"Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының базасында перспективалы ұлттық кластерлер қалыптастыру жөніндегі 2013 - 2018 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 631 қаулысы

      «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының базасында перспективалық ұлттық кластерлер қалыптастыру жөніндегі 2013 - 2018 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрi – Жол картасы) бекiтiлсiн.
      2. Жол картасын орындауға жауапты жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделi ұйымдар:
      1) Жол картасын iске асыру бойынша шаралар қабылдасын;
      2) жылына екi рет, 5 қаңтарға және 5 шiлдеге жартыжылдық қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне Жол картасының iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi жылына екi рет, 20 қаңтарға және 20 шiлдеге жартыжылдық қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне Жол картасының iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне жүктелсiн.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 19 маусымдағы
№ 631 қаулысымен   
бекітілген      

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық
аймағының базасында перспективалы ұлттық кластерлер
қалыптастыру жөніндегі 2013 - 2018 жылдарға арналған
жол картасы

Р/с

Iс-шаралар

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзiмi

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

1. «ИТП» АЭА кластерлерін және құрылымдық қызметін дамыту

1.

Басқарушы компанияны «ТДҰА» АҚ-ға сенімгерлік басқаруға беру

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ, «ТДҰА» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы
тамыз

талап етілмейді

2.

«Алатау» технопаркі» ЖШС-ны басқарушы компанияға сенімгерлік басқаруға беру

ИЖТМ-ге ақпарат

«ТДҰА» АҚ (келісім бойынша), басқарушы компания (келісім бойынша)

2013 жылғы
қыркүйек

талап етілмейді

3.

«ИТП» АЭА кластерлерін дамыту бойынша жұмыс тобын құру

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ, «ТДҰА» АҚ (келісім бойынша), басқарушы компания (келісім бойынша)

2013 жылғы
тамыз

талап етілмейді

4.

«ИТП» АЭА-ның қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ, «ТДҰА» АҚ (келісім бойынша), басқарушы компания (келісім бойынша)

2013 жылғы
қараша

талап етілмейді

5.

«ИТП» АЭА ғылым кластерін стратегиялық дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ, басқарушы компания (келісім бойынша), жұмыс тобы, «ТДҰА» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы
қараша

талап етілмейді

6.

«ИТП» АЭА инфо-коммуникациялық технологиялар кластерін стратегиялық дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ, басқарушы компания (келісім бойынша), жұмыс тобы, «ТДҰА» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы
қараша

талап етілмейді

7.

«ИТП» АЭА энергия тиімді технологиялар кластерін стратегиялық дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ, басқарушы компания (келісім бойынша), жұмыс тобы, «ТДҰА» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы
қараша

талап етілмейді

8.

«ИТП» АЭА-ның дамуын қолдау қорын» құру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс

ИЖТМ, «ТДҰА» АҚ (келісім бойынша), басқарушы компания (келісім бойынша)

2013 жыл

талап етілмейді

9.

Басқарушы компания, қатысушы компания, мемлекеттік органдар, инвесторлар және «ИТП» АЭА-да қызмет ететін басқа субъектілер арасындағы өзара іс-қимыл жасау рәсімдерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу

ИЖТМ-ге ақпарат

«ТДҰА» АҚ (келісім бойынша), басқарушы компания (келісім бойынша)

2013 жыл

талап етілмейді

10.

Ғылыми, инженерлік-техникалық және басқарушы кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін құру

ИЖТМ-ге ақпарат

басқарушы компания (келісім бойынша), «ТДҰА» АҚ (келісім бойынша)

2014 жыл

талап етілмейді

11.

«ИТП» АЭА кластерін дамыту жөніндегі жұмыс тобының шешімдері нәтижесі бойынша қызметті жүргізетін «ИТП» АЭА аумағында кіші компанияларды құру және дамыту

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ, «ТДҰА» АҚ (келісім бойынша), басқарушы компания (келісім бойынша)

2014 - 2018 жылдар

талап етілмейді

12.

Ғылыми-техникалық саладағы ынтымақтастықты қоса алғанда, «ИТП» АЭА-ның қатысушыларының зерттеу және әзірлеу секторының қызметін жетілдіру

ИЖТМ-ге ақпарат

басқарушы компания (келісім бойынша), «ТДҰА» АҚ (келісім бойынша)

2013 - 2018 жылдар

талап етілмейді

13.

Сыртқы инвестицияларды, стартаптар және жоғары технологиялық кәсіпорындарды дамыту бойынша жетекші ғалымдар мен сарапшыларды тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу

ИЖТМ-ге ақпарат

басқарушы компания (келісім бойынша), «KAZNEX INVEST» АҚ (келісім бойынша), «ТДҰА» АҚ (келісім бойынша)

2013 - 2018 жылдар

талап етілмейді

2. «ИТП» АЭА-ның инфрақұрылымын дамыту

14.

«ИТП» АЭА инфрақұрылымының екінші кезегін салу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат

Алматы қаласының әкімдігі, «ТДҰА» АҚ (келісім бойынша), басқарушы компания (келісім бойынша)

2013 - 2015 жылдар

республикалық бюджет

15.

«Зерде» холдингі» АҚ-ның инфо-коммуникациялық технологиялар кластері құрылысына жер учаскесін бөлу мәселесін пысықтау

ИЖТМ-ге ақпарат

басқарушы компания (келісім бойынша), «ТДҰА» АҚ (келісім бойынша), «Зерде» холдингі» АҚ (келісім бойынша)

2013 жыл

талап етілмейді

16.

«Зерде» холдингі» АҚ-ның инфо-коммуникациялық технологиялар кластерін салу мәселесін пысықтау

ИЖТМ-ге ақпарат

«Зерде» холдингі» АҚ (келісім бойынша)

2014 - 2018 жылдар

талап етілмейді

17.

ДАТА-орталығын салу мәселесін пысықтау

ИЖТМ-ге ақпарат

басқарушы компания (келісім бойынша), «ТДҰА» АҚ (келісім бойынша), «Қазақтелеком» АҚ (келісім бойынша)

2014 жыл

талап етілмейді

18.

«ҚМГИ» АҚ-ның ғылыми-зерттеу орталығы кешенін салу мәселесін пысықтау

ИЖТМ-ге ақпарат

басқарушы компания (келісім бойынша), «ТДҰА» АҚ (келісім бойынша), «ҚМГИ» АҚ (келісім бойынша)

2014 жыл

талап етілмейді

19.

«Алатау» технопаркі» ЖШС-ның әкімшілік-өндірістік кешенін салу мәселесін пысықтау

ИЖТМ-ге ақпарат

«ТДҰА» АҚ (келісім бойынша)

2015 жыл

талап етілмейді

20.

Республикалық бюджет шеңберінде салынған «ИТП» АЭА-ның екінші кезегінің инфрақұрылымы объекттерін басқарушы компанияға сенімгерлік басқаруға беру

ИЖТМ-ге ақпарат

«ТДҰА» АҚ (келісім бойынша)

2016 жылғы
І-тоқсан

талап етілмейді

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      АҚ – акционерлік қоғам
      басқарушы компания – «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы
      ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік
      жұмыс тобы – «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында кластерлерді дамыту жөніндегі жұмыс тобы
      «ИТП» АЭА – «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы
      ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
      «ҚМГИ» АҚ – «Қазақ мұнай және газ институты» акционерлік қоғамы
      «ТДҰА» АҚ – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы
      «KAZNEX INVEST» АҚ – «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады