«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгеріс
енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
1 шілдедегі № 661 қаулысына баспасөз-жаршысы
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 01 шілдедегі № 661 қаулысы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 79-ө өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының бәсекелестік жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 6 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында қажет болатын нормативтік құқықтық және құқықтық актілер тізбесінің 2-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
Қаулымен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық Департаменттері аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметін ішкі айналымға арналған тауардың шыққан елі туралы сертификат беру, кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау тәртібінің бұзылуын алдын алу мақсатында жыл сайын тексеру жүргізулерін көздейді.
Қаулы республикалық бюджеттен қаржы шығындарын болжамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі