Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi туралы ережеде:
17-тармақтың 88) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«88) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына және iшкi айналымға арналған тауардың шығу тегi туралы сертификатты беру тәртiбiнiң сақталуына уәкiлеттi органның (ұйымның) қызметiне жыл сайын тексеру жүргізу, кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асырады;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов