Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 436 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов
«ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 436 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 436 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 80, 1179-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) жоғарыда аталған Жарлыққа қосымшада:
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрамына мыналар енгізілсін:
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы ақпарат министрі,
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Бақытжан Тұрсынұлы министрі,
Өскенбаев - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
Қайырбек Айтбайұлы бірінші вице-министрі,
Шөкеев - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Өмірзақ Естайұлы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
(келісім бойынша),
Жошыбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Рәпіл Сейітханұлы министрінің бірінші орынбасары - ЭКСПО-2017
халықаралық мамандандырылған көрмесінің
комиссары,
Ермегияев - «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық
Талғат Амангелдіұлы компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма
төрағасы (келісім бойынша);
мына:
«Досаев - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы Экономикалық даму және сауда министрі»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Досаев - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі»;
көрсетілген комиссия құрамынан Д.Қ. Мыңбай, С.К. Нокин шығарылсын.
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы « »
№ Жарлығына
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2012 жылғы 26 қарашадағы
№ 436 Жарлығымен
Бекітілген
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережелерді басшылыққа алады.
3. Мемлекеттік комиссия төрағадан, оның орынбасарларынан және Мемлекеттік комиссия мүшелерінен тұрады.
4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып табылады.
2. Мемлекеттік комиссияның міндеттері, функциялары мен құқықтары
5. Мемлекеттік комиссияның міндеті Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін (бұдан әрі - «ЭКСПО 2017, Астана» көрмесі) дайындау мен өткізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
6. Мемлекеттік комиссия «ЭКСПО 2017, Астана» көрмесін ұйымдастыру мен оны өткізу мәселелері жөнінде, атап айтқанда:
1) «ЭКСПО 2017, Астана» көрмесін ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарының орындалуы;
2) «ЭКСПО 2017, Астана» көрмесін дайындауға, ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шығыстар көлемін және оны қаржыландырудың көздерін айқындау;
3) «ЭКСПО 2017, Астана» көрмесін дайындау мен оны өткізуге байланысты мәселелерді жедел шешу бойынша іс-шараларды орындауға қатысатын орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың қызметі мен өзара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету;
4) «ЭКСПО -2017, Астана» көрмесін дайындау және өткізу үшін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды тарту;
5) «ЭКСПО 2017, Астана» көрмесін дайындау мен өткізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін бюджеттен тыс көздерден қаражат тарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
6) «ЭКСПО 2017, Астана» көрмесін дайындау, ұйымдастыру мен өткізуге байланысты іс-шаралардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді.
7. Мемлекеттік комиссия өз құзыреті шегінде:
1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен өзге ұйымдардан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
2) Мемлекеттік комиссия отырыстарында Мемлекеттік комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар өкілдерін тыңдауға;
3) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.
3. Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру
8. Мемлекеттік комиссияның қызметіне басшылық жасауды Мемлекеттік комиссияның төрағасы жүзеге асырады.
9. Төраға болмағанда оның міндеттерін оның орынбасарларының бірі атқарады.
10. Мемлекеттік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
Мемлекеттік комиссияның қарауына шығару үшін ұсынылған мәселелер міндетті түрде мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.
11. Жұмыс органының функциялары мыналар болып табылады:
1) Мемлекеттік комиссияның отырыстарына дайындықты қамтамасыз ету;
2) есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне мемлекеттік органдар ұсынатын деректер негізінде тапсырмаларды орындау жөніндегі атқарылған жұмыс туралы қорытылған ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін тоқсан сайын бір рет Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жолдау;
3) отырыстың күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдарды (анықтамалар, тұсаукесерлер, хаттамалық шешімдердің жобалары, сөйлеушілер мен қатысушылардың тізімдері) жинау және Мемлекеттік комиссияның отырыстарын өткізгенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын Мемлекеттік комиссияның төрағасына ұсыну;
4) Мемлекеттік комиссияның отырысы хаттамасының жобасын Мемлекеттік комиссияның отырысқа қатысқан мүшелеріне келісуге және бұрыштама қоюға жіберу.
12. Мемлекеттік комиссияның төрағасымен келісілген Мемлекеттік комиссия отырысының күн тәртібін отырысқа кемінде он бес жұмыс күні қалғанда жұмыс органы қалыптастырады және отырыс басталғанға дейін үш жұмыс күні бұрын Мемлекеттік комиссияның мүшелеріне жібереді.
13. Мемлекеттік комиссияның отырысы Мемлекеттік комиссия төрағасының шешімі және жұмыс органының ұсынысы бойынша шақырылады.
Отырыс өткізілетін күн, оған шығарылатын мәселелер бойынша материалдар ұсыну мерзімі Мемлекеттік комиссия төрағасының отырысты шақыру туралы шешімінде айқындалады.
Жұмыс органы отырысты шақыру туралы шешім алған сәттен бастап бір күндік мерзімде материалдар мен мәжіліске қатысушылардың тізімін дайындау үшін Мемлекеттік комиссия мүшелеріне, мүдделі мемлекеттік органдарға және ұйымдарға күн тәртібін жолдайды.
14. Отырыстың күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар (мәселе бойынша анықтама, тұсаукесерлері, хаттамалық шешімнің жобасы, сөйлеушілер мен қатысушылар тізімі) отырысты шақыру туралы шешімде өзгеше көзделмесе, жұмыс органына отырыс өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын берілуі тиіс.
15. Мемлекеттік комиссия мүшелері отырыс өткізілетін күнге дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын жұмыс органына отырысқа өздерінің қатысатынын растайды.
16. Егер Мемлекеттік комиссияның отырысына Мемлекеттік комиссия мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, ол заңды деп есептеледі.
17. Жұмыс органы отырыс өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктермей ресми түрде Қазақстан Республикасы Үкіметіне материалдар мен қатысушылар тізімін енгізеді, сондай-ақ, Мемлекеттік комиссия отырысына қатысушыларды материалдармен қамтамасыз етеді.
Жұмыс органы Мемлекеттік комиссия отырыстарында кворумның болуын қамтамасыз етеді.
18. Мемлекеттік комиссияның шешімдері оның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының басым дауысымен қабылданады және Мемлекеттік комиссия хаттамасымен ресімделеді. Мемлекеттік комиссия мүшелерінің даусы тең түскен жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.
Жұмыс органы Мемлекеттік комиссия отырысы аяқталғаннан кейін бір күн мерзімде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерімен жұмыс тәртібінде келісілген Мемлекеттік комиссия отырысы хаттамасының жобасын дайындайды.
Жұмыс органы үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік комиссия отырысы хаттамасының жобасына Мемлекеттік комиссия мүшелерінің келісімі мен бұрыштамасын алып, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
19. Мемлекеттік комиссияның отырыстарына Мемлекеттік комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
20. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Мемлекеттік комиссияға жүктелген міндеттерді орындауға жәрдемдеседі.
21. Мемлекеттік комиссияның қызметі Қазақстан Республикасының Президенті шешімінің негізінде тоқтатылады.