2015 жылы
Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

21 006,9


      Ескертпе:
      ** қаржы көлемі тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын болады.
      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
      ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
      ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
      ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
      МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
      ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
      СДШІА – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
      «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
      «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады